Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Т4 ХҚН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.96 Кб
Скачать

Глоссарий

Абандон – шартта көрсетілген орындар мерзімі өтіп кетуіне байланысты опционнан бас тарту.

Аваль – вексель бойынша кепілдік. Аваль беруші банк вексель беруші немесе акцептант тарпынан төлем төленбеген жағдайда оны төлеу жауапкершілігін өзіне алады. Төлем мерзімі келгенде банк акцепттенген вексель төленуі үшін тікелей банкке жіберіледі, ал авальданған вексель төленуі үшін алдымен вексель берушіге немесе акцептантқа ұсынылуға тиіс, олар төлем төлемеген жағдайда ғана вексель иесі аваль беруші банкке талап қояды. Аваль акцептке қарағанда едәуір сиректеу қолданылады.

Аванс – материалдық игілік, атқарылған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алдағы төленетін төлем есебінен берілетін ақша сомасы.

Аванстау – өндіріске жұмсалған ақша қаражатының қосымша өнім құны түрінде өзінің бастапқы нүктесіне өсіммен қайтып оралатын экономикалық процесс.

Авизо – өнімнің жөнелтілгені және ақша аударылғаны туралы немесе шарт бойынша белгілі бір міндеттемелер алған кәсіпорындар арасындағы өзара есеп айырысуда болған өзгерістер туралы алушыны хабардар ететін банк жүйесінде қолданылатын хат.

Авуарлар – кең ұғымда түсінгенде – түрлі активтер (ақша қаражаттары, чектер, вексельдер, аударылған ақша) есебінен осы актив иелерінің түрлі төлемдерін төлеуі мен міндеттемелерін орындауы; ал тар ұғымда – банктің шетел банктеріндегі есепшотындағы шетел валютасымен есептелетін қаражаты.

Агент – басқа біреудің атынан іс–әрекет жасайтын және соған есеп беретін заңды немесе жеке тұлға. Агент болып брокерлер, дилерлер, жеке өкілдер, адвокаттар есептеледі. Агент өз іс–әрекетін мүлік иесінің рұқсатымен агенттік келісім бойынша сыйақы алып жүзеге асырады.

Агенттік сыйақы – тауарды немесе бағалы қағазды өткізуді кеңейту мақсатында оларды жарнамалау мен сату жөніндегі делдалдық қызмет ақысы.

«Агрессивтік портфель» – болжау бойынша құны көтерілетін бағалы қағаздардың белсенді түрде сатып алынған портфелі.

Ажио – бағалы қағаздардың нарықтық бағамның номиналынан өсу жағына ауытқу. Ол номинал бағасына бөлініп, процентпен анықталады. Ажиоға қарсы, бағамның төмендеуін дизажио деп атайды.

Ажиотаж – бағалы қағаздарға, тауарларға бағаны қолдан арттыру үшін биржада, нарықта жүргізілген алыпсатарлық әрекеттер.

Айырбасталымды облигациялар – облигациялар, оларды иесі белгілі бір мөлшердегі жай акцияларға айырбастауға мүмкіндігі бар.

Аккредетив – 1) есеп айырысу тәсілдерінің бірі, ол бойынша несиеберуші өзіне тиесілі төлемді шартта көрсетілген банктен белгіленген шарттармен және мерзімде алады. 2) есеп айырысатын немесе ақшалы құжат. Ол – жөнелтілген тауар үшін тауарлы–көлік құжаттарын арнайы қалдырылған қаражат есебінен төлеу немесе аккредетивті ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын беру жөнінде бір несие мекемесінің басқа бір мекемеге жүктейтін тапсырмасы.

Актив – есепке алу категориясы, оған нарық субьектісі мүлкінің құны, қарыздарды төлеуге арналған қаржы мен басы артық заттар қоры кіреді. Активтер материалдық негізі бар нақты заттар болуы мүмкін. Активтер жыл ішінде ақшаға айналуына немесе айналмауына байланысты ағымдағы және тұрақты активтер болып та бөлінеді.

Активтер (белсенді) нарық – үлкен көлемді мәмілемен жұмыс істейтін бағалы қағаздар нарығы. Ол тек брокерлердің табысын көбейтуге мүмкіндік жасап қана қоймай, сонымен қатар институционалдық инвесторларға бағалы қағаздардың нарықтық бағамын көтермей–ақ олардың көп мөлшерін сатып алуға (немесе сатуға) мүмкіндік туғызады.

Акцептант (трассат) – төлем уақыты келгенде аудармалы вексельге қол қойып және сонымен қатар вексель бойынша төлем міндетін өзіне алатын тұлға.

Акционер (акция ұстаушы) – эмитент компанияның тиісті құқықтары үлестіріліп берілген жай немесе артықшылықты акция иесі.

