
- •1.(11)Батыс Еуропадағы феодалдық қатынастардың даму жолдары
- •2.(12) 1867-1868 Ж Жапониядағы революция және Сегунаттың құрылуы
- •3.Рим республикасының қалыптасуы. Сервий Тулий.
- •4. Палестина мәселесінің мәнін ашу. Афрат кезеңіне сипаттама
- •5.(47) Карл Мартеллдің бенефециалық реформасы
- •7)(12) Саманидтердің сыртқы саясаты.
- •8)(20) Көпұлтты Еуропалық империялардың ыдырауы (салыстырмалы түрде талдаңыз)
- •9)(57)Хетт мемлекеті.
- •10) (58)Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан
- •13. Александр македонский
- •15. Буржуазиялық идеологияның пайда болуы. Италия қайта өрлеу. 14-15ғғ
- •16. Италиядағы фашизм қалыптасуы
- •17. Византиялық, ерте антикалық және кейінгі ортағасырлық авторлардың ғұндар туралы деректері
- •18. Хіх ғасырдағы Ирандағы европалық державалардың саясаты
- •21. Ежелгі Үндістан өркениеті
- •22. Еуропалық Одақ және Қауіпсіздік мәселесі
- •23. (27) 15 Ғасырдағы Осман Империясы
- •24.(28) Германиядағы фашизмнің дамуы
- •25. (31)Батыс Рим империясы және ғұндар
- •26.(32) Ұлы Француз революциясы . Адам мен азамат құқық декларациясы
- •29.(35) Германиядағы гуманизм
- •33. Ежелгі Қосөзен өркениеті (Шумер Аккад)
- •30. (36)Ақш «жаңа бағыт » саясаты
- •34. Дж.Нерудің ішкі және сыртқы саясаты
- •37. (55)Араб халифатының қалыптасуы
- •38.(56) Германияның біріктірілуі. Отто фон Бисмарк конст
- •39. Жаңа патшалалық Дәуірінедегі египет
- •40. Иран- Ирак соғысы
- •41. (43) Варварлық корольдықтың п.Б
- •42. (44) Қытайдағы синьхай рев.
- •45.Ежелгі Қытай өркениеті
- •46.Дэн сяопин реформалары
- •50 Метрополия және отар түсінігі
- •49.Б.З.Д. 4-3 ғғ парсы деректері
- •48 (6). Кемал Ататүрктың саяси портркті және саясаты
- •52.(60) Шарль де Гольдің ішкі және сыртқы саясаты
- •54. АқШтағы екі партиялық жүйе
- •53. Токугава сегунатының сыртқы және ішкі саясаты
- •51. (59) 11-15Ғ Византия
29.(35) Германиядағы гуманизм
Германияда гуманизм идеялары XV ғасыр ортасыңа қарай тарай бастады және оларды негізінен прогрессивтік интеллигенция мен жоғары оқу орындарының ұстаздары қолдады. Немістің жаңғыру мәдениетінің қалыптасуында экономикалық факторлар: тау-кен өндірісінің дамуы, кітап бастыру ісінің жолға қойылуы мен тоқыма өнеркәсібінің қарышты қадамы айрықша рөл атқарды. Шаруашылық саласына тауар-ақша қатынастарының еркін енуі және Германияның жалпы Еуропалық нарықтық процестерге араласуы адамдардың сана-сезімін өзгертті. Сонымен қатар саяси ыдыраңқылық жағдайларындағы Германияның өзінде де католиктік шіркеуге, оның озбырлық әрекеттеріне қарсылық күшейе түсті. Сондықтан да, шіркеуді қайта құру жолындағы күрес неміс жерінде қарқынды жүргізілді. Осы орайда Мартин Лютердің Библиянынеміс тіліне аударуы — Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірінің бастамасы болды. Бұл аударма жүмысы 20 жылға созылды және осыдан кейін іле-шала Библия (Ӏнжіл) ағылшын, француз және т.б. тілдерге де аударылды. Библияның неміс тіліне аударылуы — немістің ортақ әдеби тілінің қалыптасуына да әсерін тигізді. Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірі Реформациямен (католиктік шіркеуді реформалау жолындағы қозғалыспен) тығыз байланысты болды. Реформация жолындағы бұл қозғалысты Мартин Лютердің өзі басқарды.
Еуропаның басқа бір елі — Испанияда Қайта жаңғыру дәуірі басқа елдерге қарағанда қарама-қайшылықтарға толы болды. Мұнда гуманистер католицизм мен католиктік шіркеуге қарсы шыққан жоқ, өйткені оған Испанияда қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай өз әсерін тигізді.
