
- •1.(11)Батыс Еуропадағы феодалдық қатынастардың даму жолдары
- •2.(12) 1867-1868 Ж Жапониядағы революция және Сегунаттың құрылуы
- •3.Рим республикасының қалыптасуы. Сервий Тулий.
- •4. Палестина мәселесінің мәнін ашу. Афрат кезеңіне сипаттама
- •5.(47) Карл Мартеллдің бенефециалық реформасы
- •7)(12) Саманидтердің сыртқы саясаты.
- •8)(20) Көпұлтты Еуропалық империялардың ыдырауы (салыстырмалы түрде талдаңыз)
- •9)(57)Хетт мемлекеті.
- •10) (58)Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан
- •13. Александр македонский
- •15. Буржуазиялық идеологияның пайда болуы. Италия қайта өрлеу. 14-15ғғ
- •16. Италиядағы фашизм қалыптасуы
- •17. Византиялық, ерте антикалық және кейінгі ортағасырлық авторлардың ғұндар туралы деректері
- •18. Хіх ғасырдағы Ирандағы европалық державалардың саясаты
- •21. Ежелгі Үндістан өркениеті
- •22. Еуропалық Одақ және Қауіпсіздік мәселесі
- •23. (27) 15 Ғасырдағы Осман Империясы
- •24.(28) Германиядағы фашизмнің дамуы
- •25. (31)Батыс Рим империясы және ғұндар
- •26.(32) Ұлы Француз революциясы . Адам мен азамат құқық декларациясы
- •29.(35) Германиядағы гуманизм
- •33. Ежелгі Қосөзен өркениеті (Шумер Аккад)
- •30. (36)Ақш «жаңа бағыт » саясаты
- •34. Дж.Нерудің ішкі және сыртқы саясаты
- •37. (55)Араб халифатының қалыптасуы
- •38.(56) Германияның біріктірілуі. Отто фон Бисмарк конст
- •39. Жаңа патшалалық Дәуірінедегі египет
- •40. Иран- Ирак соғысы
- •41. (43) Варварлық корольдықтың п.Б
- •42. (44) Қытайдағы синьхай рев.
- •45.Ежелгі Қытай өркениеті
- •46.Дэн сяопин реформалары
- •50 Метрополия және отар түсінігі
- •49.Б.З.Д. 4-3 ғғ парсы деректері
- •48 (6). Кемал Ататүрктың саяси портркті және саясаты
- •52.(60) Шарль де Гольдің ішкі және сыртқы саясаты
- •54. АқШтағы екі партиялық жүйе
- •53. Токугава сегунатының сыртқы және ішкі саясаты
- •51. (59) 11-15Ғ Византия
46.Дэн сяопин реформалары
Әлемдік экономиканың тарихында ХХ ғасырдың соңғы ширегінде бұрын-соңды болмаған дамудың таңғажайып үлгісі тіркелді. Ол – Қытайдың қарқынды экономикалық дамуы немесе «Қытай ғажайыбы». Оның бастауында тұрған Дэн Сяопин «қытайлық ерекшелігі бар социализм» ұстанымымен саясат сахнасына шықты.
Дэн Сяопин Қытайды аграрлы-индус¬триялық ел ретінде дамытуды мақсат етті. Сондықтан, ел экономикасын қорғаныс өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, ғылым және өнеркәсіп деп негізгі төрт секторға бөліп жаңғырту қолға алынды. Әсіресе, бұқара халықтың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұратынын ескере отырып, ауыл шаруашылығын құлдыратпай реформалауға баса назар аударылды. Реформаның ауылдан басталуы сол кезеңдегі уақыт талабы болатын. Өйткені, ол кезеңде қытайлықтардың 80 % ауылдық жерлерде тұратын еді. Дэн Сяопин «Қытайдың тыныштығы, экономиканың дамуы ең алдымен ауыл¬дың дамуына, шаруалардың әл-ау-қаты артуына тәуелді» деді. Ауыл шаруашылығында бұрын қалыптасқан «халық коммуналарының» орнын отба¬сылық еңбекке негізделген шаруа¬шылықтар басып, олар жоспарлы-нарықтық ұстанымға көшті. Ірі жер иеленуші латифундистердің туындауы мен еңбекті қанауына тосқауыл қойылып, егінші-малшылардың жерді теңдей иеленуі мен пайдалануы ойластырылды.
