Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_alfavit.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.93 Кб
Скачать

Іріктеменің типтері және амалдары (процедура)

Ipiктeмe жоспары үш сұраққа жауап бepyi керек.

1.Ipiктeмe құрамын анықтау қажет. Ол үшін кімнен пікір сұрау қажет, соны анықтау керек. Бұл ipiктeмe бірлігі деп аталады. Зерттеуші қажетті ақпаратты табумен қатар ол ақпаратты кімнен алу керектігін де бiлyi керек, ягғни студенттерден бе, бизнесмендерден бе немесе тек әйелдерден бе?

2.Ipiктeмe мөлшерін немесе көлемін анықтау. Зерттеу жургізу үшін қанша адамнан пікір сұрау қажет? Бұл ipiктеме көлемі деп аталады. Ipiктеме мөлшері ұлғайған сайын алынған нәтижелер сенімдірек болады.

3.Іріктеме амалдары. Іріктеме мүшелерін қалай таңдауымыз керек? Ipiктеме pәciмдepi зерттеудің мақсаттарына және зерттеу де қолданылатын әдістерге байланысты.

Іріктеме - маркетингтік зерттеу үшін тұрғындардың бip бөлігін тандап алу. Жиынтықтың әpбip элементін жекелей зерттеп, толық сынақтан өткізуге болады ол — ценз шектелім деп аталады. Ал басқаша түpi - ол бүкіл жиынтықтың белгілі бip бөлігін ғана зерттеп, жалпы топқа қатысты қорытынды шығару. Зepттeyшi алдымен жиынтықтың құрамын белгілеп алу қажет. Ол жеке адамдардан немесе отбасынан тұра ма? Әлде оған кәсіпорындар, ұйымдар, сауда фирмалары, дүкендер кipyi керек пе? Мысалы, жеке адамдарды алатын болсақ зерттелетін объектілер тек 18-ден жоғары жастағы адамдар немесе тек ер адамдардан, әлде тек жоғары бiлiмi бар адамдардан тұруы мүмкін.

Іріктеме нeгiзi (база) деп ipіктeмe жасалатын элементтер тізімін айтады. Ол территориялық бірліктерден, ұйымдардан, тұлғалардан, және т.б. тұруы мүмкін.

Сонымен бipгe іріктеменің территориялық ауқымын да анықтау керек. Ауқым — ipiктeмe құралына ену шартын қанағаттандыратын топ элементтерінің пайыздық үлесі.

Ipiктeмe әдістерін кездейсоқ (ықтималды) және кедейсоқ емес (ықтималды емес) деп екі үлкен топқа бөлуге болады (37).

Кездейсоқ (ықтималды) ipiктeмeгe жиынтықтың әpбip мүшeci берілген нөлдік емес ықтималдықпен eнyi мүмкін. Кездейсоқ емес іріктемеде оның кез келген элементті еңгізу ықтималдығын бағалау мүмкін емес. Барлық кездейсоқ емес (детерминированные) іріктемелер жеке пікірлер мен талғамдарға негізделеді.

Бас жиынтық — берілген шарттарды қанағаттандыратын элементтер жиынтығы. Бұл жиынтық (популяция) белгілі параметрлермен сипатталады. Мысалы, зерттелетін бас жиынтық Алматы каласының барлық ересек тұрғындары болса, оны сипаттайтын параметрлер — жынысы, жасы, табыс

Бас жиынтық параметрлерін бағалауда - бағалау дәлелдігі түсінігі енгізіледі. Бағалау дәдігі дегеніміз  зерттеу нәтижелерінің қателік деңгейі. Ол сенімділік интервалы мөлшерімен анықталады. Егер миллиондаған доллар мен көптеген жұмыс орындарының тағдыры зерттеу корытындыларына байланысты болса, бағалау дәлдігі өте жоғары болуы тиіс.

Іріктеменің сенімділігі — бағалаудың нақты мәнге жуық болуы.

Студенттерге сауалнама жүргізу үшін кездейсоқ ipiктемесі құрамын былай анықтаймыз. Ол үшін университет студенттерінің тізімін жасап, олардың әрқайсысына номер беріп, солардың iшiнeн кездейсоқ ipiктey арқылы сауалдамаға қатысушыларды анықтаймыз.

Ықтималды ipiктeмe детерминалды ipiктeмeгe қарағанда репрезентативті деп есептеледі. Ықтималды ipiктeмeнің артықшылығы, ол іріктемелік зерттеудің мүмкін болатын қатесін нақты ықтималдықпен бағалауға мүмкіндік береді.

