Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_alfavit.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.93 Кб
Скачать

Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі, баға белгілеу факторлары

Баға өзінің макро-микроэкономикалық мағынасында – объективті нарықтық факторлармен, өндірістің белгілі бір шарттарымен, нарықта тауарды өткізу жағдайларымен анықталады және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын бейнелейді. Баға белгілеудің маңызды қызметі – барлық шығатын шығындарды жаба отырып, пайда табу.  Баға – нарық реттеушісі, ол тауарлардың нақты түрлерін өндіруге мүмкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады, осылайша белгілі бір өнімнің өндірісі мен тұтынуына тікелей немесе жанама әсер етеді. Бағаға деген маркетингтік көзқарастың классикалық теориядан айырмашылығы – тұтынушының сұранысына, мұқтаждықтарына және талғамына, сонымен қатар, нарықтың құбылмалы жағдайына байланысты бағаның икемділігінде. Тұтынушыны өндіріс шығыны емес, оның нәтижесі, тауардың пайдасы мен сапасы, қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі қызықтырады. Баға – шығындарды талап етпейтін, ерекше күш-жігерсіз-ақ кіріс әкелетін маркетинг-микстің ең икемді элементі. Өндірістің бәсекеге қабілеттілігі, сату көлемі, рентабельділік және тағы басқа экономикалық көрсеткіштер көбіне баға қою бойынша дұрыс шешім қабылдауға байланысты. Өткізу бағасын белгілеу және өзгерту – кәсіпорынның баға саясатын жасайтын маркетинг бөлімдерінің маңызды міндеті.  Баға жөніндегі маркетингтік шешімдерге мыналар жатады: бағаның төменгі және жоғары деңгейін, олардың фирма мақсаттарына, тауар сапасына, сұранысқа, бәсекелестердің баға саясатына, ТӨЦ (тауардың өмірлік циклі) пен басқа факторларға байланысты өзгеруін анықтау, оңтайлы өткізу бағаларын белгілеу және жеңілдіктер жүйесін жасау. Осыған орай маркетингтің баға саясаты фирманың өз мақсаттарына нақты бағаларды белгілеу негізінде жету жолдарын межелейді. Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық субъектілердің баға қоюы көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты. Қазақстанның нарықтық қатынастарға өту кезеңінде ХВҚ-ның (Халықаралық валюта қоры) «естен тану терапиясы» ретіндегі бағаны еркіне жіберуде кіретін ортодоксалды-монетарлық ұсыныстарын қолдану нәтижесі елді инфляция мен гиперинфляцияға әкеліп соқтырды. Соның салдарынан баға өзінің экономикалық міндеттерін атқармай, өндірістің өсуіне кедергі келтіріп, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ынталандырмады.

Баға белгілеу тәртібі және оны жасау кезеңдері

Баға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға – күрделі экономикалық категория. Бағада іс жүзінде экономиканың жалпы коғам дамуының барлық негізгі мәселелері түйінделген және шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және сатып өткізу, олардың кұнын қалыптастыру жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады.

Барлық тауар-ақша қатынастары баға арқылы іске асады. Ең жалпы, абстракты түсінік бойынша, баға тауар құнының ақшалай көрінісі болады. Өз кезегінде, тауар құны оны өндірудегі қажетті қоғамдық еңбек шығындарымен анықталады.

Баға белгілеу – тауарлар мен көрсетілген қызметтерге бағасын қалыптастыру процесі.

Баға белгілеудің негізгі екі моделін бөліп көрсетуге болады:

- қандай да бір тауар нарығында сатып алушылар сұранысы мен сатушылар ұсынысы арасында өзара әрекет ету негізінде нарықтық баға белгілеу.

- орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу – шығындық баға белгілеу шеңберінде өндіріс пен айналым шығындары қойылу арқылы бағаларды мемлекеттік мекемелердің бағаны анықтауы.

