Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_alfavit.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.93 Кб
Скачать

Баға белгілеудің мақсаты, стратегиялары және әдістері

Баға саясатының мақсаты:

Фирманың  әрі қарай өмір сүруі. Мұндай мақсат нарықтың өткір бәсекелестік жағдайында пайда болады, өндірушілер өте көп, ал кәсіпорынның тауары (қызметі) ешқандай айрықшылықпен сипатталмайды.

 

Пайда максимизациясы. Бұл мақсат келесі шарттарда қалыптасады:

-кәсіпорын бәсекелестерде  жоқ, ерекше тауарларды ұсынады; 

-тауарға сұраныс ұсыныстан  жоғарғы деңгейде болады.

 

Өткізуді  максималды түрде ұлғайту. Осы мақсатты ұстанушы фирмалар, шығынды төмендету есебіне пайданы ұлғайтуға тырысады.

 

Сападағы  лидерлік. Фирма бұйымның сапалы сипаттамаларын максималды түрде жоғарлату жолымен бәсекелестерден алға шығуға ұмтылады. Тауар сапасының жоғарлауы оларға деген, бағаның көтерілуін білдіреді.

 

Жаңа  нарықтарға шығу. Кәсіпорындарды тұтынушыларға қатты ықпал беретін бағаны қолдануға мәжбүр етеді, олар өз кезегінде тұтынушылар көңілін аударады және нарыққа енуге мүмкіншілік береді.

 

Инвестициядан қажетті қайтарылымдыққа бағытталған  бағаны бекіту.

Мұнда кәсіпорын инвестицияның  қажетті қайтарымдылығын қамтамасыз ететін бағаны анықтауы қажет, мысалы инвестициядан 15%-ық қайтарымдылық. Бұл  нәтиже егерде, сату көлемі мен шығындар алдын-ала күтілген деңгеймен сай  болған жағдайда іске асады. Ал, бұл  мәнді дәрежеде тауардың бекітілген бағасына сатып алушылардың байқататын әсеріне, көзқарасына тәуелді.

 

Соңғы жылдары нарықтағы  жетілген бәсеке жағдайы баға белгілеудегі жаңа стратегияларға әкелді. Бірақ оған қарамастан көптеген компаниялардағы баға белгілеу әлі де болса салғырттық, кертарпалылық негізінде жүргізіледі. Әдетте бағаны жұмсалған шығын көлемін анықтап, белгілейді. Қызмет көрсететін фирмалар күннен күнге өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында аса белсенділік таныту керек.

Нарықтық бағаларды орнатуда үлкен табыстарға жеткен мекемелер баға белгілеудегі белсенді позицияны иеленді. Олар бағаларды сатылы жоғарылатып, баға белгілеу стратегиясы саласындағы жетекші күш бола білді.

Баға стратегиялары: Қаймақты қалқып алу, престижді баға т.б.

Бөлшектік сауда, оның түрлері және даму тенденциялары

Бөлшек сауда  – түпкі тұтынушының жеке қолдануы үшін тауарды сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекет. Бөлшек сауда өнімді тұтынушыға жеткізу процесін аяқтайды. Ол үшін арнайы сауда орындарының болуы қажет.Бірақ дүкендердің болуы бөлшек сауда үшін міндетті түрдегі шарт емес, өйткені тауарды пошта, телефон, интернет және тағы басқалары арқылы да өткізуге болады.

Бөлшек сауданың тарихы 20-жылдары  өндіріс шығарған барлық заттарды табуға болатын жалпы дүкендерден басталған. Кейінірек арнайы дүкендер мен супермаркеттер және күнделікті сұраныс дүкендері  пайда болды. Соңғы жылдары бөлшек сауданың жаңа түрлері, өнімді даналап  сататын автоматтар, телефон және теледидар арқылы сату пайда бола бастады. Бөлшек сауданың сан алуан  цикілділігін «бөлшек сауда дөңгелегі» деп атайды.

Бөлшек сауданың қызметтері оның мақсаттарымен анықталады:

Тауарды сатып алу мен оның ассортиментін қалыптастыру;

Тұтынушылардың сұранысын, талғамын, қалауын зерттеу;

Өндірушіні оның өніміне деген сұраныс барысы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

Тұтынушыларға тауардың сапасы мен ерекшеліктері туралы ақпарат беру;

Қызмет көрсету. Кәсіптік түрде сатып алу туралы шешім қабылдануына әсер етеді. Техникалық заттарды сатудағы және оны сатып алғаннан кейінгі қызмет көрсетудің маңызы жоғарлайды.

Бөлшек сауда түрлері  меншік нысандары бойынша – мемлекеттік  және жеке меншік; ұйымдық құрылымы бойынша – негізгі компания, оның филиалдары, еншілес кәсіпорындар;  тұтынушының сатушымен байланысу  әдісі бойынша – толық қызмет көрсететін дүкен, шектелген қызмет көрсететін дүкен, өзіне – өзі  қызмет ететін дүкен; сауда орнының  көлемі бойынша – ірі, орташа, кіші көлемді дүкендер; ассортимент құрылымы бойынша – арнаулы және әмбебап  дүкен, баға саясаты бойынша (арзан, орташа бағалы, қымбат бағалы,) және орналастыру  ыңғайына байланысты болады.  

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]