- •3. Исламның пайда болуының тарихи алғышарттары.
- •4. Исламдағы негізгі бағыттарды ашып, мұсылмандық құқық мәселесін сипаттаңыз.
- •5. Ислам дінінің басқа монотеистік діндерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •6. Исламның əлемдік дін ретінде дүние жүзіне таралу заңдылықтары қалай жүзеге асты.
- •7. Мұхамед пайғамбардың уағыздарындағы негізгі идеяларды анықтаңыз.
- •8. Мұхамед пайғамбардың тұлғасы туралы дау – таластар кандай сипатта болды.
- •9. Қазақстандағы дәстүрлі Ислам мәдениетінің құндылықтарын анықтаңыз.
- •Қожа Ахмет Йассауи ілімі
- •34.Ислам дінінің қозғалысқа әсері[өңдеу]
- •36. Әлихан Букейханов – қазақ және түркі мұсылмандар саяси қозғалысының лідері ретінде көзқарасыңыз.
- •37. Міржақып Дулатовтың идеялары мен практикасы түркі интеграциясы тұрығысынан.
- •38. Ахмет Байтұрсыновтың идеялары мен практикасы түркі интеграциясы тұрығысынан талдаңыз.
- •41. Мұсылман түркі мектептерін реформалау және түркі зиялыларының творчестволық байланыстары.
Қожа Ахмет Йассауи ілімі
Қожа Ахмет Йассауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Йассауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Йассауи ілімі – дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.
Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ. Сопылық). Қожа Ахмет Йассауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фани...” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Йассауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Йассауи әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Йассауи ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке” жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа Ахмет Йассауи ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – “еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар – нәпсі,мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу.
Қожа Ахмет Йассауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Йассауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Ия, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Ясауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Йассауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Йассауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Йассауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстындар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Ясауи дың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады.[3]
Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Йассауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауи ше хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Йассауи сарыны байқалды. 12 ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан
23
XIII-XIV ғғ. Исламның таралу ерекшеліктері. XIII ғасырда Орталық Азия мен Қазақстан жерлеріне бағытталған монғол шапқыншылықтары мен олардың дәстүрлі діни сенімдерін ұстанатын тайпаларының (монғол және түркі) қоныстана бастауы салдарынан исламның таралуы біраз уақытқа дейін бәсеңдеді. Осы шапқыншылықтар кезінде көптеген қалалар жойылды, ғылым мен мәдениет орталықтары тоналды, мешіт пен медреселер қиратылды. Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттыққа ауқымды зиян келтірілді.
Алайда, уақыт өте келе қайта өркендеу басталды. Монғол басқыншылары мен ел билеушілері ислам діні мен түркі тілін қабылдай бастайды. Бұл жағдай ортағасырларда ислам дінінің көшпелі дала өңіріне қайта таралуына кең ықпал етіп, басқа да бұқара халық топтарын өзіне тартуға мүмкіндік берді.
Монғол билеушілері өздерінің діни сенімдерін мұсылмандарға күштемей, діни төзімділік танытты. Алтын Орданың ханы Берке (1255-1266) және басқа да хандардың (Өзбек, Түдеменгү) мұсылмандықты қабылдауымен исламның орны нығая түсті. Мысалға, Өзбек хан тұсында (1312-1342 жж.) Алтын орданың астанасында 13 мешіт қызмет етіп, ханның өзі күніне 5 рет намаз оқыған. Дін әртүрлі тайпаларды біріктіруші құралдың біріне айналды. Көшпенділер арасына исламды мақсатты түрде тарату басталды. Дін уағызшылары далалы өңірге Орталық Азиядан, Еділ өңірлері мен мұсылман әлемінің басқа да аудандарынан ағыла бастады. Миссионерлер арасында суфийлік бағыттың өкілдері де аз болмады. Сопылықтың нақышбандия мен ясауия тариқаттары билік пен қоғамдық санаға айтарлықтай ықпал еткен, сол себепті билік өкілдері сопылық тариқаттардың жетекшілерімен санасып отырған. Сонымен қатар, сопылар мешіттер мен медреселерді өз иелігінде ұстап, барлық діни рәсімдерге қатысып отырған.
Монғол шапқыншылығы кезеңінен соң қазіргі Қазақстан жерінде пайда болған мемлекеттерде (Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан) исламдану үдерісі әртүрлі өтіп жатты. Қарапайым халық арасында ескі сенімдердің (тәңіршілдік, шаманизм) қалдықтары сақталып қалды.
Ислам XV ғасырда Жәнібек пен Керей негізін қалаған Қазақ хандығының ресми идеологиясы болыпжарияланды. Ислам діні жоғарғы хандық биліктің нығайуы мен түрлі қазақ тайпаларының бір этникалық қауымға біргіуне ықпал еткен идеологиялық факторлардың бірі болды. Қазақ хандығының халқы исламның сүнниттік бағытының ханафи мазхабын ұстанды, алайда қоғамдық және жеке өмірде исламның тәңіршілдік пен шаманизмнің элементтерімен өзіне тән синтезі пайда болды.
24
25
б) Абай қара сөздерінің Ислам дінімен сабақтастығы.
