Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
д тарих шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.04 Кб
Скачать

25. (31)Батыс Рим империясы және ғұндар

IV ғасырда Рим империясы әлсірей бастады. Оның бірнеше себептері болды. Ең басты себеп - құлдар еңбегінің тиімсіздігі еді. Құлдар өнімді көп өндіруге мүдделі болмады. Еңбегіне ақы алмай, тек тамағы үшін ғана ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған құлдар қасақана еңбек құралдарын бүлдіріп, зиянкестік жасады, жұмыстан жиі бас тартты.

Билік басындағыларды, әскерді азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыру үшін халыққа салынатын салық мөлшері жылдан-жылға өсе берді. Сөйтіпөкіметке қарсы тек құлдардың ғана емес, карапайым қала халқы мен шаруалардың да наразылығы күшейе түсті. Құлдар мен қарапайым еңбекші халық шіркеуге де сый-сыяпат, зекет ретінде алым-салықтар төлеп тұрды. Тойымсыз дінбасыларға деген наразылық қалың бұқара арасында күпірлер қозғалысын туғызды.

Қатты күйзеліске ұшыраған Батыс империяға Герман тайпалары - вандалдар,вестготтар (батыс готтар), остготтар (шығыс готтар), ағылшын-сакстер, франктер және тағы басқалар шабуылдарын күшейтті. Бұл тайпалардың қоғамдық даму деңгейі біркелкі емес еді. Кейбіреулері отырықшылық өмір сүріп, егіншілікпен шұғылданса, екіншілері мал шаруашылығымен айналысып, қоныс аударып отырды. Германдық тайпалардың негізгі шаруашылық ұясы қауым болды. Қауым мүшелері топқа бөлінбей, жерді бірлесіп өңдеді. Германдықтарда мемлекет болмады. Қауымдарды сайланып қойылатын көсемдер басқарды. Дау-дамай, талас-тартыстарға ру ақсақалдары қазылық етті. Тайпалар өзара соғысып, бірін-бірі бағындырып отырды. Соғыс кезінде батырлығымен көзге түскен тайпа көсемі әскербасы болып сайланатын.

IV ғасырдың аяғынан бастап германдық тайпалар Батыс Рим империясына басып кіріп, қоныстана бастағаны сендерге «Ежелгі дүние тарихынан» белгілі. Оларды шығыстан көшпелі ғұндар ығыстырған болатын. 378 жылы Адрианополь қаласы маңында германдық вестготтаримператор Валенттің өзі басқарған Рим әскерін талқандады. Осы жеңілістен кейін Империя оңала алмады. 410 жылы Аларих бастаған вестготтарРимді басып алды. Вестготтарқаланы үш күн бойы тонады. Бірак олар Римде тұрақтап қала алмады, азық-түлік қоры таусылды, оның үстіне Империя тұрғындары варварларға қарсы күресін тоқтатқан жоқ еді. Сол себепті вестготтарОңтүстік Галлияға өтіп кетті. 418 жылы Оңтүстік-Батыс Галлияда Вестгот корольдігі пайда болды.

429 жылы вандалдар ғұндармен бірге келген аландармен коса Солтүстік Африкаға өтті. вандалдарды король Гейзерихбасқарды. Ол Солтүстік Африканың едәуір бөлігін басып алып, 429 жылы Вандал корольдігін құрды. V ғасырдың аяғына карай ғұндардың ығыстыруымен Рим империясының жеріне басып кірген франктер - Галлияда, остготтар - Италияда, ағылшын-сакстерБритания аралдарында өз мемлекеттерін құрды. 476 жылы Батыс Рим империясы әскербасыларының бірі Одоакр (Өдекер)Герман тайпаларынан құрылған әскермен көтеріліске шықты. Ол императорды тақтан құлатып, жер аударды. Одоакр өз жауынгерлеріне және көмекке келген құлдарға байлардан тартып алынған жерлерді бөліп берді. Осы жыл тарихта құл иеленушілік құрылыстың жойылу жылы деп саналды.

IV-V ғасырлардағы ғұндар

476 жылы құл иеленуші Батыс Рим империясының құлады. Оның құлауына ғұндардың себепкер болғаны белгілі. Осы ғұндардың кім болғанын, қайдан, қашан келгендерін тағы да естеріңе сала кетейік. Себебі олар түркі халықтарының арғы аталары деген пікір айтылып жүр. Қалай болғанда да олар бізге жақын халық болған.

Б.з.б. 50-жылдары Қытайдан жеңіліп, ғұндардың бір бөлігі Орал тауының оңтүстігіне коныс аударған. Ал IV ғасырдың 70-жылдарығұндардың Батысқа қарай жаппай жөңкіле көшуі басталды. Олардың осы Батысқа қарай жылжуы тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды.

Ғұндар Еуропаға келіп, рулық қоғамда өмір сүріп жатқан Герман тайпаларын батысқа қарай ығыстырды. Осы ғұндардың Одоакр(Өдекер) деген батыры Герман тайпаларының әскерін басқаратын. Сол әскермен ол 476 жылы күл иеленуші Батыс Рим империясынбасып алып, құлдықтың жойылғандығын жариялады.

Сөйтіп 476 жыл құл иеленуші қоғамның жойылып, феодалдық қоғамға көшу жылы деп саналады. Аттила (Еділ) басқарған ғұндардың 451 жылы Рим әскерін талқандады. Олар сол кездегі озық технологияның арқасында жеңді. Ол технология - ер-тоқымның үзеңгісі болатын. Ал рим әскері ол кезде үзеңгіні пайдалануға көшкен жоқ еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]