
- •Ақпаратты өлшеу сенімділігі және қателерді талдау
- •Буып түю орау түрлері
- •Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі, баға белгілеу факторлары
- •Баға белгілеу тәртібі және оны жасау кезеңдері
- •Баға белгілеудің мақсаты, стратегиялары және әдістері
- •Бөлшектік сауда, оның түрлері және даму тенденциялары
- •Бағаның нарық жағдайына бейімделуі
- •Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
- •Жарнама, оның мәні, функциясы, рөлі мен мағынасы
- •Жарнама қызметін жоспарлау
- •Жарнама түрлері мен құралдары, оларды таңдау
- •Жарнаманың экономикалық тиімділігі
- •Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыру
- •Кәсіпорынның өткізу қызметінің рөлі
- •Өндірістік мақсатқа арналған тауарларды сатып алушыларға әсер ететін факторлар
- •Өндіріске арналған тауар нарығын сегменттеу қағидалары
- •Өткізудің маркетингтік жүйелері
- •Сауалнама (анкетаны) құрастыру және сауалдама (опрос) жүргізу әдістемесі
- •1.Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:
- •Тауарларды нарықта позициялау
- •Тауардың өмірлік циклі (төц)
- •6. Тауар белгісі және брендинг
- •Іріктеменің типтері және амалдары (процедура)
- •Ipiктeмe әдістерін кездейсоқ (ықтималды) және кедейсоқ емес (ықтималды емес) деп екі үлкен топқа бөлуге болады (37).
Бағаның нарық жағдайына бейімделуі
Баға нарықтық шаруашылық категориясы ретінде.
Нарықтық экономика жағдайында баға қалыптастыру өте күрделi процесс.
¤нiмге қойылған баға табыстың дұрыс түсуiн қамтамасыз етуi керек жєне ол кєсіпорынның шығындарын жауып, пайда єкелуге тиiстi.
Өз еркiмен бағаны көтерiп, нарықтан тыс қалған фирмалар, ал керiсiнше бағаны тµмендету арқылы кµптеген қолайсыз жағдайға кездескен фирмалар iс-жүзiнде кµптеп кездеседi.
Баға - өндiрушiлер мен сатушылар тұрғысынан тұтыну құнының бағаланған µлшемі деп есептелiнедi. Бұл анықтамада үш жағдай маңызды.
Бiрiншiден, баға, оған енген қоғамдық қажеттi еңбек шығындарымен емес тауардың тұтыну бағасымен байланысты.
Екiншiден, баға тұтынушылар мен емес, өндiрушiлер мен немесе тауар сатушылардың ұсынуы жєне бағалауымен байланысты. Тұтынушы шешім қабылдағанда тауардың тұтыну құнының бағасын ескереді жєне ол факторлардың әсерімен анықталатын максималдық шекарадан аспауы тиісті.
Үшiншiден, бағаның мөлшерi тауардың немесе оларды ұсынушылардың тұтынушыларға қаншалықты жақындағанына байланысты. Сондықтан, өндiрушiлер мен тұтынушылардың арасындағы кез-келген аралық өткiзу арналары құнды ұлғайтады.
Компания өзінің тауары үшін сұрайтын бағаның төменгі деңгейін өндірістік шығындар бойынша анықтайды. Компания өндіріс шығындарын, таратуға кететін шығындарын жєне тауарды сатуға кететін шығындарын орнына келтіретін ғана емес, тәуекелділік пен күш-жігері үшін жеткілікті пайда әкелетін баға белгілеуге тырысады. Баға қалыптастыру стратегиясында шығындар маңызды элемент ретінде қарастырылады. Көптеген компаниялар өз салаларында өте төменгі шығынға жетуге талпынады, себебі онда ол төменгі баға белгілей алады да, соның нәтижесінде сату мен пайданың деңгейін арттырады.
Шығындардың екі түрі болады – тұрақты және өзгермелі.
Тұрақты шығындар - өндіріс көлемімен өткізуге тәуелсіз шығындар.
Мысалы, ай сайын төленетін жалгерлік және жылжыту үшін төлемдер, несие үшін пайыз төлемдері және қызметкерлердің төлем ақылары өндіріс көлемімен байланысты емес.
Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты.
өндірістің белгілі деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы валдық шығындарды құрайды.
Баға белгілеу проблемасына фирмалар әртүрлі жолдармен келеді. Шағын фирмаларда бағаны басшылар тағайындайды. Ірі компанияларда баға белгілеу проблемасымен бөлімше басқарушылары және тауар ассортиментінің басқарушылары айналысады. Бірақ бұл жағдайларда да жоғарғы басшылар баға саясатының жалпы бағытын және мақсатын анықтаумен қатар, көпшілік жағдайда төменгі эшелон басшыларының ұсынған бағаларын бекітеді. Баға факторы шешуші роль атқаратын салаларда (темір өндіру компаниялары, аэрокосмос өндірісі, мұнай компаниялары т.б.) фирмалар көбіне баға қалыптастырушы бөлімдерді құрады жєне олар тиімді бағаларды белгілейді, немесе басқа бөлімшелерге осы сұрақ бойынша көмек көрсетеді. Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері.
Нарық типтеріне байланысты сатушы баға қалыптастырғанда әртүрлі деңгейдегі еркіндікте болады. Экономистер нарықтың төрт түрін бөліп көрсетеді және єрқайсысы баға қалыптастыру бойынша өз шарттарын ұсынады.
1. Таза бәсекелестік нарығы ұқсас тауар өнімінің, мысалға, бидайдың, мыстың, бағалы қағаздардың көптеген сатушыларынан және сатып алушыларынан құралады. Бірде - бір жеке сатып алушы не сатушы нарықтағы күнделікті тауардың баға деңгейіне үлкен ықпалын тигізе алмайды.
2. Монополиялық бәсекелестік нарығы келісімді біркелкі нарықтық бағамен емес кең диапазонды бағалармен жасайтын сатып алушылармен, сатушылардан құралады. Баға диапазонының болуы сатушылардың, сатып алушыларға тауарлардың әр түрлі варианттарын ұсыну мүмкіншілігінде.