- •№ 1 Емтихан билеті
- •№ 2 Емтихан билеті
- •№ 4 Емтихан билеті
- •2. Александрия және Антиохиялық мектептердің ерекшелігі
- •2. Ф.Аквинскийдің христиан теологиясына қосқан үлесі
- •2. Александриялық және Антиохиялық мектептер
- •№ 9 Емтихан билеті
- •№ 10 Емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 12 Емтихан билеті
- •№ 13 Емтихан билеті
- •№ 14 Емтихан билеті
- •№ 15 Емтихан билеті
- •№ 16 Емтихан билеті
- •№ 17 Емтихан билеті
№ 17 Емтихан билеті
Шлейермахердің діни герменевтикасы
Ф.Шлейермахердің философиясы, дін дегеніміз адамға айрықша берілген сфера, ол адамның субъектісімен байланысты. Ол сфера-болмыстың ішкі шығармашылық күші, ол барлык заттарда бар, оның негізі деді. Теологияның субъективтік жағын жоғары көтергендіктен XIX ғасырда Либералдық теологияның әлеуметтік жағдайы күшейе түсті. Екінші жағынан, теологияға философияның әсері күшейгендіктен, мынадай принциптері дамыды: субъектінің автономиясы, акыл бостандығы, жеке инициативу. Міне, осы факторлар «либералды теология» деген үғымдық ағымды пайда қылды.
А. Гарнак: догматтардың тарихын зерттеу
Догматтың тарихының мақсаты: 1) осы догматикалық христиандықтың түбірін зерттеу, 2) оның дамуының сипаттамасына тоқталу шіркеу ілімдерінің пайда болу уакытын анықтау
Ал сол III ғасыр мен Ivғасыр аралығын , Христос пен логостың шығуы туралы а) грек шіркеу жариялайды, не догматтың оның жүйесі иконоборліктің жалғауымен бітті; б) римско-католическая шіркеу, әйтсе де жаңа догматтың тұжырымда- мүмкіндігін жібереді, де- өзінің догматизмын және, тағы дұрыс, бас Ватиканның жиылысында, - басты бейнемен, саяси сана-сезімдарға тоқталады. Догматтардың қалыптасуында сыртқы факторлар да әсер етті. Догмапттар арқылы Інжілдің таза мазмұны айқындалды.
Православтік діни іліміндегі мистика және иррационализм
Кейінгі ғасырлардан бастап Византиялық философияда мистикалық және иррационалдык бағыттар басым бола бастады. Олардың өкілдері: Григорий Паламы (1296-1359), Николай Ковасилы (1320-1371) жэне т.б., Құдай болмысын тану жэне кызмет етуді мистикалык, аскетикалык, трансцендентальдік жолдармен болады деп түсіндірді. Григорий Паламының (психостардың идеологі) айтуынша, Құдайдың кайырымдылығына жету үшін әр түрлі өсиет сөздер айтудың орнына табиғатты пайымдап карау арқылы шомылу, экстаздык шокыну, «еркектікті» өлтіру, бұлар кейіннен Православие догмасының доктринасы болды. ХІҮ-ХҮ ғасырларда «әкейлер мен окытушылар» (отцов и учителей) шіркеудің негізгі еңбектері орыс тіліне аударылды. Олардың тек діни емес логикадан, диалектикадан жазылған еңбектері, әсіресе, Григорий Паламанын шығармасы «Каппадокийцев» және Психатов туралы. Тағы да басқа богословтардың Григорий Нисскийдің (335-394), оның жолдасы Григорий Назианскийдің (330-390) Руссиеде шектік екі философиялык ағым күрастырды. мистикалық пайымдау ағымы: оның өкілі: Сергий Родонежский (1314-1396) және Нил Сорский (1433-1508), оларга қарсы тұрушы ағым рационалды-схоластикалық. Онын өкілдері: Иосиф Волоцкий (1439-1515), Зиновий Отенский (1568). Бүлардың көзкарастары үлкен орын алмаса да, олардың еңбектері бекер кеткен жок. Әр кезде әр түрлі формада алдыңғы көзкарастар болып отырды.
18 Билет
1.Христиан дін ілімінде көне өсиет дереккөздері.
