
- •3. Исламның пайда болуының тарихи алғышарттары.
- •4. Исламдағы негізгі бағыттарды ашып, мұсылмандық құқық мәселесін сипаттаңыз.
- •5. Ислам дінінің басқа монотеистік діндерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •6. Исламның əлемдік дін ретінде дүние жүзіне таралу заңдылықтары қалай жүзеге асты.
- •7. Мұхамед пайғамбардың уағыздарындағы негізгі идеяларды анықтаңыз.
- •8. Мұхамед пайғамбардың тұлғасы туралы дау – таластар кандай сипатта болды.
- •9. Қазақстандағы дәстүрлі Ислам мәдениетінің құндылықтарын анықтаңыз.
- •Қожа Ахмет Йассауи ілімі
- •34.Ислам дінінің қозғалысқа әсері[өңдеу]
- •36. Әлихан Букейханов – қазақ және түркі мұсылмандар саяси қозғалысының лідері ретінде көзқарасыңыз.
- •37. Міржақып Дулатовтың идеялары мен практикасы түркі интеграциясы тұрығысынан.
- •38. Ахмет Байтұрсыновтың идеялары мен практикасы түркі интеграциясы тұрығысынан талдаңыз.
- •41. Мұсылман түркі мектептерін реформалау және түркі зиялыларының творчестволық байланыстары.
1.Діни – наным сенімдердің ең алғашқы формаларын ашып көрсетіңіз. Ежелгі заманнан осы уақытқа дейінгі деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор екендігін біле аламыз. Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі. Көне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Вильгельм Рубрук түркі жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және оны таза рухани мән ретінде түсінетінін атап көрсеткен. Тек ислам діні ғана, уақыт өте келе көне түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды.Түріктер дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі – табиғат. Бұл, табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін білдіреді. Көптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. Осы табиғатты жаратушыны «тәңірі» деп танып, оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет көрсетілген. Бұл үрдіс қазірге дейін осы халықтардың жалғасы боп саналатын көптеген халықтардың салт-дәстүрінде орын алған.
2. Діндерді сыныптап, Діни наным сенімдердің пайда болуы мен діни сананың дамуы проблемасын анықтаңыз. Ежелгі түріктердің діні қазіргі уақытта кешенді түрде зерттелуде. Бұл мәселеге ең алғаш арнайы назар қойып зерттеген ғалымдар француз Жан Пьер Ру, ресейлік И. В. Стеблева, С. Г. Кляшторный. Орта және Орталық Азия халықтарының ХХ-ХХІ ғасырға дейін сақталып келген шаманизмнің тарамдары олардың байырғы түрік оңғындарымен тікілей сабақтасытығын Л.П.Потопов, Анохин, С. Д. Майнагашев, Ш.Ш.Уәлиханов, Н. Ы. Дыренкова, Г. Д. Санжаев, Н. А. Алексеев, О. Пүрэв, А. Т. Төлеубаев, С. М. Абромзон, П. Пельо, Г. П. Снесарев сынды белгілі ғалымдар ғылыми еңбектерінің зерттеу объектісіне айналдырып келді. Неміс ғалымы Г.Дёрфер мен белгілі түркітанушы Қ.Сартқожаұлы зерттей келе, байырғы түріктердің діні, дін дәрежесіне көтерілгенін баса айтып, бұл дін бір құдайлыққа жақын деген тұжырым жасаған және байырғы түріктердің дінін «тәңірлік» (тенгризм) деп атай отырып: «… бұл дін даму тарихында үш кезеңді басынан өткізген болуы әбден мүмкін. Осылайша, жоғарыда аталған танымдық бастаулар байырғы түріктердің ұстанған діні, сол дәуірдің өзінде дін дәрежесіне көтерілгенін дәлелдейді.
Тәңірлік ұғымын кеңінен қарастырсақ. Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен шаманизм айрықша орын алады. Тәңірді зерттеушілердің тұжырымында еуроазиялық көшпелі шаруашылық – мәдени типтің қажеттіліктеріне икемді сенім жүйесі ретінде бейнеленеді, яғни ол көшпелілердің шындықтағы болмыс тәсілінен, дүние түйсінуінен туындаған
3. Исламның пайда болуының тарихи алғышарттары.