Абай қарасөздерін әртүрлі тақырыпта жазған. Абайдың қара-сөздеріндегі пікірлері Исламға қарсы келмейді, қайта үндесіп, сабақтасып тұрады. Абай қарасөздерінде қозғап отырған мәселесінде мақсатына жету үшін Пайғамбарымыз (с.а.с.)-дың хадистерінен дәлелдер келтіреді. Абайдың осы қырық бес қарасөзінің он бірі толық дін тақырыбына арналған. Олардың ішінде кейбір қарасөздері бір ғана діни мәселелерден сөз қозғайды. Мысалы, он үшінші қарасөзінде иман мен ғибадат, жиырма жетінші қарасөзінде құлшылық, хикмет, ақыл жайында, жиырма сегізінші қарасөзінде тағдыр, иман, ақыл, ғибадат, отыз төртінші қарасөзінде ақырет, иман, дүниелік өмір, қырық үшінші қарасөзінде жан мен тән, ақыл, талап, қуат, қырық бесінші қарасөзінде Аллаһ Тағаланың барлығына дәлел, әділет, махаббат туралы баяндайды.
Абай қарасөздерінің ішіндегі ең көлемдісі отыз сегінші қарасөзі болып табылады. Бұл қарасөзінде көптеген діни тақырыптарына тоқталады.
Киім кию әдебі жайында жазылған он сегізінші қарасөзі толығымен Мұхаммед (с.а.с.)-ның сүннетімен үйдлеседі. Осы қарасөз былай деп басталады: «Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ кербездің ісі…».
«Аллаһтың елшісі (с.а.с.) қарапайым, кірсіз киінетін еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) киімнің денеге пайдалысын және жеңіл келетінін таңдайтын. Киімдерді мақтаныш, көкіректікке себепші болмау керектігін айтатын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тазалыққа үлкен мән берген.Бір күні үсті-басы кір адамды көргенде, оған «Үсті-басыңды жумайсың ба?» деген.21
Мақтаншақтық туралы айтылған жиырма екініші қарасөзінде былай дейді: «…біреу жаққа мақтанарлық мақтан іздейді, ол – надан, ләкин надан болса да – адам. Екінші өз елінің ішінде мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айпаса, яғни ауылына ғана келіп айпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол наданның наданы, ләкин адам емес…».
Ислам діні ғылым-білімге өте көп мән берген. Бәрімізге мәлім болғандай Аллаһ Тағала мұсылмандарға ең бірінші үйреткен әмірі «оқы». Сондықтан да Ислам діні ілім мен ғылымдарға үлкен құрмет көрсеткен. Ислам мұсылман ер кісі мен әйел кісілердің бәріне ілім алуды парыз еткен. Сондай-ақ, қайда болмасын, қай жерде жүрмесін, яғни тал бесіктен жер бесікке дейін ілім алып, ізденулерін бұйырды.
Біз жалпы Абай қарасөздеріндегі қозғалған мәселелердің Ислам дінмен сабақтастығына қысқаша тоқталып өттік. Енді ақынның қарасөздеріндегі дін тақырыбында жазылған басты діни тақырыптарға тоқталайық.
Ақын бұл қарасөздерінде иман, ықылас, ғибадат, тағдыр, Аллаһ Тағаланың сипаттары, ғашық-мағшұқ, Аллаһ Тағаланың хикметпен жарату және т.б. мәселелер жайында баяндайды. Біз бұлардың барлығына жеке-жеке тоқтала алмаймыз. Өйткені бұлардың әрқайсысына өз алдына жеке үлкен тақырыптар. Олдардың барлығын бұл еңбекте қамту мүмкін емес. Осыған байланысты осы тақырыптардың ішіне Ислам дінінде ең басты мәселе болып саналатын иман тақырыбына талдау жасауды ұйғардық.
б) М.Әуезовтың Абайдың дінге қатысына айтқан тезистері.
Абай туралы ең көп зерттеу жұмыстарын жүргізілген М.Әуезов өзі сол кезең жағдайларына байланысты Абайдың Исламиятқа қатысын арнайы зерттеулер арқылы ашпайды, осы саладағы ұзақ жылғы зерттеуден туған ойларын қорыту, келешек зерттеулерге адастырмас бағыт берер тезистік ой – пікірлер желісін ұсынумен шектеледі. М.Әуезов сол заман ағымына сай Абайды материалист немесе рационалист ретінде танытқан оған ешкім тыйым салмас еді. Қайта сол кездегі саяси идеологияға сай болғаны үшін бұл пікірі қолдау табар еді. Бірақ М.Әуезов бұлай етпеді. Өйткені бұл іске оның ар – ожданы жібермеді деп ойлаймын. М.Әуезовтың өзіне дінге қатысы белгісіз нәрсе. Бұл тақырыпты ашу үшін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. М.Әуезов Абайдың дінге қатысына байланысты екі тезис ұсынған.Олар:
А) Абай діні – сыншыл ақылдың шартты діні.
Ә)Абай діні – адамгершілік діні.