1980 жылдың 20 қазанында Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) Орталық комитеті арнайы шешім қабылдап, ресми түрде әлеуметтік-экономикалық жүйені реформалауға көшті. Сөйтіп, қытайлық социалистік экономика – «мазмұнында жоспарлау элементі бар тауарлы экономика» деп анықталды. Бұл тұрғыда Дэн Сяопин: «Неге осы нарық туралы сөз болса, бірден капитализм туралы әңгіме қозғалады да, жоспарлау десе – социализм дейміз? Жоспарлау мен нарық – тәсілдер. Егер бұл тәсіл өндіргіш күштерді дамыту үшін пайдалы болса, неге оны қолданбасқа» – деген еді. Бұл ұстаным өзінің дұрыстығын дәлелдеп, қарқынды экономикалық дамуға серпін берді. Сонымен қатар, Дэн Сяопин қытайлық даму стратегиясының үш қадамын айқындады: бірінші қадам – халықтың қарны тоқ, киімі бүтін болатындай деңгейге қол жеткізу; екіншісі – ХХ ғасырдың соңында ІЖӨ төрт есеге өсіру; үшіншісі – жаңа ғасырдың 30-50 жылы ішінде орташа дамыған елдердің деңгейіне қол жеткізу. Осылайша, Қытай бірте-бірте бай, мықты, демократиялық және өркениетті социалистік елге айналады деген ұзақ мерзімді жоспар жасалды. Осы жерде айта кетерлік жәйт, ІЖӨ 2000 жылы төрт есеге – 2800 млрд. юаньға өсіру жоспарын Қытай 1994 жылы 2905,4 млрд. юань көрсеткішпен асыра орындап, мерзімінен бұрын қол жеткізді. Жалпы, Дэн Сяопин прагматик саясаткер ретінде танымал екенін айта кету қажет, оның айтқан мына бір сөзі бүкіл әлемге танымал: «Ақ мысық па, қара мысық па маңызды емес, егер ол тышқан ұстай алатын болса, онда ол жақсы мысық». Сол сияқты, социализм бе, нарық па, бәрібір, ең бастысы – елдің дамуына игі ықпал етсе болғаны. Осылайша, әлемде теңдесі жоқ «бір ел, екі түрлі жүйе» қалыптасты.
1984 жылдың қазан айынан бастап қытайлық экономикалық жаңғырудың екінші кезеңі – қалалардағы экономикалық жүйелерді реформалау басталды. Төрт ірі қала – Шэньчжэнь, Чжухай, Сямынь, Шаньтоу – арнайы экономикалық аймақтар болып жарияланып, төменгі салық режиміндегі еркін нарыққа көшті. Мысалы, Шэньчжэнь осыдан 30 жыл бұрын Гонконгқа жақын орналасқан теңіз жағасындағы шағын ғана балықшылардың қаласы болса, қазір ол 10 миллион тұрғыны бар ірі қалаға айналған Оңтүстік Қытайдың экономикалық орталығы саналады. Сонымен қатар, шағын бизнес пен жеңіл өнеркәсіпке, тұрмыстық техникалар мен машина жасауға барынша қолдау жасалды. Билік тарапынан бизнес өкілдеріне кедергі жасауға толық тосқауыл қойылды. Керісінше, жергілікті билік өкілдері өздерінің аймағында ашылған шағын-орта бизнес өкілдері мен кәсіпорындарға барлық қолайлы жағдайлар жасады. Несие саясаты да мемлекеттің қатаң қадағалауына алынды. Мысалы, банктік несиені ең көп дегенде 4-5 % сыйақымен беру арқылы қаржы секторы да әлеуметтік әділеттілікті сақтай отырып, Қытайдың үйлесімді экономикалық дамуына өз үлесін қосты. Бұл үрдіс әлі күнге дейін жалғасуда.
