
- •Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері»
- •Түркістан лекция тезистері
- •1.2 Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттері.
- •1.3 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуына әкелген апаттарды, ауыртпалықтар мен алапаттар себептерін тергеу ережелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.
- •2.1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.
- •2.2 Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары мен міндеттері.
- •2.3 Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.
- •5.4 Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттері.
- •3.1 Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар
- •4.1 Иондаушы сәуле шығару
- •4.2 Сыртқы және ішкі сәулелену
- •4.3 Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері.
- •5.1 Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп қатері.
- •5.2 Қышқыл жаңбырлар.
- •5.3 Парниктік эффект. Озон қабатының бұзылуы.
- •Опырмалар
- •Қар басу.
- •Табиғи өрттер.
- •7.4 Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары.
Ф-ОБ-012/006А
Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Спорт және өнер факультеті
«Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасы
«Бекітемін»
Факультет оқу-әдістемелік Кеңесінің
төрағасы, доцент м.а.,подполковник
_________________ И.Қ.Турметов
«27»08. 2013 ж.
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері»
ПӘНІ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛАР КОНСПЕКТІСІ
(ТЕЗИСТЕРІ)
(барлық мамандықтары үшін)
Түркістан лекция тезистері
1-лекция. Тақырыбы:Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықытық актілер.
Жоспары: 1.1»Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы»
1.2 Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттері.
1.3 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуына әкелген апаттарды, ауыртпалықтар мен алапаттар себептерін тергеу ережелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
Мақсаты: Студенттерге «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсының теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін түсіндіру. «Адам – мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп-қатерді топтастыру жайында түсінік қалыптастыру.
1.1 Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы» курсының теориялық негіздері, мақсаты.
«Тіршілік қауіпсіздігі» курсының оқу бағдарламасына енгізілуі қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму логикасына байланысты болып отыр. Бұл курстың өзегі болып, қоғамның дамуының негізі - адам алынған. Кезінде Протагор «Адам - барлық заттың өлшемі» деген екен. Яғни, адамды жұмыс күші ретінде жүмыс процесінде ғана қорғау қажет емес, сонымен қатар оны өмір бойы, қайда тұрса да, қайда жүрсе де қорғау қажет.
Осы мәселелерге байланысты «Адам өмір қауіпсіздігінің негіздері» курсының теориялық негізін жасауға болады:
- адам Жерде пайда болғаннан бастап, ылғи да өзгеріп отыратын қауіп пен қатердің арасында өмір сүріп келеді, яғни адамның іс-әрекеті мен тіршілігі әрқашанда қауіпте;
- қауіп-қатер адам өміріне, оның денсаулығына ылғи да зиянын тигізеді (жүйке ауруы, жарақат, ауру, өлім), яғни мемлекеттің, жалпы қоғамның алдында адамдарды қорғау міндеті тұрады;
- толық қауіпсіздік болмайды, әрқашан белгілі бір қауіп қалып отырады, сондықтан, қауіпсіздікті үйымдастыру жұмысы жоғары деңгейде болуы керек.
Табиғатта болып тұратын қауіп-қатерлер тұрақты, жан-жақты және қуатты, сондықтан Жер бетінде қауіп төнбейтін адам болмайды. Бірақ көп адамдар бұл жағдайға көңіл аудармайды, байқамайды, тіпті ойламайды да, сондықтан олардың ойы нақтылы өмірден алшақ болады.
Сондықтан қауіпсіздіктің идеологиясын, нақтылы жайға сай ойлауды, тәртіпті құру үшін, осы «Адам өмір қауіпсіздігі» оқу бағдарламасы қажет. Сонымен, «Тіршілік қауіпсіздігі»- адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың, құрал жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады (атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс, өрт қауіпсіздігі және т.с.с.).
Курсының мақсаты - қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау - осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми-әдістемелік іргесі болып саналады:
- қауіп-қатерді тани білу: оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың, зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б.;
- болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу;
- қауіп-қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.