Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_-4EMTIKhAN_BILETI_khrist_teolog.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129.22 Кб
Скачать

№ 2 Емтихан билеті

1.Христиандық догмалар және қасиетті кітаптар

Христиандық діни ілім Құдайылық ашылымдардан тұрады.Барлық хистиандар тек бір қасиетті жазу-Библияны растайды.Библия екі бөлімнен тұрады: яһуди мен мәсіхшілдерге ортақ Көне келісім (Таурат) және тек мәсіхшілдер табынатын Жаңа келісім-27 кітаптан тұрады

Негізгі христиан догматтары:

Үштік Құдай догматы

Құдай кейпіне ену

Күнәнің жуылуы өтелуі

2.Католиктік догматиканың басты негіздері

Католицизм (гректің Кatholikos – жалпы, бүкіләлемдік деген мағынаны білдіреді) – бұл христиандықтың батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада (Франция, Бельгия, Италия, Португалия, Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігінде тараған. Азия мен Африкада католиктер бар, бірақ католицизмнің әсері мұнда онша емес. Соңғы 100 жыл ішінде католиктер саны 4 есе артты. Като­­лицизмді шамамен 200 мың қауымға біріккен 1 миллиардтан астам сенушілер уағыздайды, оларда шамамен 560 мың священник жұмыс істейді.

Католицизм діни ағымының негізін «Кредо» – жалпы христиандық сенім белгісі қалайды, онда 12 догмат пен 7 құпия бар. Католицизм діни ілімінің негізін Қасиетті жазу ғана емес, Қасиетті хикая да құрайды, ол 21 собор қаулысын түзеді, сондай-ақ Рим Папасының ресми құжаттары құрайды. Католик дінінің православиеден ерек­шелігінің бірі ондағы жұмақ пен тозақ арасын­­дағы тазартқыштың (чистилище) болуы. Католик дінін ұстанатын дінбасылар барлық деңгейде некеге тұрмауға, отбасын құрмауға ант (целибат) береді. Христиандардың бұл тар­мағының православиеден тағы бір айырмашылығы –филиокве, яғни мұнда киелі рух тек Құдай-Әкеден ғана емес, Құдай-Ұлдан (Иисустан) да жіберіледі деген догмада. Бұл теңестіру “филиокве” (“және Ұлдан”) деген терминдік атауға ие болды. “Филиокве” түсінігі алғаш рет христиан діндарлары­ның Толед (589) жиынында ереже ретінде қабылданып, 11 ғасырда христиан шіркеуінің “Шығыс шіркеуі” және “Батыс шіркеуі” болып бөлінуіне себептің бірі болды. 9 ғасырда Рим Папасының қарсы­лы­ғына қарамастан, “Қасиетті Рим империясының” императоры Карл (Ұлы Карл) “филиокве” ережесін бүкіл “Батыс шір­кеуі­не” күштеп ендір­ді. Содан бері ол “Батыс шір­кеуді” бейнелеуші ресми атау ретінде қалып­тасты. “Шығыс шір­кеуінің” христиандары “филиокве” ережесін дін­бұзарлық іс деп қабылдады. Католиктер мен православие сенімі арасындағы бұл көзқарас қайшылығы осы күнге дейін жалғасуда.

Католик Шіркеуін Әулие апостол Петр иегері есептелетін, басында Рим Папасы тұрған, халық­аралық орталығы Ватиканда орналасқан қатаң сатылы ұйым ерекшелейді. Папаның ресми толық атауы былай аталады: Рим епископы, Иисус Христос орынбасары, Апостолдар Князінің көмекшісі, Бүкіл әлемдік шіркеудің Жоғарғы мәртебелі Понтифигі, Батыс, Италия Патриархы, Рим про­вин­­циясының архиепископы және митро­политі, Вати­кан мемле­кет-қала монархы. Ол тақта өлгенше отырады.

Ватикан конституциясына сәйкес, Рим Папасына жоғары заңнамалық, атқару және сот билігі жатады. Ватиканның басқарушы органы Қасиет­ті Тақ деп аталады да, Рим католик шіркеуінің орталық әкімшілік аппараты Рим куриясы, ол әлем ел­дерінің көпшілігінде әрекет ететін шіркеулер мен қауымдық ұйымдарды басқарады. Өңірлік деңгей­де епископтық конференциялар әрекет етеді.

Католицизмде монахтық немесе «рыцарлық» ордендер деп аталатындардың әсері өте күшті. Қазіргі уақытта католиктік монахтардың миссио­нерлік қызметінің жаңа нысандары Африка мен Азия, оның ішінде Қазақстан болып отыр.

