
- •«Саясаттану» мамандығына арналған «элита теориялары» пәнінен силлабус
- •5. Пәннің сипаттамасы
- •5.3. Оқу пәнінің міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер :
- •7. Білімді бақылау
- •8. Оқу пәнінің саясаты
- •Сөздік (глоссарий)
- •Глоссариймен жұмыс істеудің әдістемелік ұсыныстары
- •Дәріс конспектілері
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •2. Саяси элитаның басты қызметтері
- •3. Саяси элитаның құрылымы
- •4. Саяси элитаның құрамдас бөлігі ретіндегі саяси бюрократия
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •3. Элитаның әлеуметтік өкілділігі.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •1. Саяси режим ұғымы және элитаның қалыптасуына оның ықпалы
- •2. Диктатуралар және демократиялар
- •4. Тарихи және саяси феномен ретіндегі тоталитаризм.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •2. Қазақстанның саяси элитасының ішіндегі конфликтогенді әлеуеттің деңгейі
- •2.Оқу дәрістерімен жұмыс істеуге әдістемелік кеңес
- •Өзіндік оқуға белсенді түрде дайындалуға арналған тапсырмалар мен сұрақтар
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған (сөж) тапсырмаларды орындауға әдістемелік ұсыныстар.
- •Өзіндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
- •Реферат дайындау жұмысына әдістемелік кеңес
- •Практикалық және семинар сабақтары, олардың мазмұны мен сағат бойынша көлемі.
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға дайындалуға әдістемелік ұсыныстар
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
Дәріс конспектілері
1 - дәріс «Элита теориялары» пәнінің теориялық- методологиялық негіздері
Дәрістің мақсаты: элитологияның негізгі теориялары мен түсінігін, қазіргі заманғы элитологияның даму үрдістері мен болашығынан кең түрде мағлұмат беру.
Дәрістің жоспары:
1. Ғылымның пәні мен нысаны. Элитизмді зерттеу деңгейлері;
2. «Элита» ұғымы. Элитизм теорияларының эволюциясы.
3. Элитологиядағы әдістер мен әдіснама
4. Элитизмді зерттеудегі қазіргі заманғы ғылымның негізгі көзқарастары және бағыттары.
Негізгі түсініктер: Элита, элитизм, әдіс, методология, көшбасшы, харизма, субэлита, контрэлита
Пайдаланылатын әдебиеттер
1. Соңғы онжылдықта «элита» термині ғылыми әлеуметтану мен саясаттануға тіліне мықтап еніп қана қоймай, жалпы қолданысқа айналып, оның шектерінен де алысқа шығып кетті. Бұл термин латынның eligere және француздың elite - ең жақсы, іріктелген, таңдалған деген сөздерінен шыққан. XVII ғасырдан бастап, ол ең жоғары сапалы тауарларды білдіру үшін, сонан соң «таңдаулы адамдарды», бәрінен бұрын ақсүйектерді белгілеу үшін пайдаланылды. 1823ж. Оксфорд сөздігінде көрсетілгендей, Англияда бұл термин иерархияланған қоғам жүйесіндегі жоғары әлеуметтік топтарға қатысты пайдаланыла бастады. Содан кейін бұл ұғымды генетикада, биологияда және жаратылыстану пәндерінде де қолдана бастады. Қоғамдық ғылымдарда «элита» термині ХIХ ғ. аяғы XX ғ. басына дейін кеңінен қолданылған жоқ (яғни В. Паретоның жұмыстары пайда болғанға дейін), ал АҚШ та — тіпті өткен ғасырдың 30-жылдарына дейін. Ғылым институцияланған сайын элиталарды зерттеудегі негізгі бағыттар – саяси ой тарихы, элиталар теориясы, элиталар әлеуметтануы және т.б. анықталып, элитология нысаны мен пәні қалыптасты.
