Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_alfavit.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.93 Кб
Скачать

Тауарларды нарықта позициялау

Кәсіпорын мақсатты сегментті анықтағаннан кейін тауарды нарықта позициялау, яғни тауардың нарықтағы бәсекелестікке қабілетті жағдайын қамтамасыз ету туралы шешім қабылдауы тиіс. Тауарды позициялау – мақсатты сегменттерді табудың және нарық кеңістігінде тауарды оңтайлы орналастырудың қисынды жалғасы.

Тауарды нарықта позициялау дегеніміз – мақсатты тұтынушылар санасында дәл осы тауар бәсекелестер тауарларына қарағанда, өзіндік ерекше орны бар, фирма үшін тиімді болып келетін шаралар жиынтығы.

Бұл ұғым тұтынушылардың мақсатты топтары фирманың тауарларын қалайша қабылдайтындығын анықтайды.

Сегменттеудің осы кезеңінде мамандар алдында мынадай сұрақтар туындайды:

берілген сегментте әлуетті тұтынушылардың қажеттіліктерін есепке ала отырып, фирма өз тауарын нарықта қалай жайғастыруы керек?

таңдалған позицияны сақтап қалу үшін маркетингтің қандай іс-шараларын қолданған жөн?

Тауарды позициялау мынадай баламаларға негізделеді: (6, 210-бет).

тауардың айрықша сапасына;

тауардың тұтынушылар қойған мәселелерді шешуі немесе одан күтетін пайдасының болуы;

тауарды қолданудың ерекше тәсілі;

тауарды тұтынушылардың белгілі бір тобына бағытталуы;

бәсекелес маркіге қарағанда ерекшелігі.

Позициялау белгілі бір шарттардың дұрыс орындалуын талап етеді.

Итальян профессоры А. Фолио тауарды позициялаудың мынадай

маңызды шарттарын бөліп көрсетеді:

Бәсекелестер мен олардың тауарларын білу. Мамандар бәсекелес фирмалардың тауарларының нарықта қалай позицияланғанын, оларды тұтынушылар қалай қабылдайтынын анықтауы қажет. Егер нарықты бәсекелестер толығымен жаулап алса, онда осы бәсекелестердің әлсіз жағын табу керек.

Тұтынушылар күткен және олардың қажеттіліктеріне сәйкес ойдағыдай (идеальный) өнім. Фирма өнімі бәсекелестердің тауарынан ерекшеленуі керек. Мысалы, Toshiba, IBM, Apple компаниялары бір-бірінен ерекшеленетін дербес компьютерлер шығарады. Бұл өнімдердің әрқайсысы тұтынушы сапасынан лайықты орнын алған. Яғни, тұтынушы санасында тауар қандай орын алғанын зерттей отырып, оны нарықта тиімді түрде жайғастыруға болады. Бұған тауарлар сапасы мен маркінің имиджін зерттеу арқылы жетуге болады.

Фирманың тауарды нарықта позициялауын анықтап, оны сенімді дәлелдермен негіздеу. Компания өз өнімін тауардың негізгі бір немесе бірнеше ерекшеленетін қасиеттері бойынша нарықта жайғастыра алады. Қалаған позицияны белгілеген соң, оны мақсатты тұтынушылар санасына жеткізіп, олардың таңдауының дұрыс екендігіне шүбәсіз сендіру керек. Мысалы, автомобиль нарығында Scoda мен Subaru үнемді (экономды) автомобиль ретінде айқындалды, Mercedes – беделді (престижді), ал Porshe мен BMW өте жақсы эксплуатациялық қасиеттері бар автомобильдер ретінде танылды. Таңдалатын позицияның тиімділігін бағалап, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалған нарықтық тауашалар анықталуы тиіс.

типовые

1.Тауар және оның жіктелуі

Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар қысқа мерзімде

және ұзақ мерзімді қолданатын тауарлар деп бөлінеді. Қысқа мерзімдегі тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады. Оған матиралдық бұйымдарды ( сабын, нан, сыра, т.б.) жатқызуға болады. Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына (тоңазытқыш, автомобиль, кір жуғыш машиналар т.б.) қолданылады.