Немістің гуманистік әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі — Иоганн Рейхлин (1455—1522 жылдары) — «Письма темных людей» деп аталатын атақты сатиралық шығарманың авторы. Ол бұл еңбегінде ғылыми атақтары бар магистр мен бакалаврлардың қара ниетін айыптап, қоғамдық өмірді сынға алды.Нидерланддағы Қайта жаңғыру мәдениетінің алыбы Эразм Роттердамский (1496—1536 жылдары) болды. Ол өзін «әлемнің азаматымын» деп атады. Эразмның «Есерсоқтықты мақтаған сөз», «Үйдегі әңгіме» сияқты өмірдің сан-саласын қамтитын сатиралық шығармалары Германияға, Францияға, Испанияға, Англияға кеңінен тарады. Ол өз шығармаларында корольдер менкнязьдердің, феодалдардың саяси озбырлықтарын әшкерелеп халыққа қайғы-қасірет әкелетін соғыстарды сынға алды. Бұл түста Нидерландның ұлттық гимнінің авторы Филип Альхонде, суретшілер Питер Брейгел (1525—1569 жылдары), Франс Хале(1580—1660 жылдары) және т.б. баға жетпес туындылар берді. Нидерландның мәдени өмірінің басты ерекшелігі — қалаларда ғана емес, сонымен қатар, шағын деревняларда да риторикалық қоғамдардың құрылуы болды. Бұл қоғамдардың мүшелері өлең, ән, пьеса, әңгіме шығарудан өнер сайысына түсетін болды. Мұндай риторикалық қоғамдар халықтың мәдени дәрежесінің көтерілуіне үлкен үлес қосты.Дюрер Альбрехт (1471-1528). Ол Германияның алдыңғы қатарлы суретшілерінің көшбасшысы болды. Альбрехт Германияға, Нидерландға, Италияға көп саяхат жасап, бұл елдердегі шеберлердің жетістіктерімен танысты. Ол неміс суретшілерінің ішінде дарынымен, терең білімділігімен, ізденімпаздығымен, мүрат айқындығымен көзге түсті. Дюрер суретші, инженер әрі сәулетші болды, көне тілдерге жетік әрі ақын еді. Басу станогы табылғаннан кейін суреттерді көбейтуге және оларды көп адамның пайдалануына мүмкіндік туды. Суретшілер суретті ағашқа ойып жасады немесе оларды мыс пластинкаға қышқылмен түсірді, одан кейін оған бояу жағып, қағазға басты.Дюрер бала кезінен басылымдарды безендірумен әуестеніп, гравюрамен айналыса бастады. Ол жасаған бейнелер Германияда халықтың реформация қарсаңында етек алған мазасыз көңіл күйімен үндес болды. Сондықтан да Дюрердің гравюрасы мен картиналары көпшілікке қатты ұнады. Дюрер аса үлкен портрет шеберлерінің бірі болды. Дюрердің таңдаулы гравюраларының бірі «Төрт салт атты» деп аталады. Онда тәңірдің жер бетіндегі адамзаттың үштен бірін жазалауға жіберген - Індет, Соғыс, Ашаршылык және Ажал кейпіндегі салт аттылар бейнеленген. Салт аттылар жолындағының бәрін таптап, қырып-жойып келеді. Қаланың бір бай әйелі мен священник ат тұяғының астында қалған. Бір жақта тозақ тажалы епископты жұтып жатыр. Аттылының біреуі садақ тартып, ал екіншісі жалаң семсермен жайпап барады. Көтерем аттың үстінде ақ шашы желбіреген кусүйек шал - Ажал. Ажалдың қолында үш тармақты сүңгі. Аты ауыздығымен алысқан бір салт атты - нақ орта тұста. Оның жүзінен аянышты азап, өршіген өшпенділік, бұл тартпас құлшыныс аңғарылады. Қанатты періште салт аттыларға жол көрсетуде. Тәңір найзасы көкті тілгілеп, күн көзін түйдек-түйдек бұлт жапқан. Жер бетін түнек басқан. Жарқ еткен сәуле нүрландырғандай осынау бейнелер қара түнектен айқын елес береді. Голландияда өнердің көркеюі буржуазиялық революцияның жеңісіне байланысты болды. Енді картинаға тапсырысты бұрынғыдай шіркеу емес (протестант храмдарында бұрын икон болған жоқ), өз үйлерін әшекейлеуге тырысқан қала байлары берді. Оларды туған табиғаттың бейнесі, үй жиһаздары, тұрмыстық шағын көріністер қызықтырды. Голландияда сурет өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт сияқты түрлері өркендеді.