А. Кездейсоқ емес іріктеменің түрлері..

1.Еркін іріктеме — мұнда элементтер жоспарсыз стихиялық түрде тандалынады. Бұл әдіс өте қарапайым және шығынды аз қажет етеді. Мысалы, "Хабар" арнасы теледидар арқылы көрермендерден спирттік ішімдік пен шылым туралы тележарнамаларға тиым салу жөнінде өз ойларын білдіруін өтінеді. Көпшілік білдірген пікір басқаларынан басым деп түсіндіріледі.

Негізгі кемшілігі: дәл емес.

2.Әдейі ipіктемеде - зерттеуші ipiктeмe элементтерін мақсатқа сәйкес тағдайды. Мысалы, Президент сайлауының ықтимал жеңімпазы, зерттеушінің таңдап алған ұзақ мерзімді болжайтын адамдар тобынан пікір cұpay жургізу арқылы анықталады.

3.Квоталық іріктeде- ipiктeме элементтерінің үлесі зерттелеттін популяция үлесіне сәйкес келуi қажет. Мысалы, егер жоғары оқу орнының студенттерінің саны 10 мың адамнан тұрса, олардың 20%-ы 1-курста, 20%-ы 2-курста, 30%-ы З-курста және 30%-ы 4-курста оқиды. Егер біз 1000 студенттен сауалдама жүргізугді ұйғарсақ, онда әр курс бойыншa көрсетілген қатынасты сақтай отырып, студенттерді іріктеп аламыз.

4.Типтік іріктеме дегеніміз – мәліметтерді белгілі бір, типтік элементтерден жинау немесе халыктың белгілі бip категориясын зерттеу. Мысалы, сауалдамаға тек студенттер немесе зейнеткерлер, не жұмыс істемейтін әйелдер қатысуы керек.

Ә.Кездейсоқ ipiктeме.

1.Кездейсоқ ipiктeмeнің кең тараған түpi қарапайым кездейсоқ іріктеме. Мұнда жиынтықтың барлық элементтерінің зерттелетін ipiктeмeгe түсу мүмкіндігі бар. Мұндай іріктемеде таңдау лотереядағыдай кездейсоқ сандар көмегімен жургізіледі. Мақсаттық топтың әpбip тұтынушысы іріктеме мүшeci бола алады. Мысалы, зерттеу жургізу кезінде зерттеушінің қасынан өтетін кездейсоқ әpбip үшінші немесе бесінші адам сауалдамаға қатысуы мүмкін.

Іріктеме көрсеткіштерін бакылау үшін шағын гипотетикалық жиынтық негізінде бас жиынтықтың дисперсиясы, табыстың немесе басқа да көрсеткіштердің орташа мәні табылады.

Бас жиынтықтың дисперсиясын табу үшін көрсеткіштің орташа мәннен айырмасы квадраттарының қосындысы іріктеменің жалпы санына бөлінеді.Іріктеменің жалпы саны 30-ға, ал көрсеткіштің орташа мәнi 70-ке тең болса, жиынтық дисперсиясы былай табылады:

(30-70)2+(40-70)2+...+(80-70)2

30

2.Топтық ipiктeмe — адамдарды әр түрлi категорияға бөле іріктеп, содан соң әр топ ішінде қарапайым ipiктeмe жүргізілeдi.

Маркетингтік зерттеулерде жүйелі топтық іріктеме жиі кездеседі (37). Мысалы, сауалдама жургізу үшін 20 адамнан 5 элементті тандап алу керек. Ipiктeмe көлемі 20 элементтен тұрса, ipiктeлy үлeci 20/5_ = 4-ке тең болады, яғни төрт элементтің, ішінен бipeyi іріктеліп алынады. Сондықтан iріктeме аралығы 4-ке тең. Жалпы жағдайда оны кездейсоқ сандар кестесі арқылы табуға болады. Егер айқындама 1-ден басталса, кездейсоқ 1,5,9,13,17 элементтері таңдалып алынады. Жүйелі іріктемені қарапайым кездейсоқ ipiктемені қарағанда қалыптастыру оңай.

3.Іріктеу бірнеше рет қатарынан жургізілсе, яғни iріктеме бірлігі сауалдаманың кезеңділігіне қарамастан, тұрақты болып қалуын —көпсатылы немесе панельді тәсіл деп айтады.

