
- •№ 1 Емтихан билеті
- •№ 2 Емтихан билеті
- •№ 4 Емтихан билеті
- •2. Александрия және Антиохиялық мектептердің ерекшелігі
- •2. Ф.Аквинскийдің христиан теологиясына қосқан үлесі
- •2. Александриялық және Антиохиялық мектептер
- •№ 9 Емтихан билеті
- •№ 10 Емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 12 Емтихан билеті
- •№ 13 Емтихан билеті
- •№ 14 Емтихан билеті
- •№ 15 Емтихан билеті
- •№ 16 Емтихан билеті
- •№ 17 Емтихан билеті
2. Ф.Аквинскийдің христиан теологиясына қосқан үлесі
Ортодоксалды схоластикалық жүйеге келтіруші доминикан монахы Фома Аквинский (1225-1274). Оның негізгі шығармасы «Теологияның мәні»- онда котоликтік догматиканы жасады, бұл сохоластикалық теологияның негізіне айналды.
Фома Аквинский – католицизмнің діни-философиялық жүйесін негіздеуші, оның ілімі томизм деп аталды. Оның әулие аталуы да осы еңбегі үшін еді.
Ф. Аквинскийде ғылым мен сенімнің аймақтары қатал анықталған. Ғылымның міндеті әлемдік заңдарды түсіндіру болады. Ф. Аквинский ойынша, дін мен білімнің қарым-қатынасы гармонияға, бейбіт жарасымға құрылуға тиіс. Философия қарама-қайшылыққа ұрынған шағында (мысалы, уақыт шеңберіндегі жарату мәселесі), оның көмекке дінді шақыруы қажет. Объективті және ақиқатты тануда барлығын білу мүмкін емес. Христиан дініндегі құпияларды (құдайдың үшбірлігі, қайта тірілу және т.б.) философиялық ақыл мен танымнан тыс, ал философияның қарастыратын мәселелері : құдай болмысын дәлелдеу. Ғылым мен сенім арасында қайшылық жоқ, христиандық ақиқат ақылдан жоғары тұрады, өйткені ол құдайдан пайда болады, бірақ ол ақылға қайшы емес. Сонымен Фоманың негізгі принципі – сенім мен ақылдың үйлесімділігін жасау болды. Философия дінге қызмет етуі керек, ол діни ақиқатты ақыл катигорияларына салып бейнелеуі және талдауы керек, және сенімге қарсы шығатын жалған аргуметтерді теріске шығарып отыруы керек. Ф.Аквинский «құдай болмысы», өзінен-өзі белгілі емес, сондықтан оны таным арқылы дәлелдеп көрсету керек деп тұжырымдады. Ол өзінің төмендегідей құдай болмысының дәлелдерін келтірген: Қозғалыс – қозғалғанның барлығын қозғалысқа келтіретін біреу, яғни алғашқы қозғалысты жасаушы – Құдай; Себептілік – тіршілік ететіннің бәрінде сепеп бар, яғни олардың тіршілік етуінің себебі – Құдай; Кездейсоқтық пен қажеттілік – кездейсоқтық қажетіліктен туындайды, қажеттіліктің алғашқы бастамасы – Құдай; Сапалық белгілер – болады, ең жоғарғы өзіне-өзі сәйкес – Құдай; Мақсат – жаратылғанның бәрінің бір мақсаты бар, ал барлығының мақсатын анықтайтын – Құдай. Аквинскийдің әлеуметтік философиясы католиктік ілім рухымен шешілді. Мемлекеттік билік – құдайдан, басқару формасы жағдайға байланысты жасалуы керек. Ол монархиялық билікті көздеді. Азаматтық қоғамда шіркеу бірінші орында болуы керек. Жердегі өмір болашақ о дүниелік өмірге дайындық. Мемлекетті жоғарыда Христос, ал жерде Рим папасы басқаруы керек деп тұжырымдады. XI ғасырда схолостикалық философияда әмбебаптар мәселесіне байланысты номинализм мен реализм арасында талас-тартыс жүрді.
3. Ватикандық соборлардың шешімі мен маңызы Бірінші Ватикан соборы- ХХ Әлемдік жиылыста келісім бойынша рим- котоликтік шіркеуінде қабылданды. 1869 жылдың 8 желтоқсанының ашылды. 1870 жылдың 1 қыркүйегінің өзінің жұмысын үзді; Папалық армияның капитуляциясынан кейін 1870 жылдың 20 қыркүйекте ІХ Пий оны сол күні кейінге қалдырылғанын айтты. Негізінен соборда көптеген догматикалық және канондық мәселелер көтерілуі керек еді. Бірақ собор тоқтатылғаннан кейін тек екі догмалық конституция қабылданды. Олар: 1. Dei Filius излагала католическую позицию относительно Бога как Творца всех вещей, относительно естественного познания Бога человеком, сверхъестественного Откровения, веры и доверия и об отношении веры и разума. 2. Pastor aeternus провозглашала позицию по ряду тем: примат апостола Петра, папа как преемник Петра, вселенская юрисдикция Римского епископа, догмат о непогрешимости папы (лат. infallibilitas — безошибочность) в вере и морали. Конституция — наиболее полное официальное изложение позиции Римско-Католической Церкви относительно папской власти.
Ф.Аквинскийдің аян жайындағы ілімін бірінші Ватикан соборында католиктік шіркеу ресми түрде қабылдады. Бұл жайлы былай делінеді: Құдай жаратушы, өз сөзін қорғаушы, Құдай барлық нәрсенің бастауы мен аяғы, адам санасында жаратылған заттар арқылы сәулелене алады. Сондай-ақ Ф.Аквинский былай дейді: жаратылыста аян адам ақыл-ойына сай келетін Құдайдың Исамен сөздерінде көрінеді. Мұны сенім ретінде қабылдау және орындау адам баласына берілген сый деп танылды.
