
- •Лекция Тақырып: Бетон құрылымының қалыптасуы Жоспар
- •Лекция Тақырып: Бетон толтырғыштары Жоспар
- •Лекция Тақырып: Бетонға қажетті материалдар Жоспар
- •Темір бетонт конструкцияларын өндіруде ерекше жағдайда қолданады.
- •Тақырып: Бетондардың жіктелу белгілері, олардың пайдалану ерекшеліктері. Жоспар
- •Лекция Тақырып: Бетонның қату процесіндегі және пайдалану кезіндегі көлемдік деформациясы, оның бетон қасиеттерінің қалыптасу ролі.
- •Бетонды пайдаланудың (бетон технологиясының) даму кезеңдері.
Лекция №
Тақырып: Бетон араласпасының құрылымы, реологиялық
қасиеті.
Жоспар
Бетон араласпасының бастапқы құрылымдық беріктігі.
Бетон араласпасының реалогиялық қасиеті, оның сыртқы күштің әсерінен өзгеруі.
Қату процесіндегі цемент түйіршіктерінің коллойдты қабыршықтардың пайда болуы, олардың ролі.
Сыртқы күштің әсерінен жайғасымдылықты жақсарту себептері, оған толтырғыштардың әсері.
Сыртқы күштің әсерінен бетон араласпасының реалогиялық қасиеттерінің өзгеруі.
Бетон араласпасы – құрамында цемент, толтырғыштар, су және кейде қоспалар бар технологиялық талаптарды қанағаттандыратын көп компонентті, полидисперсті күрделі жүйе.
Ішкі әртүрлі өзара байланыс күштердің әсерінен бетон араласпасы өзінің алғашқы құрылымдық беріктігімен ерекшеленеді.
Ішкі байланыс күштерінің негізгі молекулалық байланыс күші компоненттердің өзара үйкеліс күші және толтырғыш қуыстарындағы судың беттік тарту күші.
Бетон араласпасы өзінің қасиеттері бойынша қатты заттармен қоюланған сұйық заттар арасында жатады.
Қатты заттардан айырмашылығы – серпімділігі, деформациясы жоқ, яғни аз ғана сыртқы күштің әсерінен құрылымдық беріктігінен айырылады.
Нағыз сұйық заттардан айырмашылығы – алғашқы құрылымдық беріктігінің болуы.
Бетон араласпасының қасиеттері, дайындау, қату барысында оның өзгеруі қатты және сұйық фазалардың өзара байланыс күштерінің түрімен, мөлшерімен анықталады.
Осы өзара байланыс күштің әртүрлі физикалық табиғаты және ол бөдшектердің ірілігіне сұйық фазаның байланыстылығын (вязкость) деңгейіне және беттік тартылыс күшіне байланысты.
Бетон араласпасының сыртқы қозғау күшінің әсерінен құрылымдық беріктігінің, деформациялану жылдамдығының, жабысқақтығының өзгеру графигі.
Мұндағы: І – бастапқы құрылымдық беріктік бұзылмаған, жабысқақтығы жоғары.
ІІ – сыртқы қозғау күшінің әсерінен деформациялану күрт көтеріліп, жабысқақтық төмендейді.
ІІІ – құрылымдық беріктік толық күйреп, деформациялану онан әрі жалғасады, араласпа ағымдық жағдайға жетеді.
η – жабысқақтық (вязкость);
τ – қозғау күші;
–
деформацияның
өзгеру жылдамдығы.
Бетон араласпасын толық тығыздау үшін сыртқы жылжыту күші – құрылымдық беріктікті толық күйретіліп және бетон араласпасын ағымдылық күйде ұстап тұруға қажет сыртқы күштен тұрады.
Компоненттерді араластыру кезінде пайда болған коллойдты қабыршық (оболочка) (Ц+В) толтырғыштардың бетіне орналасып екі түрлі роль атқарады:
бір жағынан байланыстырғыштық әсерінен құрылымдық күшті пайда болдырады, жүйені тұрақты етеді.
