Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
д тарих шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.04 Кб
Скачать

22. Еуропалық Одақ және Қауіпсіздік мәселесі

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (бұдан әрі — ЕҚЫҰ) – бұл құрамына Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін біріктіріп отырған, қауіпсіздік жөніндегі ірі аймақтық ұйым. Ұйымның негізгі мақсаты – аймақта жанжалдардың болуын алдын алуға, дағдарыстарды реттеуге, жанжалдардың зардаптарын жоюға бағытталған.

ЕҚЫҰ бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, адамның негізгі бостандықтарымен қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерге арқа сүйейді. Қауіпсіздік айқындамасы ретінде шекаралардың қорғалуы, әскери қатердің төндірілмеуі, саяси және экономикалық тұрақтылық, адам құқықтарының сақталуы, қоршаған ортаны қорғау қарастырылады. Бұл ұйымның қауіпсіздік және қақтығыстардың алдын алу мәселелеріне кешенді көзқарасы жер-жердегі құрылымдар мен институттардың тиімді жүйесіне негізделген. Керек деп тапқан кезінде ЕҚЫҰ қақтығыс ошақтарын қару-жарақтың күшімен де өшіре алатынын осы жылдар ішінде бірнеше рет көрсетіп үлгерді. Бұрынғы Югославияның елдерін бомбылау солай болды, әсіресе 2001 жылы Македония жеріндегі соғыс қимылдары тұсында халықаралық күштер дер кезінде килікті, Таулы Қарабахтағы қанды қырғын да ЕҚЫҰ тарапынан «осыдан қоймасаңдар көресіні көресіңдер» деп ескертілгеннен кейін тоқтатылды. Бірақ ондай шаралар тек жағдай бақылауға көнбей, шектен шығып бара жатқанда ғана қолданылады. Жалпы, ЕҚЫҰ-ның басты құралы – саяси диалог. 1996 жылғы Лиссабон, 1999 жылғы Ыстамбұл саммиттерінде қабылданған «XXI ғасырдағы Еуропа үшін жалпы және толық қауіпсіздік моделі» мен «Еуропа қауіпсіздігінің хартиясы» осындай жолмен қабылданған. Негізінде ЕҚЫҰ-ның басты ерекшеліктерінің бірі оның шешімдерінің қашанда тек консенсус арқылы, яғни бірауыздылық жағдайында ғана қабылданатындығында.

Ұйым өзінің негізгі міндеттерін шешудің және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты құралдары ретінде мыналарды жатқызады:

Ø Қару-жарақтың таралуына бақылау;

Ø Жанжалдардың алдын алу бойынша дипломатиялық күш-жігер;

Ø Сенімді қарым-қатынас және қауіпсіздікті қалыптастыру жөніндегі шаралар;

Ø Адам құқықтарын қорғау, демократиялық институттарды дамыту;

Ø Сайлауларды бақылау;

Ø Экологиялық және экономикалық қауіпсіздік.

ЕҚЫҰ-мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастыққа келетін болсақ, Қазақстан ЕҚЫҰ мүшелігіне 1992 жылдың 30 қаңтарында Прагада өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісінде қабылданды, мұның өзі біздің еліміздің осы ұйымның орасан әлеуетін пайдалануына мүмкіндік берді, бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау, жанжалдарды реттеу және бітімгершілік операцияларын үйлестіру мақсатындағы Қазақстанның күш-жігеріне де жол ашты.Біздің еліміз үшін 1994 жылғы желтоқсандағы Будапешт қаласында өткен саммит өте маңызды. Ол мынадан көрінді: саммитте үш ядролық держава – Ресей, АҚШ және Ұлыбритания – Қазақстанның қауіпсіздік кепілдіктері туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігін құрмет тұту, оған қатысты күш қолдану саясатын пайдаланудан бас тарту, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасы ядролық қару қолданылатын шабуылға ұшыраса немесе шабуыл қаупінің объектісіне айналса, онда Ресей, АҚШ және Ұлыбританияның Қазақстанға тиісті көмек көрсету жөнінде шұғыл іс-шаралар қолданатындығы сияқты міндеттемелер айтылды