Біздің дәуірімізге дейінгі II мың жылдықта Солтүстік Арабияның көшпелі еврей тайпаларының полиатеистік сенімдері мен ырымдарының негізінде пайда болды. Біздің дәуірімізге дейінгі XIII ғасыр Палестинаны (Ханаан) жаулап алады. Иудаизмнің қалыптасуына Яхве құдайын асқақтатушы Иуда тайпасы (атауы осыдан шыққан) ерекше ықпал еткен. Соңынан Яхве жалғыз құдайға айналады. Иуды тайпасынан шыққан Давид патша (біздің дәуірімізге дейінгі 977 жылы шамасы) заманында Израил-Иудейлік патшалық күшейіп, иудейлер тегі пұрсатты жағдайға ие болды. Иудаизмде діни ілім мен асқақтату ертеден басталады. Оларға жататындар:
Құдай, Дүние, Адам жайлы ілім;
діни асқақтатудың тәртібі;
моральдық-өнегелік қарым-қатынастар кодексі;
діни институттар жүйесі;
Құдай аңдамалылығының тұжырымы;
Мессианизм - Құдайдың елшісінің немесе маңдайына бақ қонғандардың Мессияға келуі, Құдай патшалығының орнауы.Иудаизмнің қасиетті кітабы - Сфарим, ежелгі еврейлік аббревиатурада - Танах, христиандықта - Көне Өсиет. Оған Тора (ілім), немесе Мұса пайғамбар жазды деп саналатын
Бес кітап (Тұрмыс, Нәтиже, Левит, Сандар, Екінші зандылық);
Нэвиим (Пайғамбарлар) - діни-саяси және тарихи-хронологиялық сипаттағы 21 кітап;
Кэтубим (Жазбалар) – әр түрлі діни жанрлардағы 13 кітап кіреді. Көне Өсиеттің ең ежелгі бөлігі біздің дәуірімізге дейінгі X ғасыр белгіленеді. Танахтың Канонизациясы біздің дәуірімізге дейінгі III-VI ғасыр аяқталып, басқыншылық соғыстарының нәтижесінде еврейлердің Жерорта теңізі бойына шашылып, бытырауы басталады, диаспоралар пайда болады; еврей Библиясын грек тіліне аудару басталды (соңғы аудармасы - Сепуагинта).
2. Апостолдардың діни ілімі.
Апостолдар дегеніміз Иисус Христостың ізбасарлары мен шәкірттері. Христиандық ілім бойынша Иисус Христос өзі 12 шәкіртін шақыртып,елдің түпкір түпкіріне христиан ілімін таратуға,дінсіздердің көзін ашуға жіберген. Солардың ішінде ең танымалы Павел мен Петр болып табылады. Себебі солардың жорықтарының салдарынан көптеген пұтқа табынушылар Христиан дінің қабылдады. Әрине надан,дінсіз пұтшылдарға өсиет ету онңайға соққан жоқ. Апостолдардың бұл жолда көрген қасіреттері көп. Бұл екі апостолдардың ауыр азаппен өлтірілуі православиялық шіркеуде мейрам ретінде қабылданды. Апостол Петр крестке басымен төмен күрзіптелген,ал Павелдің басын шапқан.Русь жеріне христиандықты таратқан Петр болғандықтанда петрлік пост бекітілген. Православ дініңде Петр Павел апостолдары күні мереке ретінде енген.
3. Еркіндікке жету теологиясы.
Христиандық шіркеу теологиясы,әсіресе Римдік-католиктік шіркеуде.Еркіндікке жету теологиясының екі басты принциптері: 1)күнәнің бастауы туралы сұрақ.2) христиандар Құдайдан келген таланттарын,интеллектерін сонымен қоса ғылымды жақсылыққа ғана арнауы тиіс.Бұл теологияның өкілдері әлеуметтану мен экономика ғылымдарын кедейлік феноменің зерттеу мақсатында қолданады.Себебі бұл теологтардың пікірлерінше кедейлік күнәнің шығуына себепші.Еркіндікке жету теологиясы Екінші собор кезінде қарқынды дамыды.Ең басты жарқын өкілдері: Густаво Гутьеррес,Эрнесто Карденаль т.б.
19 Билет
1.Әулие Августиннің діни философиясы.
Әулие Аврелий Августин (354-430) – Гиппона епископы , философ, христиан дінбасы және саясаткер. Католик және провослав мешіттерінің Әулиесі . Христиан шіркеуінің дінбасысы және августизм ілімінін негізін салушы. Ол батыс филосософиясы мен католиктік тиологияға үлкен ықпалын тигізді. Ол христиан дінінің ең атақты ойшылы мен жазушысы, ең беделді және белгілі шіркеудің Әулиесі . ол бірінші болып системалық христиан сенімшілдігін ашты, сондықтан оны римдік –католиктік те проваславтық шіркеуі де мойындайды да еңбегін аса жоғары бағалайды. Августиннің өмірлік жолы «Исповедь» деген шығармасында толық түрде жазылған.Осы еңбегінде ол ұзақ күндер мен тер төккен еңбегінің арқасында өзінің өмірлік жолын тек қана Христиан дінінде тапқандығын ерекше көңіл аударып жұртшылыққа жария етеді, өмірінің мәні – христиан дінінде екендігін және басқаларды оғанқосылуды сұрайды.
Августин өзінің шығармаларында философияға назар аударып, осы ғылымды ерекше құрметтейтінің айтады.Ол өзінің дүниетанымын христиандық діншіл – мифологиямен бірге философиялық қоршаған ортада болып жатқан әрекеттерді философиялық тұрғыда қабылдауды ұсынады. Августиннің пікірінше философия текнағыз діннің дәлелі. Философия ол даналық емес, ол даналыққа деген махабатты білдіреді,- деп жазды Августин,-.....Құдайдың даналығы, адамзатқа қол жетпейтін мұра,- деп сөзін аяқтады.Оның ойынша тек дін ғана адамның небір жақсы тіпті керемет қасиеттерін аша алады, сол кезде ғана адам құдайдын құдіретін көре алады. Философиялық фундамент ретінде Августин Платонның еңбегін бағалады ол плотон және неоплатон деп екіге бөлді.
