
- •Глоссарий
- •Дәріс жоспары:
- •3.Дивиденд алу құқығы. Дивиденд мөлшері қоғамның жылдық қарды айналымына байланысты анықталады. Оны тоқсан сайын (әр бір үш айда бір) төленуі мүмкін. Дивидендтің бірнеше түрі бар:
- •Тұжырымдамалар
- •Дәрістің жоспары:
- •2.Облигацияларды қамтамасыз ету әдістеріне немесе эмитенттері мен ұстаушыларына байланысты жіктеуге болады.
- •Облигацияны эмитенттері мен ұстаушыларына берілген құқықтарына байланысты облигацияны көптеген категорияларға бөледі.
3.Дивиденд алу құқығы. Дивиденд мөлшері қоғамның жылдық қарды айналымына байланысты анықталады. Оны тоқсан сайын (әр бір үш айда бір) төленуі мүмкін. Дивидендтің бірнеше түрі бар:
Қолма – қол төленетін дивидендтер. Бұл табысбы бөлудің ең кең тараған түрі. Ол бір жай акцияға есептелініп төленеді.
Мүліктік дивидендтер. Бұл табысбы бөлудің мүліктік формасы акционерлердің қолындағы акция санына пропорционалды анықталады. Қоғам дивидендтің бұл түрін әдетте өзі жабылу кезінде қолданылады.
Акция формасындағы дивидендтер. Бұл қосымша акциялар акционерлер арасында акционерлердің қолындағы бұрынғы акция санына пропорционалды бөлінеді. Дивиденд төлеудің бұл түрі қоғамның өзін - өзі ұорғап алуын қамтамасыз етеді.
Қолма – қол төленетін дивидендтер баланстығ активі мен пассивін және қолма – қол ақша қаражаты қозғалысы ведомостын тексергеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Дивиденд дұрыс төленбеген жағдайда қоғам жауап беруге міндетті. Дивиденд акционер табысының тек бір ғана бөлігі. Оның екінші бөлігі акция бағасының өзгеруіне байланысты қалыптасады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акциялар саны, әлбетте, барлық акциялардың 10%- нен аспайды. Демек, қоғам қаржысында олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де, артықшылықты акциялардың қоғам ісін басқаруда маңызды орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жалпы жиналысында дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей - ақ қосымша капитал тартуға мүмкіндік береді.
Тұжырымдамалар
Акция – акционерлердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция – қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ, осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.
Акция бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Қоғам тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
5-тақырып. Облигация
Дәрістің мақсаты: Облигация ұғымын тереңірек ашу, оның түрлерін және оны бағалауды үйрету.
Дәрістің жоспары:
Облигация ұғымы
Облигацияның түрлері
Облигация рейтингі
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: облигация, қамтамасыз етілген облигация, қамтамасыз етілмеген облигация, облигация рейтингі, аннуитет, облигация бағамы.
1.Облигациялардың экономикалық жаратылысы келесідей үш ерекшелігімен сипатталады:
Облигация – шаруашылық қызметті несиелеу үшін пайдаланылатын капитал шоғырландыру құралы;
Облигация – онша қымбат емес және оңай қол жеткізуге болатын борыштық құрал;
Облигация – ұзақ мерзімді борықтық мінбеттеме.
Облигация өзінің заңды және қаржылық сипаты жағынан алғанда ұзақ мерзімді несие құралы ретінде қызмет етеді.
Оны шығару және сатудағы дербестігі, сондай – ақ қор биржасы арқылы кеңірек айналысы, облигацияны ұзақ мерзімді несиеге деген қажеттілікті қанағаттандыру және капитал жинақтаудың тартымды құралдарының біріне айналдырады. Облигацияны сатып алу барысында ақша жұмсайтын инвесторға сақтанудың керегі де шамалы, себебі, оған қаражат керек болған жағдайда, ол облигацияны сату немесе кепілге беру мүмкіндігі болады. Сөйтіп, облигацияны сатып алуға кеткен капиталды қайтарып алады. Екінші жағынан инвесторлардың қаражатқа деген мұқтаждығы болмаса, яғни оның ісі ойдағыдай болса, онда ол өзінде бар облигация бойынша ұзақ уақыт бойы пайыз түрінде бергілі бір мөлшерде немесе тұрақты табыс алып отыруға кепілдік береді. Әрине, осы айтылғандар, инфляцияны қатаң бақылауға алған тұста ғана мүмкін болады.
Облигация мынадай басты элементтерден тұрады: облигация деген жазу; облигацияны шығарушы фирма аты және орналасқан жері; фирма немесе сатып алушының аты немесе мәлімдеушілігі туралы жазу; номиналдық құны; пайыз мөлшері, егер де ол қарастырылса; қайтару және пайыз төлеу уақыты; шығарылған жері және күні; сол сияқты облигацияның сериясы мен нөмері; эмитенттің өкілетті тұлғаралының қол қою үлгісі мен құқықтары.