Абайдың дінге қатысы туралы замандас ғалымдар толық, терең қозғап ештеңе айта алмағаны түсінікті жай. Жалғыз ғана Мекемтас Мырзахметұлы «Абай діні – сыншыл,ақылдың шартты діні» - деген М.Әуезовтың бірінші тезисін былайша таратып баяндайды: «Лай суға май бітпес, қой өткенге» деген өлеңінде Абай тәңірге деген ішкі нанымдарының сырын ашып, өзінің құдайына бас иген көп мұсылманның бірі ретінде танытады. Бірақ ойшыл ақын осы таным шеңберінде тұрып қалмай, түп иенің өзін ақыл сынына салып барып нануға бағыт алады. Осы әрекеті арқылы-ақ ақын Исламият шеңберінен шығандап кетеді.17
Абай қай мәселені болсын шектен тыс көп зерттеудің дұрыс еместігін де білдіріп өткен. Мысалы; отыз екінші қарасөзінде былай дейді: «Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсат пен білмек үшін үйренбек керек.». Бахсқа39* бола үйренбе, азырақ бахс адамда түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахсшыл адам хақты шығармақ үшін және бахс қылмайды, жеңбек үшін бахс қылады.
Көңіліме шек, шүбәлі ой алмаймын,
Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.
Абай бұл сөздерімен Аллаһ Тағалаға сендім, көңілімде еш шүбә, күмән жоқ, бірақ Аллаһтың құдіретін, ұлылығын ойламай тұра алмаймын деп отыр. Түптеп келгенде Абай М.Мырзахметұлы айтқан Исламның шегінен шығып, Аллаһтың болмысы жайында ойламаған. Абай Аллаһтың сипаттары мен іс-әрекеттері туралы ойлаған.
Енді М.Әуезовтың «Абайдың діні – адамгершілік діні» деген тезисінде талдау жасап көрейік. Осы тезисті М.Мырзахыметұлы былай түсіндіреді:
«Осы аталған шығармаларында («Аллаһтың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңі мен жиырма сегізінші, отыз сегінші қарасөздерін айтып отыр) Абай үстірт қараған кісіге діншіл ақын сияқты әсерде қалдырады. Бірақ үңіле зерттей қараса, Абай Исламияттың кейбір түрлі ұғымдарын сыншыл ақын сынға салып, оны өзіндік таным тұрғысынан адамгершілік дініне айналдырады. Өзіндік гуманистік ойларын діни ұғымдармен жанастыра отырып таратады. Абайда айтылатын гуманисттік танымдар мен пікірлерде теологиялық ұғымдар мен шығыстық термин мол болуы, әрине, оны оршаған орта мен тыңдаушылар құрамына байланысты, Исламияттық ұғым, діни сөздер молырақ қолданылған шығармаларының өзінде де Абай адамшылық жайлы асыл мұратты ойларына тыңдаушы назарын үнемі бұрып отырады».19
Жазушы ағамыздың бұл пікірлеріне қарайтын болсақ, Абайды Исламиятқа, асыл мұраттарға жүгінгенде тек қана өзін қоршаған ортасы мен тыңдаушыларын сөзін ұғыды болсын деп барды дегенді қисындайды. Бұлайша бетінен қалқу ақын үшін қиянат. Абай Аллаһқа жүрегімен ұйып, сеніп, Исламиятқа жүгіне отып, жыр төкті, өз жүрегінің лүпілін хақ жолыфның ғалымдық үніне қоса бірге ұмтылып бақты. Бұл жерде ақынды маңайындағы әлеуметтік ортасына, тыңдаушысына бола, солар сөзімді, адамгершілік сырымды түсіне білсін деп хақ жолына жүгінді десек қате ойлағанымыз. Бұлайша Абай сеніміне топырақ шашқандай боламыз. М.Мырзахыметұлының бұл пікірі Абайдың өлеңдеріндегі ой тұжырымдарына теріс түседі. Абай бір нәрсе туралы айтқысы келсе, тура ашық айтады. Астарлап, тұспалдап сөйлеу Абайға жат нәрсе. Абайдың әр сөзі өз алдына жеке бір ой қортындысы. Екі түрлі пікірмен бір нәрсені меңземейді. Осыған байланысты Абай ешбір сөзін жайдан-жай жазбайды деп айта аламыз. Мысалы ақын бір өлеңінде былай дейді:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ барды, ертегіні термек үшін.
26
Осы уақытта өздерінің ойларымен көш бастаған қазақ ағартушылары
Ш.Уәлиханұлы, Ы.Алтынсарин мен Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім
Құдайбердіұлы болды. «Өзінің саяси сенімі жағынан олар қасіреті мол
халқының тағдырына аса қатты алаңдайтын және бұқараны ағарту мен адал
еңбекті гүлденуге, молшылық пен бақытқа ұмтылған гуманист-демократтар
болды[3]. (М.Үсенова. Дінтану. 168б)
Ш.Уәлихановтың өзінің еңбектерінде шаманизмге және сол уақыттағы
молдаларға наразы болып, оларды сынға алғаны белгілі. Ш.Уәлихановтың бұл көзқарасына
қазақ философиясын зерттеушілер өздерінің пікірлерін
әрқалай береді.
