Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28_09_20013_ELITOLOGIYa.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.22 Кб
Скачать

Пайдаланылатын әдебиеттер

Қазіргі күні қоғамның басқарушы азшылық пен басқарылушы көпшілікке бөліну заңдылығын дәлелдейтін түрлі теориялардың алуан саны бар. Қоғамның осы жолмен бөлінуінің болмай қоймасы туралы идеялар байырғы заманнан бері айтылды. Өз кезінде ғылыми дәлелденбесе де осыған орай Конфуций, Платон, Макиавеллидің ойларын алу жеткілікті. Алғашқы ғылыми дамытылған элита концепциялары XX ғасыр басында ұсынылды.

Элитистік теориялардың алғаш прообраздары Платонның еңбектерінен көрініс тапты, ол алғашқылардың бірі болып, өз саяси идеяларын «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар» диалогтарында баяндады. Олардың мәнісі келесіде:

  1. Платон қоғамның неғұрлым маңызды да тура өмір сүру формасы ретінде мемлекетті санады. Пәлсапашы мінсіз қоғам мен мемлекеттің картинасын бейнелеуге тырысты.

  2. Нағыз ізгілік – нағыз білім – тек мінсіз мемлекет болғанда ғана мүмкін. Платон мұндай мемлекеттке жетілген аристократияның – ең мықты да текті данышпан пәлсапашылардың басқаруын жатқызды. Мемлекеттің өзге төрт түрі-тимократияны (әскерилердің басқаруы), олигархияны, демократия мен тиранияны жетілмеген деп санады.

  3. Платон бірінші болып, саясаттың, мемлекеттің әлеуметтік өзгерістермен (еңбектің бөлінуі, таптың, теңсіздіктің пайда болуы) өзара байланысын көрсетті.

  4. Пәлсапашы мінсіз қоғам басқарушы пәлсапашылардан, күзетші жауынгерлерден, қолөнершілерден тұрады деп сендірді.

Қауымдар иерархиясы адам жанының үш бастауына олардың сәйкес келуіне негізделген - саналыға, ашулыға және іскерге. Әр қауым өз ісімен айналысады: данышпан пәлсапашылар адал басқаруды жүзеге асыруда, себебі нағыз білімге тек солардың ғана қолдары жетімді; күзетшілер қоғамды қорғайды; қолөнершілер мен егіншілер өмірдің материалдық жағын қамтамасыз етуде. Платон оқушысы Аристотель политияны мемлекеттің ең мықты формасы деп санады, бұл – мүліктік және білімдік цензы бар көпшіліктің басқаруы. Полития өз бойына аристократияның (басқарушылар ізгілігі), олигархияның(байлық), демократияның (бостандық) барлық жақсы жақтарын біріктіреді. Аристотельдің бұл ойын қазргі тілге аударғанда бұл – орта таптың мүддесіне сай басқару деуге болады.

Орта ғасыр дәуірінде элитистік түсініктердің пайда болуын мемлекеттік билік табиғатын құдайдай көрген Фома Аквинский мен Августин Блаженныйдың теологиялық теорияларының пайда болуымен байланысты. Мемлекттік биліктің таңғажайып табиғатына қарамастан деп, санады Фома Аквинский, оған қол жеткізу мен пайдалану адамдарға байланысты. Сәйкесінше биліктің мәнісі таңғажаып, бірақ оны жүзеге асыру формаларын адамдар өздері анықтайды. Халықтың монарх билігіне қарсы шығуы үлкен күнә саналды, себебі бұл Құдайға қарсы шыққанмен бірдей еді. Алайда зайырлы биліктің өзі христиандық өсиеттерді ұстанып, халықты қыспауы тиіс. Фома Аквинский тиранның тақтан таюын заңды деп таныды.

Н. Макиавелли, Ф. Ницшенің элитизмнің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі.

Ницше әлемдік үдерістің бастапқы негізі деп, билікке деген жігерді атады; тарихтың қозғаушы күші - "билікті танытуға деген тойымсыз ұмтылыс және билікті қолдану, билікті шығармашылық түйсік ретінде пайдалану" . Мораль ол үшін аздыратын рольді атқарады, бұл -"әлсіздердің қаруы", «мүмкіндігі тың адамдар» жеңетін «тобыр түйсігі».