екінші жағынан компоненттер арасында майлағыштық роль атқарады.
Толтырғыштар мен цемент қамырының өзара көлемдік мөлшеріне байланысты бетон араласпасының төмендегі құрылымдық түрлері болады:
І – толтырғыштар бір-біріне біраз қашықта олардың бетон араласпасына әсері өте төмен.
ІІ – толтырғыштар бір-біріне жақын орналасып, бетон араласпасының құрылымдық беріктігі ерітіндінің цементтік байланыстырғыш күшімен анықталады.
ІІІ – толтырғыштар бір-біріне өте тығыз орналасқан, толтырғыштар арасындағы қуыстар толық ерітіндімен толмаған.
Құрылымдық беріктік толтырғыштар қаңқасының байланыстылығымен анықталады.
Аталған құрылымдардың бетон араласпасының беріктігіне реалогиялық қасиеттеріне тиетін әсері әр түрлі.
Бетон араласпасының құрылымы дайндалғаннан кейін жайғастыру, тығыздау барысында өзгерістерге ұшырайды, жіктелу орын алады.
Бетон араласпасын дайындағанда, жайғастырғанда, тығыздағанда әртүрлі сыртқы күштердің әсерінен бетон араласпасында құрылымдық өзгерістер орын алады.
байланыстылығы төмендейді;
құрылымдық беріктігі күйрейді;
Сыртқы күштің әсер етуі тоқтағанда құрылымдық беріктік қайта орнына келеді. Осы қасиетті тиксотропия дейді.
Сыртқы күштің әсерінен бетон араласпасының жақсаруы құрылымдық беріктіктің күйреуімен және толтырғыштар арасындағы үйкеліс күштің азаюынан болады.
Үйкеліс күштің азаюы толтырғыштардың бетіне және формасына байланысты.
Бақылау сұрақтары
Бетон араласпасында алғашқы құрылымдық беріктіктің пайда болуы.
Бетон араласпасының қатты заттардан және нағыз сұйық заттардан айырмашылығы.
Бетон араласпасының сыртқы күштің әсерінен реалогиялық қасиеттерінің өзгеру схемасы.
Цементтің қату процесінде коллойдты қабыршақтардың пайда болып қату процестерінде өзгеруі.
Бетонның қату процесінің біртіндеп баяулануы және тоқталу себептері.
Бетон араласпасы құрылымының түрлері және олардың ерекшеліктері.
Лекция
Тақырып: Бетон араласпасының түрлері және оның қасиеттеріне
әсер ететін факторлар
Жоспар
Бетон араласпасына қойылатын талаптар.
Бетон араласпасының түрлері және олардың ерекшеліктері.
Бетон араласпасының жайғасымдылығын бағалау әдістері.
Бетон араласпасына байланысты ерекшеліктерін ескеру.
Бетон араласпасына әсер ететін факторлар.
Бетон араласпасын пайдалануда, технологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланатын материалдардың түріне қарамай төмендегі талаптарға сәйкес болуы шарт:
дайындау, тасымалдау, тығыздау (қалыптау) барысында құрамының бірқалыптылығының сақталуы ыңғайлы (однородностьструктурный);
жайғасымдылығының технологиялық талаптарға сәйкестігі;
қабылданған қату әдісіне сәйкес тиісті мерзімде есептеулі беріктікті қамтамасыз ету.
Бетон араласпасының пайдалану ерекшелігіне, технологиялық талаптарға, конструкцияның (бұйымның) түріне қарай екі топқа бөлуге болады:
Жылжымалы (қозғалымды) араласпа (подвижная смесь) – араластырғанда жеңіл араласады, қалыптауда (тығыздауда) өз салмағымен тығыздалады және аз мөлшерде сыртқы қозғау күшті қажет етеді.