397 жылдан бастап Августиннін аты Құдайға деген «махабаттың» белгісіне айналады, ал өзі болса христиан қауымына белгілі аты шыққан Шіркеудің беделді мүшесіне айналады. Осы кездері Августин өзінің ең бір тамаша барлығы керемет деп санайтын «Шындық» деген кітабы өмірге келеді. Ол өзінің кітабында өзінің христиан дінің қабылдағанша қалай өмір сүргенің, өмірде біраз адасқанын тек христиан діні оны өмірдің дұрыс керкмет жақтарын ашқандығы туралы бар шындығын әлемге жариялайды. Августин өз қалған өмірін христиандыққа арнап адамдарды дұрыс жолға қоюға бағыт – бағдар береді шіркеулерді жақсарту үшін өзін аямай еңбек етеді , сонымен қатар ересиямен де күреседі және осынын барлығына да уақыт таба алатын болған. Августин христиандардын барлық кемшілігін жоюға барлық үлесін қосты ол христиан дінің жамылып басына келгендікті істеуге жол бермей ондай адамдарды шіркеуге жоюды ұсынды. Осы мәселелерге байланысты көптеген жинаналыстар жасады 401 жылда 411 жыл аралығында жеті собор жиналысы өтті.
410 жылдың 24 шілдесінде Римді вестгот Алариха жаулап алады. Бұл жағдай барлығын қатты алаңдатты Августин соның ішінде еді.Рим империясы құлағаннан кейін ол өзінің ең ғажайып шығармасын жазады . Ол әрине «Құдайдың қаласы туралы» . Бұл шығармада ол адамдардың не істегісі келетінің және Құдайдың әмірлері туралы жазады. Бұл ғажайып және көркем шығарманы жазуға Августиннің жиырма жылға жуық уақыты кетеді. Христиан дінінің женіп шығуы Библияның арқасы , бұл кітапты әрбір христиандық тек қана білу емес осы кітапты құрметтеп барлығынан жоғары қоюы қажет. «Құдайдың қаласы туралы» еңбегінде Августин өзіндік жердің қалыптасу тарихын айтады.Оның кейіпкерлері болып жер , уақыт пен тағдыр болады. Осылардың шағылысуынан Қала келеді олар біреу емес екеу. 2. Землердің теологиялық ілімі
Землер бойынша жеке адамның рақымшылдығы шіркеудің ортақ қағидаларымен қабылдануы мүкін емес. Сондықтан Землер жеке еркіндік сенімі мен шіркеудің ресмилігін дағдарыс ретінде қарастырды.
Землер дәстүрлі догматикалық форманы тек бір жағдайда сақтап қалуға болады деген. Егерде әр адам өзі ынталанып,өзінікін қосса ғана догматикалық ережелер сақталады.Землер Евангелияны,апокалипсис туралы жазбаларды терең зерттеген.Ол тіпті апокалипсисті каноннан алып тастауды да көздеген. Фридрих Толак оны «тарихи догматиканың әкесі» деген ат берген. Ал Фердинанд Баур « шыңайы критерийлерді қолданған алғаш ғалым» деген.
3.Теологияның функциялары: апологетикалық,миссионерлік,жүйелендіретін.
Апологетика сөзінің грек тілінен аудармасы «құтқару»,жауап беру» деген мағынаны білдіреді. Христиандық діннің рационалдылығын қалыптастарын жинақ. Жалпы апологетика сөзі қай дінде,сектада болмасын оның басты мақсаты белгілі бір көзқарас немесе пікірді қорғап өз пікірін сақтау. Апологетика шабуыл жасау емес өзгелерге, керісінше қорғаныс ету болып табылады.
Миссионерлік (латын тілінен missio — тапсыру, аманат ету деген мағынаны береді)Яғни өзге елдерге,әлемнің тукпір-түкпіріне барып,өз діни ілімдерін насихаттау.Сол насихаттаулар арқылы өз қатарларындағы сенушілер санын арттыру көздеген мақсаттары болып табылады. Мысал ретінде миссионерлердің басты ошағына айналып отқан өз елімізді айта аламыз. Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тiркеудi уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүргізеді. Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде жыл сайын қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.
