
- •№ 1 Емтихан билеті
- •№ 2 Емтихан билеті
- •№ 4 Емтихан билеті
- •2. Александрия және Антиохиялық мектептердің ерекшелігі
- •2. Ф.Аквинскийдің христиан теологиясына қосқан үлесі
- •2. Александриялық және Антиохиялық мектептер
- •№ 9 Емтихан билеті
- •№ 10 Емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 12 Емтихан билеті
- •№ 13 Емтихан билеті
- •№ 14 Емтихан билеті
- •№ 15 Емтихан билеті
- •№ 16 Емтихан билеті
- •№ 17 Емтихан билеті
№ 14 Емтихан билеті
.Шіркеулік құпиялардың қоғамдағы орны
Христиан дінінде шіркеу иелеріне Иса (Иисус) ның белгілеген және оның жолымен жүрушілердің тұтынулары керек жеті сакрамент бар. Олар:
Шоқындыру. Христиан дінін қабылдаған немесе бір шіркеуден екінші шіркеуге өткен адам шоқындырылады. Сондықтан шоқындырылу христиандыққа кірудің алғашқы шарты болып табылады. Христиандар әке, ұл және қасиетті рух атымен бастап шоқындырады, шоқындырылғанда қасиетті рухтың Иса тарапынан адамға қонатынына және тумыстық күнәнің кешірілетініне сенеді. Бұл дінде шоқындыру рәсімі шіркеуде жасалынады. Бірақ шіркеулерде шоқындыру рәсімі суға батыру арқылы, су себу арқылы, су төгу арқылы түрлі жолдармен жасалына береді.
Нан-шарап рәсімі. Христиандықта маңызды сакраменттердің екіншісі болып табылатын бұл рәсім, Исаның ағашқа керілмей тұрғанда хауарилермен соңғы кешкі асын еске түсіретін рәсім болып табылады.
Нан-шарап рәсімі қазір әр жексенбі күні шіркеуде жасалынатын рәсім.
3. Күшейту. Шоқындырылған нәрестенің денесіне маймен майлау, яғни шоқындыру рәсімін күшейту.
4. Күнәдан арылу. Күнә істеп, діннен шыққан адам, күнәсіне тәубе ету рәсімі. Күнәһар күнәларын поптың алдына жайып салады. Поп оның күнәларын шіркеу атынан кешеді.
5. Ауруларға май жағу рәсімі (extreme-onction). Ауру адамдарға шипа болу үшін, күнәларының кешірілуі үшін, немесе қиналмай өлулері үшін ауруларды майлау (май жағу) рәсімі.
6. Монахтық. Осы рәсім арқылы адам өз өмірін христиандыққа бағыштауға уәде береді.
7. Неке (mariage) . Христиандықта үйлену рәсімі шіркеуде өткізіледі. Католик шіркеуі бойынша ерлі-зайыптылардың тірі кезінде ажырасуларына тыйым салынған. Христиандық сенімі бойынша адамдар мәңгілік өмірдегі «таңдаулылар» қатарында болуды және «құтқарылуды» қалайды. Демек адам Құдайға сену арқылы оған құлшылықтарын жасай отырып дұғаларын оқи отырып өзін рухани тәрбелейді соның нәтижесінде қоғамда бірлік әділеттілік татулық принциптері орнайды.
Әке құдай, бала құдай, рух құдайының бірегейлігі
Қасиетті Үштік туралы догмат - христиан дініндегі негізгі догмат. Ол «сенімнің құпиясы» деп аталады, сондықтан оның қысқаша мазмұны әдетте, шабытты комментарийлермен толықтырылады. Бұл догматтың мәнін қарапайым түрде мына үш жағдайға сыйғызуға болады:
1. Құдай үштекті және бұл үштік Құдайдың үшкелбеттілігімен байланысты: Әке, Ұл және Қасиетті Рух.
2. Үштіктің әрбір Келбеті Құдай, алайда Ол үш Құдайдың емес, жалғыз Құдайдың мәні.
Үштіктің барлық Келбеттері өзара өзіндік тұлғалық қасиеттерімен ерекшеленеді.
Құдайдың үштік бірлігі идеясымен қатар Иса пайғамбардың бойында адамилық пен құдайылық қалай ұштасады деген мәселе де күн тәртібінен түспеді. Б.д. V ғасырда адамға құдайылықтың қонуы туралы қағида төңірегінде қызу пікірталастар орын алды. Константинополь патриархы Несторий Христос бойындағы адами және құдайылық бастаулардың ара-жігін толық ажырату идеясын алға тартты. Алайда б.д. 431 жылы Ефес соборы “Христос бірлікте болады” деген шешімге тоқталды
Классикалық патристика кезеңінде IV-V ғғ. ортасы - христиандық дiни ойлаудағы көзқараста теологиялық догматтардың үлгiсi қалыптасты. Негiзгi мәселе: құдайдың мәнi мен оның үш жақтылығы: Құдiреттi Құдай, оның Ұлы және қасиеттi Рухтың арақатынасы туралы болды. Христостың табиғаты ─ құдайлық, адамдық немесе құдай-адамдығы (христология), Құдай берген игiлiк, адамның күнәға батуы, одан оны құтқару және күнәдан арылу мәселесi. Бұл мәселелер жаңа христиан мәдениетiнiң рухани негiзiн iздеу, әрi қалыптастыру болды.
Христиандық әлемдегі экуменизм
. Экуменизм (гр. οἰκουμένη, oikumene - әлем, дүние) — 1) христиан шіркеулерінің бірлесуін қолдайтын қозғалыс; 2) христиандық және бірқатар христиандық емес бірлестіктер мен ұйымдар арасында қазіргі заманның ғаламдық мәселелерінің шешімін табуда ортақ көзқарасқа келу, ортақ діни-саяси және әлеуметтік діни акциялар (бейбітшілік үшін дұға оқу, адамзаттың құтқарылуы үшін сыйыну және т.б.) ұйымдастыру мақсатында дінаралық диалогтың дамуын қолдайтын қозғалыс; 3) христиандық емес діни ұйымдардың ортақ дінаралық акциялары.
Экуменизм идеолоғиясының негізінде адамзаттың бірлігі және оның жаһандану жағдайындағы ортақ тағдыры, шіркеулер мен діндердің арасында өзара түсіністік орнату қажеттігі, адамзат басына төнген қауіп-қатерлердің алдын алуда ортақ әрекеттерге бару туралы көзқарастар жатыр.