
- •1.(11)Батыс Еуропадағы феодалдық қатынастардың даму жолдары
- •2.(12) 1867-1868 Ж Жапониядағы революция және Сегунаттың құрылуы
- •3.Рим республикасының қалыптасуы. Сервий Тулий.
- •4. Палестина мәселесінің мәнін ашу. Афрат кезеңіне сипаттама
- •5.(47) Карл Мартеллдің бенефециалық реформасы
- •7)(12) Саманидтердің сыртқы саясаты.
- •8)(20) Көпұлтты Еуропалық империялардың ыдырауы (салыстырмалы түрде талдаңыз)
- •9)(57)Хетт мемлекеті.
- •10) (58)Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан
- •13. Александр македонский
- •15. Буржуазиялық идеологияның пайда болуы. Италия қайта өрлеу. 14-15ғғ
- •16. Италиядағы фашизм қалыптасуы
- •17. Византиялық, ерте антикалық және кейінгі ортағасырлық авторлардың ғұндар туралы деректері
- •18. Хіх ғасырдағы Ирандағы европалық державалардың саясаты
- •21. Ежелгі Үндістан өркениеті
- •22. Еуропалық Одақ және Қауіпсіздік мәселесі
- •23. (27) 15 Ғасырдағы Осман Империясы
- •24.(28) Германиядағы фашизмнің дамуы
- •25. (31)Батыс Рим империясы және ғұндар
- •26.(32) Ұлы Француз революциясы . Адам мен азамат құқық декларациясы
- •29.(35) Германиядағы гуманизм
- •33. Ежелгі Қосөзен өркениеті (Шумер Аккад)
- •30. (36)Ақш «жаңа бағыт » саясаты
- •34. Дж.Нерудің ішкі және сыртқы саясаты
- •37. (55)Араб халифатының қалыптасуы
- •38.(56) Германияның біріктірілуі. Отто фон Бисмарк конст
- •39. Жаңа патшалалық Дәуірінедегі египет
- •40. Иран- Ирак соғысы
- •41. (43) Варварлық корольдықтың п.Б
- •42. (44) Қытайдағы синьхай рев.
- •45.Ежелгі Қытай өркениеті
- •46.Дэн сяопин реформалары
- •50 Метрополия және отар түсінігі
- •49.Б.З.Д. 4-3 ғғ парсы деректері
- •48 (6). Кемал Ататүрктың саяси портркті және саясаты
- •52.(60) Шарль де Гольдің ішкі және сыртқы саясаты
- •54. АқШтағы екі партиялық жүйе
- •53. Токугава сегунатының сыртқы және ішкі саясаты
- •51. (59) 11-15Ғ Византия
8)(20) Көпұлтты Еуропалық империялардың ыдырауы (салыстырмалы түрде талдаңыз)
Османлы Империясы (1299-шы жылдан 1922-ші жылға дейін) (Көне Османлы түрікшесі нде: دولت عالیه عثمانیه (Devlet-i Âliye-yi Osmâniyye), Жаңа Османлы түрікшесі және қазіргі түрікшеде: Osmanlı Devleti немесе Osmanlı İmparatorluğu. Замандастары оны Түрік империясы немесе Түркия деп те атаған. Тағы мынаған қараңыз: Османлы мемлекетінің басқа аттары) – көп ұлтты және көп дінді түрік мемлекеті. Өзінің шарықтау шыңында (16-шы – 17-ші ғасырлар) ол үш құрлыққа жайылып, Оңтүстік-шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың басым бөлігін билеген; батыстағы Гибралтар бұғазынан (ал 1553 жылы тіпті Гибралтардың ар жағындағы Морокконың Атлант жағалауына дейін) шығыстағы Каспий теңізі мен Парсы шығанағына дейін, солтүстіктегі Аустрия мен Словакияның шекаралары мен Украинаның бөліктерінен оңтүстіктегі Судан, Эритрея, Сомали мен Йеменге дейінгі аумақты қамтып жатқан.
Бұл империя алты ғасыр бойы Шығыс және Батыс дүниелерінің қарым-қатынас жасасуының бел ортасында болып келді. Құдіретінің шарықтау шыңында Османлы империясы 29 аймақтан тұрып, оған бағынышты Молдавия, Трансильвания және Валахия княздіктері алым-салық төлеп тұрды. Бүгін Ыстамбұл деген атпен белгілі Констанинополис қаласын өз астанасы етіп алған Османлы империясын көп жағынан бұрынғы жерортатеңіздік өркениеттердің, атап айтқанда Рим және Византия империяларының исламдық мұрагері деп атауға болады. Османлылар да өздерін Рим және Ислам дәстүрлерінің жалғастырушылары деп, яғни «мәдениеттердің бірігуі» арқылы «бүкіләлемдік империяның» билеушілері деп қарастырды.