4.Стратификацияланған іріктеме  бас жиынтықтың бірқатар қиылыспайтын бөлшектерге (қабаттар, стралар) бөліп, әр бөлшекте қарапайым кездейсоқ әрәктеме жүргізіледі. Мысалы, қоғамды таптарға, студенттерді білім aлy деңгейіне байланысты бакалаврлар мен магистрлерге бөлу. Бұл ipіктеме кездейсоқ ipiктeмeгe қарағанда, ipiктeмe дәлдігін қамтамасыз етеді.

Территориялық іріктеме бipлiгi ретінде территориялар (аудан, бөлімше) алынады. Басты жиынтық киылыспайтыны көп бөлімшелерге бөлінеді. Олардың әрқайсысында соқ ipiктeмe жүргізілед1і. Мысалы, тараздық отбасының шарап тұтыну мөлшерін бағалау кажет. Тараз қаласының барлық отбасыларының нақты санын анықтау қиын болғандықтан, таңдалғаи тұрғын кварталдарында кездейсоқ әдіспен үйлер, содан кейін отбасылар іріктелініп алынады. Іріктелінген отбасыларда шарапты тұтыну мөлшері анықталады және осы ipiктeмe көрсеткіші бүкіл жиынтыққа таратылады. Белгілі бip отбасының да ipiктeмeге кіру ықтималдығы, ipiктeлген кварталдардың, оларда таңдалған үйлердің ipiктeлген отбасылар үлестерінің көбейтіндісі ретінде анықталады. Мысалы, егер калада 20 мың отбасы тұратын болса, олардың 400-ін зерттеу қажет болса, сол кездегі таңдау үлесі: 400/20000x100%= 2% тең.

Іpiктeу мөлшері немесе көлемі. Ipiктey мөлшері неғурлым үлкен болса, зерттеу арқылы алынатын нәтижелер соғұрлым нақты және сенімдірек болады. Экономикалық зерттеулерде бүкіл тұрғындардың 1% қамтитын ipiктeyлep сенімді нәтижелер береді. Әлеуметтану зерттеулерінде ipiктey көлемін аныктаудың бipқaтap тәсідері бар.

1.Еркін тәсіл - «үлкен саусақ» ережесін қолдануға негізделген зерттеулердің нәтижесі дәл болу үшінipiктeмe бас жиынтықтың 5% ын құрауы керек. Бұл әдіс қарапайым, бірақ қымбат.

2.Қоғамдық пікірді зерттеу кезінде іріктеме әдетте 1000-1200 адамнан тұрады, өйткені тапсырыс беруші компания - осындай санды колдануды ұсынады. Бұл әдіс қымбат.

3.Зерттеулер бойынша 1 млн тұрғыны бар үлкен калаларда 500 адамнан пікір сұрау алу арқылы репрезентативті қорытындылар жасауңа болады. Кейбір жағдайларда Еуропалық зерттеу компаниялары осы тәсілді қолданады.

4.Іpiктeмe көлемін анықтаудын ен дұрыс әдісі сенімділік аралығын (интервалын) есептеу болып табылады.

Сенімділік аралағы (интервалы) - бұл белгілі бір сұраққа нақты жауаптардың нақты пайызы сәйкес болатын шеткі нүктелер өрісі. Бұл түciнік басты жиынтыкқтын зерттелетін орташа квадраттық ауытқуы тyciнiгiнe негізделген: ол ұлғайған сайын сенімді аралық кеңірек болуы тиіс. Маркетигтік зерттеулер жургізудегі 95 немесе 99 пайызға тең тиімділік аралығы стандартты болып есептелінеді.

Іріктеменің репрезентативтігі тек оның көлеміне ғанаемес, іріктеу амалымен де камтамасыз етіледі. Сауалдамаға қатысушылар оларды сұраудың ыңғайлылығына байланысты жиналған болса, онда іріктеме репрезентативті болмайды.

Халықаралық маркетингтің мәдени және этикалық мәселелері Маркетинг нақтылы жүзеге асыралу ісі, яғни ол істің маңыздылығы мен бағыты кәсіпорынның салалық сипатына, оның ұсынатын тауарларының пайдалану орнына (жеке Адам қажеті н/се өндіріс қажетін орындауына байланысты болады. Осыған сәйкес неше түрлі маркетинг салаларын айыруға болады:

Халықаралық маркетинг – кәіпорындардың сыртқы экономикалық әрекеттерінде қолданылатын маркетинг түрі. Халықаралық маркетинг маркетингтің сыртқы ортасын зеріттеуді, сыртқы нарықќқ шығу мүміндіктерін анықтауды, нақты нарықтарды таңдауды және оларға шығу әдістерін халықаралыќ маркетинг жоспарын өңдеуді болжайды. Сыртқы нарыққа шығу қажетті бірнеше факторлармен анықталады: ішкі нарықтағы бәсекелестік күрес сәтсіздікке ұшырау мүмкіндігі болғанда, ішкі нарыќтың таралуы шетелдік бәсекелесті өз жерінен шабуылдау мүмкіндігі шетел нарығында көптеген пайдаға жету мүмкіндігі өндіріс көлемін кеңейту мүмкіндігі болғанда және т.б.

