
- •Реферат
- •-Сурет - Веб – сервистердің қолданбалы программалық орталармен әрекеттесуі
- •1.3 Wsdl: веб-сервистерді сипаттау
- •Құрауыштар Компоненттер
- •1.3 Soap: веб – сервиске қол жеткізу
- •1.4 Rest архитектуралық стилі
- •1.4.1 Rest дегеніміз не
- •1.4.2 Rest – ті қолдану
- •2 Soa бағдарламалау
- •2.1 Тарихы
- •2.2 Сервисті бағытталған қосымша
- •2.3 Қағидаттары мен канондары
- •2.4 Сервистің анатомиясы
- •2.6.2 Бір бағытты модель
- •2.6.3 Хабарламалармен дуплексті алмасу
- •2.6.4 Ағынды модель
- •3 Windows communication foundation технологиясы
- •3.1 Wcf дегеніміз не ?
- •3.2 Орындалу шекаралы және сервистермен әрекеттесу
- •3.3 Негізгі түсініктер жайлы ортақ мағлұматтар
- •3.3.2 Хабарламалармен алмасу және түпкі нүктелер
- •3.3.3 Қарапайым abc
- •3.4 Хостинг
- •Локалді хостинг
- •Iis (Internet Information Service) сервері
- •3.5 Wcf архитектурасы
- •4.Дистанционды диагностика порталы
- •4.1 Порталдың сипаттамасы
- •4.2 Порталдың коммуникациялық архитектурасы
- •4.3 Порталдағы сервистердің ролі
2.6.2 Бір бағытты модель
Хабарламалар клиенттен серверге бір бағытта жіберіледі. Клиент хабарламаны жіберіп жауабын күтпейді. Көп жағдайда жіберілген хабарлама жайлы ұмытып та кетеді. Сервер тек жай хабарламаны өңдеп, сұранысқа жауап бермейді және растауды қайта клиентке жібермейді. Барлық коммуникацияларды осы модельмен жасауға болмайтындығы түсінікті. Сұранысқа тіке жауап керек кезінде бұл модель қолдануға жарамды емес (2.5-Сурет ).
Бұл модельдің ең үлкен артықшылығы асинхронды режимде жұмыс істеу мүмкіндігі. Яғни клиент өз жұмысын жасай берген кезде, кабылдаушы хабарламаны өз карқынында өңдей беру мүмкіндігі. Өзара іс-әрекет өте тез жүргендей әсер туады, себебі клиент сұраныс жібергеннен кейін тез арада сезеді, бірақ сұранысты өңдеу жұмысы сервиске жүктеледі. Сервер жақтағы өңдеу, сервис бір мезгілде бірнеше хабарламаны өңдеу алу үшін, көп тасқынды режимде орындалуы мүмкін.
2.6–сурет - Хабарламалармен дуплексті алмасу
2.6.3 Хабарламалармен дуплексті алмасу
Дуплексті алмасу моделінде клиент пен сервер хабарламалармен алдын ала анықталған шаблонсыз алмаса алады. Клиент сервиске бастапқы сұранысты жіберіп жауапты күтсе де, клиент сұранысына жауапты қайтаратын сервиске ол тағыда қосымша ақпаратты сұрауға мүмкіндік береді. Сервис, бастапқы сұранысқа жауап қайтармай тұрып, клиентке кері шақыруды динамикалы түрде бірнеше рет бағыттай алу мүмкіндігі бар (2.6-Сурет).
Бұл модельде клиент, орындалу кезінде, кодқа сервис түрінде болады. Сервис ретінде қарастырылатын код енді клиент ретінде шығып, шақыруды өңдеу кезінде функцияларды шақыра алады.
Дуплексті модельде, орындалу кезінде клиентке кері шақыру жүргізілгенде, жеке байланыс механизмі қолданылады. Сонымен қатар, сервиспен шақырылатын операция сигнатурасы сервиске де, клиентке де қол жетімді болуы керек. Алғашында сервис хабарлама алмасудың дуплексті әдісін қолдану керек, себебі клиентті кері шақырудың басқа жолы жоқ.
2.6.4 Ағынды модель
Ағынды модельде клиент деректердіің өте үлкен көлемдегі теруін алу үшін шақыруды бастамашылық етеді. Сервис деректерді кішкентай бөліктерге бөліп клиентке бір бірден жібереді. Деректердің көпшілігі соншалық, сервиске оларды файлдық жүйеден немесе деректер қорынан бөліктеп оқуына тура келеді. Деректердің бөліктері клиентке сұрыпталған, қабылдаушы өңдейтін түрде жіберіледі. Осылай ағынды видеоның жіберу кезінде осылай болу керек.