Акцияның бақылау пакетін иемденуші акционерлер – компанияның жай акциясының 50%-тен астамын иемденуші акционерлер.

Акционерлік қоғам – өзінің міндеттемесі бойынша тек өзіне тиесілі мүлікпен жауап беретін ұйымдық–құқықтық формадағы кәсіпорын.

Акционерлік қоғамның капиталы – акциялар мен облигациялар шығару мен орналастыру арқылы біріктірілген капиталдар жиынтығы.

Акционерлік капитал – компанияның жай және артықшылықты акцияларды құрылған капиталы.

Акция – өз иесіне дивиденд алу құқын, сонымен қатар, акционерлер жиналысында дауыс беру құқын беретін бағалы қағаз.

Акцияны еркін шығару – кей–кезде дивиденд төлеу акция беру түрінде болады.

Ашық типті инвестициялық компания – акцияларды ұдайы шығарып және оларды ашық нарықта белсенді түрде сататын компания.

Алғашқы тарату – бағалы қағаздардың жаңа шығарылымын сату, одан ақша эмитентке түседі.

Алғашқы нарық – бағалы қағаздардың жаңа шығарылымы сатылатын нарық. Алғашқы нарықтан акция және облигация сатып алушы инвесторлар, әдетте сыйақы төлемейді, себебі эмиссияны сатуға кеткен сыйақы жаңа шығарылған бағалы қағаздардың құқына кіріп, оны эмитент төлейді.

Атаулы акция – оның иесі, біріншіден, акцияда аты жөні жазылған және екіншіден, акционерлер реестрінде тіркелген тұлға.

Атаулы облигация – иесі ерекше кітапта тіркелген облигациялар, әдетте мұндай облигациялар купонсыз болады, олардың ұсынушыға арналған облигациялардан өзгешелігі проценттері купоны ұсынылғанда төленеді.

Артықшылықты акциялар – егер компания жабылса оның капиталын қайтарғанда артықшылықты акциялар бойынша жай акцияларға қарағанда дивиденд алдымен төленеді, яғни дивидендтер артықшылықты акциялар бойынша төленбесе, онда жай акциялар бойынша төленбейді. Артықшылықты акциялардың кемшілігі – егер компанияның жұмысы табысты болса, онда жай акциялар бойынша дивиденд уақыт өткен сайын өсіп отырады, ал артықшылықты акциялар бойынша ондай өсу жоқ.

Артықшылықты өтімді акциялар – иесі белгілі бір санына айырбастауға құқы бар артықшылықты акция.

Аралық дивиденд – компанияның басқармасы жылдың қорытынды қаржысын есептеместен бұрын және компанияның дивиденд төлеу мүмкіншілігі анықталмай тұрып, төлейтін дивиденд сомасын хабарлауы. Әдетте ол ағымдағы қаржы жылының алдыңғы үш тоқсанының бірінде төленеді.

Аллонж – вексельге қосымша индоссамент жазу үшін (біреуден біреуге беру жазуы) жапсырылатын парақ.

Акцияның бағамына үстеме төлем – акцияның номинал құнынан жоғары компанияға төлеген сомасы.

Алтын бейнелі бағалы қағаздар – ағылшын үкіметінің дәстүрлі түрде алтын жиекпен көмкерілетін бағалы қағаздары.

Алтын аукционы – алтынды ашық саудада сату.

Алтын сертификаты – банкте алтынның депозитке салынғаны туралы куәлік.

Алтын Фиксингі – Англия банкіндегі алтынға дилерлердің күніге екі рет тағайындайтын бағасы. Ол алтынға дүниежүзілік баға тағайындаудың негізі болды және алтынға байланысты барлық шарттарда қолданылады.

Алыпсатарлық – бағалы қағаздардың (акциялардың, облигациялардың, валюталардың) бағамының арасындағы айырмасынан пайда табу мақсатында сатып алып, оларды қайта сату.

Айналымнан шығару– эмитенттің бағалы қағаздарды қайта сатып алып, оларды айналымнан алуы.

Атаулы бағалы қағаз – бағалы қағаздарды иемденушінің аты–жөні көрсетіліп берілген сертификат.

Атаулы чек – белгілі бір адамның атына жазылатын чек; оның таратылуы шектеулі.

Атаулы акциялар – қозғалысы акционерлік қоғамның акциялар тіркеу кітабында көрсетілген акциялар. Атаулы акцияны ұстаушының аты немесе атауы сол акцияның бланкісінде көрсетіледі. Акционерлік қоғамның жарғысында осы қоғам шығаратын атаулы акциялардың қозғалысын реттеп отыратын қосымша ережелер болуы мүмкін.

