
- •Лекция Тақырып: Бетон құрылымының қалыптасуы Жоспар
- •Лекция Тақырып: Бетон толтырғыштары Жоспар
- •Лекция Тақырып: Бетонға қажетті материалдар Жоспар
- •Темір бетонт конструкцияларын өндіруде ерекше жағдайда қолданады.
- •Тақырып: Бетондардың жіктелу белгілері, олардың пайдалану ерекшеліктері. Жоспар
- •Лекция Тақырып: Бетонның қату процесіндегі және пайдалану кезіндегі көлемдік деформациясы, оның бетон қасиеттерінің қалыптасу ролі.
- •Бетонды пайдаланудың (бетон технологиясының) даму кезеңдері.
Лекция Тақырып: Бетонға қажетті материалдар Жоспар
Тұтқыр заттар. Олардың түрлері, пайдалану ерекшеліктері, тиімділігі.
Портландцемент еректеліктері.
Шлактыпортландцемент ерекшеліктері.
Пуццоланды портландцемент ерекшеліктері.
Сульфатқа төзімді цемент ерекшеліктері.
Глинеземды ПЦ ерекшеліктері, рөлі.
Пайдалануы ерекшеліктеріне байланысты қойылатын талаптарды қанағаттандыратын сапалы бетонға қол жеткізуге болады, егер төмендегі сұрақтар дұрыс шешілсе:
қажетті материалдарды технико-экономикалық тұрғыдан дұрыс таңдау;
бетонның құрамын дұрыс, нақты анықтау;
қабылданған технологиялық процесстерге сәйкес және климаттық ерекшеліктерді ескеріп, қажетті беріктікке қол жеткізу үшін, бетонның қату процесін дұрыс ұйымдастыру.
Аталған сұрақтар талапқа сай орындалмаған жағдайда бетон сапасының жоғары болатынына кепілдік беруге болмайды.
Қажетті материалдан: тұтқыр заттар, толтырғыштар, әр түрлі қоспалар.
Тұтқыр заттар (вяжущие вещества)
Құрылыс саласында бетон және темірбетонды қолдануда негізгі тұтқыр зат бейорганикалық байланыстырғыш заттар.
Бұл заттардың пайдалану негізі - олардың сумен қатынаста болуынан сұйық ерітіндінің араласпаның, қою түрінен тас түріне айналуы.
Осының нәтижесінде бетонның беріктігі артып, оның техникалық қасиеттері қалыптасады.
Бейорганикалық тұтқыр заттардың сулы (ылғалды) жағдайда және ауада қатаятын түрлері болады (гидровлические, воздушные).
Портландцемент
Клинкер алудағы шикізат құрамы: СаСО3 75-78%.
CaO + Al2O3+Fe2O3 25-22%
Клинкердің негізгі минералдары:
3СaO·SiO2 (C3S); 37-60%
2СaO·SiO2 (C2S); 15-37%
3СaO·Al2O3 (C3A); 5-15%
4СaO·Al2O3 Fe2O3 (4CAF); 10-18%
Бос СаО мөлшері ≤0,15%
Клинкер минералдарының ерекшеліктері:
C3S – жоғары болуы қату процесінің жылдам болуымен, түпкі беріктігінің жоғарылығымен ерекшелінеді. Цементтің бұл түрі алитті цемент деп аталады.
C2S (белитті цемент) – бастапқы қатуы баяу, түпкі беріктігі орта.
C3A – тез қатып, беріктігі төмен болады.
4CAF – орта қасиетімен сипатталады.
ПЦ-тің қоспаменен және қоспасыз таза клинкерлік түрлері болады.
ПЦ-тің жалпы 60% қоспамен шығарылады.
Қоспасыз ПЦ-ті алдын-ала кернелген конструкцияларды және конструкциялардың ерекше пайдалану жағдайында қолдану тиімді.
Шлакты портланцемент (ШПЦ)
ШПЦ – портландцемент клинкеріне 30-60% шлак қосып ұнтақтау арқылы алынады.
ШПЦ – ПЦ-пен салыстырғандағы ерекшеліктері:
ұстасуы баяу (басталуы 4-5сағ, аяқталуы 10-12сағ);
бастапқы 7-10 тәулікте беріктігінің баяу өсуі;
минералды суларға шыдамды (сульфаттар, теңіз суы);
жылу бөлуі төмен;
жылумен өңдегенде қату процесі жылдамдайды, яғни тиімді;
ПЦ-мен салыстырғанда бетонды бумен өңдеу тиімді.
ШПЦ қолданылуы:
маркасы 300-ден кем болмағанда әр түрлі ТББ өндіруде қолдануға болады;
агрессиялық фактор жағдайында қолдану пайдалы;
Пуццоланды портландцемент (ППЦ)
ППЦ – портланцемент клинкеріне белсенді минералды қоспаларды қосып ұнтақтау арқылы алады (трепел, опока, диатомит–20-30%)
ППЦ ерекшелігі
бастапқы қатуы төмен;
теңіз және минералды суларға төзімді;
сульфат агрессиясына төзімді;
ылғалды жағдайда қатуы жақсарады;
жылу бөлуі төмен;
шөгуі жоғары.
ППЦ қолдануы:
Бетонның ылғалды жағдайда қатуын қамтамасыз етіп, оның физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімділігін жақсарту үшін ППЦ қолдану орынды.
Мысалы:
гидротехникалық сооружениелердің теңіз және жұмсақ сулардың әсер еті жағдайында;
канализациялық су жүйесінің құрылысында;
тонелдер мен жер асты құрылысында.
Тез қататаны портландцемент (ТҚПЦ)
Клинкердің құрамына С3S>50% болып (С3АS+С3А) қосындысы 60%-дан кем болмауы керек.
Ерекшеліктері: - ұнтақтау дәрежесі >3500см2/г.
- қатуы 3 тәулікте 250кг/см2, 28 тәулікте 500кг/см2.