Ницше іліміндегі аристократия билеуші элитаның бұқараға өктемдік етуі деген сөз емес; бәрінен бұрын элитаның сапасы маңызды. Оның туындыларындағы «ақсүйектер» мен «жәй халық» әлеуметтік-саяси емес, бірақ өмірдегі әлеуметтік иерархиямен байланысы жоқ моральдік категориялар түрінде қолданылады. «Ақсүйектер» мен «жәй халық» байлығымен не жарлылығымен анықталмайды, бірақ ұлылығымен және таяздығымен. Жан ұлылығы – аз ғана адамдардың еншісі және дәл сол адамды мүмкіндігі тың адам етіп, оған мағына береді. Тек өмірдің ғана абсолютті құндылығы бар, ал нағыз өмір адам Құдайға айналған (бір Аллах өзі кешірсін, Еуропа әрқашан ауған есерсоқтығымен көзге түседі - аудармашыдан). Жарқын да нағыз өмір тек адам үшін, Құдайға айналған (Аллам, кешіре гөр) тың мүмкіндігі бар адам үшін ғана тұрарлық. Тың мүмкіндігі бар адамның мотиві – Ницшенің элитологиялық көзқарастарының маңызды бөлігі. «Мен сендерге мүмкіндігі тың адам жайлы үйретемін. Адам .... асып түсуі тиіс бірнәрсе. Мүмкіндігі тың адам – жердің мәнісі». Адамды «кір ағыс» дей отырып, Ницше мүмкіндігі тың адам адаммен салыстырғанда маймыл сияқты дейді. Мүмкіндігі тың адам – бұл қоғам аристократиясы (нағыз элита). Ницшенің батыры - өркөкірек, қатты, әлсіздерге деген аяусыз адам. Ницшедегі «Өктемдік етуші каста» өзін өзі анықтайды. "Дәрежені ьанып білу түйсігі бар, ол бәріне қарағанда жоғары дәреженің белгісі болып табылады, құрмет тұту нюанстары беретін рахат бар және ол ақсүйек тегі мен онымен байланысты әдеттерді көрсетеді" . Ницше ақсүйектік белгілерін былай анықтайды: "...өз жауапкершілігін біреуге беруге, оны біреумен бөлісуге құлықсыз болу; өз артықшылықтары мен оларды пайдалануды өз міндеттеріне қосу". Осылай элитаризм кредосы ашық түрде қалыптасады - ол аристократияның мықты билігі, ол "қоғам үшін өмір сүріп отырмағанына нық сенуі тиіс, бірақ ол (қоғам) – «таңдаулы жан иелерінің әлдебір түріне өзінің жоғары тапсырмасын орындау үшін және жалпы жоғары қоғам үшін қызмет ете алатын іргетас пен тұғыр ғана».