Шоқан Уәлиханов өзінің «Қырғыздардағы шамандықтың қалдығы»
атты еңбегінде діннің қағидаларына, қазақ даласында татар және Бұқара
молдаларының таратып жүрген діни қуағыздарына қарсы шығып, «ой мен
сезімнің дамуын тежейтін өлі схоластикадан басқа ештеңе әкелмейді» [4] -
деп сынайды және «Тәңір (құдай)» атты мақаласында қазақтардың малды
қасиет тұтатын ырымдарының себебін халықтың күн көрісі малға
байланысты екендігімен түсіндіреді [5].
Алғашқы қауым адамдары үшін тек табиғат қана жұмбақ болған жоқ,
сондай-ақ адамның өзі, оның организмнің ерекшеліктері онда болып жататын
ойлау және психикалық процестер де құпия болды.
Сондықтан, табиғат пен адам өмір мен өлім аса қатты таңдану тақырыбы
болды және әрқашан зерттелмеген құпияға толы болды. Табиғат пен адам!
Айтыңызшы, адам мен табиғаттан кермет, әрі жұмбақ не бар? Міне, адамды
Күн мен Айға, жұлдыздарға және біздің табиғат және ғалам деп жүрген шексіз,
мәңгі әрі алуан түрлі нәрсенің бәріне табынуға алып келді. Шамандықтың
шығуы – жалпы және ішінара алғанда табиғатты шексіз қадірлеу» деп жазды
Шоқан.
Шоқан Уәлиханұлы қазақтардың көшпелі тұрмыс жағдайындағы
шаманизмнің ерекшеліктерін, оның қазақтардың космологиялық аңыз-
түсініктерімен, олардың тұрмыс салт-дәстүрлерімен араласып кетуін
зерттеді[6].
Ғалам – мәңгі әрі шексіз жасайды, бастауы да соңы да жоқ. Сондықтан
адам мен табиғатты құдай жаратқан деген діни тезистерді сенімсіз әрі ақылға
сиымсыз нәрсе деп санады. «Қырғыздардағы шамандықтың қалдығы»
еңбегінде адамдарды жаратқан құдай емес, адамдардың өздері қиялында
құдайды жаратты деген ой айқын айтылады.
Алайда Ғ.Есім өзінің «Қазақ философиясының тарихы» атты кітабында
«Бұл аталмыш еңбектердің ғылыми құндылығынан емес, біздің
тарихымыздың белгілі кезеңінде біздің рухани тұрмысымызға деген ресми
көзқарастарды саралау үшін қажет. Бұл еңбектер, бірден атап айтуымыз
керек, тапсырыспен жазылған әрі империяның бұратана халықтар туралы
пікіріне сайма-сай келетін дүниелер.
Шоқан былай деп жазады: «Ислам орыс және басқадай да христиан
үмметіне жәрдемдесе алмайды...» – Осы жолдардың өзінен ислам дүниесіне
қандай орын дайындап қойғанын көруге болады. Ал, қырда
мұсылмандықтың әлі берік орнықпағаны, татар моллаларының «күйтұрқы»
әрекеттері немесе «магометандық пуританизм» дегендердің бәрі қазақ
халқын шіркеу аясына алып келу қажеттігін негіздеу үшін айтылған сөздер» -
деп Шоқанның көзқарастарының себебін отаршылықтың салдарынан
туындаған деп түсіндіреді.
27
Ойшылдың дүниетанымы мен философиясының негізгі қайнары ислам философиясы жене шығармашылыгының қайнар нәpi Құран-кәрім, хадис, шариат. Оның діни философиясында Алла, Hәnci, инсани-қамил, ақиқат, фана, о дүние, жұмақ, тозақ, күнә, пенде, nepіште, ғашықтық, махаббат, әулие, шариат, сопылық т.б. ұғымдар негізгі өзекті құрайды. Мәшһүрдің діни- философиялық көзқарастарының түпкі тамыры — Алла тағала, оның расулы Мухамед (c.ғ.c.).Мәшһүр Жүсіп дуниені жаратушы, Алла тағаланың жаратылысты жұптық негізінде көрсетеді. ¥лы Абай айтқандай: «Махаббатпен жаратқан адамзатты» Мәшһүр де дастанында ерекше сүйіспеншілігімен жазған еді. Қарапайым тілмен ақын iшкi дүниесін жеткізе білген. Ол Аллаға, пайғамбарымыз Мұхамедтің Алла расулы eкендігіне, кәміл сенген діндар, ғұлама. Діни еңбектерінде ислам қағидаларына, борыш - парыздарына жан-жақты түсінік береді. Ғалым Көпеев діни құндылықтарды насихаттау мақсатымен коғамның адамшылық тұрғыдан тазаруын, иман мен рухани нұрларына қалай ие болуын уағыздайды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Құдайым жексенбі күн жер жаратты» еңбегінде ойландыратын терең ой-толғамдар, фәлсафалық ой-түйін, рухани кұндылықтар туралы деректер берілген.
Адам баласы ақылымен, ceзіммен бip жаратушы күштің (Алланың) бар екенін білсе де, оның бұйырған нәрселері мен тыйым салған нәрселерінің кейбір жағдайларын (түсініктемелерін) не екенін біле алмайды. Оны Алла тағала тек пайғамбарлары арқылы, солардың дәнекерлігімен ғана білдірген. Адам баласына бұл дүниеде, ахиретте бақытқа ие болудың, жолдарын баян еткен.