Ерекшелігі: толтырғыштардың біртұтас цемент ерітіндісіне қоймалды (вязкий) жүзіп жүргендей жағдайда (плавующее положение) болуы цемент ерітіндісіне бетон араласпасын бөлінуден (расслоениенден) сақтайды.
Қатаң араласпа (жесткие смеси) ерекшелігі – толтырғыштар бір-біріне жақын орналасып, оның құрылымдық беріктігі қою цемент ерітіндісінің байланыстырғыштығымен қамтамасыз етіледі.
Жылжымалы (қозғалымды) бетон араласпасының өлшемі стандартты конустың шөгуімен белгіленеді (ОК). Стандартты конус (30x20x10)см.
Қатаң бетон араласпасының өлшемі стандартты бетон араласпасының техникалық визкозиметрде жайғасуына кеткен уақытпен (сек) өлшенеді.
Қатаңдықты Б.Скрамтаевтың жеңілдетілген әдісіменде анықтауға болады.
Қатаң бетон араласпасының артықшылықтары:
бетон тығыздығының артуы;
қажетті беріктік тұрақты болғанда цементтің азаюы;
бетон тығыздығының артуымен аязға төзімділіктің, су оқшауландырғыштың жақсаруы;
қату мерзімінің қалыпты жағдайда азайуы;
жылумен өңдеуде (термоөңдеу) қату мерзімінің қысқаруы;
тығыздағаннан кейін бұйымды жылдам қалыптан босату мүмкіндігі (немедленная распалубка).
Қатаң бетонды қолдану кейбір технологиялық процестерді күрделендіреді:
тығыздау мерзімінің ұзаруынан энергия шығынының көбеюі;
қондырғылардың излосқа байланысты шығынының артуы;
араласпаны дайындауда, тығыздауда сапаны бақылау процеснің қиындауы.
Бетон араласпасы көп компонентті күрделі жүйе болғандықтан оның қасиеттеріне (құрылымының біркелкігіне, жайғасымдылығына) реалогиялық көрсеткіштеріне көптеген факторлар әсер етеді.
Олар:
- бастапқы судың көлемі;
- цементтің шығыны;
- пластификаторлық қоспалар;
- толтырғыштардың ерекшеліктері (түрі, ірілігі, су сорғыштығы);
- вибрациялық өңдеу;
- климаттық жағдай (ыстық-құрғақ);
- араласпаны дайындағаннан бастап оны қалыпқа құюға кететін уақыт.
Бастапқы судың ролі (әсері)
Бетон араласпасын дайындауға қажет су бетон араласпасының реалогиялық қасиеттеріне әсер ететін негізгі факторлар.
Араласпадағы бос физикалық, физика-химиялық су оның құрылымының қалыптасуы тасымалдауда, тығыздауда, қатуда әсер етеді.
Бетон араласпасын араластырудан бастап су көлемі әртүрлі себептерден азайып оның әсер етуіде өзгереді.
Су көлемінің көбейюі төмендегі жағдайларға әкеледі:
қатты компоненттердің бетіндегі су қабаты қалыңдығы көбейіп молекулалық байланыс күші төмендейді;
цементтің байланыстырғыштығы әлсірейді;
бетон араласпасының құрылымдық беріктігі әлсірейді.
Осылардың нәтижесінде араласпа массасында ауыр қатты толтырғыштар шөгіп бос суды ығыстырады, бөлінеді. Осыған байланысты бетон араласпасының судың бөлінуіне қарсылық етуін, оның су ұстағыштық қабілеті деп атайды.
Су көлемінің көбеюі бетон араласпасының су ұстағыштық қабілтінің артуына, құрамындағы толтырғыштардың бөлінеуіне әселеді.
Алдымен ірі толтырғыштар, біртіндеп майда толтырғыштар шөгіп артық суды ығыстырады.
Осының нәтижесінде су толтырғыштарды айналып өтіп қатынасты каналдардың (капиллярлардың) пайда болуына әкеледі.
