- •Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері»
- •Түркістан лекция тезистері
- •1.2 Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттері.
- •1.3 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуына әкелген апаттарды, ауыртпалықтар мен алапаттар себептерін тергеу ережелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.
- •2.1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.
- •2.2 Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары мен міндеттері.
- •2.3 Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.
- •5.4 Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттері.
- •3.1 Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар
- •4.1 Иондаушы сәуле шығару
- •4.2 Сыртқы және ішкі сәулелену
- •4.3 Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері.
- •5.1 Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп қатері.
- •5.2 Қышқыл жаңбырлар.
- •5.3 Парниктік эффект. Озон қабатының бұзылуы.
- •Опырмалар
- •Қар басу.
- •Табиғи өрттер.
- •7.4 Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары.
1.2 Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттері.
Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылы-ғы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс- әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.
Адамның,
табиғаттың және материалдық құндылықтардың
қорғану жағдайы
Қоршаған
ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін
құбылыс, процесс, оқиға
Шыққан
тегі бойынша
-
табиғи
-
техногендік
-
антропогендік
-
экологиялық
-
биологиялық
Әсер
ету әдіс-тері бойынша
-
физикалық
-
химиялық
-
механикалық
-
биологиялық
-жүйкефизиоло-
гиялық
Жинақталған
орны бойынша
-
литосфералық
-
гидросфера-
лық
-
атмосфералық
Зардап,
зияны бойынша
-
әлеуметтік
-
техникалық
-
экологиялық
-
т.б.
Байқау
саласы бойынша
-
өндірістік
-
тұрмыстық
-
спорттық
-
жол-көліктік
-
т.б.
Салдары
бойынша
-
ауру табу
-
жарақат алу
-
әлсіреу
-
өрт
-
т.б.
Әрекет
сипаты бойынша
-
сылбырлығы
-
белсенділігі
-
т.б.
Уақыты
бойынша
-
соқпалы
-
кумулятивті
-
т.б.
1-сурет. Қауіптіліктің белгілері бойынша жіктелуі
1.3 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуына әкелген апаттарды, ауыртпалықтар мен алапаттар себептерін тергеу ережелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.
Қауіп-қатер - ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты кұбылыс. Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін.
Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:
- адамның өзі;
- өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдала-нылатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;
- адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері.
Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.
Бақылау сұрақтары:
1. Тіршілік қауіпсіздігі курсының теориялық негіздері.
2. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсаты.
3. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі міндеттері.
4. Қауіпсіздік деген не?
5. Антропогендік орта дегенді түсіндіріңіз?
6. Қауіпсіздікке байланысты қандай заңнамалар пайдаланылады?
7. Қауіп-қатер деген не?
8. Қауіптіліктің белгілер бойынша жіктелуі.
2-лекция. Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныстың міндеттері, құру және жұмыс істеу принциптері
Жоспары: 2.1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі
2.2 Азаматтық қорғаныс қурсының мақсаттары мен міндеттері
2.3 Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу
2.4 Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттері
Мақсаты: Азаматтық қорғаныс жүйесінің теориялық негіздерін, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.
