Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_-4EMTIKhAN_BILETI_khrist_teolog.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129.22 Кб
Скачать

№ 4 Емтихан билеті

  1. Фома Аквинский: ақыл мен сенім гармониясы

Көрнекті итальян ойшылы Фома Аквинский жалпы ұғымдар, яғни универсийлер үш түрлі сипатта өмір сүреді деп пайымдаған. 1. «заттарға дейін», құдайдың ақыл-ойында; 2. заттардың өз ішінде, олардың мәні немесе формасы ретінде және 3. заттардан кейін, яғни абстракциялық ойлаудың нәтижесі ретінде адамның басында.

Неополитан корольдігіндегі Аквино қалашығында дүниеге келген Фоманың көзқарастар жүйесі Аристотель ілімінің теологиялық түсініктемесі болып табылады.         

Оның пікіріше, барлық тіршілік иелері иерархиялық тәртіппен өмір сүреді. Құдайға ұқсас жаратылған адам қозғалмайтын Жердің ортасында өмір сүреді. Табиғатта барлығы оған бағытталған икемделген: Күн жарық пен жылу береді, жаңбыр жерді ылғалдандырады. Бұл тәртіптік жүйеде табиғаттың дүлей күштері орын тепкен: жер сілкінуі, боран, күшті желдер. Құдай бұларды адамның күнәкәрлік істері үшін жіберіп отырады. Ойшылдың пікірінше, Құдайдың барлығын, оның бірлігін, адам жанының мәңгілігін ақылмен түсінуге болады, ал әлемді жарату, алғашқы күнә, Құдайдың үшжақтылығын ақыл арқылы емес, Құдайдың ашылуы нәтижесінде ғана түсіне аласың.

2.Трулльский собордың мәні

691 жылы император Юстиниан ІІ тұсында шақырылған.Бесінші-алтынша вселен соборы ешқандай ережелер бекітпеді,олар тек шіркеулердің догматтық қажеттіліктеріне және ересьтер күреске көңіл бөлді.Сол уақытта шіркеуде тәртіп пен діншілдіктің күрт құлдырауы белең алды.Жаңа собор шіркеу нормаларын толықтырып ретке келтіру мақсатында шақырылған алдыңғы соборларға қосымша ретінде дайындалған. Собор V-VIсоборларда қамтылмай қалған мәселелерді қайта қарастырды.

Қызметтерінің нәтижесі алдыңғы собрларда айтылып кеткендерді қамтитын 102 канондық ережелер қабылданды. Олар православтық канондық ережелердің дамуына негіз болды.

Православтық шіркеу бұл соборды 6шы вселен соборымен біріктіріп,оның жалғасы ретінде тапты.Сондықтан турльский собордың 102 канондық ережелері кейде 6шы вселенсоборы ережелері деп аталады. Рим католик шіркеуі 6шы соборды вселендік екенін мойындай отырып,Трульский собордың қаулыларын жоққа шығарды.Тек керек кезінде тек бөлек собор ретінде қарастыратын.

3. Исихазмнің негізін қалаушы Григорий Палама

Исхазм-христиандық мистикалық дүниетаным,православтық аскетизмнің негізін қалаған рухани тәжірибенің көне дәстүрі.

Исихазмның философиясы мен діни ілімінің негізінде обожение туралы ілім жатыр.Құдай рақымының арқасында сопы танылмайтын Құдай энергиясын көре алады.Сол арқылы Құдаймен байланысады.Византиялық исихазмның көренекті өкілдері- Симеон Новый Богослов, Григорий Синаит, Григорий Палама.Исихазмдық практикалық догматтың негіздеріне Паламамен өркендеген "синэнергия" концепциясы-Құдай рақымы мен адам еркінің қатынасы туралы принциптер болды.Бұл қасиетті энергияның әсер ету дәрежесі әр түрлі.Құдайды әздеушілердің құндылықтары мен міездеріне байланысты,тіпті тек жай жарқыл сәуле ретінде де келуі мүмкін.

№ 5 ЕМТИХАН БИЛЕТІ 1. Жильсон, Маритен идеялары

Неотомизм – ХІХ ғ 70 жж пайда болған,  әсері үлкен діни – философиялық мектептердің бірі. Ф. Аквинский ілімінің негізінде  сенім мен ақыл-ойдың үйлесімділігіне және сенім ақиқатының алғышарттылығына жүгінеді. Ватикан шіркеуінің  теориялық басты қаруы. Ол философияда христиан дінінің дәстүрін, догмалық идеялары мен теорияларын сипаттайды. Неотомизмнің көрнекті өкілдері: Жак Маритен, Этьен  Жильсон. Неотомизмнің орталық мәселесі─Құдай. Діни ілімде құдай мәңгі және шексіз,  діни философияның міндеті осы тұрақты ақиқатты ашу. Неотомизмнің басты мәселесі - адам, оның өзінің «Менін» іздеп, қайталанбайтын рухын өзгертуге, жаңартуға ұмтылуы. Олар адам мәселесін этикамен байланыстырады. Кейінгі кездерде діни философия адамдағы жақсылықтың мәнін түсіндіруге белсенді күресуде. Олар адамзаттық құндылықтарды қорғайды: ядролық қаруға қарсылық білдіреді, экологиялық мәселелерді шешу мәселесін көтереді. Неотомизм ғылымды жоққа шығармайды, бірақ ғылым өзінің даму барысында адамзатқа тигізіп отырған зияндығын сынайды. Жак Маритен(1882-1973жж.).Негізгі еңбегі: "Өнер және схоластика". Жаңа уақыттың философтарын сынай отырып, олар ортағасырлық философияның (әсірессе Декарт, Ж.Ж.Руссо) іргетасын бұзды, Ж.Маритен неотомизм шеңберінде экзистенциализмнің, позитивизмнің, рационализмнің көптеген ережелерін біріктіруге болады деп ойлады. Маритен үшін негізгі мәселе: болашақта адамзат қалай дамиды, оларды ХХ ғасыр сілкіністерінен құтқаратын нәрсе не? Әр кезеңдегідей, әлемдік тарихтың негізгі құндылығы адамның жетілуін жалғастырып келеді. Маритеннің айтуынша, жетілу жолы капиталистік индивидуализм мен тура сондай марксизм жолы арасында жатыр. Оны жүзеге асыруға Шіркеу мен (Құдай градымен) және Қоғамдықтың (Жер гардымен) арасындағы диалог көмектеседі. Тұтастай алғанда дүниеніқұтқару қазіргізаманғы мәдениетке христиандық құндылықтарды енгізуден тұрады. Сонымен, Маритен «интегральды гуманизм» идеалдық қоғамының өзіндік ерекшелігі бар үлгісін жасап шығарды, онда корпорациялар шеңберінде кәсіпкерлер мен еңбекшілердің ынтымақтастығы көрініс табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]