Толтырғыштардың алғашқы шөгуінен судың ығыстырылып бетіне шығуы уақыт өте көзге көрінбейтін ішкі цемент түйіршіктерінің, майда ұнтақталған компоненттерінің бөлінуімен – седиментациямен жалғасады.
Жоғарыда аталған процесстердің нәтижесінде бетон араласпасының массасында судың ығысып қозғалуы бетонның тығыздығын төмендетіп, беріктік, төзімділік, т.б. қасиеттерін нашарлатады.
Технологиялық операциялар талаптарын қанағаттандыратын жайғасымдылыққа сәйкес су мөлшері – қажеттілік су деп аталады.
Пластификаторлық қоспалардың ролі
Қоспаларды пайдаланудағы мақсат су қажеттілігін азайта отырып бетон араласпасының ыңғайлы жайғасымдылығына қол жеткізізе отырып бетонның тығыздығын жоғарылату.
Қоспаларды пайдалануда бетон араласпасының жайғасымдылық қасиетінің жақсару себебі майда толтырғыштардың цемент түйіршіктерінде молекула аралық байланыста болып үйкеліс күштерінің қоспалардың әсерінен азайуы.
Үйкеліс және молекула аралық күштердің азайуы қоспалардың түйіршіктер бетіне орналасып (адцорбция) молекулалық деңгейде физикалық-химиялық процесстердің әсерінен болады.
Көп тараған пластификаторлық қоспалардың қатарында беттік белсенді заттар (поверхностно активные вещества - ПАВ) жатады.
Гидрофильді пластификаторлық қоспа (ССБ)
Гидрофобты пластификаторлық қоспа (водо растворимылонафт, соль органических кислот)
Гидрофильді пластификатор – цемент түйіршіктеріне бөлшектеу (диспергация) әсер етіп, майлау ролін атқаратын цемент қамырының (тесто) көлемін көбейтуге әсер етеді.
Осының нәтижесінде майлағыштық әсерден молекула аралық байланыс үйкеліс күштер азайып араласпаның жылжымалылығы жақсарады.
Сонымен қатар осы қоспа бетон араласпасына ауа түйіршіктерін ендіруге себеп болады.
Гидрофобты пластификаторлар қатты түйіршіктердің бетіне орналасып сулану (смачиваемость) қабілетін төмендетіп молекула аралық байланыс үйкеліс күштерді төмендетіп араласпаның жайғасымдылығын жақсартады.
Микро пенообразующие (ауа сіңдіргіш - воздухововлекающие)
қоспалар
Қоспаның әсерінен судың беттік тартылу қабілетін төмендетіп, майда ауа түйіршіктерінің бетон араласпасына енуге мүмкіндік береді.
Осы майда түйіршіктер цемент, майда толтырығыштар бетіне орналасып майлағыш роль атқарады.
Толтырғыштардың әсері
Бетон араласпасының қасиеттеріне толтырғыштардың түрі, геометриялық сипаттамалары, сусорғыштығы әсер етеді.
Ірі және майда толтырғыштардың көлемдік қатынасы бетон араласпасының жайғасымдылығына әсер етеді.
Толтырғыштардың сусорғыштығы жоғарылаған сайын жылжымалылығы төмендейді. Сол себепті толтырғыштарды алдын ала сумен қанықтырған пайдалы.
Ыстық-құрғақ климаттың бетон араласпасына әсері
Ыстық-құрғақ климаттың бетон араласпасына әсері – судың булануынан жайғасымдылықтың төмендеуі.
Оны болдырмаудың жолы – бетон араласпасындағы суды сақтауға ықпал ету керек.
Арнайы пластификаторлық қоспаларды пайдаланып судың (толтырғыштар қуыстарындағы) беттік тарту күшін азайтып судың толтырғыштарға көбірек енуіне жағдай жасалады.
