- •№ 1 Емтихан билеті
- •№ 2 Емтихан билеті
- •№ 4 Емтихан билеті
- •2. Александрия және Антиохиялық мектептердің ерекшелігі
- •2. Ф.Аквинскийдің христиан теологиясына қосқан үлесі
- •2. Александриялық және Антиохиялық мектептер
- •№ 9 Емтихан билеті
- •№ 10 Емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 12 Емтихан билеті
- •№ 13 Емтихан билеті
- •№ 14 Емтихан билеті
- •№ 15 Емтихан билеті
- •№ 16 Емтихан билеті
- •№ 17 Емтихан билеті
№ 11 Емтихан билеті
Либералді теологиясының ерекшеліктері
Либералді теология – 19 г пайда болған, христиандық ілімді рационализациялауға ұмтылған ілім. Негізінен протестанттық теологияны солай атаған. Либералді теологияның маңызды аспектілерінің бірі христандықты тарихи және мәдени феномен ретінде зерттеу. Бұл жағынан олар библияны тарихи-критикалық жағынан зерттеумен айналысты. Негізінен Либер.теология Христостың этикалық ілімін зерттеумен айналысты. Бұл жерде Иисус құдайдың жердегі бейнесі немесе мифтік персонаж ретінде емес, жер бетінде қмір сүрген тарихи тұлға ретінде қарастырылды. Оның негізгі өкілдері шлейермахер, фердинанд баур, альбрехт ритчль, адольф фон гарнак, трельч
Христиан теологиясы: ақыл мен сенім
Христандық теологияда ақыл мен сенімнің гармониясы туралы айтылады.Аквинский бойынша Құдайдың барлығын, оның бірлігін, адам жанының мәңгілігін ақылмен түсінуге болады, ал әлемді жарату, алғашқы күнә, Құдайдың үшжақтылығын ақыл арқылы емес, Құдайдың ашылуы нәтижесінде ғана түсіне аласың. Тертуллиан бойынша сенім бірінші орында болды.климент александрийский де ол екеуінің гармониясы жөнінде айтқан. Ақыл мен сенімнің келісімді болуы арқылы ғана танымпаз христианин бола алады, дұрыс бағытталған ақыл арқылы ғана сенімнің нығаюына жеткізе алады. Абеляр да сенім мен ақыл бір біріне қарсы келе алмайды, себебі ол екеуі де құдайлық ақиқаттан шығады дейді. Сондықтан да, абеляр бойынша, сену үшін діни ілімнің ақиқаттылығын танып, оны түсіну үшін ақылға жүгінуге болады.
Августиннің айтуы бойынша, түсіну – сенімнің сыйы. Ансельм бойынша сенім – ашылудың аиқаттылығын ақылмен қабылдау.
Православиелік теология: «академиялық философия мен теология», шіркеулік жаңару философиясы
Академиялық философия. ХҮШ-ХІХ ғасырларда православие философиясы калыптасты, оны академиялық философия деп атады. Себебі ол философияның өкілдері – Мәскеудің рухани академиялық философия кафедрасының профессорлары Ф.А.Голубинский (1797-1854), Кудрявцев Платонович (1828-1891), В.И.Несмелов (1863-1920), Петербург рухани академиясыныц профессоры М.И.Каринский (1840-1917), Киев рухани академиясыныц профессоры П.Д.Юркевич (1827-1874), С.С.Гоготский (1813-1859). Олардың алға койған мақсаты православие философиясы аркасында христиандык әлемдік көзқарас бойынша Күдайдың болмысын тану болды. Философия болатын болса, ол негізгі Христиан өмірінің негізгі принциптерін түсіндіреді. Ондай негізгі принциптердің бастамасы: Христиан дінінің акылдылығы мен пайдалылығын көрсету. Міне, осы екі ұғымдык түсінудің маңызында православиені философиялық тұрғыда түсіну деп біледі. Олардың айтуынша, философияның негізгі мақсаты болып есептелетін діннің әлемдік сезінушілік көзқарасы. Діни көзқарас ақиқат деп карастыру тек идеалдық білімге немесе Құдай туралы жоғары білімге арка сүйенгенде ғана танылады. Эмпирикалык білім шектелген, карапайым, ал рационалды білім жеткіліксіз. Идеалдык білім ол - Құдай жолындағы акикаттылык, қайырымдылық, сұлулык- оған тек сенім аркылы жетуге болады. Құдай- бізді коршап түрған әлемнің негізі, оны жасаушы және козғаушы күші. Сондықтан ақиқат деп адамды коршаған дүниенің Құдай идеясымен косылғанда ғана айта аламыз.