Тарихы Оңтүстік Қазақстаннан бастап, Қазақстан жерінде исламның таралуы бірнеше ғасырлар аралығына созылды. X ғасырдың соңында ислам Жетісу мен Сырдария өзендерінің отырықшы елдерінде таратыла бастады. Мысалы, Ислам Қарахан Империясында кең тараған. Қазіргі уақытта қазақтардың көбісі өздерін мұсылман деп санайды және діни ғұрыптардың кейбірін сақтайды. Мысалы, мұсылман ғұрыптары бойынша қазақтардың көбісі жерленеді. Қазіргі кезде Қазақстанда 5000 мешіт бар, ал КСРО уақытында 63 ғана болған. Қазіргі уақытта діншіл адамдардың саны көбейді, соның ішінде де мұсылмандар саны. моңғол Империясының кеңейтілуіне байланысты исламның таралуы ақырындады, себебі түріктер мен моңғолдардың діні - тәңір болған. Бірақ келесі ғасырларда ислам қайтадан көбейе
бастады. Солай Алтын Орданың хандары Берке (1255-1266) мен Өзбек (1312-1340) Исламды қабылдады. Исламмен бірге исламмен келісетін кейбір түрік дәстүрлері де сақталды. Мысалы ұлдарға Айдарды киюге болады және балаға 40 күн болғанда оның шашын алады. Көбінесе қазақтар «Тәңір» сөзін «Алланың» синонимі ретінде қолданылады.
4. Исламдағы негізгі бағыттарды ашып, мұсылмандық құқық мәселесін сипаттаңыз.
Бірінші Хз.Мұхаммед (с.ғ.с)-ның пайғамбарлық кезеңі. Бұл кезеңде пайғамбардың Құдайлық аянды үндеген, исламға шақырған тұсында мұсылмандар басқа дүниетаным және мәдениет түрлерімен әлі танысып болмаған, әрі исламның негізгі ғылымдары да қалыптаса қоймаған болатын. Ислам ойшылдары, философ-ғұлама, даналары өсіп шықпаған әрі қоғамда олардың ықпалы да жоқ еді. Мұсылмандар шәкірт ретінде тікелей ұстаздары пайғамбар арқылы кез-келген діни мәселені шешіп отырған. Олар алғашқы мұсылмандар, исламды тікелей қайнар көзінен үйрену мүмкіндігіне ие болды. Құдайлық аян – жанды құбылыс, әрі пайғамбардың да көзі тірі, исламдық таным өте сергек болатын. Бұл жерде Алла, адам және пайғамбарлық тұғырларын тұтастандырып тұрған күш иман және сунна болатын. Исламда сунниттiк, шейiттiк ағымдармен қабат, сан жағынан аз болса да, ерекше бiрбеткей – хариджиттер тобы шықты. Халифты сайлау туралы мәселеде, сунниттер мен шейiттерден айырмашылығы – хариджиттер исламның ережелерiн бiлетiн, тақуа әрбiр мұсылман шыққан тегiне, ұлтына қарамастан, халиф болуға құқықты деп санады. Хариджиттер сунниттер мен шейiттердің халиф тек ғана құрайыш тайпасынан сайлануы керек деген ойын қабылдамады. Аристократтық бастаудың қарсыластары бола отырып, хариджиттер сайланатын халифтi талап еттi және бiрiншi халифтерден билiгi мұрагерлiкке жол салмаған Әбу Бәкiр мен Омарды ғана мойындады
5. Ислам дінінің басқа монотеистік діндерден айырмашылығын көрсетіңіз.
Мұхаммед пайғамбарының хадистері бойынша бүкіл халықтар мен ұлттарға Алла тағаладан пайғамбарлар мен насихаттаушылар жиберілген болатын (барлығы шамамен 124 000) Олар өз кезегінде адамдарды өз жолдарына салып ерткен болатын, бірақ уақыт өте келе адамдар өздігінен еңгізулер жасап ыңғайлату мақсатында бұрмалаған болатын. Осыдан шығатын қорытынды Ислам діні басқа діндерден айырмашылығы ретінде басқа діндерді жоққа шығармай, керісінше мойындайды, бірақ олардың насихатталу жолы адамдардың әрекетінен өзгергенін ескертеді.
Ең басты айырмашылық міне осы болып табылады.