Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖКТ СТАНЦИЯ 7 КАЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
123.9 Кб
Скачать

Нұсқа 2 (оеі ож пилоростеноз) Станцияда студент үшін тапсырма

Науқас Иванов С.В., 45 жаста қабылдау бөліміне эпигастрии аймағындағы ауырсынуға шағымданып түсті, мезгіл-мезгіл құсуына, арықтауына, ішінің кебуіне шағыданады.

Тапсырма:

1.Науқастан сұраңыз

  • Шағымдарын нақтылаңыз

  • Ауру анамнезін жинаңыз;

  • Науқастың жағдайын (проблема) анықтаңыз. (ПВБ)

1.Анамнез жинау және коммуникативті дағдылар

  • Сөйлемей көрсету назар белгілерін қолдану

  • науқас шағымдарын детализациялау

  • ауру тарихын жинау

  • Алғашқы диагнозды атаңыз ( ОЕІ ОЖ, пилоростеноз)

2. Берілген суреттердің ішінен он екі елі ішектің ойық жарасындағы зерттеу нәтижесін таңдады (сурет №2).

3. Он екі ішектің ойық жарасына тән негізгі сәулелік симптомдарды (тікелей белгілерді) атады және оларды суреттен көрсетті

- ниша,

- қабынулық шектелу (вал),

- қатпарлардың конвергенциясы.

4. Он екі елі ішектің бөліктерін атап берді (Анатомия 2):

  • Жоғарғы бөлігі

  • Төмендеген бөлігі

  • Горизонталды бөлігі

  • Өрлемелі бөлігі

5. Он екі елі ішектің скелетотопиясын атады:

  • Жоғарғы бөлігі 1 бел омыртқасының денесіне сай келеді

  • Төмендеген бөлімі 2-3 бел омыртқасының деңгейінде орналасады

  • Қалған бөліктері 3 кейде 4-5 бел омыртқасының деңгейіне сай келеді

Стандартталған науқасқа арналған инструкция

Иванов Сергей Владимирович.

Сіз 45 жастасыз.

Ауырсыну эпигастралды аймақта орналасқан.

Ауырсыну мінезі басып-бүріп, күйдіріп ауырады.

Ауырсыну интенсивтілігі анық.

Ауырсыну оң жақа беріледі.

Ауырсыну тұрақты емес, негізгі ауырсыну тағам қабылдаған соң 3-4 сағаттан кейде немесе түнде аш қарынға пайда болады.

Тәбеті қалыпты.

Мезгіл-мезгіл жүрегіңіз айниды және қыжыл болады.

Жақында болғандай жеңілдік беретін, тағам қоспасымен бірге қышқылмен құсық,бір айдан бері мазалап жүр

Сіз өзіңізді бір жылдан бері аурумын деп санайсыз.

Емдәмді бұзудан кейін нашарлау пайда болды (ащы тағамнан). Тамақтануыңыз тұрақты емес, құрғақ күйінде.

Ауырсынуды басу үшін «Алмагельды» мезгіл-мезгіл қабылдайсыз.

Жағдайының нашарлауы жылдың көктем-күз мезгілінде байқалады.

Осы уақытқа дейін медициналық көмекке жүгінген жоқсыз.

Нұсқа 3 (Соз. Холецистит)

Науқас Искакова М.Т., 60 жаста, оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, жалпы әлсіздікке, аққабықтың сарғыштығына, ашушаңдылыққа, метеоризмге шағымданып түсті.

1. Шағымдар туралы сурақтар жүргізіңіз, ауру тарихын жинаңыз - науқастың жағдайын анықтаңыз. (іап) Экзаменатор үшін мәліметтер

1.Өтініш, студентті бақылаңыз және бағалаңыз (іап)

  • Анамнез жинау және коммуникативті дағдылар;

  • Сөйлемей көрсету назар белгілерін қолдану

  • науқас шағымдарын детализациялау;

  • ауру тарихын жинау.

2. Берілген суреттердің ішінен холециститте қолданылатын зерттеу әдісін (УЗИ) таңдады (сурет №3 -эхограмма).

3. Холециститке тән негізгі сәулелідыбыстық белгілерді атады және оларды эхограммада көрсетті;

- өт қабы қабырғасының қалыңдауы және инфильтрациясы

- өт қабы қуысының кеңеюі

- өттің біртектес еместігі

- конкременттер.

4.Өт қабының скелетотопиясын көрсетті және атады (Анатомия 2)

Алдыңғы құрсақ қабырғасында IХ—X оң жақ қабырға шеміршегінің қосылу деңгейінде орналасады

5.Өт қабының синтопиясын көрсетті және атады

  • Жоғарыдан - бауыр

  • Оң жағынан – тоқ ішектің оң жақ бауырлық иілімі және он екі елі ішектің алғашқы бөлігі

  • Сол жағынан – асқазанның пилорикалық бөлігі