Жүйеленетін (систематизирующая) барлығы бір-бірімен байланысушы деген ұғым (БАСКА МАЛИМЕТ ЖОК)
20 Билет
1.Евхаристік діни ілім. Христиандық әуел бастан қарсыластарын төтеп беруге тырысты. Алайда бірлікке ішкі қарсылықтарда әсер етті. Олардың ішінде көптегенхристиандық емес элементтерді христиандықпен байланыстырғысы келген ағымдар болды. Ең қауіпті және ең танымалы христиандыққа ол гностицизм ағымы болды. Евхаристие Иисус Христостың өзі қабылдатқан құпиялылығы дейді ап.Павел жазбаларында. Евхаристие христиан дінінің басты құпиялылықтарының бірі. Нанды Иисустың тәні,шарапты Иисустың қаны деп христиандар қабыл етедің Соның ішінде православ,католик,лютеран,англикан,старокатоликтерде құлшылық етуді бастысы болып табылады. Ал протестантық(лютерандардан басқа ),евхаристие құпиялылық ретінде емес,тек символикалық әрекет ретінде қабылдайды.
2.Христиандық және гностицизм
Гностицизмнің жандануы 2 ғ. сәйкес келеді.жәнеде ол христиан тарихындағы көптеген және қиын ағым болды. Гностицизм діни мифологиялық танымы Шығысқа тән болды. Оларға вавилондық,персиялық,египеттік,басқалары да болды.Оларға Посидон мен Платонның философиялық идеяларыда қосылды. Гностиктер әлемді дуалистік түрғыда түсінуімен ерекшеленеді. Тун мен жарық, жақсылық пен жамандықтың күресін космологиялық,универсалдық деп түсіндіреді. Гностиктер Құдай әділетті бола тұра жамандықты жіберуі жайында сауалдарға жауап табуға тырысқан. Және жамандықтан құтылу үшін Иисусқа табынумен,құлшылық етумен болу керек деген. Гностикалық тәжрибиеде қамығу мен алаңдау арқылы сананың астары ашылып, сонда игілік пен зұлымдықтың бір-бірімен ымыраласпайтыны анықталады. Адам өзінің жаратылысы бойынша игілікке жаратылған. Өйткені, ол зұлымдықтан зардап шегеді, одан аулақ жүргісі келеді. Ал, бұның өзі адамның басқа Дүниеден шыққанын және сол Дүниеге қайтып оралуы керек екенін көрсетеді. Гностиктер адамдарды үшке бөледі:
1. пневматикалық адамдар, олардың рухы басым; (pnevma-грек сөзі, алғашқыда-тыныс, соңында- рух);
2. психикалық адамдар, олардың жаны- псюхе басым (psyche-грек сөзі, жан);
3. гиликалық адамдар (gіle-грек сөзі, материя, зат) дене қажеттіктері басым.
Соңғылар өмірін өліммен бітіреді, біріншілер құтқарылады; екіншілер біріншілердің жолын қуса құтқарылуы мүмкін, бірақ үшіншілердің ізімен жүрсе, Дүниеден мәңгі кетеді.
Гносиктердің айтуынша, бұл Дүние – зұлымдыққа толы, сондықтан оны Құдай жаратқан жоқ. Оны жаратқан Құдайға қарсы, арам пиғылды- Демиург. Олар гностикалық ілім- Христостың өзінің ең жақын оқушыларына ашқан аяны, ол “қзгі Хабардан² (Евангелие) бөлек деген пікір айтқан.Әрине, мұндай гностикалық көзқарастар әлі христиан дінінің философиясы күш ала алмай, сонымен қатар ескі грек ілімдері, рухы әлі біршама өзінің рухани өмірге әсерін тигізіп жатқан кезде пайда болса керек.
3.Августин іліміндегі зұлымдық табиғаты. Зұлымдық мәселесі - адамзаттың “мәңгілік² мәселелерінің бірі - әрбір Дүниеге келіп пісіп-жетілген ұрпақ өз алдында бұл мәселені қойып, өзінше шешуге тырысады. Августиннің зұлымдық жөніндегі ойы осы уақытқа шейін адамдарды таңғалдырмай қоймайды.Егер бұл Дүниені жаратқан Құдай болса, онда ол зұлымдықты бұл Дүниеге не үшін әкелді? Егер тіршіліктің зардап шегуіне бола әкелсе, онда ол Мейірімді Құдай емес,- деген пікір қайсыбір адамның ойына келіп, өзін Құдайға қарсы қоюына әкелуі мүмкін.Августин бұл мәселені егжей-тегжей талдап, оның үш жағын көрсетеді. Олар мәселенің онтологиялық-метафизикалық, моральдық, және физикалық жақтары.Метафизикалық-онтологиялық тұрғыдан келгенде, Ғарышта ешқандай зұлымдық жоқ, тек қана болмыстың әртүрлі сатылары ғана бар (өлі табиғат, өсімдіктер, жануарлар, адам т.с.