Андеррайтер – жаңа шығарылған бағалы қағаздардың белгілі бір санын орналастыру жөнінде міндеттеме алған кепілші адам. Андеррайтердің жүргізген шаралары жиынтығын андеррайтинг деп атайды.

Аудит – компаниялардың қызметіне, бухгалтерлік есебіне клиенттің тілегі бойынша жүргізілетін тәуелсіз тексеру түріндегі қаржы бақылауының ерекше түрі.

Аудармалы вексель – бағалы қағаз, несие беруші жазып беретін және көрсетілген белгілі бір ақша сомасын үшінші адамға анықталған мерзімде төлеу туралы төлеушіге берген ерекше жазбаша бұйрық.

Аукцион – алдын–ала көруге қойылған тауарларды, бағалы қағаздарды белгілі бір уақытта және белгіленген жерде сату әдісі.

«Аю» – валюталардың, бағалы қағаздардың және тауарлар бағасын төмендету үшін айла жасайтын биржалық алыпсатар.

Аяқталу бағасы – биржаның бүгінгі жұмыс күнінің соңғы мәмілесіндегі бағалы қағаздардың сатып алу және сатылу бағасы.

Әмбебеп биржа – тауарлардың көптеген түрімен ғана емес, сонымен бірге валютамен, бағалы қағаздармен, сондай–ақ кеме жалдау өзара шарттарымен жасалатын операциялар жүзеге асырылатын биржа.

Базалық валюта – белгілі бір мемлекетте немесе қаржы орталығында басқа валюталардың бағасын белгілейтін кезде негіз ретінде қолданылатын валюта.

Базистік баға – бағалы қағаздың әкелген табысы бойынша белгіленген бағасы, ол қағаздың құны бойынша белгіленбейді.

Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздарды сатып алу – сату және қаржының инвесторлардан эмитенттерге берілуі жүзеге асырылатын несие капиталы нарығының бөлігі.

Бағалы қағаздар үшін берілетін қарыз – банктердің акциялар мен облигацияларды кепілге алып беретін қарызы; коммерциялық және инвестициялық банктердің қорға қатысты операцияларының түрі.

Бағалы қағаздарға салынатын салық – Акционерлік компанияларға акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарғаны үшін салынатын салық.

Бағалы қағаздарды мұрагерлікпен алу – бағалы қағаздардың иесі қайтыс болғаннан кейін олардың өсиеті немесе заң бойынша оның мұрагеріне көшуі.

Баланстанған инвестициялық қорлар – әртүрлі үлгідегі бағалы қағаздарға негізделген қорлар. Бұл қорлардың шығарған бағалы қағаздарының курсы аз өзгерістерге душар болады.

Банктің инвестициялық портфелі – банктің белсенді опепациялар жүргізуі барысында сатып алған бағалы қағаздар жиынтығы.

«Белсенді бағалы қағаздар» – сатып алу–сатуға көп мөлшерде түсетін, бағасы жиі баспасөзде жарияланатын бағалы қағаздар.

Биржалық индекстер – бағалы қағаздардың, дағдыдағыдай – акциялардың, орташа немесе орта өлшенген бағамының көрсеткіші. Әдетте бағалы қағаздардың қандай да болсын өкілдік жиынтығы бағамының өзгеруін бағалау үшін қолданылады.

Баға индексі – тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа немесе территориялық ауқымға байланысты салыстырмалы өзгеруін білдіретін көрсеткіш.

Биржалық сессия – заң жүзінде немесе жалпы қабылданған ережелер негізінде қор биржасы залында сауда жүргізу үшін белгіленген уақыт.

Биржаның жабылуы – бүгінгі жұмыс күнінде сауданың аяқталуы.

Биржадан тыс нарық – бағалы қағаздарды қор биржасынан сыртта, яғни банктерде, инвестициялық компаниялар мен делдалдық фирмаларда сату.

Биржалық ойыншы – бағалы қағаздардың бағасының қысқа мерзімді ауытқуынан пайда табу мақсатында оны сатып алушы және сатушы.

Биржада тіркелмеген бағалы қағаз– бағалы қағаздарды саудаға түсіру мәмілесі тек биржадан тыс нарықта жасалады.

Биржада баға белгілеу – бағалы қағаздардың стихиялы түрде қалыптасқан нарқын және биржалық шартта көрсетілген бағасын ескере отырып жекелеген тауарлардың бағасын биржалық органдардың тіркеуі. Ол – биржалық бәсеке көрсеткіштерінің бірі, бағалы қағаздарға деген сұраныс пен ұсыныстың ара–қатынасын көрсетеді.

Биржалық пайда – қор биржасында бағалы қағаздармен және тауар биржасында көпшілік қолды тауарлармен сауда жасаудан түсетін табыс.