3. Фома Аквинский іліміндегі ақыл мен сенім мәселесі

Ортодоксалды схоластикалық жүйеге келтіруші доминикан монахы Фома Аквинский (1225-1274). Оның негізгі шығармасы «Теологияның мәні»- онда котоликтік догматиканы жасады, бұл сохоластикалық теологияның негізіне айналды.

    Фома Аквинский – католицизмнің діни-философиялық жүйесін негізеуші, оның ілімі томизм деп аталды. Оның әулие аталуы да осы еңбегі үшін еді.

     Ф. Аквинскийде ғылым мен сенімнің аймақтары қатал анықталған. Ғылымның міндеті әлемдік заңдарды түсіндіру болады. Августин объективті түрде өмір сүретіндерді танып білуге болатындығына сенді, бірақ адам ақылының әрекеті ғана шынайлық дегенге қосылмайды.

     Объективті және ақиқатты тануда барлығын білу мүмкін емес. Христиан дініндегі құпияларды (құдайдың үшбірлігі, қайта тірілу және т.б.) философиялық ақыл мен танымнан тыс, ал философияның қарастыратын мәселелері : құдай болмысын дәлелдеу. Ғылым мен сенім арасында қайшылық жоқ, христиандық ақиқат ақылдан жоғары тұрады, өйткені ол құдайдан пайда болады, бірақ ол ақылға қайшы емес. Сонымен Фоманың негізгі принципі – сенім мен ақылдың үйлесімділігін жасау болды.

     Философия дінге қызмет етуі керек, ол діни ақиқатты ақыл катигорияларына салып бейнелеуі және талдауы керек, және сенімге қарсы шығатын жалған аргуметтерді теріске шығарып отыруы керек.

       Ф.Аквинский «құдай болмысы», өзінен-өзі белгілі емес, сондықтан оны таным арқылы дәлелдеп көрсету керек деп тұжырымдады. Ол өзінің төмендегідей құдай болмысының дәлелдерін келтірген:

Қозғалыс – қозғалғанның барлығын қозғалысқа келтіретін біреу, яғни алғашқы қозғалысты жасаушы – Құдай;

Себептілік – тіршілік ететіннің бәрінде сепеп бар, яғни олардың тіршілік етуінің себебі – Құдай;

Кездейсоқтық пен қажеттілік – кездейсоқтық қажетіліктен туындайды, қажеттіліктің алғашқы бастамасы – Құдай;

Сапалық белгілер – болады, ең жоғарғы өзіне-өзі сәйкес – Құдай;

Мақсат – жаратылғанның бәрінің бір мақсаты бар, ал барлығының мақсатын анықтайтын – Құдай.

     Аквинскийдің әлеуметтік философиясы католиктік ілім рухымен шешілді. Мемлекеттік билік – құдайдан, басқару формасы жағдайға байланысты жасалуы керек. Ол монархиялық билікті көздеді. Азаматтық қоғамда шіркеу бірінші орында болуы керек. Жердегі өмір болашақ о дүниелік өмірге дайындық. Мемлекетті жоғарыда Христос, ал жерде Рим папасы басқаруы керек деп тұжырымдады.

Көрнекті итальян ойшылы Фома Аквинский жалпы ұғымдар, яғни универсийлер үш түрлі сипатта өмір сүреді деп пайымдаған. 1. «заттарға дейін», құдайдың ақыл-ойында; 2. заттардың өз ішінде, олардың мәні немесе формасы ретінде және 3. заттардан кейін, яғни абстракциялық ойлаудың нәтижесі ретінде адамның басында.

Неополитан корольдігіндегі Аквино қалашығында дүниеге келген Фоманың көзқарастар жүйесі Аристотель ілімінің теологиялық түсініктемесі болып табылады.         

Оның пікіріше, барлық тіршілік иелері иерархиялық тәртіппен өмір сүреді. Құдайға ұқсас жаратылған адам қозғалмайтын Жердің ортасында өмір сүреді. Табиғатта барлығы оған бағытталған икемделген: Күн жарық пен жылу береді, жаңбыр жерді ылғалдандырады. Бұл тәртіптік жүйеде табиғаттың дүлей күштері орын тепкен: жер сілкінуі, боран, күшті желдер. Құдай бұларды адамның күнәкәрлік істері үшін жіберіп отырады. Ойшылдың пікірінше, Құдайдың барлығын, оның бірлігін, адам жанының мәңгілігін ақылмен түсінуге болады, ал әлемді жарату, алғашқы күнә, Құдайдың үшжақтылығын ақыл арқылы емес, Құдайдың ашылуы нәтижесінде ғана түсіне аласың.