с. Кейбір тіршілікте болып жатқан зұлымдық сияқты нәрселер, шынына келгенде, бүкіл Ғарыштық біртұтастық тұрғысынан алғанда көрінбей кетеді, біз тек бүкіл Дүниенің үйлесімділігін, керемет екенін, ұлы гармонияны байқаймыз, өйткені, Дүниені мейірімді Құдайдың өзі жаратты. Әрине, шын өмірде бір нәрсе пайдалы, екінші - зиян, бір нәрсе әсем, екіншісі - түрсіз деп баға береміз - ал оның негізінде адамның өзінің ғана мүддесі мен мақсаты жатыр. Ал Ғарыштық біртұтастық тұрғысынан қарағанда, бұл Дүниеде әр жәндіктің, әр заттың өзінің болмыстық орны, мән-мағнасы бар. Олай болса, ол Дүниежүзілік гармонияның қажетті бөлігі. Моральдық тұрғыдан алып қарағанда Августин зұлымдықтың түп-тамырын адамның бұзылған еркінен табады. Әрине, адамның еркі, өзінің табиғаты бойынша, жақсылыққа ұмтылуы керек. Алайда, шынайы өмірде неше түрлі қызықтыратын өтпелі заттар болғаннан кейін, кейбір жанның еркі Құдайдың көрсеткен жолынан ауытқып жоғарғы игіліктерге ұмтылудың орнына төменгі құндылықтарды таңдайды, Құдайдың орнына - оның жаратқан нәрселеріне ұмтылады. Соңымен, Дүние құрылысының әртүрлілігі, баспалдақтық табиғаты адам еркінің ауытқуына- зұлымдықтың Дүниеге келуіне себепкер болады. Адамның күнәға батуы Құдайдың шексіз игілігіне шектелген уақытша нәрселерге берілу, дүниенің гармониясын бұзуда.3.Физикалық тұрғыдан алып қарағанда, өмірде кездесетін бақытсыздықтар, ауру, өлім, жан-дүниенің қобалжып денені қысуы, езуі т.с.с. мұның бәрі де “алғашқы текті күнәнің² салдары, яғни моральдық бұзылудың нәтижесі. Августиннің айтуынша “жан-дүниенің күнәлікке батуы- бұзылған денеден емес, керісінше, бұзылған, күнәға батқан жан дүние денені ауырлатып бүлдіреді,- дейді. Бұл пікірге толығынан қосылуға болатын сияқты.
21 билет
К.Барттың теологиялық дәлелдемесі
1.20ғ 20жылдары Германия мен Швейцарияның протестанттық шіркеулерінде қалыптасқан теологиялық бағыт. Диалектикалық теология дәстүрлі протестанттық ілімге жаңа диалектикалық теология енгізді. Сенім объективті білімде қалыптаса алмайды,себебі Құдай мен адам арасында абсолютті қашықтық бар, оны тек қана Құдайдың рақымына ие болу арқылы құдайды тануға болады дейді. Диалектикалық философияның негізгі ойы: иррационалды сенім мен діннің,ашықтық пен тарихи хабарлардың қарама-қарсылықтары. Басты өкілдері: Карл Барт, Пауль Тиллих, Эмиль Бруннер, Рудольф Бультман.
2.Протестант философиясындағы эсхатологиялық мәселе Эсхатология дегеніміз ақырет,заманның соңы туралы ілім болып табылады.
Протестанттық эсхатология түсінігі: Қияметке дейін Христос жерде мыңжылдық патшалығын орнатады деп түсінеді. Бірақ Лютер мен Кальвин оны мойындамады. Бұндай
эсхатологиялық түсініктер протестанттық пен қатар неопротестанттықтар арасында да қатты орын алды. Әсіресе баптистер,адвентистер,елуіншілер және т.б. Жалпы протестанттық эсхатология Христостың қиямет қайымға дейін мыңжылдық патшалық орнатып,өлілерді тірілтіп жерде өмір сүреді,содан соң қиямет болады.(ОЗДЕРИН ДАЛЬШЕ КОСЫП СОЙЛЕЙ БЕРИНДЕР А ТО МАЛИМЕТ ТОЛЫҚ ЖОК)
3.Рене Ле Сеннің рухани философиясы француз филофоы-моралисты,метафизик,психолог христиандық экзистенциализмге жақын адам. Оның көптеген еңбектері руханилық аясында болды. Мысалға: «Жалған және мінез» «Рух филососфиясы» Сарбоннадағы моральды философияның профессоры қызметін атқарған. Оның тағыда танымал еңбектерінің бірі «Ортақ мораль туралы трактаты»онда ол басты рухани құндылықтарды атап көрсетеді: шыңайылылық, рақымдылық, сұлулық және махаббат бірақ бұл құндылықтар әр адамда әр қалай қалыптасатын құбылыс дейді. Ал нағыз рухани құндылыққа жеткізуші ол-Құдай,оның шексіз махаббаты деп жазады. Оның рухани құндылықтар,адамдардың мінез-құлықтар аясында жазған кітаптары,еңбектері көп және танымалдары да жеткілікті. Ле Сенн харакерле яғни мінездерді топтастырушы болып табылады. Жалпы психолог,экзистенциалист ретінде адам рухани құндылықтарын оның қалыптасу мәнінде мінездің де ерекшелігін атап өткен тұлға.