Биржалық сауда–тауарлармен және бағалы қағаздармен сауда жасау биржасы (сауда орны).

Биржалық фирма – биржада орын сатып алған брокерлік кеңсе.

Биржалық баға – биржалық сауда арқылы сатылатын тауарлардың бағасы. Биржалық баға туралы деректер тауар биржасының жүйелі жарияланымдарында, бюллентеньдерінде келтіріледі, мерзімді тіркелімдерінде хабарланады.

Биржалық бюллетень – бағалы қағаздардың бағамы, тауарлардың биржалық бағасы, жасалған келісімдер туралы мәліметтер жарияланатын биржаның мерзімді органы.

Биржаның операциялық залы – бағалы бағаздармен сауда–саттық жүргізілетін қор биржасының бөлмесі. Клиенттердің бұйрығы операция залына берілгеннен кейін биржа мүшелері залда оны орындайды.

Белсенді нарық – өскелең және қалыптасқан үлкен көлемді келісімдермен жұмыс істейтін бағалы қағаздар нарығы.

Бондар – облигациялар, белгілі бір ақша сомасын алдағы жылдың нақтылы мерзімінде немесе қарыз мерзімі ішінде процент сомасы белгіленген мөлшер бойынша графикке сәйкес төлеу туралы жазбаша уәде. Бондарды ұзақ мерзімді негізде (10 жылдан астам уақытта) корпорациялар, мемлекеттік және жергілікті орындар, үкіметтер шығарады. Мемлекеттік және жергілікті бондарға салық салынбайды және олар міндеттілігі шектеулі бондар тобына жатады.

Борышқор – міндеттемеде көрсетілген жақ – одан екінші жақ – несие беруші белгілі бір іс–әрекет жасаушы немесе белгілі бір іс–әрекеттен тартынуды талап етуге құқылы.

Брокер – бағалы қағаздарды немесе валютаны сатып алу – сату жөніндегі тіркелген агент. Ол сауда операцияларына қатысатын делдал.

Брокераж – брокерлердің жүргізетін делдалдық операциялары.

Брокеридж – брокер атқарған қызметіне алатын сыйақы. Ол келісім құнының белгілі бір процентті немесе жеткізілген жүк үшін төленетін белгілі бір сома түрінде белгіленуі мүмкін.

Брокерлік линия – банктегі дилер бөлмесі мен брокерлік кеңсе арасындағы тікелей телефон байланысы.

Біржақты нарық – тек сатып алушының бағамы ғана немесе тек сатушының бағамы ғана тіркелген баға болып табылатын нарық.

Бағалы қағаздардың айналымы – биржалық листингтен өткен, сондықтан инвесторлар сатып алуға болатын бір жылда қор биржасында сатылған бағалы қағаздардың барлық бағалы қағаздарға процентке шаққандағы жалпы көлемі.

Бағалы қағаздардың айналысы – екінші нарықта бағалы қағаздармен жасалған мәміленің жиынтығы.

«Бұқа» – бағалы қағаздар бағамының жоғарылауы үшін белгілі бір шара қолданатын бағалы қағаздар нарығына қатысушы. Ол осы мақсат үшін алғашқыда бағалы қағаздарды бірсыпыра төмен бағамен сатып алып, кейіннен оны жоғары бағамен сатады.

Шетел облигациясы – шетелдік борышқордың бағалы қағаз түрінде шығарған қарыз міндеттемесі. Бірақ оның номиналы облигация сатылатын мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

Эмиссия проспектісі – эмитент компания жөнінде толық, шыншыл және анық хабарлар мен оның қаржылық жағдайын, шығаратын бағалы қағаздары туралы анықтама беретін құжат.

Эмбарго, тыйым – валютаны, алтынды, тауарларды, бағалы қағаздарды елге әкелуге немесе елден әкелуге мемлекеттік өкіметтің тыйым салуы.

Эмиссия – компанияның бағалы қағаздарды шығаруы және оларды алғашқы инвесторларға сатуы.

Эмиссиялық пайда – бағалы қағаздарды таратудан алынған пайда, оны ірі банктер, басқа несие – қаржы мекемелері бағалы қағаздар эмитенттері мен оларды сатып алушылар арасындағы делдалдық қызмет нәтижесінде алады.

Эмиссиялық операциялар – банктердің, қаржы мекемелерінің акционерлік қоғамдардың, басқа да осындай ұйымдардың айналысқа ақша шығару және бағалы қағаздар басып шығару жөніндегі қызметі.

Эмитент – эмиссияны жүзеге асыратын компания.

4-тақырып. Акция.

Дәрістің мақсаты: Акция туралы ұғымды тереңірек ашу және оның түрлерін айқындау.