- •3. Исламның пайда болуының тарихи алғышарттары.
- •4. Исламдағы негізгі бағыттарды ашып, мұсылмандық құқық мәселесін сипаттаңыз.
- •5. Ислам дінінің басқа монотеистік діндерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •6. Исламның əлемдік дін ретінде дүние жүзіне таралу заңдылықтары қалай жүзеге асты.
- •7. Мұхамед пайғамбардың уағыздарындағы негізгі идеяларды анықтаңыз.
- •8. Мұхамед пайғамбардың тұлғасы туралы дау – таластар кандай сипатта болды.
- •9. Қазақстандағы дәстүрлі Ислам мәдениетінің құндылықтарын анықтаңыз.
- •Қожа Ахмет Йассауи ілімі
- •34.Ислам дінінің қозғалысқа әсері[өңдеу]
- •36. Әлихан Букейханов – қазақ және түркі мұсылмандар саяси қозғалысының лідері ретінде көзқарасыңыз.
- •37. Міржақып Дулатовтың идеялары мен практикасы түркі интеграциясы тұрығысынан.
- •38. Ахмет Байтұрсыновтың идеялары мен практикасы түркі интеграциясы тұрығысынан талдаңыз.
- •41. Мұсылман түркі мектептерін реформалау және түркі зиялыларының творчестволық байланыстары.
6. Исламның əлемдік дін ретінде дүние жүзіне таралу заңдылықтары қалай жүзеге асты.
Мусульмандар: Африка — 26.7 %, Азия — 70 %, Еуропа — 2.7 %, Латын Америкасы — 0.14 %, Солтүстік Америка — 0.37 %, Мұхит аралдары — 0.03 %
Исламға сипаттама: ол əлемдік статусы бар, монотеисттік дін, ол соңғы, жас дін болғандықтан басқа діндердің тəжірибесін алған. Ислам тек дін емес, ол интегралды болғандықтан жүйе болып табылады; яғни ол рухани саланың басымдылығн орнату арқылы сонымен қатар ғылым мен білім беру жүйесін, құқық, отбасы неке қатынастарын, экономика мен саясатты да қамтып бақылау жүргізеді. Осы интегралдығы арқасында ислам тартымды, қажетті дін болды. Дүние жүзінде бейбіт насихат арақылы тарады. Оған рухани қажеттік, əлеуметтік, экономикалық мүдделер де итермеледі. Ислам Қазақстанға өркендетуші фактор болып келді. Ол рухани дағдарыс жағдайындағы түрк тайпаларын моральдық сауықтырып, мəдени секіріс жасауға негі болды.
Ислам жалпы заңдылықтарға сəйкес тараса да, аймақта ерекшеліктері қалыптасты. Ол этникалық, мəдени субстратқа байланысты болды. Түркілік негіз жойылған жоқ, түркілер тілін де жоғалтқан емес. Ислам жауынгерлік психологияға а нұқсан келтірген жоқ, оны тек реттеді. Тағы бір ерекшелігі ирандықтар арқылы исламдану. Яғни қазақ тіліндегі намаз, Құдай, пайғамбар сөздері араб емес, парсы тілінен келгені белглі. Ал исламның ұлттық белгілерге кеңшілікпен қарауы көбінесе ханафи мазхабына байналысты болды. Төрт құқықтық мазхабтың ішінде Əбу Ханифа мазхабы əдет ғұрыптарға төзімділікпен қарады жəне ақыл ой еркіндігін берді.
7. Мұхамед пайғамбардың уағыздарындағы негізгі идеяларды анықтаңыз.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) қиындықтарға сабыр етуде, ақиқатта тайсалмауда және дүниенің толқуларында нық басып тұруды уағыздаған. Исламның ең басты негізі – Құран. Екінші бір ықпалды негіз – бұл арабтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы. Пайғамбар да көптеген мәселелерді араб мәдениетінің дәстүріне сүйеніп шешетін. Мысалы, соғыс жағдайында немесе бейбіт кезеңде пайда болған мәселелердің ең бастысы “Мәдиналықтар келісімшартының” мазмұнында араб дәстүрі басым болатын, ел басқару, әлеуметтік қаулы-қарарлар, Қағба қызметі, әскери істер, байлықты бөлісу, отан қорғау, кісі өлімі, құн төлеу және т.б. туралы ереже-үкімдердің басым көпшілігі араб дәстүрінің жемісі мен көрінісі екендігі айқын. Хз.Мұхаммед Пайғамбар өлгеннен кейін Хз.Әбубәкірдің халифа сайлануы да осы екі негіз Құран мен араб дәстүрі бойынша жүзеге асты. Сондықтан алғашқы мұсылмандықтың болмысында екі негіз үстемдік етті.
8. Мұхамед пайғамбардың тұлғасы туралы дау – таластар кандай сипатта болды.
Мұхаммед алейһиссалам ақ реңдi едi. Ол барлық адамдардың iшiндегi ең әдемiсi болатын. Әдемілiгiн баршаға көрсете бермейтiн. Ол әрқашан, дүниедегi барлық адамзаттан және болашақта келетiн адамдардың бәрiнен тұғыры биiк, мәртебесi жоғары адам. Балалық шағында саудагерлермен Шам тарапына екi рет сапар шегiп Бусра деп аталатын жерден керi қайтқан. Одан басқа уақытта ешбір сапарға шықпаған. Ол оқуды, жазуды бiлмейтiн, яғни мектеп-медреседе оқымаған еді. Ешкiмнен сабақ алмады. Бiрақ барлық нәрсенi бiлетiн едi. Яғни не ойласа да, қандайда нәрсенi бiлгiсi келсе, Аллаһу та’ала оған бiлдiретін едi. Жәбрейiл алейһиссалам атты перiште келiп оған қалаған нәрсесiн айтатын. Пайғамбарымыздың қалбы, яғни мүбәрәк жүрегі нұр шашып, одан тараған ілім, марифат нұрлары радио толқынындай жер-көкке таралуда еді.