Дэн Сяопин 1985 жылы нарықтық социализмнің бастауында тұрып мынадай қағиданы қытайлық қоғамда нықтап бекітті: «Құрлықтық Қытай социалистік жүйені қолдайтын болады және жалған жолға – капиталистік жолға бұрылып кетпейді. Социализм мен капитализмді бір-бірінен айыратын ерекшеліктердің бірі – социализм жалпы гүлденуді біл¬діреді, халықтың табыс табу бойынша бай-кедей болып полярға бөлініп, жіктелуіне жол бермейді. Жасалған байлық алдымен мемлекетке тиесілі, сосын барып адамдарға жетеді; сондықтан да, жаңа буржуазияның жоқ жерден туындауы мүмкін емес. Мемлекетке түскен пайда адамдардың әл-ауқатын жақсартуға жұмсалады, аз бөлігі ұлттық қорғанысты нығайтуға, ал, қалған бөлігі – экономиканы дамытуға, білім беру мен ғылымға, халықтың өмір сүру сапасы мен мәдени өрлеу деңгейлерін көтеруге бағытталады».
1988 жылдың екінші жартысынан бас¬тап қытайлық ғалымдар «социалистік тауарлы экономиканың» орнына «социалистік нарықтық экономика» ұғымын қолдануды ұсынды. «Социалистік нарықтық экономика» жағдайында мемлекет экономиканы макроэкономикалық құралдар арқылы басқарып, әкімшілік ықпал етуді барынша тежеп, соның арқасында, Қытайдың біртұтас ұлттық нарығының құрылуына игі ықпал етті. Дегенмен, Қытай кереметінің негізін салған Дэн Сяопин 1989 жылы ресми түрде барлық лауазымынан өз еркімен бас тартуды ұйғарды. Оған бір жағынан, 1989 жылғы 15 сәуір мен 4 шілде аралығында КСРО-дағы қайта құрулар сияқты Қытайдағы саяси жүйені түбегейлі реформалауды көксеген студенттердің Тяньаньмэнь алаңында ұйымдастырып, аяғы қантөгіске ұласқан наразылық бас көтерулері себепші болды. 1992 жылдан бастап «жолдас Дэн» саясаттан кетті, бірақ, өмірінің соңына дейін Қытайдың рухани көшбасшысы болып қалды. Дэн Сяопин Қытай саясатында бұрын дәстүрге айналған өле-өлгенше билік басынан кетпеу әдетіне тосқауыл қойып, өзінен кейінгі билеушілерге үлгілі өнеге көрсетіп, партиялық билік алмасуының оңтайлы жолын салып берді. Өмірлік лауазымдылықты күшінен қалдырып, мемлекет басшысын таққа екі кезектен артық отырмайтын етіп белгілеп кетті. Яғни, екі бесжылдық жоспарды жүзеге асырып, он жыл елді билеген лауазымды тұлға өзінен кейін ізбасар дайындап, ерікті түрде билікті «қолдан қолға» өткізуі тиіс. Сонымен қатар, қызмет салаларында зейнеткерлік жасқа жеткендердің демалысқа кетулері қатаң бақылауға алынып, қарт кадрлардың жастарға орын беруіне, отыз бен қырық жас аралығындағы қабілетті жастардың жаппай жауапты қызметке өсуіне мүмкіндік жасалды.
1989 жылы ҚКП төрағалығына уақытша келгендей болған Цзян Цзэминь 1993 жылы ҚХР төрағасы болды. Ол Дэн Сяопин бастаған реформаларды одан әрі жалғастырды. 1993 жылы Қытайдың ІЖӨ өсімі 10% емес, тіптен, 13% дейін артып кетті. Мұндай жәйтке ҚХР үкіметі қатты алаңдаушылық білдірді, өйткені, экономиканың қатты қарқынмен дамуы түрлі жағымсыз зардаптарға әкелетін қатерлі құбылыс саналады. Қытай «помо жиңжи», яғни, «көбік экономикалық дамудың» қаупінен сақтануда бай көршісі – Жапонияның тәжірибесіне сүйенді.