- •3. Исламның пайда болуының тарихи алғышарттары.
- •4. Исламдағы негізгі бағыттарды ашып, мұсылмандық құқық мәселесін сипаттаңыз.
- •5. Ислам дінінің басқа монотеистік діндерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •6. Исламның əлемдік дін ретінде дүние жүзіне таралу заңдылықтары қалай жүзеге асты.
- •7. Мұхамед пайғамбардың уағыздарындағы негізгі идеяларды анықтаңыз.
- •8. Мұхамед пайғамбардың тұлғасы туралы дау – таластар кандай сипатта болды.
- •9. Қазақстандағы дәстүрлі Ислам мәдениетінің құндылықтарын анықтаңыз.
- •Қожа Ахмет Йассауи ілімі
- •34.Ислам дінінің қозғалысқа әсері[өңдеу]
- •36. Әлихан Букейханов – қазақ және түркі мұсылмандар саяси қозғалысының лідері ретінде көзқарасыңыз.
- •37. Міржақып Дулатовтың идеялары мен практикасы түркі интеграциясы тұрығысынан.
- •38. Ахмет Байтұрсыновтың идеялары мен практикасы түркі интеграциясы тұрығысынан талдаңыз.
- •41. Мұсылман түркі мектептерін реформалау және түркі зиялыларының творчестволық байланыстары.
41. Мұсылман түркі мектептерін реформалау және түркі зиялыларының творчестволық байланыстары.
XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды. Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3—4 жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті. XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер коғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола баста- ды. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды. Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900 жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б. Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семейдегі Ахмет Ризамедресесінде жаңа әдістемелік оқыту мето- дикасын жақтаушы ұстаздардан дәріс алған болатын. Алайда жаңа әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп білді. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана жаңа әдістемелік мектепбар еді.
42. Махмұд Қашқари ( 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады. Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. 43. Қазақ қажылары ертеде Мекке-Мединеге қажылық сапарына Ыстамбұл арқылы барып жүрген. Абайдың шәкірті, ойшыл ақын Шәкәрім Құдай бердіұлы 1905 жылы Мекке сапарында Ыстамбұлға соғып, қаланың басты кітап хана ларында айлап отырып ізденген. Жалғыз қазақтар емес, Ресей мен Кавказ және Орта Азия мұсылмандары қасиетті Мекке мен Мединеге ежел ден Ыстамбұл қаласы арқылы барған. Қара теңіздің жал-жал толқындарынан шаршаған қажылар осы жерде тынығып, әл-ауқат жиып, ары аттануға мүм кіндік алған. Орта ғасырда Орта Азиядан Ыстам бұлға жету үшін тұтас бір айдан астам уақыт кет се, XIX ғасырдың екінші жар тысынан бас тап, техникалық прогрестің (пойыз бен параход) арқасында ол жол айтарлықтай қысқарған. Түркістаннан қажылыққа атта нушылар көбінесе Крас новодскіге темір жолмен жетіп, одан ары Бакуге, одан Одес са су жолы арқылы Ыс тамбұлға пара ходпен барған. Сондай-ақ Ташкент пен Бұхарадан Тулаға, одан ары Одессаға дейін пойызбен барған. Ыстамбұлда аялдаған қажылар құр қа рап жатпай, Айа-София, Сұлтан Ахмет, Сұлтан Фатих мешіттері мен Сұлтан Бая зид, Нұр-Осман, Сұлтан Селим, Валиде Сұлтан, Топқапы секілді жерлерге зиярат етіп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бен сахабалар тұ тынған заттар мен киімдерді тәу еткен. Атақты Топқапы сарай-кешенінен Мұса пайғамбардың асатаяғын, Ибрахим пай ғамбардың тостағанын, Жүсіп пайғам бардың сәлдесін, Жахия пайғамбардың бас сүйегі мен қол сүйегін, Дәуіт пай ғам бардың қылышын, Мұхаммет пайғам бар дың сақалын, шекпенін, табанының тас -қа түскен ізін, екі қылышы мен садағын, Әбу Бәкір, Омар, Осман халифтердің қы лыштарын, Әзірет Әлінің зұлпыһарын, сахабалардың қылыштарын қазір де кө ру ге болады. Мұнда 24 сағат бойы үзіліссіз Құран сүрелері ғасырлар бойы оқылып келеді. Бұдан басқа 14-18-ғасырлардағы түрік сұлтандары мен парсы шахтарының шапандары мен қылыштары, алтын тақ та ры, алтын-күмістен жасалған бұйымдары мен бағалы сыйлықтарының өзі қаншама. Осының өзі-ақ Ыстамбұлдың бір заман да Мекке мен Медине, Бағдат секілді Ислам әлемінің айтулы астанасы болғанынан хабар береді. 44. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді "Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды. "Құтты білік" поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мавераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген . 45. Номадизм - [грек, nomades - көшпенді] - өндіріс процестерінің қарқынды интернационализациясы кезеңінде (ұлттық шекаралардың шайылуы, капиталдың жөнсіз "құйылуымен" жәнедиаспоралар белсенділігімен ерекшеленетін) аса танымал болған қоғамтанудағы ұғым. XX ғ. 70-ші жж. Э.Тоффлердің еңбектерінде көрініп, 1990-шы жж. Ж.Аттали, М. Маффезоли, Р. Брайдотти және т.б. еңбектерінде жетілдірілген. Ерекше пұрсатты халықтың шағын топтарының және ондай ерекшеліктерден жұрдайлардың арасындағы терең айырмашылықтардың жүргізілуі жағдайында "номадизм" ұғымын түсіндіру өндірістік факторлар арқылы жүзеге асырылады ("көшпелі өмір" әлемдік экономиканың қызметін оңтайландыру ретінде), сондай-ақ өмір салты, мәдени стилі және 2000 жылдан кейін тұтыну түрі ретінде көрінеді. "Мінсіз номад" келесідей негізгі сипаттарға ие: а) шағындылығы (шекараларды көзге ілмей, өзгенің аумағын басып өту мүмкіндігі); ә) тәуелсіздігі (өзін элем азаматы деп сезіну, этникалық, ұлттық, азаматтық, нәсіл, таптық белгілерге меңзейтін ішкі шекараларды жою; б) тиістіктен тыс (үзілді-кесілді биліктен тыс болу, коммуникацияның магистралдық торабынан және билік өндірісінен; в) үздік сараптамалық қабілет және білімнің жоғары деңгейі; г) іс-әрекет (номад тұлғасы аса белсенді және саясаттандырылған, "номадтың грамматикалық уақыты - мінсіз емес: белсенді және ұзақ" (Е. Брайдотти, "Номадизм жолымен"). Бірқатар сарапшылар (Ж. Ведел, Г.П. Мартин және X. Шуман және т.б.) "бай номадтардың" мәдени мәнділігіне күмәнмен, сынмен қарайды. Олардың пікірінше, шынайы билікті иемдену (саяси, экономикалық, масс-медиа билігі) космополиттік кәсіпкерлік және интеллектуалдық топтар өкілдерінің қоғамдық мәнді шешімдерді қабылдау- да жоғары моральды-этикалық сапаларымен ақталмаған. Керісінше, бұл страта осыған дейін ұстанып келген қағидаларды тоталитарлық "жабық қоғамдармен" теңдестіреді. 46. XIII ғасырдың басынан бастап Шыңғыс-ханның шапқыншылығы нәтижесінде Ұлы моңғол империясының, кейінірек Жошы ұлысының негізінде Алтын Орда империясының түркі мәдениетіне үлкен орны болды. Шыңғыс-ханның бейнесі мен оның шапқыншылығы және құрған империясы туралы пікірлер қайшылықты: біреулер оның жағымсыз жағын, екіншілері жағымды жақтарын алға тартады. Түркия ғалымы Йылмаз Өзтүна Шыңғыс ханның арғы тегін түрік деп анықтап, жалпы моңғолдар мен түркілер арасында бәлендей айырмашылық болмағанын айтады. Шыңғыс ханның өзі тәңірілік дінді ұстанса да, сол кездегі Жібек жолы бойында тараған барлық ұлы діндерді сыйлап, толеранттылық көрсеткен. Ол қытай монахтарын болса да, христиан поптарын немесе мұсылман дәруіштерін де құрметпен қарсы алып, өсиеттерін тыңдап отырған. Шыңғыс ханның немересі Берке ханның ислам дінін қабылдағаны туралы тарихи айғақтар бар. Дегенмен, бұл империяның жаппай исламдануы XIV ғасырдың бірінші жартысындағы Өзбек хан Мұхаммедтің билеген тұсына тап келеді. Қазақтың «Дін Өзбектен қалған», «Өзбек ханның тұсында атамыз қазақ дін баққан, Алтын Орда хандары жердің жүзін шаңдатқан» деген халық аузындағы сөздері де осыны дәлелдейді. 