22 билет
1. Пауля Тиллихфтің «Жүйелік теологиясы»
1.Пауль Йоханнес Ти́ллих неміс американ теологы диалектикалық теология өкілі.«Систематической теологии» үштомдық еңбегімен Мужество быть» монографиясы Т тың ғылыми ортада қолдау тапты.Т-тың жүйелік телогиясы адамның абсолютті құндылықтар жүйесінен айрылып,қүдайды жоғалтуы,Бірақ Құдайды белгілі бір материалды зат ретінде іздеу мүмкін емес,құдай белгілі бір өлшем ретінде сипатталмайды.Құдайға жету адамның өз болмысын тану адамның табиғи болмысынының негізде құдайға барар жол бар.Күнә Т бойыынша заңдылықтар мен ережелерді бұзып,адамның өзін жоғалтуы мен үрей,қорқыныш,адасу сезімінің адам бойында басым көрінуі
2.Неотомистік көзқарас бойынша таным мәселесі
2.Неотомизм – Фома Аквинскийдің іліміне негізделген католик шіркеуінің философиялық қағидасы, қазіргі заманғы философияның басты бағыттарының бірі.Неотомизмді папа Лев ХІІІ (1879) христиандық қағидаларға сәйкес келетін бірден-бір ақиқат философия ретінде мойындады.
Негізгі өкілдері – Ж.Маритен (Франция), И. де Фриз, И.Лотц (Германия), Ван Стеенберген (Бельгия), Г.Веттер (Австрия), т.б. Неотомистік ілімнің негізін “философия – дін ілімінің қызметшісі” деген қағида құрайды. Неотомизм – қазіргі объективті идеализмнің діни формасы. Неотомистер ең жоғары шындық ретінде “таза болмысты” мойындайды, ол – рухани, құдайлық бастау. Олар үшін онтологияның негізгі категориялары “құдай” мен “әлем”.
Құдай барлығының алғашқы себебі және түпкі мақсаты. Ол әлемді жоқ нәрседен жаратқан, ал әлем Құдайдың мақсатына бағынышты. Құдайда мән мен болмыс сәйкес келеді, керісінше, құдай жаратқан әлемде, оның көп түрлі жаратылыстарында мән мен болмыс бір-біріне сәйкес келмейді. Неотомистер қазіргі жаратылыстану ілімі теорияларын діни тұрғыдан түсіндіреді. Кейбір томистер Құдайдың бар екендігін “космологиялық дәлелдеулер” арқылы түсіндірсе, басқалары адам мәселесін бірінші орынға қояды.
Бұл жерде адам мәселесі этик. тұрғыдан түсіндіріледі. Неотомизмнің әлеуметтік философиясы тұрғысынан діннен арылу толыққанды адамның өмір сүруіне қауіп төндіреді, оны моральдық азғындауға әкеледі, сондықтан қоғамның дұрыс, табиғи дамуына дін мен шіркеудің тигізетін рөлі зор. Соңғы кездері діни философия адам мәнінің гуманистік бастауларын, бейбітшілік пен адамзат бауырластығы үшін күресін жандандырып, жақсы бастамалар көтеріп келеді.
3.Теяйр де Шарден ілімі
Теяйр де Шарден француздық католиктік философ,теолог,антрополог,архелог.Тейардизм мектебінің негізін салушы.Т.Шарден ілімі мен философилық және теологиялық еңбектері католик шіркеуінің эволюция теориясын қайта қарауға бағытталған.Томистік көзқарастың кемшіліктерін көрсетуге тырысты.Бірінші кемшілік ретінде статистикалық рационалдық тізбек,яғни жарату динамикасын көрсетпейді,алғашқы күна мен күнадан арылу өзара байланысты.Сонымен қатар томизмнің тағы бір кемшілігі ретінде Т.Шарден тағдыр мәселесі мен жалғыз бір субъектің құтқарылу көпшіліктің емес.Шарден ілімінің негізі болып табылатын эволюцияның үш сатысын көрсетеді олар 1.преджизнь рухтар әлемі литосфера 2.өмір биосфера 3.адам феномені ноосефера
Эволюция процесі аяқталмаған ол ардайым жалғасады адамдардың өзара әрекеттесуімен бірігуінің барысында.Ноосфера терминіне қатысты Шарден Омега нүктесін пайдаланады.Омега нүктесі ол құдай .Графикалық тұрғыда эволюция процесін конус ретінде бейнелеп ал ең жоғарғы және біріктіруші ретінде Омега нүктесін алады.Омега нүктесі барлық тіршіліктің бағытын негіздейді.
23 билет
II. Ватикандық соборлардың шешімдері және маңызы
1.Папа Иоанн 23 шақыруымен 1962-1965 аралығында өткізілген тарихта 2 Әлемдік собор атын алған қазіргі таңдағы католиктік теологияның дамуының бағытын анықтаушы.2 Әлемдік собордың негізгі мақсаты христиандардың бірлігін артыру,заман талабына сай діни ілімді жаңарту,яғни аджорнаменто бірақ оның ішінде құдайтарапынан жіберілген хабарлар өзгертілмейді құпиялықтар тайнства.
