Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_alfavit.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.93 Кб
Скачать

Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау

Уақыт ағымына қарай тұтынушылардың талғамы мен сұранысы өзгереді.Өнім ұзақ уақыт бойы нарықта қалауы үшін фирма тауардың ассортиментін жаңалап, тұтынушы талаптарына сай олардың сапасын жақсартып отыру қажет.

«Жаңа тауар» - бұл өнімнің мадификациясы, жаңалық енгізу және жаңартпасы.

Жаңғыртып, жетілдіру (модификациясы) – бұл тауарлар сипаттамасының сапалық немесе физикалық өзгерісі. Өнімді жаңғыртып, жетілдіруге мынадай жағдайлар жатады:

тауардың химиялық, физикалық және функционалдық сипаттамасының ( материалдық түрі, тұтыну мерзімі, қауіпсіздігі, жайлылығы, әмбебабтылығы ) өзгеруі;

тауардың эстетикалық сипаттамасының ( сыртқы түрі, дизайны, түсі, қорабы) өзгеруі;

Тауардың таңбалаудағы (тауар белгісінің, символының) өзгерістер.

Жаңа енгізулер – ол фирмада бұрын қндірілмеген және сатылмаған өнім.

Инновациялық тауар – бұл нарықта бұрын болмаған, алғашқы түпнұсқадағы тауарлар. Нарыққа бірінші рет шыққан кезеңде видеокамералар, дербес компьютерлер инновациялық тауарлар есебінде болды. Инновациялық тауарларды кейде «нарықтық» жаңа тауарлар деп атайды. Жаңа тауарлардың тек 10%-ын ғана «әлемдік» деп атауға болады.

Жаңа тауарды шығару туралы шешім қабылдау күрделі болып есептеледі, алайды олар фирманың дамуына үлкен үлес қосады. Американдық Тауарлық менеджменті мен тауар жасау ассоциациясының мәліметтеріне жүгінсек, дамыған елдердегі фирма пайдасының 46%-ын жаңа тауарлар құрайды. Ал «А.С. Нильсен» фирмасының бағалау мәлеттері бойынша, жана тауарлар табыстылығының деңгейі жылдан – жылға өсіп отыр, қазір 50-60%-ға дейін жетті. Жаңа тауарларды шығару кқп шығындарды қажет етеді. Түтыну тауарларын шығаратын ірі компаниялардың бірінде 64 ұсынылған идеялардың ішіндегі жаңа тауарды енгізу шығындары шамамен 14 млн доллар құрады ( 36).

Жүйелік прцедурасын қолдана отырып, жаңа тауар енгізудегі тәуекелділікті төмендетуге болады. Батыс елдерінің ірі фирмаларында жалпы инновация процесін бағыттайтын арнайы құрылымдар құралады. «Нестле» «Джонсон  Джонсон», «Дженерал Фудз» фирмаларында жаңа тауар шығарумен айналысатын менеджмент бөлімдері бар. Кейде нақты тауарды жасау үшін немесе жаңа қызмет бағытына жауап беретін «венчурлік топтар» құрылды.

Жаңа тауарды жасау процесін идеяларды іздеуден басталады (20-сурет)

Жаңа идеяларды көбінесе компания қызметкерлері, инженерлер, маркетологта, дизайнерлер. Сатушылар береді. Сондай-ақ, идеяларды «ми шабуылы» әдісін қолдану арқылы алуға болады. Мысалы, «Тойота» компаниясының қызметкерлері әр жыл сайын 2млн-ға жуық жаңа идеяларды ұсынады (әр жұмысшыға 35 идеядан келеді), олардың 85%-ға жуығы өмірде нақты көрініс тапқан (36-594-б). Идеяның шамаме 28%-ын тұтынушылармен қарым-ұатынас кезінде немесе олардың пікір сұраулар клиенттердің қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Ал жаңа идеялардың 30%-ға жуығы бәсекелестердің қызметін және тауарын талдау нәтижесінде табылады.

Идеяларды іздеу функционалдық талдау және шығармашылық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асады.

Функционалдық талдау әдісі тауарды, оның сипаттамасын және сонымен бірге туындағаг проблемаларды қолдануды талдауға негіздееді. Оларға жататындар: мәселелерді талдау( тауарды қолдануға байланысты болатын

мәселелер) және морфологиялық талдау. Морфологиялық талдау өнім шығуын және оларды шешудің балама жолдарын белгілеуді қарастырады.

Мәселе жеке құрамдарға бөлінеді, содан кейін морфологиялық жәшік деп аталатын қалыптамаға (матрицаға) жинақталатын шешімдерінің баламасы ұсынылады. Берілген баламалардан фирманың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін оңтайлысы таңдап алынады.

Шығармашылық әдісі түйсік пен бейнеге негізделген. Оған жататындар «ми шабуылы», және 635 әдісі.

«Ми шабуылы» әдісін 1953жылы амермкандық жарнама саласының маманы Осборн ойлап тапқан. Осыған негізгі қағидасы – қатысушылардың ойда-жоқта пайда болған идеяларын топқа талғылау. Бұл әдіске білімі мен жұмыс тәжірибесі әр түрлі 6-10 адам қатысады. Осыған сәйке ой-қиял мүмкіндіктері кқтерменеленеді, ал сын мен кедергілерге тыйым салынады. Талқылау отырысында идеялар хаттамаға тіркеліп, бағаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]