Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_alfavit.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
141 Кб
Скачать
☆

Буып түю орау түрлері

Буып-түю, орау (упаковка) фирманың маркетингтiк  қызметiнде ерекше орын алады. Ол –  тауардың қауiпсiздiгiн, яғни сақталуын  қамтамасыз етедi, оның өткізілуіне  ықпал етіп, қызмет етеді және тауардың қасиетi мен пайдалану әдiстерi жөнiндегi ақпараттарды бередi.

    Буып-түю, орауға мынадай талаптар қойылады: 

өнiмнiң  белгiленуiн, қолдану аясын, функциясын, жарамдылығын және сақтау мерзiмiн көрсетуі қажет;

тауарды сақтауға, тасымалдауға және тұтынуға қолайлы етiп жасалуы керек;

ол қазiргi заман талаптарына сәйкес тартымды, сыртқы түрi өнiм мазмұнына сай болуы қажет;

өткiзу арналарының ерекшелiктерi мен талаптарына сәйкес болуы қажет;

тұтынушының әдеттерi мен талаптарына қолайлы болуы міндетті.

    Буып-түю, орау әсіресе, тұтыну тауарларын шығаратын  фирмалар үшiн маңызды болып саналады. Ол құрал-жабдықтарды үнемдеудi, тауарды қолайлы пайдалануды, оны қорғауды және насихаттауды қамтамасыз етедi.

    Тауар салынған зат – тауар сиятын орама. Қабыршық – сату немесе тасымалдау кезiнде тауар салынған затты  қосымша қорғайтын сыртқы буып-түю. Әйнек және басқа да материалдардан жасалған тез сынатын тауарлар үшiн  тауардың қосымша сақталуын қамтамасыз ететiн сыртқы буып-түю, орау ретiнде  қораптар да пайдаланылады.

Сыртқы  буып-түю, орау тауарларды тасымалдау кезінде бүлінуден қорғайды және сақталуын қамтамасыз етедi.

    Буып-түю, орау металл, ағаш, тері, әйнек, керамика, тас, пластмасса сияқты әр түрлі материалдардан және басқа да оның жасанды түрлерінен әзірленуі мүмкін.

    Нарықтағы буып-түю, орау рөлiнiң өсуiне төмендегі  факторлар әсер еттi:

Саудаға өзі-өзіне қызмет ету (самообслуживание) түрін енгізу. Бұл жағдайда буып-түю сатушының рөлінде болады, яғни ол тауар қасиетін, сондай-ақ оның қолдану әдісі мен пайдалануын сипаттай отырып, тұтынушылардың назарын өзiне аударады.

Клиенттер табысының өсуі. Табысы мол сатып алушылар тиімділігі жоғары, әдемі дизайны бар, қазіргі заманға сай буып-түйілген тауар үшін төленетін баға мөлшері жоғары болса да төлеуге дайын.

Буып-түю, орау – фирманың беделі мен бейнесін сақтаушы, қорғаушы ретінде де қолданады. Жақсы буып-түю, орау фирманы немесе тауар белгісін бірден танытады.

    Буып-түю, орауды жасау оның қандай болуы керек  екендігін анықтайтын және тауарды  жылжытудағы рөлін сипаттайтын  тұжырымдамасынан басталады. Содан кейін оның пішіні, өлшемі, жасайтын материалдар құрамы, түсі, тауар туралы керекті ақпараты, таңбалық белгісі анықталады. Буып-түю, ораудың әр түрлі элементтері бір-бірімен және баға белгілеу саясатымен, жарнамамен және маркетингтің басқа да элементтерімен тығыз байланыста болуы қажет. Тәжірибелі партияны шығарғаннан кейін буып-түю, орау стандарт талаптары мен қалыпты пайдалану жағдайына сәйкестікті куәландыратын технологиялық сынау сериясынан өтуі қажет. Дилерлік сынау делдалдарға буып-түю, ораудың ұнайтындығын, оның тауарды сақтауға және тасымалдау кезіндегі қолайлылығын анықтауға мүмкіндік береді. Сатып алушыларға өткiзiлген сынау олар жаңа буып-түю, орауды оның дизайнын, түсін, оған жазылған ақпараттың қалай қабылдайтынын көрсетуі тиіс. Тиімді буып-түюді жасау фирмаға қымбатқа түсуі мүмкін және көп уақытты талап етеді.

    Тауарды таңбалау буып-түю, ораудың бiр бөлігі болып саналады. Бұларға бирка  немесе мұқият ойластырылған графикалық құрылым түрiнде көрсетiлген заттаңбалар (этикеткалар) жатады. 

Сұраушының көзделмеген қатесі мәліметтерді жинау процедурасын жеткілікті білмeyi, білімнің төмендігі анкетаны толтырғанда мұқият болмауына байланысты болады.

Респонденттің көзделген қатесі - табысын, ұлтын, отбасы жағдайын жасыру, уақытының тығыздығына байланысты болатын қателер.

Респонденттің көздемеген катесі – анкетаны толтыру нұскауын дұрыс түсінбеуден, сұракты дұрыс ұқпағандыктан, уәжі болмағандықтан, жауап беруге дұрыс көғңл бөлмеуінен болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]