9)(57)Хетт мемлекеті.
Хетт патшалығы — б.з.б. 18 — 12 ғасырлар аралығында Кіші Азияда өмір сүрген ежелгі мемлекет. Б.з.б. 20 — 19 ғасыларда құрамына хетт, хатти этникалық топтары кірген кішіазиялық саяси бірлестіктердің (Канес, Хаттусас, Бурушханда)— 14 ғасырдың бас кезінде лувиялықтар мен хурриттер мекендеген негізінде құрылған. Хетт патшасы Куссар Анитастың кезінде (шамамен б.з.б. 18 ғасыр) оған дейін Ассирияға бағынған кіші азиялық елді мекендердің өзара бірігуі басталды. Ол Нес, Хеттусас қалаларын басып алып, Куссарды астанаға айналдырды. Ежелгі хетт әулетінің негізін салушы Лабарна (б.з.б. 17 ғ-дың бас кезі) Хетт патшалығының аумағын кеңейтті. Лабарнаның мұрагері Хаттусилис Қ-нің кезінде (б.з.б. 17 ғасырдың ортасы) Цальпа мен Кіші Азияның оңтүстік-шығысындағы бірқатар облыстар басып алынды. Ол астананы Хаттусасқа көшірді. Хаттусилис Қ-нің ұлы Мурсилис Қ-нің тұсында Хетт пирамидасының әскери қуаты ең жоғары өрлеу шегіне жетті. Онан кейінгі 100 жылдай кезең өзара қырқысу соғыстары мен сарай төңкерістеріне толы болды. Хетт заңдары қабылданғанға дейін (шамамен б.з.б. 16 ғасыр) Хетт патшалығы үш негізгі бөліктен: орталық Хаттусас болған орталық облыстан, Кіші Азияның оңтүстік-батысындағы Лувий мен солтүстік-шығысындағы Палдан құралды. Б.з.б. 15 оңтүстік облыстардың рөлі күрт күшейді. Жаңа патшалық деп аталған кезеңдегі (б.з.б. 14 ғасыр — 12 ғасырдың бас кезі) хетт патшалары хуриттер болды. Суппилилумас Қ патша (б.з.б. 14 ғасырдың басы) ұзаққа созылған соғыстан кейін Миттанияны талқандап, Угаритті тәуелділікке түсірді. Кейінгі патшалар Мурсилис ҚҚ билік еткен уақыттан (б.з.б. 14 ғ-дың соңы) Хаттусили ҚҚҚ-ге дейін Хетт патшалығы мен Египет Таяу Шығыстың екі қуатты державасы ретінде Сирияны иемдену үшін өзара соғысты. Б.з.б. 13 ғасырдың соңы мен 12 ғасыдың бас кезінде Хетт патшалығына Ахиява мен Арцава кірген мемлекеттер одағы қарсы шықты. Билеушілер әулетінің өзара қырқысу соғыстары, шеткері облыстар мен одақтас патшалардың оның құрамынан шығуы мемлекеттің ыдырауына әкеп соқты. Хетт патшалығы мүлдем жойылуына Кіші Азиядағы “теңіз халықтарының” шығысқа қарай қоныс аударуы да түрткі болды. Хетт патшалығы Ежелгі Шығыста, әсіресе, Кіші Азияда 600 жыл бойы жетекші мемлекет болып, бұл аймақтың дамуында үлкен рөл атқарды. Үздіксіз соғыстар хеттердің қорғаныс сәулет өнерінің дамуына жағдай жасады. Осы кезеңде сарайлар мен ғибадатханалар бой көтерді. Бұл архитектуралық ескерткіштер терезелерінің кеңдігімен ерекшеленді. Сәулет өнері жұмысы мүсін және бедерлеумен тығыз байланыста болды. Ежелгі хетт өнері шығыс халықтары өркениетінде үлкен із қалдырды. Хетт патшалығының саяси құрылымы да күрделі болды. Патша жеке облыстарды басқару үшін жергілікті әкімдерді тағайындады. Жер иеліктерін алғандар белгілі бір шаруашылық міндеттерін немесе әскери қызмет атқаруға тиіс болды. Құлдар бүкіл халықтың шамалы бөлігін құрады. Құлдар мен ерікті хеттердің арасында ерекше жер үлестері берілген әскери тұтқындардың әлеуметтік тобы болды. Патша шексіз билік құрып, ол құдаймен қатар қойылды. Хетт патшалығы жойылғаннан кейін мемлекетті құраған жергілікті тайпалар кейіннен келіп қоныстанған халықтардың құрамына сіңіп кетті.