
- •Ақпаратты өлшеу сенімділігі және қателерді талдау
- •Буып түю орау түрлері
- •Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі, баға белгілеу факторлары
- •Баға белгілеу тәртібі және оны жасау кезеңдері
- •Баға белгілеудің мақсаты, стратегиялары және әдістері
- •Бөлшектік сауда, оның түрлері және даму тенденциялары
- •Бағаның нарық жағдайына бейімделуі
- •Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
- •Жарнама, оның мәні, функциясы, рөлі мен мағынасы
- •Жарнама қызметін жоспарлау
- •Жарнама түрлері мен құралдары, оларды таңдау
- •Жарнаманың экономикалық тиімділігі
- •Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыру
- •Кәсіпорынның өткізу қызметінің рөлі
- •Өндірістік мақсатқа арналған тауарларды сатып алушыларға әсер ететін факторлар
- •Өндіріске арналған тауар нарығын сегменттеу қағидалары
- •Өткізудің маркетингтік жүйелері
- •Сауалнама (анкетаны) құрастыру және сауалдама (опрос) жүргізу әдістемесі
- •1.Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:
- •Тауарларды нарықта позициялау
- •Тауардың өмірлік циклі (төц)
- •6. Тауар белгісі және брендинг
- •Іріктеменің типтері және амалдары (процедура)
- •Ipiктeмe әдістерін кездейсоқ (ықтималды) және кедейсоқ емес (ықтималды емес) деп екі үлкен топқа бөлуге болады (37).
Жарнама қызметін жоспарлау
Жарнаманы жоспарлау процесі мынадай кезеңдерден тұрады:
Кең аудиторияға арналған жарнама әрқашан тиімді бола бермейді, сондықтан мақсатты аудитория анықталады. Бұл – жарнама бағытталған тұтынушылардың нақты тобы. Тұтынушылардың мінез-құлықтарын анықтаған соң, жарнама науқанына кірісуге болады.
Жарнама мақсаты – мақсатты аудиторияға бағытталған ақпараттың нәтижесінде шешілуі тиіс нақты міндет. Жарнаманың мақсатты тауар туралы ақпараттандыру, еске салып тұру немесе сол тауарға тұтынушылардың сенімін арттыру болып табылады. Мақсаттарына қарай жарнаманы былай бөлуге болады:
Ақпараттандырушы жарнама.
Жаңа тауарды нарыққа енгізу барысында алғашқы сұранысты тудыру үшін қолданылады. Оның жиі қолданылатын мақсаттары – жаңа тауардың пайда болуы туралы хабарлау, танымал тауарды қолданудағы жаңа әдістермен таныстыру, көрсетілген қызметтер жайлы тұтынушыға хабарлау, тұтынушылардың санасында фирма бейнесін қалыптастыру, т.б.
Сендіруші жарнама.
Бұның маңызы таңдаулы сұраныс үшін болатын бәсекелестік күрестің күшеюіне байланысты артады. Оның мақсаттары – қызметтер мен нақты маркаларңа деген талғамды қалыптастыру, өткізуді ынталандыру, тұтынушыларды сатыпалуға жетелеу.
Еске салушы жарнама.
Мұндай жарнама тұтынушы тауарды естен шығармауы үшін қолданылады. Негізгі мақсаты – тауарды тұтынушының есіне салып, хабардар болуын қадағалау.
Жарнама берушілер жарнаманың мақсаты тауардың немесе қызметтің сату көлемін ұлғайту деп ұғады.
Жарнама стратегиясы жарнама үндеуін жасау мен тарату құралдарын таңдауға қатысты жасалады. Жарнама стратегиясының мақсаты жарнама науқанын ары қарай жалғастыру арқылы марканың нарықтағы позициясын сақтау немесе оның имиджін өзгерту.
Жарнамалық хабар – компанияның өз хабарламаларында не айтылатындығын жоспарлауы. Жарнамалық хабарламаны өңдеген кезде оның мазмұнын, түрін және стилін таңдап алу керек. Жарнамалық хабарламаны жасау шығармашылық тұжырымдама мен идеядан шығып, мақсатты аудиторияның ерекшеліктерін ескеруі керек. Шығармашылық тұжырымдама бейне, сөз тіркесі немесе олардың жиынтығы түрінде болуы мүмкін. Тұтынушылардың назарынан тыс қалмайды дейтін тауардың қасиеттерін анықтай отырып, олардан сұрау өткізу арқылы талдау жүргізіп, мотивтерін бағалау керек. Содан кейін слоган ретінде айтылатын жарнама тақырыбы анықталады.
Жарнамалық слоган (ұран) – тауар сапасын, фирманың бейнесін көрсететін қысқа лозунг. Слоган жарнама тақырыбына сәйкес, қысқа және оңай айтылатын болуы керек.
Тұтынушылар жақсы түсінуі үшін жарнама мынадай талаптарға сай болуы керек:
Жарнама науқаны кезеңінде жарнама тақырыбы мен слоганды өзгертуге болмайды. Жиі болатын түзетулер тұтынушыларды жаңылыстырады және үлкен шығындарға әкеледі. Сондықтан жарнаманы өзгерту елеусіз және бір тақырыпшеңберінде болғаны дұрыс;
Жарнама жиі қайталанса, тез жатталады және есте жақсы сақталады.
Сонымен бірге жарнама үндеулерінің маңызы өте зор. Оларды таратуға бағытталған мынадай шығармашылық тәсілдер бар:
Сауда маркасын нарықтағы позициясына шоғырлану.
Сатып алушының талғамына әсер ететін мотивацияға негізделуі.
Тауарды қолданудың жаңа саласы мен мүмкіншіліктері.
Жарнамаланатын тауар мен бәсекелестердің арасындағы айырмашылықтарды көрсету.
Үндеу идеясы тұтынушыларды бақылау негізінде және олардан пікір сұрау жүргізгенде пайда болуы мүмкін.
Жарнаманың тигізетін әсері оның артықшылықтарымен қатар, тұтынушылардың сана-сезіміне жеткізілуіне де байланысты. Сондықтан жарнаманы жасау кезінде оның мазмұнын, стилін және қолданылатын сөздерді дұрыс таңдау қажет. Жарнама үндеуінің стилі – жарнама мәтінін көркемдеп айту тәсілі, мәнері және оны баяндау үні, сарыны.