Фома Аквинский католиктік философия – томистік бағыттың негізін қалады.

Номинализмнің өкілдері – жалпы ұғымдар жай ғана есімдер, заттардың аттары деп есептеді. Шын мәнінде өзіндік ерекшеліктері бар жеке заттар ғана өмір сүреді. Жалпы ұғымдар заттарға тәуелді ғана емес, тіпті олар заттардың сапалық қасиеттері мен ерекшеліктерін бейнелей де алмайды. Номинализм – орта ғасырдағы материализмнің көрінісі. Бірақ олар жалпы ұғымдардың заттар мен құбылыстардың мәні мен мағынасын бейнелейтінін түсіне алмады.

№ 3 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1 Христиандық догматиканың қалыптасуы

Христиандық догматика IV-VIғасырларда қалыптасады.Догматтар шіркеу соборларында жасақталып,түпкілікті бекітеді.Догматикалық формаларды жасақтауда IVғасырда каппадокиялық теологтар Назианзин,Василия Кесарийский,Григорий Нисский еңбектері маңызды рөл атқарды.Христиандық теологияның қалыптасуына Аливорсий,Григорий Великий және тағы басқа үлес қосты.

Соболар жиналысында IVғасырда Құдайтанушылардың мақсаты ол үштікті дұрыс жеткізу еді.Қасиетті жабаларда үштік туралы айтылмаған.Ариандар қол жазбаны "Иса жаратылған ол Құдай емес" деген.Сондықтан үштікті түсінетін кең шағын түсіні енгізу керек еді. Соборларда әкейлер философиялық терминдерді пайдаланды.Құдайдың табиғатын түсіндіру үшін әкейлер сущность терминін енгізген. Шәркеу әкейлерінің айтуы бойынша христ. д-ң негізгі ілімі -Құдайдың адам болуы және бұл адамның бойында табылатын нәрсе өйткені адам өз табиғатында Құдаймен біріккісі келеді.Тринитарные споры-Христ дінінде ариандар мен шіркеу әкелеренің үштікке қарсы дау.Бұл дау христ дініне қауіп төндірді. Алғашқы христиандар яһудилер еді.Яһудилер Құдайды жалғыз деп таныған.Бірақ Исаның шәкірттері үштік сенімді енгізе бастады.Осы жерде яһудилердың монотеистік діні христиандарың үштік сенімімен қақтығысып қалады.Сондықтан христиандар ежелгі гректердің логос сөзін пайдаланып үштікті түсіндірмекші болады.

2.Құпияшылдық, рақым, алғашқы күнә және жуылу туралы ілім

Құпияшылдық (таинство) – христиандық Шіркеу рәсімдеріндегі көзге көрінбейтін Құдайдың рақымын немесе Құдай құдіретін діндарларға жеткізуге мүмкіндік беретін қасиетті іс-әрекеттер.

Шіркеу арқылы туындаған рәсімдерге қарағанда христиан құпияшылдығы Иисус Христос өзі орнатқан және адамның сыртқы емес ішкі дүниесін өгертугі бағытталған болып табылады.

Зерттеушілердің кейбірі бойынша христиан құпияшылдығының түпнегізі христиандыққа дейінгі болған мистерияға кеп тіреледі.Бірақ бұл ой христиан діншілдерімен сынға алынған болатын.

Негізінен құпияшылдықтар христиан шіркеуінің шығуы мен нығайюымен бірге ақырындап енгізіле басталды.Алғашында христиан шіркеуі тек екеуін ғана енгізген болатын.Өйткені тек осы екеуі канондықЕвангелиеде айтылып кеткен.Тек кейіннен христиан ғұрыптарының арасында қалған бесеуі пайда болды.