II Ватикан соборында 16 құжат қабылданып оның ішінде 4 конституция,9 декрет және 3 декларация
Конституции:
«Sacrosanctum Concilium» — конституция о священной литургии
«Lumen gentium» — догматическая конституция о Церкви
«Gaudium et Spes» — пастырская конституция о Церкви в современном мире
«Dei Verbum» — догматическая конституция о божественном откровении
Декреты:
«Ad gentes» — декрет о миссионерской деятельности Церкви
«Orientalium Ecclesiarum» — декрет о Восточных католических церквах
«Christus Dominus» — декрет о пастырском служении епископов в Церкви
«Presbyterorum ordinis» — декрет о служении и жизни пресвитеров
«Unitatis redintegratio» — декрет об экуменизме
«Perfectae caritatis» — декрет об обновлении монашеской жизни применительно к современным условиям
«Optatam totius» — декрет о подготовке к священству
«Inter mirifica» — декрет о средствах массовой коммуникации
«Apostolicam actuositatem» — декрет об апостольстве мирян
Декларации:
«Dignitatis humanae» — декларация о религиозной свободе
«Gravissimum educationis» — декларация о христианском воспитании
«Nostra ætate» — декларация об отношении церкви к нехристианским религиям
Орыс православиелік теологиясының негізгі еңбектері мен идеялар
Ортағасырдағы: номинализм және реализм
3.Орта ғасырдағы схоластиканың негізгі мәселесі – универсаийлер, яғни жалпы ұғымдар туралы пікір талас. Пікір таластың мәні - жалпы ұғымдар қалай пайда болады деген сұраққа жауап іздестіру. Жалпы ұғымдар ойлау әрекетінің туындысы, яғни екінші қатардағы реалдық немесе ол бірінші, өздігінен пайда болған, жеке дербес өмір сүретін құбылыс. Осы сұраққа жауап беру барысында бір – біріне қарама – қарсы екі бағыт қалыптасты – реализм және номинализм.
Реализмнің өкілдері жалпы ұғымдар табиғаттың жеке заттарынан тыс, дербес және олардан бұрын өмір сүреді деп пайымдайды. Платонның көзқарасына сүйене отырып, жалпы ұғымдарға заттар мен адамдардан тыс дербестік тән деген пікірді қолдаған.
Реализмнің көрнекті өкілдері - итальян философы Ансельм Кентерберийский және француз схоласты Шамподағы Гийом.
Көрнекті итальян ойшылы Фома Аквинский жалпы ұғымдар, яғни универсийлер үш түрлі сипатта өмір сүреді деп пайымдаған. 1. «заттарға дейін», құдайдың ақыл-ойында; 2. заттардың өз ішінде, олардың мәні немесе формасы ретінде және 3. заттардан кейін, яғни абстракциялық ойлаудың нәтижесі ретінде адамның басында.
Номинализмнің өкілдері – жалпы ұғымдар жай ғана есімдер, заттардың аттары деп есептеді. Шын мәнінде өзіндік ерекшеліктері бар жеке заттар ғана өмір сүреді. Жалпы ұғымдар заттарға тәуелді ғана емес, тіпті олар заттардың сапалық қасиеттері мен ерекшеліктерін бейнелей де алмайды. Номинализм – орта ғасырдағы материализмнің көрінісі. Бірақ олар жалпы ұғымдардың заттар мен құбылыстардың мәні мен мағынасын бейнелейтінін түсіне алмады.
Номинализмнің көрнекті өкілдері – Иоан Росцелин, Иоанн Дунс Скот, ағылшын философы Уильям Оккам.
24-билет
1.Ф.Александрийскийдің христиан ілімі мен догмасына қосқан үлесі
1.Ф.А эллинизм дәуірінің ірі діни ойшылы,Логос туралы ілімі кейін дәуірлерде богословиеге үлкен әсер тигізді.Филон ілімінің негізінде иудейлік құдай ілімінінің догмасымен грек философиясын үйлестіру арқылы жоғарғы идея немесе құдай еркін жүзегет асырушы туралы логос ілімін қалыптастырады.
2.Г.Палама және Православия догмасы
3. М.М.Тареевтің діни философиясы 1867-1934 діни философ,жазушы Мәскеу рахани академиясының оқытушысы.Т философиясының негізінде дуалистік көзқарас басым.Т бойынша адам жаратылғаннан оның ішінде негізінен христан адам Исусқа қатыстылығымен өзіде құдайұлы ретінде қарастырылып соның барысында құдай табиғат арқылы адамға әсер етпейді керсінше адам христианин табиғатқа әсер еруші.Адам жаратылысынан ғажайып тылсым жан себебі ол құдай ұлы.Адамның құдайға,құдай патшалығына деген ұмтылысы мен махабаты мінсіз бірақ адам осы жерде қайшылықты әлемде өмір сүруде.
Главные труды
«Искушения Богочеловека»
«Вероучение св. Иустина Мученика в его отношении к языческой философии» «Вера и разум», 1893
«О переписке апостола Павла с философом Сенекой» М., 1894.