47. Билер соты тек екі жағдайда ғана өлім жазасын кескен: біріншісі – Отанын сатқанға, екіншісі – знақорлық жасағанға. Шариғат заңы бойынша Отанын сатқан адамның басын қылышпен шауып, найзаға қадап қойған, ал зина жасаған әйелді таспен ұрған. Оларды денесі қаңғыбас иттердің жемтігіне айналған. Ал, дала номадтарының билер соты сатқынды басына қап кигізіп жұрттың көзінше дарға асқан, зина жасаған еркек пен әйелге де қап кигізіп, түйенің екі өркешінің арасына салып асқан. Сонда жұрт айыптылардың асылғанын көргенімен, өлтіру поцесінің өзін көре алмаған. Өлтірілген адамдардың денесі туыстарына берілген. Бірақ олар ауылдың ортақ қорымынан оқшау жерленген. Кейде айыптыны ру ішінен қуған, оны көшпелі тайпалардың бәріне хабарлаған. Мұндай адамды ешбір рулар қабылдамаған. Олар өз кінәсін тек үлкен жақсылық іс жасау арқылы ғана жуа алған. Ар-ұятты аттаған адам хан болсын, батыр болсын, қарапайым адам болсын бәрібір – билер жазасына тартылған. Қазақ «Малым – жанымның садақасы, жаным - арымның садақасы » деп өмір сүрген.Қазақтың әдет-ғұрып заңдары орта ғасырлардағы ислам дінін ұстанатын Араб, Шығыс және Орта Азияның елдеріндегі жаппай қолданыста болған шариғат заңдарынан мүлдем бөлек болды. Басқаша айтсақ, қазақ халқының әдет-ғұрыптық жолдары мен құқықтық жарғылары ерекше тарихи кезеңнің, әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістердің туындысы еді.
Түрікшілдік, пантюркизм – түркі халықтарын бірлікке, өзара байланыстарын нығайтуға үндейтін қоғамдық-саяси ағым[1]; XX ғ. басында саяси доктриналардың және саяси көзқарастардың жүйесінде пайда болған діни-саяси идеология. Түркі тілді халықтардың бір мемлекетке Турцияның камкорлығымен «ұлы Тұран» мемлекеті болып бірігуін мақсат ететін көзқарастар мен саяси доктриналар жүйесі.19 ғасырдың соңына қарай қарқын алды. Сол тарихи кезеңде түрікшілдікті насихаттаушылардың көш басында И.Гаспринский тұрды. Ол түрікшілдікті “Тілде, пікірде, істе – бірлік” деген ұранмен шығарған өзінің “Тәржіман” газеті арқылы насихаттады. Түрікшілдікті Түркияда насихаттауда Ю.Акчурин белсенділік танытты. 20 ғасырдың басында Ресей империясының қол астында отарлық езгінің тауқыметін тартқан түркі халықтарының азаттық қозғалысының өрбуіне түрікшілдік елеулі дәрежеде ықпал етті. Бірінші орыс революциясы кезінде негізінен түркі халықтарының өкілдері қатысқан бүкілресейлік мұсылман съезі 3 рет өткізіліп, түркі халықтарының мүддесін қорғау мақсатында “Ресей мұсылмандары одағы” атты партия құрылды. Ә.Топчибашев, А.Ибрагимов, С.Мақсұдов секілді қайраткерлер түрікшілдіктің ықпалымен түркі халықтарының мүддесін қорғау жолындағы әрекеттерін күшейтті. Уақытша үкімет жағдайында түркі халықтарының саяси әрекеттерін үйлестіріп отыру мақсатында Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі ұйымдастырылды. Кеңестік билік орнағаннан кейін түрікшілдік реакциялық пиғылдағы ағым ретінде бағаланып, оны насихаттауға қатысы бар деген азаматтар ашық қуғындалды. Көрнекті татар қайраткері М.Сұлтанғалиев осындай қуғындаудың құрбаны болды. Сол кезде Түркияда түрікшілдік-ті насихаттаушы тұлға ретінде Зия Гөкалп танылды. Ислам (араб.: إسلام) — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың заңдарына)[1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында«ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم) — классикалық әдебиараб тілінде (араб.: الفصحى) Аллаһ тарапынан түсірілген. Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.[2]. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед
52.Орталық азияда буддизмнің таралуы және оның жергілікті халыққа ықпалын ашып көрсеңіз. 53.Аймақтық исламды қалыптасырудағы ханафи мазхабының рөлі.
|
|
|
|