Бетон араласпасын дайындағаннан оны қалыптауға
дейінгі уақыттың әсері
Тасымалдау кезінде бетон араласпасының жайғасымдылығының төмендеуі.
Себебі – араласпадағы су мөлшерінің біртіндеп азаюы.
Сол себепті бетон араласпасын мүмкіндігінше жылдам жайғастыру керек.
Виброөңдеудің әсері
Дайын бетон араласпасының вибрацияның әсерінен бастапқы құрылымдық беріктігінің күйреуінің нәтижесінде бетон араласпасының жайғасымдылығы жақсарып өз салмағымен компоненттер компакты орналасып бетонның тығыздығы артады.
Аз амплитудалы, жоғары жиілікті тербелістен бетон араласпасының массасында (денесінде) толтырғыштар түйіршіктерінің арасында молекулалық байланыс күші және үйкеліс күштері төмендеудің әсерінен құрылымдық беріктік бірте-бірте күйрейді.
Бетон араласпасының толтырғыштары өз салмағымен бос суды, ауаны ығыстырады.
Бетон араласпасына вибрацияның әсері толтырғыштардың түріне, ірілігіне және т.б. ерекшеліктеріне байланысты.
Бетон араласпасының вибрациялық әсері тоқтаған кезде өзінің құрылымдық беріктігі артығымен қалпына келеді.
БА-ның осы қасиетін тиксотропия деп атайды.
Бақылау сұрақтары
Бетон араласпасының технологиялық талаптарға сәйкес түсініктемесі.
Жайғасымдылығы жоғары бетон араласпасының ерекшелігі, жайғасымдылықты анықтау әдісі.
Қатаң бетон араласпасының жайғасымдылығын бағалау әдісі.
Қатаң бетон араласпасының тиімділігі, технологиялық процесстерді күрделендіруі.
Бетон араласпасына бастапқы судың әсері.
Бетон араласпасына вибрацияның әсері.
Пластификаторлық қоспалардың бетон араласпасына әсері.
Бетон араласпасының жайғасымдылығына толтырғыштардың, климаттық факторлардың әсері.
Лекция Тақырып: Бетон құрылымының қалыптасуы Жоспар
Бетонның қатуы химиялық, физикалық, механикалық процестерден тұратын күрделі жүйе.
Цементтің қатуы туралы теориялар.
Цементтің сумен әрекеттесу, яғни қату кезеңдері.
Гидраттық жаңа заттардың түрлері, олардың ерекшеліктері.
Қалыпты жағдайда бетонның қатуын жылдамдату жолдары.
Бетонның қатуын жоғары температуралық жағдайда жылдамдатудың бетон құрылымына әсері.
Цементтің қату процесінде цемент құрылымының өзгеруі (схемасы).
Бетонның қатуы химиялық, физикалық және механикалық процесстерді қамтитын күрделі жүйе.
Химиялық процесс – цементклинкері минералдарының сумен реакцияға түсуі.
Физикалық процесс – қату процесінде жылудың бөлінуі.
Механикалық процесс – цемент минералдарының сумен реакцияға түсу нәтижесінде пайда болған жаңа туындылардың (новообразование) бір-бірімен байланысты ірі кристалдарға айналуы.
Сонымен беріктік қасиетінің пайда болып, бетон құрылымының қалыптасуының негізі гидратациялық процесстердің негізінде толтырғыштарды байланыстырып тұратын цемент тасы.
Қысқаша портландцементтің қатуы туралы
Цемент клинкерлік минералдарының сумен реакциялық қатынаста болуы туралы әртүрлі болжамдар бар:
Ле-Шатальенің коллойдтық теориясы.
А.Байковтың – кристализациялық теориясы.
А.Волженскийдің коллойдтық-кристализациялық теориясы.
Керегі минералдардың түріне, қату жағдайына, қандай заттардың пайда болатынын, олардың бетонның қасиеттеріне әсерін білу.