Діндар Мәшһүр Жүсіп пікірінше: «Алла тағала бізге көптеген нығыметтер (тілектер) берген. Олар: осы дүниеде бар болып, тipi жүруіміз он eкi мүшеміздің cay болуы: жеген тамағымыз, алган деміміз, жасаған өміріміздің әр қайсысы Алланың бізге берген игілігі, жақсылығы, нeciбeci». Аллаға жан – тәнімізбен, малымызбен құлшылық, етіп, бүкіл әмірлерін орындап тыйым салған нәрселерінен тиылуымызды «ғибарат» деп атайды. Ғибарат Аллаға ғана істеледі. Ғибарат иманды қорғайды әpi нығайта түседі. Құран кәрімде «Әллазина аману уағамилұссалихати» (5:6) деген сез алпыска жуық қайталанады. Мағынасы: иман келтіріп түзу - ғамал icтеген делінген түрде иман мен ғибарат тіркеліп отырады. Сондықтан әp6ip мұсылманның осыларды айырып, нақ, білyi парыз. Осыны білуді «ғылым хал» деп атайды.
Акын өлең жолдарында бірлік идеясын ортаға салады. Бұл маңызды тақырып, өйткені бірлік тұтқасы-дін. Ұлттық, бірлігі болса тіршілік бар екендігі сөзсіз. Алғашқысында ұлттық, бірлігі жөнінде ой қозғалса, кейінгісінде мұсылмандық бірлігі. «Бірлігі мұсылманның -ынтымағы» [1:64], - деген ұран сөздермен icпеттec ой тастап, жай үндеу емес, тікелей ic-қимылға шакырады.
Ынтымақ, ауыз бірлік қылу үшін,
Бас қосқан мұсылманның білімдісі. [1:64]
«Дін» ұғымын Мәшһүр Жүсіп халықтың рухани болмысымен, білік - танымымен сабақтас алып қарайды. Халықтың белгісі - сол елдің рухани — танымдық, санасының ең жоғарғы мәдени тіректеріне саналатын тіл, дін, ділден алыстауы. Ал ер-жұрттың сол уақытта айрықша рухани күйзеліс кезеңін бастап кешіргені еш талассыз шындық.
28.Көрнекті Алаш қайраткері, діндар-ақын Ғұмар Қараш 1875 жылы ішкі Бөкейліктің (қазір Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы) Қырқұдық деген жерінде дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін, Жалпақталдағы Ғ.Ғәлікейүлы үстаған медреседе оқиды. 1902-1910 жылдары жиған білімімен ауылында, Тіленшісайда жәдитше бала оқытады. Сол шамада әйгілі Шәңгерей Бөкейүлының шақыруымен Көлборсыға мүғалім болып келеді. Жаңалыққа жаны құмар, имандылық пен дәстүрдің жібін үзбеген әдеби орта қалыптастыруға себепші болады. Қайраткер 1907 жылдан бастап татар және қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастайды.
1911-1913 жылдары алғаш Ордада, кейін Оралда басылған «Қазақстан» газетін шығарысуға, оның саяси-мәдени әлуетін көтеруге атсалысты. Осы кезеңде қазақтың саяси көзін ашатын, рухани байытатын «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар», «Аға тұлпар», «Қарлығаш», «Өрнек», «Тумыш», «Бәдел қажы» атты кітаптар жарияланды. Ол Ғабдолла Мүштақ (Алланың зерделі құлы) атты бүркеншікпен «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне мақалалар жазып тұрды. Орынборда «Шайыр...» және «Коксілдер...» атты жинақ шығарды.
Ғ.Қараш - ұлт идеясын көтеру мен елшілдік мәселесін талдап-таразылауды бірізді және жүйелі жазған қаламгер. Ол XIX ғасырда мұсылмандық Шығысқа ерекше серпін берген, тіпті Қазақ даласындағы Абай сынды даналардың рухани ниегтесіпе айналған Мысыр мүфтиі Мүхамед Абдо мен пәлсапашы Жәлелатдин Афғани реформаларынан хабардар еді. Мысалы, ол "Ойға келген пікірлерім" атты фәлсафалық еңбегінде (1910) Мысырда оқыған, бірақ ізденгісі келмеген бір мұғалімге: "Рух туралы торт кітап оқығаннан гөрі, Мухаммед Ғабдудың (Абдо - Д.Қ.) Бахра сүресі туралы тәфсірін оқығаның дұрысырақ шығар", - деп айтқанын жазады. Әлбетте, Ғұмар бүл жерде басты ислам кітаптарын оқыма деп түрған жоқ. Оның айтпағы - канондарды таптаурын етпей, тазарту һәм тарату турасында болып отыр. Осы ретте рухты оңалту мәселесін түбірлеп зерделеген Ғұмардың ойлары аса бағалы. Санаткер «Өрнек» аталынған еңбегінде (1911): «Адамдар эр ісінде Алланың көрсеткен жолымен жүрмесе, яғни себебіне кіріспесе, ыждағат етпесе, ғылым-әнер үйреніп, орнына қолданбаса, ол адам иман келтіріп, бой ұсынған болып шықпайды. Бұл екпей егін күту һәм әкесіз перзент үміт ету секілді нәрсе», - дейді. Бұрынғы-кейінгі қазақ шындығын осы қағидатпен сараптап жіберсек, «эй, қап!»-қа үн қосып жіберетін жағдайымыз жоқ та емес. Мүны Ғ.Қараш та жақсы аңғарса керек, аталған кітабында: «Өнерсіз, жалқау халықтардың ақырында көрешегі өз алдына, дүниеде-ақ бек ащы жаза тартады. Тартқаны сол: басқа өнерлі, ғылымды елдерге қүл болады. Қара басының билігі, ықтияры болмайды. Адамдар ретінде кіре алмайды, хайуан деуге сорты келмейді. Екі аралық жануар ретінде аяқ астында тапталып, күні мен дінінен бірдей айырылып, ғақпетінде әлек болады», - деп жазады. Мұндағы «ғақпет» - өмірдің сын сәті деген мағына береді. Ағартушының пайымынша, ұлттың күйреуі - оны сақтай алмағандардың ісі ретінде бағаланып, олар Жаратқан алдында күнәсіне қарай жаза тартады.
