Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурмахан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Құрауыштар Компоненттер

    1. –сурет

1.3 Soap: веб – сервиске қол жеткізу

SOAP (Simple Object Access Protocol) протоколы - веб-сервистердің байланысы "коверт" түрінде анықталған, XML-технологиясының жиынтығы, (HTTP – ге және басқа транспорттарға байланған), -XML-құжаттарды Желімен жіберуге мамандалған формат, және RPC-байланыс келісімі.

SOAP веб-сервиске қосылу механизмін қамтамасыз етеді. SOAP протоколының спецификациясы Интернет арқылы форматталған XML-деректермен алмасу үшін қолданылатын хабарламаның құрылымын анықтайды. Хабарламаның құрылымы әжептәуір жеңіл, әзірлеу кезінде ыңғайлы және операциялық жүйеге, бағарламалау тіліне және компьютерлік тұғырға бейтарап. SOAP протоколы негізгі деңгейдегі тасымалды қамтамасыз етуге арналған, соның негізінде одан да қиын протоколдар және байланысу әдістері құрылуы мүмкін.

SOAP – бұл XML-анықтау тәсілі: қандай ақпарат қалай жіберілетін. SOAP – бұл хабарламаларды келісілген түрде жіберүшіден қабылдаушыға тасымалдайтын, хабарламалардың бөлігін өңдейтін немесе оған қосымша элемент қосатын мүмкіндігі бойынша арашашыларды болдыратын, негізгі бір жаққа бағытталған байланыс. SOAP спецификациясы "сауал/жауап" принципіне сәйкес бір жаққа бағытталған хабарламалармен алмасу өзгеріс келісімін құрайды, және бүкіл XML-құжатты қалай жіберуін анықтайды.

1.5 – суретте көрсетілгендей SOAP екі немесе одан да көп кәсіпорындардың және алшақталған кәсіпорындар сайттарының байланысын қамтамасыз етіп, тәуелсіз абстрактілі байланыс протоколын қолдауға бағытталған. Байланған жүйелерді Интернет арқылы .NET және J2EE орталарына қосылу мүмкіндігін қолдайтын аппаратты және бағдарламалық жасақтамалардың кез келген комбинациялар негізінде құруға болады.Бар жүйелер көптеген инфрақұрылым және бағдарлама бумалармен көрсетілген. SOAP пен қалған XML құрылымдар екі не одан да көп кәсіпорындарға, сауда алаңдарына немесе серіктестерге Желіде қызмет беруде ортақ тәсіл өндіруге мүмкіндік береді.

SOAP-хабарламалар конверт, тақырып және хабарлама денесінен тұрады. SOAP-хабарламалар бірнеше негізгі бөліктерден тұрады.

  • Envelope (конверт) – хабарламаның басы мен аяғын анықтайды.

  • Header (тақырып) – хабарламаның арашашы және соңғы қабылдаушымен өңдеу кезінде қолданылатын кез келген қосымша атрибуттарынан тұрады.

  • Body (хабарлама денесі) – берілген хабарламалармен жіберілетін XML-деректерінен тұрады.

  • Attachment (салу) – бір не одан да көп негізгі хабарламаға "бекітілген" құжаттардан тұрады. (Тек SOAP with Attachments қатысты ("SOAP салулармен"))

  • RPC interaction (SOAP:RPC-өзара iс-әрекет) RPC-типті өзара iс-әрекет модельдеуін анықтайды.

  • Encoding (кодировка) – хабарламадағы берілетін жәй және күрделі деректердің қалай көрсетілетінін анықтайды.

Міндетті түрде тек конверт пен хабарлама денесі ғана болуы тиіс.

1.5–сурет

1.4 Rest архитектуралық стилі

1.4.1 Rest дегеніміз не

Жоғарыда айтылған SOAP протоколын қолдайтын ол RPC(Remote Procedure Call – алыстатылған процедураларды шақыру) архитектурасы. Сервистерді құруда сонымен қатар тағы да бір мүмкіндіктер бар. Яғни “клиент-сервер” қосымшасын құру тек қана RPC (Remote Procedure Call) архитектурасымен ғана шектелмейді. Тағы бір ерекше айтып кететін ол REST архитектуралық стилі.

REST (Representational state transfer – репрезентивті қалыпты тасымалдау) – World Wide Web сиқты үлестірілген жүйелерге программалық қамтамасыз ететін, веб-сервистерді құруға арналған архитектуралық стилі (1.5 - сурет). REST термині 2000 жылы, HTTP протоколының авторларының бірі, Рой Филдингпен енгізілген. REST - ті қолдайтын жүйелер RESTful – жүйелері деп аталады.

Жалпы жағдайда REST қосалқы ішкі қабаттарды қолданбай ақпараттарды басқарудың қарапайым интерфейсі болып табылады. Ақпараттың әрбір бөлігі URL сияқты глобалді идентификатормен анықталады. Әрбір URL (Uniform Resource Locator –қордың универсалды локаторы) қатаң берілген форматтқа ие. Қосалқы ішкі қабаттардың болмауы деректерді сол күйінде тасымалдауды білдіреді. Яғни біз SOAP пен XML-RPC жасайтындай деректерді XML – ге орамаймыз. Ал жай ғана деректерді береміз.

Ақпараттың әрбір бөлігі URL-мен анықталады, яғни URL іс жүзінде деректердің бөлігіне алғашқы кілт болып табылады. Мысалы сөредегі үшінші кітап - /book/3 түрінде, ал осы кітаптың 35 беті - /book/3/page/35 түрінде болады. Осыдан қатаң берілген формат шығады. Бірақ деректердің /book/3/page/35 адресі бойынша қандай форматта болуы маңызды емес, ол HTML немесе jpeg форматындағы көшірме немес Microsoft Word документі де болуы мүмкін.

1.6–сурет – REST архитектуралық стилі