Өз тауарлары мен көрсетілетін қызметтеріне баға қою кәсіпорын қызметіндегі негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Әрбір кәсіпорын баға белгілеу мәселесін өзінше шешеді. Ірі компанияларда баға белгілеу мәселесімен орта деңгейлі басқарушылар айналысады. Ұсақ кәсіпорындарда бағаны эдеттегідей, оның басшылары анықтайды. Өз кезегінде, коммерциялық нәтиже көбіне баға деңгейіне бай­ланысты болады. Баға әрқашан адамдардың сауда жасау кезіндегі таңдауын анықтайтын негізгі фактор болған.

Бағаның тауар құнынан жоғары немесе төмен қарай ауытқуларын анықтайтын факторлар өндірушінің өзіне, басшылары мен ұжымның қызметіне байланысты, ішкі және кәсі порынға тәуелді емес сыртқы факторлар болып екіге бөлінеді.

Ішкі факторлар:

- жарнама деңгейі (ол қаншама тартымды да ұтымды болса, өндіруші бағаны да соншалыкты көтере алады);

- өндірілген өнімнің ерекшелігі, (оның өңделу деңгейі қаншалықты жоғары, сапасы ерекше болса, бағасы да соншама жоғары болады);

- өндіріс процесінің ерекшеліктері (аз көлемде шығарылатын және жеке өндіріс өнімдерінің өзіндік құны және осыған сәйкес, бағасы да жоғары болады; жаппай өндірілетін тауарлардың шығыны салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, өнімдердің бағасы да онша жоғары болмайды);

-  өндірушінің нарықтық стратегиясы мен тактикасы (бір немесе бірнеше рынок сегменттеріне бағытталған);

-  өнімнің өмірлік кезеңдерінің ерекшеліктері;

-  өндірістік процестің жинақылығы;

-  тауардың өндірушіден түтынушыға дейін жетуінің ұзақтылығы;

-  сату және сатқаннан кейінгі кезеңде сервис қызметін ұйымдастыру;

- өндірушінің ішкі және сырткы нарықтардағы имиджі.

Бағаның құннан ауыткуына әсер ететін сыртқы факторлар:

- тауар өндірілетін ел мен кәсіпорын өнімдерін сататын елдердегі саяси тұрақтылық;

- еркін нарықта кандай да бір кажетті  ресурстардың (еңбек, материалдык, қаржылық) болмауы;

- мемлекет жүргізетін экономикалық саясаттың сипаты;

- инфляцияның деңгейі және динамикасы;

- нарык көлемі;

- әрекет етуші және болашактағы сатып алушылық сұраныстың көлемі мен ерекше белгілері;

- біртекті өнімді өндірушілер арасында бәсеке болуы және оның деңгейі

Айналымға қызмет көрсету сипаты бойынша бағаның келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:

-  сатып алу және сатудың көтерме сауда бағасы. Көтерме баға деп өндірушілер шығарған тауарларын басқа кәсіпорындарға, өткізуші ұйымдарға ірі партиямен сататын бағаны айтамыз;

-  сатып алу бағасы бойынша ауыл шаруашылык өндірушілері өз өнімдерін мемлекетке, кәсіпорындарға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға қайта өңдеу үшін сатады;

-  бөлшек сауда бағасы арқылы тауарлар жеке немесе үсақ са­тып алушыларға негізінен халықка өткізіледі;

-  смета құны – салынған құрылыска (ғимараттар, үйлер) төленетін баға;

-  халыққа көрсетілген қызметтердің бағалары мен тарифтері

-   тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықтар, туристік және қонақ үй, денсаулық сақтау, тұрмыстык қызмет көрсету қызметтеріне койылған бөлшек бағаның ерекше түрі.

Айналым саласында (көтерме — өткізуші бөлшек саудада) баға шегерімі мен баға үстемесі қолданылады. Жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар бағасы мен жеткізуші кәсіпорынның көтерме бағасы арасындағы жабдыктаушы-өткізуші үстемесі болады. Сатып алу және сатудың көтерме бағасы мен көтерме және бөлшек бағалар араларындағы айырмашылық сауда үстемесін (шегерімін) көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]