Қайраткер-ақынның ұлт бірлігіне қатысты да айрықша ойлары бар. Бұл орайда Ж.Афғани пайымына сүйене отырып айтқан Ғ.Қараштың мына пікірі аса маңызды деп білеміз: «Әрбір адам сол милләттің бір ағзасы болғандығы үшін өзіне тиіс болған өнер сұнғатты біліп, дәйім милләтке пайда келтіріп, оның арқылы өз басының тірлігін сақтауға міндетті». Мұны бүгінгі танымға түсінікті етіп айтсақ, мемлекет халқы бір ағза (ағза), бір үлт болып, елді көтеретіндей кәсіппен айналысуы қажет. Осының нәтижесінде қоғамның әрбір мүшесі өз орнын анықтайды. Бұл қағидаттың адамзат дамуына ешқандай қайшылығы жоқ.
29.Шәді Жәңгіров(1855, Сырдария губерния Қызылкөл мекені, Созақ ауданы – 12.11.1933, қазіргі Өзбекстан, Сырдария облысы Қаратөбе мекені) – қазақ ақыны. Төре әулетінен шыққан. Әкесі – Жәңгір (Жаһангер) момын мінезді, шаруаға икемді, ал анасы – Мәуті әнші, домбырашы кісі болған. Шәді сауатын ерте ашады. Шаян (1865 – 1867), Қарнақ (1868 – 1870), Бұхарадағы Көкелташ (1871 – 1876) медреселерінде оқып білім алды. Араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін үйреніп, Шығыс шайырларының, философтарының, тарихшыларының еңбектерін түпнұсқадан оқып сусындады. Орта Азияның көптеген шаһарларын аралайды, өзбек, тәжік, қарақалпақ, түрікмен ақын-жырауларымен, әнші-күйшілерімен танысады. 1877 жылы туған мекені Қызылкөлге оралады. Шәді – Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған, мазмұн мен түрі жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума төл шығармалар жазған ақын. Ол ұлы орыс халқының ерлікке толы тарихынан реалистік поэма («Россия патшалығында Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», Орынбор, 1910) жазды. Шәді бұл шығармасында Қазақстанның өз еркімен Ресейгеқосылуының прогрессивтік мәнін нақтылы тарихи деректермен, білгірлікпен көрсеткен. Шәдінің әдеби мұрасы мол. Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып шығарған. Көлемді шығармаларынан қазірше табылғаны – 18 дастан. Олардың көбі Ташкент қаласындағы Ғ.Х. Ғарифжанов баспаханасынан әр кезде басылып шыққан: «Шәр дәруіш» («Төрт дәруіш», 1913, 1914), «Хикаят Қамарзаман» (1914), «Назым Сыяр Шәриф» (1913), «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» (1914), «Хикаят Орқа-Күлше» (1917), «Қарунның жер жұтқан оқиғасы» (1917), т.б. «Тарихнама» атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған. Шәдінің сүбелі шығармасының бірі – «Шер дәруіш» («Төрт дәруіш»). Бұл дастан бір басылымында (1913) «Назым шәр дәруіш» деп те аталған. Шығарма сюжеті «жеті ықылым жер жүзінің бәрін кезген» төрт жиһангездің басынан кешкен оқиғалары арқылы өрбиді. Ақын дастанында адамның рухани мүмкіндігіне, күш-құдіретіне шексіз сенім білдіреді, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді, ақыл-ойды, махаббатты, әділдікті, бауырмалдықты мадақтайды. Бұл дастан сюжеті бұрын да өзге түркі халықтары арасына қисса болып кең тараған. Шәді «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» дастанын да Шығыс аңыз әңгімелерінің сюжетін пайдалана отырып жазған. «Атымтай Жомарт хикаясы» деген атпен қазақ арасына тараған әңгіме сюжетіне құрылған «Хатымтайдың хикаясы» атты дастанда мазмұны жағынан өзара сабақтас төрт хикая бар. Ақын бұларда жұртты адамгершілікке, мейірімді, бауырмал болуға үндейді. Сараңдық пен дүниеқұмарлықты тәрк етеді. Ал «Хикаят Орқа-Күлше» атты лиро-эпикалық дастанында сүйіске екі жас арасындағы мөлдір махаббатты жырлады, шынайы достық, ізгі адамгершілікті мадақтады. Бұл дастан оқиғасы да ертеректе Шығыс халықтары арасында кең тараған әңгіме сюжетінен алынған. Шәдінің қиял-ғажайып ертегілері мен аңыз-әңгімелер негізінде жазған «Хикаят Қамарзаман» дастанында қиял-ғажайып оқиғалар адамдардың өміріндегі әдеттегі реалдық істерімен, күнделікті тұрмыста кездесетін көріністерімен ұштасып, тығыз байланысып жатады.