Түпкі тұтынылуына байланысты тауарлар тұтыну тауарлары және өңдіріске арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі тұтынудың қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады. Олар – күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және пассивті (бәсең) сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді.Күнделікті сұраныстағы тауарлар – бұл тұтынушылар ойланбай–ақ, әрі еш қиындықсыз, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер. Оларға нан, сабын, тіс пастасы сияқты тауарлады жатқызуға болады. Әдетте бұл тауарлар арзан әрі оларды күнделікті сатып алуға болады. Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сұранымдағы тауарларға қарағанда жие сатып алынбайды, тұтынушы тауарды таңдау және сатып алу процесінде олардың безеңдерілуіне басты назар адарып, қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра қарайды. Мұндай тауарларға жиһаздар, киімдер, электроника түрлері және т.б. жатады. Ерекше сұраныстағы тауарлар аса сирек сипатқа ие және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш жұмсайды. Оларға кейбір автомобиль маркалары, электрондық. Электрлі – тұрмыстық техникалар жатады. Ал пассивті сұранымдағы тауарлар – тұтынушы білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар (жаңа еңгізулер, сақтандыру түрлері, күзет жүйесі және т.б.)

Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар – кейін қайта өндеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, яғни, шикізат, материалдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер және т.б. заттар.

Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай–ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы. Мысалы, «ФудМастер» компаниясы әрқайсысы өзіндік маркетинг стратегиясын талап ететін сүт өнімдерінің ассортиментін ( әр алуан тауар жинағын ) өндіреді.

2.Тауар саясаты дегеніміз?

Тауар саясаты дегеніміз – тауар ассортиментің қалыптастыпу бойынша олардың жаңа, сапа және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өмірлік циклін талдау, тауарлық белгілерді пайдалану, буып – түю, орау, таңбалау және сервистік ұызмет көрсету бойынша шешім қабылдауды қажет ететін фирманың көп факторлы қызмет көрсету аумағы.(18-сурет)

Тауар стратегиясы – тауар өндірісінің ресурстық мүмкіндіктері мен нарықтық конъектура жағдайына сай болашақта даму бағытын анықтайтын құрал.

Фирма өндіретін тауарлар түрінің ұйымдастыру саласына: оның сапасы, қызметі, сыртқы түрі, таңбалануы, буып-түю, оралау және сервисі жатады.

Егер өнім сапасы оны жасайтын материал құрамы, мөлшері, дәмі сияқты физикалық және химиялық құрамдарының қасиеттеріне байланысты болса, оның сыртқы түріне әр түрлі геометриялық фигуралар жиынтығынан (комбинациясынан) тұратын түрі, түсі, дизайны әсер етеді.

Сапа - бұл тұтынушы сұранысы мен қажеттілігіне жауап беретін тауардың қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы.

Өнім сапасының мынадай негізгі көрсеткіштері бар:

Функционалдық сәйкестік. Бұл тауардың өзіндік базалық функциясын орындай алу қабілеттілігі.

Нормативтік сәйкестік, яғни тауардың стандарттар мен нормаларға сәйкес келуі.

Тауардың сенімділігі. Оның берілген мерзімде ақаусыз және сыңбай жұмыс істеуі.

Тауарды ұзақ мерзімді пайдалану мерзімі. Ол – тауар қызмет ету мерзімінің тиімділігі.

Сервис – тауардың сатуға дейінгі және сатылғаннан кейінгі қызмет тиімділігі мен жылдамдығы.

Өнімнің эстетикалық қасиеттері: дизайны, түрі, түсі, дәмі және т.б.

Тауар имеджі.

Тауар спасын көтеру бұрын өндірген өнімдердің ескеруіне әкеліп соғады. Кейбір жағдайда өндірушілер тауарды жасанды түрде ескіртеді. Мысалы, шұлық бұйымдары мен электр лампаларын өндірушілер өз тауарлары тез айналымда болуы үшін олардың сапасын әдей төмендету мүмкін.

Тауар сапасы, көбінесе « өнім өзегіне», яғни, оның физикалық және химиялық қасиеттеріне, дайындалған материалдар құрамына, салмағына, дәміне, иісіне, икемділігіне, құрастырылуына, қуаттылығына, өнімділігіне байланысты болады. Өнімнің қызметі көбінесе оның белгілеуімен байланыстырылып түсіндіріледі.

Өнімнің Сыртқы түрі тұтынушының тауарды сатып алуына әсер ететін маңызды фактор болып саналады. Ол өнім түрінің, түсінің дизайнының, мқлшері мен буып-түюінің сәтті қисындастыруына байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]