7 құпияшылдық аттары:

  1. Крещение шоқыну — погружение крещаемого в воду или обливание его водой, совершаемое над человеком в знак приобщения его к Церкви и очищающее от грехов;

  2. Миропомазание (конфирмация) — освящение человека путем смазывания его ароматической смесью (миро), заменило наложение рук архиереем на головы верующих по мере роста численности христианских общин;

  3. Евхаристия тазару (причащение), при совершении которого верующие, согласно христианскому вероучению, приобщаются к Христу (в Православной церкви и миряне, и духовенство причащаются Телом и Кровью, в Католической: духовенство — всегда Телом и Кровью; миряне, либо Телом и Кровью, либо только Телом);

  4. Исповедь тәубеге келу(покаяние) — раскрытие верующим своих грехов Богу в присутствии священника и получение «отпущения грехов» от имени Христа;

  5. Брак неке(венчание) — христианский супружеский союз мужчины и женщины, заключенный через священнодействие в храме;

  6. Елеосвящение (соборование) больного (согласно православному учению, больному прощаются грехи, которые он забыл или не успел исповедать);

  7. Священство (рукоположение) — посвящение в священнослужители, совершаемое епископом.

Рақымшылдық — адамдардың бір-біріне жанашырлық қарым-қатынасы, өзара материалдық және рухани көмегі. Адамның басқа біреуге мейіріммен қарап, олардың қамын ойлауы, жанашырлық пен қамқорлық жасай білуі.Тәндік және рухани іс арқылы орындалатын маңызды христиан ізгілігінің бірі.Жақынға деген махабат Құдай деген махабат өсиетімен тең. Және кез-келген мұқтаж адам бойында Құдай бейнесін көре алу.

Алғашқы күнә.Жылан-Алла жаратқан түз аңдарынан ең қуы еді деп алғашқы күнә туралы библия баяндамасы басталады. Ал ол өз кезегінде шайтанның,әзәзілдің,ібілістің өзі еді.Бірақ әулие Иоанн Златоуст оған келіспейді,оның айтуынша ібіліс жыланды құралы ретінде падйланғаннын айтады. Қалай болса да Адам ібілістің азғыруына түсіп,күнә жасағаны белгілі.Бұл өз кезегінде зұлымдықтың Құдай қалауымен емес, Адамның өз еркімен ібілістің өтрігіне ергені арқасында түскенін дәлелдейді. Адам еркі ,ғажайып құбылыс болғанымен, Құдайдан адастырып жіберуі де әбден мүмкін.

Оған не себеп болды дегенде,Әулие Августин Адамның Құдайдың тілін алмау себебінен деп түсіндіреді.Жеме деген жемісті тілді алып жемеу керек еді.

Кейбір шіркеу жазушылары Адамның шеттен тыс тәкаппарлығынан деп санайды.

Не болса да содан кейін Адамға не сладко пришлось,ол жемістің рахатын көремін деп,өзінің қалай жалаңаш қалғанын аңғармай қалды.

Құдайдың кейіннен оның атын айтып шақыруы да,оның оны таба алмағанынан емес ,оның қайндай жағдайда қалғанын көрсету,неден айрылғанын сездіру.

Содан кейін Құдай рақымшылдығын танытып оларды жәннатта қалдырмай жерге жібереді.Бірақ олар бұдан былай өз күнін өздері көретін болған.

Жуылу.Бұл рәсім шарап пен нан жеу арқылы іске асады. Иисустың қаны мен тәннінің діәмін тартып онымен байланысып мәңгілік өмірге ілігеді.Христостың өзі орнатып кеткен.

3.Жан Кальвиннің жазмыш және бейімділік, пендешілік сопылық туралы ілім

Кальвин бойынша адам өзіне құдадан берілген рақымды қабылдай ма жоқ па, шешім қабылдай алмайды, бұл оның еркінен тыс болады. Және адамдардың бір бөлігі құдайға сеніп, құтқарылуға жазылған, ал екінші бөлігі сенімге ие болмай, азаптануға жазылған, яғни оның бәрі алдын ала белгіленген, адам туа сала не мәңгіліқ қарғысқа, не құтқарылуға ұшырауы оның тағдырына жазылған. Ешқандай да күшпен, жақсы істермен және дұрыс әрекеттермен ол Құдайдың жазғанын өзгерте алмайды. Жазмыш құдайлық кеңесте жазылады, Құдайдың жазмышты жасауда адамның еркінен тыс жасауы анық.

Кальвин жердегі өмірде де адам өзінің қарғысқа немесе құтқарылуға жазылғанын біле алады. Ол кім болса да – қызметші, ұста немесе бай саудагер, ол сол салада үлкен жетістікке жетуге тырысуы керек. Оның жетістікке жете алуы оның тағдырына құтқарылу жазылғанының белгісі. Осының нәтижесінде көп адамдар осыған сеніп, өмірлерінің көп бөлігін жұмысқа жұмсап, өз тағдырларын білуге тырысқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]