Николо Макиавелли. Оның билеушілер мен бағыныштылар қарым-қатынасының мәселесіне көзқарастары қарама-қайшылығымен ерекшеленеді. Бір жағынан, ол Италияның бірігуін тежеген феодалдарға қарсы шықса, екінші жағынан, ол бағынудан шығып кеткен бұқараның көтерілісінен қауіптенді. Ол билеушілер мен халық арасындағы тиімді арақатынасты іздейді және оны мықты биліктен көреді. Сол кезде Макиавелли тиранға төзуге үйренісіп алып, «екіжүздіге» айналатын биліктер мен бұқараны бұзатын тирандық билікті сынайды. Саяси көсемнің жеке басы Макиавеллидің назарына ілінсе де ол өзінің алдыңғы әріптестерінен ерекше, саяси үдерісті батырлар әрекетіне әкеліп тіремейді, оның түсінуінше ол өте алуан түрлі. Макиавелли тарихи драманың актив және пассив қатысушыларын айырады: бұл монарх та, дворяндық та, қала алаңына шығатын және тақсырды қолдайтын қарапайым тұрғын да немесе оған қарсы шығатын және әскери қақтығысқа қатысатын әскери, саясатшыны субсидиялайтын өсімқор, шіркеу қайраткері және т.б. Ол көшбасшылардың жарқын психологиялық портреттерінің суреттерін салады; олардың әрекеттері адамдарға тән, туған кезде болатын, дөрекі құштарлықпен ынталандырады. Олар "қайырсыз, құбылмалы, екіжүзді, қауіп төнсе алдамшы, оңай олжаға сараң". Макиавелли билеушілер билікке қол жеткізетін немесе оған қарсы шығатын және әскери қақтығысқа қатысатын әскери, саясатшыны субсидиялайтын өсімқор, шіркеу қайраткері және т.б. Ол көшбасшылардың жарқын психологиялық портреттерінің суреттерін салады; олардың әрекеттері адамдарға тән, туған кезде болатын, дөрекі құштарлықпен ынталандырады. Олар "қайырсыз, құбылмалы, екіжүзді, қауіп төнсе алдамшы, оңай олжаға сараң". Макиавелли билеушілер билікке қол жеткізетін аморальді құралдарды ақтауға дайын. Осының өзінде билік – бұл өз бойындағы құндылық ғана емес, сонымен бірге белгілі бір саяси мақсаттарға қол жеткізу құралы. Билеу үшін билеушілер адами әрекеттің басты ынталандырылуын білуі, (ал бұл Макиавелли бойынша билікке құштарлық пен мүлікті иемдену), тобырдың талғамын, бейімін, әлсіз жақтарын зерттеп, өз мүддесіне пайдаланып, соның арқасында оған өктемдік жасауы тиіс. Макиавелли ұсынатын басқару әдістерінің типологиясы қызық, олар биліктің тиімділігін қамтамасыз етеді: бұл - "арыстандар" (күшке сүйенетін табанды билеушілер), және "түлкілер" (ептілік, қулану, қулық тән икемді саясатшылар, бұл келіссөздер мен сахна артындағы интрига шеберлері). Тақсырдың күресіп отырған екі жақтың қайсысына бәс тігуі тиіс - халыққа ма, ақсүйектерге ме дилеммасын шеше отырып, Макиавелли халықты таңдайды. Тақсыр халықпен тату болуы тиіс, әйтпесе қиын уақытта ол оны тағынан тайдарады: "халық оның үмітін әрқашан ақтайды және сол тіректің мықтылығына көз жеткізеді". Макиавелли халықтың мүдделері мемлекеттің мүдделерінмен неғұрлым көп сәйкес келеді деген қорытынды жасайды. Ол халықты тіпті мінсіз демейді, ол тақсыр мен аристократия сияқты жағдайлардың ықпалына берілгіш, алғашқыларына қарағанда аз мөлшерде болса да және де "биліктің тираниясы мен шетелдік бұғауға ұзақ та көнбіс түрде көнетін халық құдайлардың қымбат сыйы – еркіндік сүйгіштік, тәуелсіздік, адалдық, батылдықты жоғалтқан, бұзылған халық деп жазады". Ғылыми бағыт ретіндегі элитизмнің қалыптасуы В. Парето, Г. Моска, Г. Тард, Р. Михельстің аттарымен байланысты. Келесі дәрісте неғұрлым мұқият қарастырылатын теория атауын элитологияның макиавелистік мектебіне жатқызады.

Максималистік мектеп (Г.Моска, В.Парето, Р. Михельс)- бұл бағыттың негізін кез келген қоғамға элитарлық тән деген тезис құрайды. Мұның негізінде адамдардың қарапайым ерекшеліктерінің айғағы жатыр: физикалық, психологиялық, ақыл, моральдік. Элита ерекше саяси және ұйымдастыруылық қасиеттерімен сипатталады. Бұқара элитаның билік құқығын мойындайды. Элиталар билікке күрес кезінде бірін бірі ауыстырады, себебі ешкім билікті өз еркімен бермейді.

3 - дәріс. В. Парето, Г. Моска, Р. Михельстің элита теориялары

Дәрістің мақсаты: В. Парето, Г. Моска, Р. Михельстің элита теорияларын талдау

Дәрістің жоспары:

  1. Саяси элиталарды зерттеудегі ғылыми мектептер мен бағыттардың қалыптасуы.

  2. В. Паретоның элита теориясы. «Элиталардың айналым» заңы.

  3. Г.Москаның саяси тап концепциясы.

  4. Р. Михельстің элиталар теориясындағы «Олигархиялық тенденцияларының темір заңы»

Негізгі түсініктер: концепция, аристократия, антиэлитистік теориялар, Олигархиялық тенденцияларының темір заңы,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]