30.Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.
Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік. “Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшїүр Жүсіп Көпеев — бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек”. Бұқар Жырау шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл — болашақтың ісі. Бұқар Жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшїүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Қ.Мұқаметқанов, М.Мағауин,Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді. Әдебиеттанушылар Бұқар Жырау толғауларының жазба әдебиетке тән сипат белгілерін атап айтқанда, әлеуметшілдік сарынын, азаматтық нысанасын, сондай-ақ, жыраудың даралық өзгешеліктерін талдаса (Әуезов), екіншілері өмірі мен шығарм-на үңіледі (Мұқанов, Жұмағалиев, Мұқаметқанов, Мағауин), соңғылары жыраудың тілі мен стилін қарастырады (Сыздықова). Сөз жоқ, Бұқартану ілімінің қалыптасуы мен дамуы тарихы бар. Болашақта ұлы жыр
31.Қазақ халқы ата жауы жоңғардың үсті-үстіне жасаған аяусыз шапқыншылығынан енді-енді бас көтерген кезінде Қаблиса жырау дүниеге келіпті, ол жастай ел-жұртына өнегелі жыр төккен, есейе келе көрнекті жырларын даналық ойлармен өрнектеген. Жырау жырларындағы тарихи таным мен халықтың хал-жағдайына жасаған терең талдаулар, жеке адамның өміріне байланысты оның толыққанды өмір сүріп бақытқа жетуіне негіз болатын себептерді жан-жақты ашып көрсетуі ақынның интелектуальдық деңгейін сипаттайды. Қаблисаның өзіндік дәстүрлі мектебі болған, оны Сүйінбай, Бақтыбай, Сарыбай, Есенгелді, Мәулімбай, Қалқа, Кенен секілді ақ иық ақьндар ұстаз тұтқан.
Қаблиса ақындығымен қатар сөз бастаған шешен, ел басқарған басшы, қол ерткен батыр болған.
Қабан жырау(1733-1824) - ақын, жырау, ұлы жүздегі Жалайыр руының Мырза тармағынан шыққан. 15 жасынан ақындығымен танынын, айтысқа түскен. Жетісу өңірінің Сүйінбай Аронұлы, Бақтыбай Жолбарысұлы, Ү.Жапсарбаев, т.б. ақындары оны ұстаз түтқан. Қабан жыраудың бізге жеткен шығармалары — Тұмаршамен және Тауман қызбен (Арқадағы) айтыстары. Сондай-ақ, "Бәрің-дағы тыңдаңдар", "Ырыс алды — ынтымақ", "Арғымақжабы көрінер", "Тамшыдан теңіз молайып", "Барлы, барлы, барлы тау", "Жер ойпаңы білінбес", "Қарынбай" (хисса), т.б. шығармалары бар. 1993 жылы оның ел аузында сақталған өлең-толғаулары "Алтын қазық" деген (құраст. Т. Қаупынбайулы) жинағына енді. Көксу ауданындағы Ақтекше ауылындағы орта мектепке 300 жылдық мерейтойына орай Қабан жыраудың аты берілді, музей ашылып, ескерткіш (мүсіншілері: Молдабеков, Н.Қойшыбеков) орнатылды. Талдықорған қаласында Қабан жырау атында коше бар.
Әй, мұсылман жарандар
Әй, мұсылман жарандар,
Малыңнан зекет беріңіз.
Бірлігін Хақтың біліңіз.
Хақ жолымен жүріңіз,
Пәк болады дініңіз.
Бұл дүниенің жарандар,
Сағатындай болмайды,
Ақыретте күніңіз.
Мұндай кеңдік табылмас,
О дүниеде қарындас,
Не боларын біліңіз.
Мына кеңдік заманда,
Хақ бұйрығын тұтыңыз,
Құдайдың кешпес парызы,
Бес уақыт намазды,
Баққан қойдай күтіңіз.
Өлімін күтіп Алланың,
Ақырында жарандар,
Мұратқа сөйтіп жетіңіз!
Ай, мұсылман, жарандар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Жақсыдан ғибрат алыңыз.
Харам болар, жарандар,
Зекетсіз жиған малыңыз.
Шариғаттан сөз айтқан,
Молла тілін алыңыз.