Цементтің сумен әрекеттесуін бірінші кезекте белсенді минерал С3А, одан кейін С3S реакцияға түсіп Са(ОН)2 бөлінеді.
Онан ары гидратациялық процесс жалғасуда.
С3S және т.б. минералдар реацияға түседі.
Гидротациялық процесс кезінде цемент түйіршіктерінің бетінде гидраттық жаңа заттардың қабыршықтары пайда болады.
Цементтің қату процесін шартты түрде төмендегі кезеңдерге бөлуге болады.
Цементтің сумен араласуында бірінші кезеңінде сумен реакцияға түсетін белсенді клинкерлік минералдар: С3А, С3S.
Осының нәтижесінде Са(ОН)2 бөлініп ерітіндіні қанықтырады.
Келесі кезекте С2S т.б. минералдар реакцияға түседі.
Қату процесінің барысында системадағы (ерітіндідегі) судың көлемі үздіксіз төмендегі факторлардың әсеріне өзгеріп кеми береді.
Жалпы судың көлемінің өзгеру себептері:
Химиялық процесстің жалғасуы;
Судың булануы;
Судың қатты түйіршіктермен байланысының өзгеруі.
Цементтің қату процесін шартты түрде екіге бөлуге болады:
Ұстасу кезеңінде клинкерлік минералдардың сумен байланысуы белсенді түрде болады. Бұл кезеңге пластикалық беріктік тән және жылу бөлінуі жылдам болады.
Ұзақ мерзімді қату процессі. Осы процессте цементтің гидрациялық көлемі арта бастайды, олардың механикалық баланысы артады. Нәтижесінде цемент тасының беріктігі өсе бастайды.
Цемент түйіршіктерінің сумен өзара байланыс нәтижесінің схемасы:
Гидратацияның онан ары жалғасу нәтижесінде цемент тасындағы қуыстар гидраттық жаңа заттармен толып цемент тасының тығыздығы артады.
Цемент тасының қату процессі жалғасу нәтижесінде цемент түйіршіктерінің бетіндегі гидраттық қабаттың тығыздығы артып судың түйіршіктің терең қабатына енуі қыйындайды.
Ылғалдық жағдайымен оңды температура болған жағдайда бетон беріктігі жайлап үздіксіз өсе береді.
Ылғалдық жағдай болмаған жағдайда бетон беріктігінің өсуі тоқтайды (30-40% Ц қалады).
Беріктіктің өсуінің баяулануының негізгі себебі цемент түйіршіктерінің терең қабатына судың баруының тоқталуы.
Цемент тасының құрамы (құрылымы)
Құрылымы бойынша цемент тасы өте күрделі денесі төмендегілерден тұрады:
гидратациялық процесстің заты (продукция);
реакцияға түспеген минералдар;
әртүрлі қуыстықтар, капиллярлар;
қуыстағы ауа;
ауа-бу араласпасы.
Сол себепті цемент тасын үш фазалы (қаттығ су, газ) жүйеге жатқызады.
Осыған байланысты қоршаған ортаның ылғалдығының, температурасының өзгеруіне цемент тасы өз қасиеттерін өзгертеді.
Цемент құрылымындағы гидраттық жаңа заттардың
ерекшеліктері
Гидратациялық процесс нәтижесінде пайда болған заттар.
гель тәрізді гидраттық зат (С2S);
беріктіктің жай бірақ ұзақ мерзімде өсуі соңғы беріктігі жоғары болуы;
пластикалық деформацияға бейім;
шөгу деформациясы жоғары;
кристалды гидраттық зат С3S, С3А
беріктіктің өсуі жылдам;
серпілмелі деформацияға бейім;
шөгу деформациясы төмен.
Бетонның қатуын жылдамдату
Қалыпты жағдайда бетонның қатуын жылдамдататын факторлар:
жоғары белсенді (маркалы) цемент қолдану;
бастапқы судың мөлшерін азайту;
қатуды жылдамдататын қоспаларды қолдану;
қатаң бетон араласпасын пайдалану;
тығызыдаудың тиімділігін арттыру;
бастапқы судың көлемін азайту, яғни қатаң бетон араласпасын қолдану;
қатуды жылдамдатқыш қопаларды қолдану. Хлорлы кальций, натрий сульфаты.