«Уничижение Господа нашего Иисуса Христа» М., 1901,
«Цель и смысл жизни» М., 1901,
«Философия евангельской истории» (Серг. Пос., 1903) удостоен степени доктора богословия.
«Основы христианства» в 5-ти тт. Сергиев Посад, 1908, 1910
«Философия жизни(1891-1916)». Сергиев Посад, 1916.
«Христианская философия». М.,1917
25-билет
Ансельм Кентерберийдің реализмі
Ансельм Кентерберийский (1033-1109) - ортағасырлық кұдайтанушы, философ, алғашкы схоластиканың өкілі. Ансельм Кентерберийский сенімді акылдан жоғары кояды: «түсіну үшін сену керек». Құдай болмысы туралыонтологиялық дәлелдеме келтірген.Орта ғасырдағы схоластиканың негізгі мәселесі – универсаийлер, яғни жалпы ұғымдар туралы пікір талас. Пікір таластың мәні - жалпы ұғымдар қалай пайда болады деген сұраққа жауап іздестіру. Жалпы ұғымдар ойлау әрекетінің туындысы, яғни екінші қатардағы реалдық немесе ол бірінші, өздігінен пайда болған, жеке дербес өмір сүретін құбылыс. Осы сұраққа жауап беру барысында бір – біріне қарама – қарсы екі бағыт қалыптасты – реализм және номинализм.
Реализмнің өкілдері жалпы ұғымдар табиғаттың жеке заттарынан тыс, дербес және олардан бұрын өмір сүреді деп пайымдайды. Платонның көзқарасына сүйене отырып, жалпы ұғымдарға заттар мен адамдардан тыс дербестік тән деген пікірді қолдаған.
Реализмнің көрнекті өкілдері - итальян философы Ансельм Кентерберийский
Неотомизм – католиктік діни іліміндегі бағыт, оның ерекшеліктері
2.Неотомиз – Фома Аквинскийдің іліміне негізделген католик шіркеуінің философиялық қағидасы, қазіргі заманғы философияның басты бағыттарының бірі.
Неотомизмді папа Лев ХІІІ (1879) христиандық қағидаларға сәйкес келетін бірден-бір ақиқат философияретінде мойындады.
Негізгі өкілдері – Ж.Маритен (Франция), И. де Фриз, И.Лотц (Германия), Ван Стеенберген (Бельгия),Г.Веттер (Австрия), т.б. Неотомистік ілімнің негізін “философия – дін ілімінің қызметшісі” деген қағида құрайды.
Неотомизм – қазіргі объективті идеализмнің діни формасы. Неотомистер ең жоғары шындық ретінде “таза болмысты” мойындайды, ол – рухани, құдайлық бастау. Олар үшін онтологияның негізгі категориялары “құдай” мен “әлем”.
Құдай барлығының алғашқы себебі және түпкі мақсаты. Ол әлемді жоқ нәрседен жаратқан, ал әлем Құдайдың мақсатына бағынышты. Құдайда мән мен болмыс сәйкес келеді, керісінше, құдай жаратқан әлемде, оның көп түрлі жаратылыстарында мән мен болмыс бір-біріне сәйкес келмейді. Неотомистер қазіргі жаратылыстану ілімі теорияларын діни тұрғыдан түсіндіреді. Кейбір томистер Құдайдың бар екендігін “космологиялық дәлелдеулер” арқылы түсіндірсе, басқалары адам мәселесін бірінші орынға қояды.
Бұл жерде адам мәселесі этик. тұрғыдан түсіндіріледі. Неотомизмнің әлеуметтік философиясы тұрғысынан діннен арылу толыққанды адамның өмір сүруіне қауіп төндіреді, оны моральдық азғындауға әкеледі, сондықтан қоғамның дұрыс, табиғи дамуына дін мен шіркеудің тигізетін рөлі зор. Соңғы кездері діни философия адам мәнінің гуманистік бастауларын, бейбітшілік пен адамзат бауырластығы үшін күресін жандандырып, жақсы бастамалар көтеріп келеді.
Протестантық философия және теологиядағы «күнә» мәселесі
3.Протестантықтың пайда болуы 16 ғасырдағы Еуропағы антикатоликтік Реформация қозғалысымен байланысты.
Рефоматорлар құдай табиғатын тануда рационалдық дәлелдерден бас тартып,негізгі басымдықты құдайи ашылу мен діни ілімге берді.М.Лютер Ж.Кальвин және басқа да реформаторлар христиан философиясы мен теологиясындағы маңызды мәселе ретінде күнәні қарастыру барысында күнә дегеніміз адамның құдайдан алыстауы және оның астарында жеке тұлғалық,әлеуметтік аспекттер бар.Апостол Павелдің жазбаларында Адам өзінің ісіне жауапты және ол жақсылық немесе жамандықтың айырмашылығын біледі делінген.Лютер іліміне сәйкес христиан адам рух пен тәннен, ішкі және сыртқы қабаттан тұрады.Ал күне осы қабаттарға зақым келуі. .