Бұл схемада деректерді қабылдаудың бірлік шақыруына жауаптардың үлкен теруі ереді. Соның әрқайсысы, шақырудың нәтижесі болатын, барлық деректердің ішкі жиынын құрайды. Жіберуші ғана соңғы хабарламада, клиент деректерді келесінде күтпес үшін, деректер ағыны таусылғанын көрсету керек(2.8-Сурет).
2.7–сурет - Ағынды модель
3 Windows communication foundation технологиясы
3.1 Wcf дегеніміз не ?
Windows Communication Foundation (WCF) – қызметтер(сервистер, services) әрекеттерінен тұратын ағындық жұмыстарды жүргізүге, әртүрлі коммуникациялық сценарийлерде хабарламалармен алмасуға, кең сұраныстарға бағытталған қосымшаларды құрастыруда қолданылатын.NET платформасының технологиясы.
WCF – сервисті-бағытталған үлестірілген қосымшаларды құру үшін арналған платформа. WCF арқылы мәліметтерді асинхронды хабарлама түрінде сервистің бір шеткі нүктесінен екіншіге жіберуге болады. Шеткі нүкте, IIS-та орналасқан, әрдайым қол жетерлік сервиске кіре алады немесе қосымшада орналасқан сервисті көрсете алады. Шеткі нүкте, сервис түпкі нүктесінен деректерді сұрау салатын, сервис клиенті бола алады. Хабарламалар XML форматында жіберілетін, дара символ немесе бір сөз, немесе күрделі екілік дерек ағын түрінде болады. Келесіде бірнеше сценарий үлгісі көрсетілген:
Бизнес-транзакцияны өңдеуге арналған қорғалған сервис.
Басқа объектілерге трафик жайлы есеп сияқты ағымдық деректерді жіберетін сервис немесе басқа бақылау сервисы.
Екі қолданушыға әңгімелесуге және онлайн түрде ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін әңгімелесу сервисі.
Бір немесе бірнеше сервисті сұрайтын және алынған деректердің логикалық көрінісін беретін мониторинг панелі қосымшасы.
Бұндай қосымшаларды бұдан бұрын да құруға болатын, бірақ WCF шеткі нүктелерді құруды барынша жеңілдетеді. Сондықтан WCF платформасы веб-сервистерді және веб-сервис клиенттерін құруға басқару тәсілін іске асырады.
Сервистің клиенті деп сол сервистің функционалын қолданатын жақты айтамыз. Клиент ретінде барлығы бола алады – Windows Forms класы, ASP.NET веб беті, басқа сервис, мобильді қосымша және т.б. Хабарламалар клиенттен сервиске тікелей немесе делдал (посредник, proxy) арқылы жіберіледі. Хабарламалар транспортты протоколдан тәуелсіз. WCF сервистері тек HTTP протоколы арқылы ғана емес әртүрлі протоколдар негізінде қатынаса алады. WCF клиенттері басқа WCF емес сервистарымен, ал WCF сервистері басқа клиенттермен қатынаса алады.
WCF – ті қолдана, құрастырушы келесі мүмкіндіктерге ие болады:
Компоненттер мен сервистерге хосттар. WCF – те сервиске хост ретінде ASP.NET орындалатын ортаны, COM++ ортаны, Windows қызметін (IIS) немесе қарапайым Windows Forms қосымшасын қолдануға болады.
Ресми қылық. Негізгі кластан сервисті мұра етудің орнына WCF – те сервистерді анықтау үшін атрибуттарды қолдануға болады.
Байланыс каналдары. WCF – те HTTP, TCP және IPC арқылы байланысты орнату үшін көптеген каналдар ұсынылады. Сонымен қатар, басқа транспорттік протоколдармен жұмыс істейтін өзіндік каналдарды құруға болады.
Қауіпсіздік инфрақұрылымы. Платформадан тәуелсіз веб – сервистерді құру үшін міндетті түрде стандартталған қауіпсіздік ортасы қолданылу керек. Ұсынылған стандарттар WSE 3.0 арқылы орындалған.
Кеңейтілуі. Арнайы каналдарды, форматтаушылар және прокси құру ғана емес, сонымен қатар клиент және сервер жақтарында функционалдықты хабарлама ағыны ішіне ендіруге болады.
Алдыңғы технологияларды қолдау. Үлестірілген шешімді WCF – ті қолдану үшін толығымен қайта жазудың орнына, WCF – ті бар технологияларға интегралдауға болады. Мысалы ASP.NET – те жазылған веб-сервисті WCF – пен байланыстыруға болады.