Екінші Ватикан соборы- қазіргі кезде католик шіркеуінің соңғы соборы. ХХІ Әлемдік собор. 1962жылы Папа Иоанна ХХІІІ бастамасымен өтіп, 1965жылыға дейін жалғасты. Соборда шіркеулік өмірге байланысты өте маңызды құжаттар, яңни олар: 4 конституция, 9 декрет және 3 декларация қабылданды. Собордың міндеті шіркеуді жаңарту болды. Собордың өзекті қозғалған мәселе діни еркіндік. Католиктік шіркеуде екінші Ватикан соборынан соң (1962-1965) өзгерістер ене бастады. Бұл собор ескі римдік тілден ұлттық тілге ауысуымен ерекшеленеді. Католикшілдіктің адамгершілік негіздері батыста топтық сипатқа ие болған, христиандыққа қарама-қарсы келетін әрекеттер мен құндылықтарды сынауға мүмкіндік тудырады. Оларға: неке бұзу, соғыстар, аборт жасату, клондау, сексуалдық революция және т.б. жатады. Бұл мәселеде Папа Иоанн Павелдің орны ерекше.
№ 7 ЕМТИХАН БИЛЕТІ 1. Янсенистер, квиетисттер, ескікатоликтер
Янсенизм(лат. Iansenismus) - XVIIғ католик шіркеуіндегі діни қозғалыс - XVIII,ғ ерес деп айыпталды. Янсенистер - Ол билік құрған католиктік шіркеуге қарсы діни қауымның бірі еді. Янсенистер өз діни сенімдеріне адал, мейірімді болады. Янсенистердің оқыту әдісі иезуиттердің схоластикалық әдістерінен өзгеше.
Католиктер Құдай мен адам қатынасын заңдық тараптан қарастырады; христиан жазадан құтылу үшін жақсы амалдар жасау керек. Адам өзінің күнәсінен тазаланудан гөрі одан құтылу жолының құралын ойлайды. Католиктік доктринаға сай Құдайға тән нәрселердің бәрін өзіне қайтару керек. Католикшілдікте күнәдан арылу идеясы индульгенция – күнәдан және дүниелік азаптан құтылу, крест жорығына қатысу, белгілі уақыттарда құрбандық шалу, құлшылықтар, қасиетті жерлерді зиярат жасау формасында болады. Индульгенция рәсімі папаның бекітуімен іске асады. Бұл үдерісте күнәдан арылу мен азап шегу белгілі мерзімге (40 күн) созылады. Оның ең ұзақ мерзімі 150 жылды қамтиды.
Римдік христиандық шіркеу – бұл римдік папаның басқаруындағы күрделі иерархиялық институт. Оның негізгі жиналысы – конклавта рухани кемелденген 150-ге жуық кардинал сайланады. Католиктік шіркеу құрылым жағынан православтық шіркеумен ұқсас келеді. Онда митрополиттер, архиепископ және епископтар, қасиеттілік жүйесі монахтық өмір т.б. бар. Монахтар ортақтаса отырып, басшыға бағынады, олардың ішінен ең көне бенедиктік орденді, белгілі августиндік, францизкандық және доминикандық, сондай-ақ жақсы мақсат құралды ақтайды деген ұранмен әлеуметтік саяси қатынастары әсерлі болған иезуит орденін айтуға болады. Римдік топ пен папаның басты қасиеттерін білу католиктік доктринаның негізгі өзегі. Мұндай көзқарастың қалыптасуына папаның билігін қабылдау ықпал еткен. Олар шіркеудің қасиеттілігі мен Құдайдың белгісі болып табылады. Иисус пен папаның өзара қатынасы шіркеудің шынайы болмысының мәнін католиктік ұстанымда айқындай түседі.
Папа жайлы ілім шіркеудің табиғатына сай келеді. Ол рухани құпиялық және адамдық мәнде қарастырылуымен қатар заңды тұрғыда әспеттелуде. Ватикан соборында (1962-1965) шіркеу ілімі Құдайды түсіндіру бағытында жүріп, жалпы жердегі түсінікті Құдаймен бауырластық қоғамы деген ұғымда болды.
Ескі дәуірде батыс діндарлары мен схоластары түйіндеген римдік-католиктік шіркеуінің ресми көзқарасы бойынша аян және сенім басты ілімге айналды. Бұл істі дамытып, қорытындылаған ортағасырлық әулие Фома Аквинский болды (1225-1274). Ф.Аквинскийдің аян жайындағы ілімін бірінші Ватикан соборында католиктік шіркеу ресми түрде қабылдады. Бұл жайлы былай делінеді: Құдай жаратушы, өз сөзін қорғаушы, Құдай барлық нәрсенің бастауы мен аяғы, адам санасында жаратылған заттар арқылы сәулелене алады.
Сондай-ақ Ф.Аквинский былай дейді: жаратылыста аян адам ақыл-ойына сай келетін Құдайдың Исамен сөздерінде көрінеді. Мұны сенім ретінде қабылдау және орындау адам баласына берілген сый деп танылды. Католиктік шіркеуде екінші Ватикан соборынан соң (1962-1965) өзгерістер ене бастады. Бұл собор ескі римдік тілден ұлттық тілге ауысуымен ерекшеленеді. Католикшілдіктің адамгершілік негіздері батыста топтық сипатқа ие болған, христиандыққа қарама-қарсы келетін әрекеттер мен құндылықтарды сынауға мүмкіндік тудырады. Оларға: неке бұзу, соғыстар, аборт жасату, клондау, сексуалдық революция және т.б. жатады. Бұл мәселеде Папа Иоанн Павелдің орны ерекше.