Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
д тарих шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.04 Кб
Скачать

30. (36)Ақш «жаңа бағыт » саясаты

1929 жылы АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең бай ел АҚШ-та дағдарыстың басталуына не себеп болды? Бұл сұраққа жауап беру үшін дағдарыстың қалай басталғанына және АҚШ экономикасының даму ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Экономикалық дағда- рыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк қаласындағы қор биржасындағы оқиға себеп болды. Бұл былай болған еді. 20- жылдарда Нью-Йорк қор биржасында дүниежүзінде сатылатын акция (қағаз ақшаның) мол қоры болды. Оның мөлшері 1927 жылы 27 млрд болса, 1929 жылы 87 млрд долларға жетті.Әлеуметтік қайшылық өсті. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны 17 млн адамға жетті. Жұмыссыздық 30- жылдардағы АҚШ-тың күнделікті өміріндегі қалыпты көрініске айналды. Жұмысшылардың жалақысы 60% -ғақысқарды.АҚШ-тың ауыл шаруашылық саласы дағдарыс жылдарында көп зардап шекті. Ауыл шаруашылық өнімдері артық шыға- рылып, өтпей қалды. Ауыл шаруашылық тауарларының бағасы үш есе арзандап кетті. Бұл фермерлердің жағдайын күйзелтті. Дағдарыс жылдарында 900 мың фермерлік шаруашылық қысқартылды. 1929-1933 жылдарда АҚШ-тың банк жүйесі айтарлықтай дағдарысқа жетті. Осы жылдарда 5800 банк жабылды. Миллиондаған американдықтар өздерінің банкке салған жинақтары- нан айрылып, қайыршылық жолға түсті. Демократиялық партияның сайлау қарсаңындағы үгіт-наси- хат жұмысы халық арасында жандана түсті. Олар экономикалық дағдарыс жылдарындағы республикалық партияның саясатын күн санап әшкерелеп жатты. Демократиялық партияның сайлау бағдарламасы еңбекші халық алдында жаңа реформалық бағытты ұсынды. Демократиялық партия АҚШ президенттігіне Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельт- тің кандидатурасын ұсынды.Ф.Рузвельт сайлау алдында өзінің жаңа экономикалық реформасын ұсынды. Реформаның негізгі бағыты миллиондаған кедейленген халықтың мүддесін қорғау деп түсіндірді. Рефор- маның жаңа ұраны тарихта «жаңа бағыт» деп аталды. Ф.Рузвельттің жаңа бағытын американ қоғамы онша түсіне алған жоқ. Сондықтан бірден саяси қайраткерге айнала алмады. Бірақ та сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысының бары- сында, экономикалық дағдарыстан шығудың жолы мемлекеттік тұрғыдан реттеу екенін түсіне бастады. Мемлекеттік реттеу - экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір жолы екенін сайлаушылар да түсініп, Ф.Рузвельттің саяси беделі өсе бас¬тады. Сайлаушылар алдында сөйлеген сөзінде Ф.Рузвельт елдегі азаматтық құқықтың сақталуын, оған мемлекеттік жауапкершілікті күшейтуі керектігін айтып отырды. 1932 жылы қыр- күйек айының 23-і күні Сан-Франциско қаласында сөйлеген сөзінде «экономикалық жоспарлау» идеясын ұсынды. ХХ ғасырда американдықтар үшін тәуелсіздік Декларациясына өзгерістер енгізудің қажеттілігін айтты. «Әрбір адам өмір сүруге құқықты, сондықтан үкімет әрбір адамға еңбек етуге, еңбегінің нәтижесін көре білуге көмектесуі керек, қоғам байлығы халық үшін қызмет жасауы қажет» - деді. Америка мемлекеті халық- тың әлеуметтік мақсаты үшін жұмыс атқаруы керек, әрбір адамды қорғау үшін мемлекеттік әлеуметтік жүйе қалыптасуы қажет екенін айтып отырды. Жаңа бағыт саясатының негізгі мәні - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реформа жүргізу екенін сайлаушылар алдында сөйлеген сөздерінде әр уақытта ескертіп отырды. Республикалық партияның сайлау бағдарламасы халық алдында сенімсіздік тудырып, демократиялық партияның өкілі Ф.