Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_alfavit.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.93 Кб
Скачать

Ақпаратты өлшеу сенімділігі және қателерді талдау

Өлшеу дereнiмiз - зерттеу максатына кажетті белгілі сипаттағы сандық мөлшерді анықтау. Субъективті қасиеттерге (талгам, әдет, т.б) қарағанда, объективті қасиеттер (адамдардың жасы, табысы, саны) өлшеу оңай болып келеді. Бұл қасиеттерді бағалау үшін оларды белгілі бір жүйесіне, өлшем шкаласына ауыстыру керек. Адамдардың белгілі бip тауарға қатынасын қалай өлшеуге болады. Өлшем шкалаларының мынадай түрлері бар (9, 172-б.):

1.Номиналды шкала. Обьектілерді айқындау үшін оларға сандық мән беріледі.(мысалы, әлеуметтік сақтандыру коды). Зерттеулер жургізгенде ерлерге - 1, ал, әйелдерге - 2деген код бepілyi мүмкін.

2.Сипаттама шкаласы - «иә» немесе «жоқ», «келісемін» немесе «келіспеймін» деген жауаптарды пайдалану.

3.Атаулар шкаласы — сандық сипаттамалар берілмейді, тек атаулар ғана пайдаланылады. Мысалы: «Сіз тұрмыстық техниканың қандай маркасын жиі сатып аласыз: «Sony» әлде «Philips», жене т.б.

4.Тізбек шкаласы. Тібек – объектінің мөлшерлемесін сипаттайды: мөлшер белгілі бip нәрседен «үлкен», «кіші» және онымен «бірдей» болуы мүмкін. Мысалы. «Рамстор» гипермаркетіндегі бағалар туралы ойыңыз қандай?

а) олар баска супермаркеттермен салыстырғанда жоғары

б) олар баска супермаркеттермен салыстырғанда төмен

в) олар баска супермаркеттердің бағасымен бірдей.

5.Интервалды шкала - шкаланың жеке градациялары арасында белгілі бip аралық белгіленеді. Шкала біркелкі сипатта деп есептелінеді. Мысалы, әpбip автомобиль маркаларының оның сапасын бағалау үшін 1 мен 2 арлығындағы сандарды қолдануға болады.

6.Қатынастар шкаласы – нөлдік нүктесі бар шкала. Мысалы соңғы ай ішінде «Рамстордан» қанша мәрте тауар сатып алдығыз? Жауаптар шкаласы: 0 ден 5-ке дейін, 5-тен 10-дейін болуы мүмкін. Сатып алулардың көп екендігін көрсету қажет.

7.Лайкерт шкаласы (сомалау арқылы бағалау әдісі) -обьектіге қатысты сезімдердің қарқындылығын көрсетуге мүмкіндік беретін, кеңінен қолданылатын әдістеме. Мұндай жағдайда бағалау мынадай ұйғарымдарды пайдаланып, 5 балды жүйемен жүргізіледі, ол: 5 — толығымен келісемін, 4 — келісемін, 3 - бейтараппын, 2 - келіспеймін, 1 - толығымен келіспеймін деген жауаптардан тұрады. Жауаптың жиынтық мөлшері қатысушыға әрбір ұйағрымы үшін алған баллдар жиынтығымен есептеледі. Салыстыру үшін іріктеме қатысушылары жиынтығының орташа стандартты мәні белгіленеді. Содан соң корытынды шкалада сұрактардың қайсысы жоғары және төмен баллдар арасында екендігін білу үшін жауаптарға баға беріледі. Бұл әдісті сауалнама құрастырғанда мәнді сұрактарды таңдау үшін пайдалануға болады.

Сұрақтарды жасау барысында керек өлшемді өлшеу үшін Лайкерт шкаласы сияқты дайын стандартты шкалалар түрлерін пайдаланған тиімді.

Таңдалған өлшем шкаласы сауалнаманың ақпараттық сипатын айқындап, статитикалық талдаудың қандай түрін зерттеуде пайдалану керектігін анықтайды.

Пікір cұpay жүpгiзгeндe белгілі бip қателер болуы мүмкін:

а) сауалдар күмәнді болса, жургізу уақыты дұрыс таңдалмаса, респонденттер пiкip сұраудан бас тартуы мүмкін;

б)кейбіреулер өтірік жауап беруі мүмкін. Сондықтан зерттеуші жауаптардың нақты және дұрыс болуына ықпал етуі керек.

Ақпаратты жинау кезінде кездейсоқ және кездейсоқ емес кателер болуы мумкін. Кездейсоқ қателер ipiктеменің кемшіліктері сауалнамаларға берілген жауаптардың қателері респонденттердің жалған жауаптары сияқты факторлар нәтижесінде пайда болады.

Кездейсоқ емес қателер  ол: 1)респонденттер тугелдей жауап бермеген кездегі қателер; 2)мәліметтерді алудағы қателіктері; 3)мәліметтерді алудағы қателер; 4) мәліметтерді талдау қателіктері; 5)мәлiмeттepдi түсіндіру қателіктері.

Кездейсоқ қателерге қарағанда, кездейсоқ емес қателер өлшенеді. Сондықтан олардың алдын алуға болады.

Сонымен бipre қателер былай бөлінуі мүмкін: мәліметтер жинаушының және респонденттердің қатесі. Мәлімет жинаушының қатесі көзделген және көзделмеген болуы мүмкін. Көзделген қателер – мәліметтерді жинау талаптарын әдейі бұзу. Мысалы, сұраушының сауалнаманы өзі толтыра салуы, белгілі бip мақсаттарға керекті бip жауаптарды алу үшін респонденттерге кейбір сөздерді және интонацияны қолданып әсер етуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]