Халықаралық маркетинг жоспарын жасап өңдеу негізінде маркетинг кешенін шетелдегі жергілікті жағдайға бейімдеу қажет.

Халықаралық маркетингтің ерекшеліктері және қоршаған ортасы Халықаралық маркетинг – кәіпорындардың сыртқы экономикалық әрекеттерінде қолданылатын маркетинг түрі. Халықаралық маркетинг маркетингтің сыртқы ортасын зеріттеуді, сыртқы нарықќқ шығу мүміндіктерін анықтауды, нақты нарықтарды таңдауды және оларға шығу әдістерін халықаралыќ маркетинг жоспарын өңдеуді болжайды. Сыртқы нарыққа шығу қажетті бірнеше факторлармен анықталады: ішкі нарықтағы бәсекелестік күрес сәтсіздікке ұшырау мүмкіндігі болғанда, ішкі нарыќтың таралуы шетелдік бәсекелесті өз жерінен шабуылдау мүмкіндігі шетел нарығында көптеген пайдаға жету мүмкіндігі өндіріс көлемін кеңейту мүмкіндігі болғанда және т.б.

Халықаралық маркетинг басты мақсаты – капитал нарығының талаптарына сәйкес қажетті бейімдеу, жағыдайын құру, нарықты зерттеу шараларын жүйесін қалыптастыру, бәсекелестік қабілеттілікті және пайданы жоғарлату жолын табу т.б.

Шетел нарықтарына шығу стратегиясы Фирма шетелде шетелде тауарды өткізумен айналысу үшін сол рынокқа шығудың тиімді тәсілін таңдауы қажет. Сыртқы рынокқа шығу стратегияларына: экспорт, бірлескен кәсіпкерлік, тікелей инвестициялау жатады.

Шетел рыногына шығудың ең оңай түрі экспорт болады. Фирма экспортты екі тәсілмен жүргізуі мүмкін:

Жанама экспорт тәуелсіз халықаралық маркетинг делдалдары арқылы жүргізіледі. Бұл экспорт тәсілі экспорт әрекетімен айналасуды жаңадан бастаған фирмалар арасында кең тараған. Себебі жанама экспорт шамалы ақша қаражатын талап етеді және аздаған қауіп-қатерімен сипатталады.

Тікелей экспорт тәсілінде экспорттық операцияларын фирма өз бетінше жүргізеді.

Отандық кәсіпорын және шетелдік фирма өндіріс және маркетинг мүмкіндіктерін біріктіреді. Нәтижесінде бірлескен өндіріс күштері құрылады. Бірлескен кәсіпкерліктің 4 түрі бар: лицензия алу, медігерлік өндіріс, келісім бойынша басқару және бірлескен кәсіпорын.

Тікелей инвестициялау. Шетелдік рыноктағы әрекеттерге қатысудың толық түрдегі формасы ретінде шетелде құрастырылған кәсіпорындар немесе өндіріс кәсіпорындарын ұйымдастыру болады.

SWOT және GAP талдауларын жүргізу әдістемелері Стратегиялық талдаудың кеңінен таралған түрлерінің бірі Swot-талдау болып табылады. Аталған талдауды жүргізу сапасы сыртқы қоршаған ортаның нақты факторларын талдап тексерудің деңгейіне байланысты, өйткені талдау үрдісінде табылған мүмкіндіктер мен қауіптер көбінесе біркелкісіз сипатта болады. Екінші кезеңде стратегиялық басқару объектісінің ресурстық потенциалын бағалау болжамдалады. Аймақтық туристік кешеннің дамуын стратегиялық басқару кезеңінде талдау табиғи, экономикалық, туристік, еңбектік, ақпараттық сияқты аймақтық ресурстарды, басқару құрылымының ресурстарын және туристік инфрақұрылымды бағалауға болжам жасалады.

Талдауды жүргізудің тағы бір әдісі GAP-талдау. GAP-талдау стратегиялық қарама-қайшылықтарды жоюға бағытталған стратегияларды дайындаудың негізі болып табылады. Мұндай талдау стратегияны іске асырудағы бағалауда қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]