Рузвельттің беделі өсті. Ол либералдық реформа саясатын батыл жүргізуді талап етті.1928 жылы қазан айында АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Сайлау қорытындысында демократиялық партия өкілі Ф.Руз- вельтті қолдап 22,8 млн сайлаушылар дауыс берді, республика- лық партия өкілі Гуверге 15,8 млн сайлаушылар дауыс берді. Ф.Рузвельт жеңіске жетті. Демократиялық партия АҚШ конгресінің екі палатасында да көпшілік орын алды. 1933 жылы наурыз айының 4-і күні Ф.Рузвельт президенттік қызметіне кірісті.Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты. 1933 жылы наурыз айының 9-ы күні Рузвельт үкіметі АҚШ парламентінің арнаулы сессиясын шақырып, «жаңа бағыт» саясатын жүзеге асыру үшін жаңа заңдарды қабылдады. Жаңа бағыт саясатының бірінші кезеңі 1933-1934 жылдарда жүзеге асуы қажет болды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты АҚШ-тың қаржы-экономикалық дамуында корпоративтік құрылымын нығайту болдыСөйтіп, АҚШ-та банк жүйесіндегі реформа арқылы 25 мың банктен, бар болғаны 15 мың банк қалып, мемлекеттен көмек ала ала бастады. 1934 жылы доллардың алтын баламасын 40% арзандатты. Банк жүйесінде мемлекеттің ықпалын күшейтіп, қаржылық қорды нығайтты. Мемлекет толық қаржы-банк жүйесін өз қолына алды. Коммерциялық банктердегі халық салымын биржаларда сатуға тыйым салды. Банктердің акцияларына мемлекет қатал бақылау жасады. Сөйтіп, қаржы-банк жүйесі толық мемлекеттің бақылауына көшті.Әлеуметтік-экономикалық салада 1933 жылы маусым айының 16-ы күні жаңа заң қабылдады. Бұл ұлттық өнеркәсіпті қайта құру заңы (НИРА) деп аталды. Жаңа заң бойынша өнеркәсіпті қайта құру үшін мемлекет бақылау жасап, өндірілген өнім мөлшері мен бағасын анықтап отыратын болды. Өнеркәсіп иелері корпоративтік бизнес жасауға еркіндік алды.НИРА заңдарының негізгі бағыты жұмысшы табының әлеуметтік саласын қорғау болды. Бұл заңның 7а-бабында жұмысшылар кәсіподақ ұйымдарына бірігуге болатынын, сонымен қатар ұжымдық бірлестік келісімдерін жасауға толық құқықтарын белгіледі. Өнеркәсіп иелерімен келісім-шарттарын жасап, жалақы және жұмыс күнін белгілеуге мүмкіндік алды.1933 жылы елде 1 млн адам ереуілге қатысты. 1934 жылы ереуілге 1,5 млн адам шықты.Рузвельттің «жаңа бағыт» саясатының негізгі қорытындысы қалай аяқталды? Мемлекеттің өнеркәсіп саласында белсенді араласуы дағдарыстан шығуға мүмкіндік жасады. Өнеркәсіп өнімдері 1929 жылғы өндірілген деңгейдің 80% жетті. 1933 жылы өнеркәсіп өнімдері 63% жеткен болатын. Жұмыссыздықты азайтқанымен, ол толық жойылған жоқ. 1935 жылы АҚШ-та 7 млн адам жұмыссыздар қатарында болды. «Жаңа бағыт» саясаты қалай десек те АҚШ-тың экономикалық дағда- рыстан шығуына көмектесті. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы АҚШ-тағы «жаңа бағыт» капитализмді сақтап қана қойған жоқ, мемлекеттік реттеу арқылы капитализмнің жаңа жолмен дамуы- на мүмкіндік жасады. Буржуазиялық реформа капитализмнің жаңаша дамуына жол ашты. Ал Еуропа елдері - Германия мен Италия корпоративтік жолмен дамуға көшті. Мемлекеттік реттеу идеясы жаңа бағыт саясатының негізгі бағыты болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]