Қоспалардың әсері гидротациялық процесс кезінде физика-механикалық процесстің өзгеруімен, яғни судың клинкер минералдарымен реакцияға түсуін өзгертеді (жылдамдатады);
қатаң бетон араласпасының тиімділігі;
гидратациялық процесстің тиімділігінің артуы;
тығыздықтың жоғарылауы.
Бетонның қатуын жоғары температурамен жылдамдату (t=1000C, W=90-95%)
Жоғары температураның гидролиз және гидротация процесінің белсенділігін арттырып цемент құрылымының қалыптасуын жылдамдатады.
Беріктіктің жылдам өсуіне кристализациялық процесстің ерте қалыптасуында оңды әсер етеді.
Жоғары температураның оңды әсері цементтің гидратациялық процессіне қажетті ылғалдық жағдай жасалғанда орын алады.
Аталған жағдай болмағанда бетонның қатуы ерте тоқтап, қажетті беріктікке қол жеткізу қиындайды.
Жоғары температура гидротациялық процессте ірі кристалдық гидраттардың пайда болуына жағдай жасалады, яғни бетонның деформациялық қасиеттеріне әсер етеді.
Жоғары температуралық қату процессі бетон құрылымының әртүрлі зақымдалуына әкеледі.
Зақымдалудың себептері:
құрылымдағы қуыстардағы судың, ауаның қалдық көлемдік деформациясы;
судың миграциялық процесі;
компоненттердің температуралық ұлғаю коэффициентінің әсерінен әртүрлі деформациялық орын алуы.
Жоғары температурамен өңдеу кезінде жоғарыда аталған зиянды факторлардың әсерін қажетті ылғалдық жағдай жасалғанда төмендетуге болады.
Жоғары температуралық жағдайда қатқан бетонның ерекшеліктері:
беріктіктің өсуінің ертерек тоқтауы;
деформациялық қасиеттерінің өзгеруі;
аязға төзімділігінің төмендеуі;
шөгу деформациясының азаюы.
Цементтің қату процесінің, цемент тасының құрылымының қалыптасуының қысқаша түсініктемесі.
Гидротациялық процесс басталғанда кристалдық гидраттық заттардан қатаң құрылым пайда болып, сумен минералдардың реакцияға түсуінің жалғасуынан цемент тасындағы қуыстардың толтыру жаңа гидраттармен жалғасады. Нәтижесінде цемент тасының тығыздығы артып, беріктігі өседі.
Қату процесінің жалғасу нәтижесінде цемент түйіршіктерінің сыртындағы гидраттық қабат қалыңдап тығыздалып судың ішкі қабатына енуі қиындайды. Нәтижесінде цемент тасының беріктігінің өсуі біртіндеп бәсеңдейді.
Ц+В жүйесіндегі қату процесінде қатты және сұйық фазаның көлемдерінің өзгеру схемасы:
Мақсат: мүмкіндігінше цементтің сумен гидратациялық реакцияға түсуін арттарып, бетонның беріктігін жоғарылату.
Бақылау сұрақтары
Бетонның процессіндегі химиялық, физикалық және механикалық факторлар.
Цементтің қату тоериялары туралы қысқаша түсініктемелер.
Цемент клинкерінің сумен әрекеттесу реті.
Қату процесінде көлемнің өзгеруі.
Цементтің қату процесінің реті.
Цемент тасының құрамы, олардың ролі.
Гидраттық жаңа заттардың ерекшеліктері.
Бетонның қалыпты жағдайда қатуын жылдмадату жолдары.
Бетон қатуын жылумен өңдеу арқылы жылдамдатудың бетон құрылымына әсері.