Құдай берген таусылмас,
Өлшеп берген дәміңіз,
Құдіретімен жаратқан,
Пенделерін өзі алар.
Ойлаңыздар жарандар,
Бұл дүниеден кім қалар,
Шұрқырасып мал қалар,
Шуылдасып өлген соң,
Қатын-бала жыласып,
Жетім-жесір, ұл қалар,
Ұл қалмаса, қыз қалар.
Бір жаныңыз Құдайдың,
Құдіретіне аманат.
Алланың берген нәсібін,
Азды-көпті болса да,
Етіңіздер қанағат.
Пенде болсаң Құдайға,
Аманатқа жарандар,
Қылмаңыздар қиянат!
32.Шал (Тілеуке) Құлекеұлы (1748-1819 ж.), төкпе ақын. Шал ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жолы бекеті – 1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) — қазақтың ақыны. Шын аты-жөні Тілеуке Құлекеұлы. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады («Ата-ананың кадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» тағы басқа).[1] Шалдың енді бір алуан жырларында жас пен кәрі сипаттарынан тыс, моралдық, этикалық қатынастарда ұтымды бейнеленеді («Кәрілік туралы», «Жастықты көксегені», «Он бес деген жасым-ай», «Елу ердің жасы екен», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар», «Екі арыстан жабылса дәуді өлтірер», «Айтайын бір аз кеңес» тағы басқа)- Шал кезінде ел өмірінде елеулі орын алған айтыс-кағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр киялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы да мол көрінеді («Шал мен қыз», «Бәйбіше мен Шал», «Шал мен жігіт», «Шал мен келіншектер» тағы басқа). Бір топ жырлары «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962 ж.), «Үш ғасыр жырлайды» (1965 ж.), «Алдаспан» (1971 ж.), «ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1984 ж.) жинақтарына енді. [2] Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақын ауылы (кәрі, дана) деп атаған. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға кеңінен жайылды. Ақын адамгершілік үшін күресіп, қоғамдағы әділетсіздіктерді шындық тұрғысынан айтып, сынады. Оның «Шал мен дегдар қыз», «Шал мен Күлтімжан қыз», «Жігіт пен шал», «Шал мен кемпір» шағын айтыстары мен «Ата-ананың қадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» және басқа өлеңдері сақталған. Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі жөніндегі эпикалық шығармасы сақталмаған. Шал ақынның белгілі өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап баспа бетінде жарық көрді, жеке шығармалары орыс тіліне аударылды.[3] Есімі Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының біріне берілген. Шал ақын қазақ халқының аса бір ерекше құндылығы - перзенті де сөз етіп, жырлайды, табиғат құбылыстарымен салыстырады: жер-боз, қой-қозы, ағаш-жапырақ, құс-жұмыртқа, тау-бұлақ, ешкі-лақ, көл жағады жасыл құрақ. Бұл табиғаттағы келісімділік адам өмірінде де болу керек екенін айтып, өзінің перзентсіз болғанын зарлы түрде жырлайды:
Зерттеушiлердiң айтуы бойынша Шал ақынның тұңғыш өлеңi - «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң». Бұл өлеңдi ақын шығармашылығының басы деп жүр. Өлеңнiң шығу тарихы былай екен. Әйгiлi хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтiн жүйрiк атын сұрап алып, кейiн қайтармай қояды. Бiрде Құлеке атын сұрауға барғанда баласы Шалды ертiп барады. Хан бала Шалдың көзiнше: «Iшi боқ, сырты түк сол мәстектi осыншама неге сұрай бересiң?» - деген сөз айтады. Таңертең ерте тұрған Шал ханның қойшыға сазға батып, отарға ере алмай қалған бiр қозыны арқалап алып кет дегенін естіп қалады. Шал кетерiнде хан екен деп қысылмай, өлеңдетiп, малжандылығын бетiне айтады.
33.Махамбет Өтемісұлы (1803, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы - 20.10.1846, қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы Қараой жерінде - ақын, күйші, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің (1836 -38) көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады. 1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі. Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты.[1] Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арнаған 106 өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн жағынан байыта, жетілдіре түсті. Махамбеттің лирикалық өлеңдері, көбіне, толғау, жыр, терме үлгісінде жазылды. Исатайға арнаған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Махамбет шығармашылығы қазақ поэзиясы жанрларының қалыптасуына (сатира, элегия, монолог, арнау, т.б.), стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері ақын шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті («Мұңайма», «Желп-желп еткен ала ту», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Ұл туса», «Толарсақтан саз кешіп»). Ақын жырларында орыс, араб, парсы сөздері көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Махамбет жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты. Махамбет шебер күйші де болған, оның 11 күйі «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді (1982). Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Кобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар әсер еткен. Алғаш «Мұрат ақынның Тұмар қажы оғлына айтқаны» деген жинақта (Қазан, 1908) Махамбеттің 100 жолдан астам екі толғауы басылды. Ғ.Мүштақ құрастырған «Шайыр яки қазақ ақыңдарының басты шығармалары» жинағында (Орынбор, 1911) Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 ж. Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді.