Нысан-элита: бүкіл элита, элиталардың жекелеген түрлері, жеке тұлға
Пән – элитаның қалыптасу және қызмет атақру заңдылықтары
Зерттеу деңгейлері -
элиталардың қалыптасу, даму және ауысуының жалпы заңдылықтары, ұғымдары мен категориялары
көшбасшылықтың, элита қалыптасуының, саяси қызмет әдістерінің арнайы теориялары
нақты эмпирикалық зерттеулер
2. Егер «элита» ұғымының түсіндірілуіне қатысты түрлі көзқарастарды қарастырсақ, онда барынша түрлі картина пайда болады. Элита деп мыналар аталады:
1) өз қызметі саласында ең жоғарғы индекске қол жеткендер (В. Парето);
билікке бейімделген – қоғамның ұйымдасқан азшылығы, саяси жағынан белсенді адамдар (Г. Моска);
қоғамда неғұрлым жоғары абыорйға, байлыққа, мәртебеге ие тұлғалар (Г. Лассуэлл);
өз мәртебесіне қарамастан бұқара алдында интеллектуалды және моральді артықшылыққа ие адамдар (Ж. Воден);
жоғары жауапкершілігі барлар (X. Ортега мен Гассет);
билікте орындары бар адамдар (А. Этциони);
әлеуметтік өмірді анықтайтын ұйымдар мен институттардағы қағаз жүзіндегі билікке ие адамдар (Т. Дай);
қоғамда неғұрлым маңызды әрекеттерді жүзеге асырып, неғұрлым жоғары салмақ пен ықпалға ие азшылық (С. Келлер);
«Құдайдан шабыт алғандар» («Жоғарыдан болған үндеуге» құлақ асқандар (Л. Фрейнд);
харизматикалық тұлғалар (М. Вебер);
шығармашылықсыз көпшілікке қарсы тұратын шығармашылық азшылық (А. Тойнби);
қоғамның саяси, экономикалық, мәдени өміріндегі жетекші орындарға ие тұлғалардан тұратын шағын топтар (сәйкесінше саяси, экономикалық, мәдени элиталар) — элиталы плюрализм теориясының жақтастары;
ең білікті мамандар, менеджерлер мен бюрократиялық басқару жүйесіндегі жоғарғы қызметкерлер мен (технологиялық детерминизм өкілінің) және өзге көптеген анықтамалар. «Субэлита» термині де кең тарала бастады,оның жақтастары қоғамның пирамидалық үлгісін жақтауда, сонымен бірге «контрэлита» термині — әлеуметтік төменгі жақтардың көшбасшыларын белгілеу үшін кең тарауда.
Элиталар теориясын ХІХ-ХХ ғғ. шегінде Г. Моска, В. Парето, Р. Михельс және т.б. сияқты еуропалық ірі саяси ой өкілдері белсенді түрде дамыта бастады. Олар В. Парето «элита» деп атаған, ал Г. Моска «саяси тап» деп атаған азшылық биліктің кез келген формасы кезінде «құзыретсіз» бұқараларды басқаруды жүзеге асырады дегенге сүйенді.
Г. Москаның ойынша үш сапа саяси тапқа қол жеткізуге жол ашады, элитаға — әскери айбын, байлық, дінге қызмет етушілік. Кейінірек ол бұл тап ақыл, қабілет, байлықтың негізінде құрылуы тиіс деді. Г. Моска саяси таптың билікті нығайтып, өзін жаңартатын үш әдісін суреттейді — мұрагерлік, сайлау, кооптация. Моска тарихи әдіске негіздене отырып, қоғамның әлеуметтік дихотомиясының заңын жасап шығарады, оны келесі түрде түсіндіруге болады: барлық жерде екі тап пайда болады: басқарушы тап пен басқарылатын тап. Біріншісі —әрқашан аз, ол бүкіл саяси қызметтерді атқарады, билікті монополияландырады және өз билігінен пайда табады, ал бұл кезде екінші ең көп тапты бірінші тап басқарады және бақылайды, мұнымен қоса бұл аз немесе көп мөлшерде заңды түрдегі және аз немесе көп мөлшерде ерікті және еріксіз түрдегі және бірінші тапқа өмір сүру үшін материалды мүмкіншіліктерді және саяси ағзаның қызмет етуі үшін өмірлік қажетті құралдарды қамтамасыз ететін әдіспен жасалады. Әрі қарай бұл тезис нақтыланады: даму мен мәдениеттің белгілі деңгейіне қол жеткен бүкіл адамзат қоғамдарында саяси жетекшілікті ерекше, ұйымдастырылған азшылық – «саяси тап» жүзеге асырады.
Ірі итальян саясаттанушысы В. Парето жұмыстарында қоғам төбесінде элитасы бар пирамида түрінде көз алдымызға келеді. В. Парето басқарушыларға басты екі сапаны тән деп көрсетті: адами эмоцияларды басқара отырып, сендіре білу және қажет болған жерде күш қолдана білу. Күш пен басқару бүкіл тарих бойына билеп-төстеудің құралдары болып келеді.
Француз саясаттанушысы Л. Боден саяси элитаны қоғамда жоғары жағдайға ие және соның арқасында әлеуметтік үдеріске ықпал ететін адамдар, адамдардың қалған бөлігінің алдында интеллектуалды және моральді артықшылыққа ие адамдар құрайды деп санайды.
Ұзақ уақыт бойына «саяси элита» ұғымына қарсы алуан түрлі бағыттағы саясаттанушылар шықты. Саяси плюрализм концепциясын жақтаушы Батыс саясаттанушылары бұл ұғымды ұйымдастырылуы төмен қоғамдарға қатысты ғана қолданылады деп сендіреді, бірақ ол постиндустриалды қоғамның саяси жүйесін сараптау үшін мүлде жарамсыз. Дегенмен «элита» ұғымы әлеуметтану және саяси әдебиетте мықтап бекіді.........................................................
Саясаттануда өз қызметі саласында ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген тұлғалар элита деп аталады. «Элита» ұғымына тең ұғымдар — «басқаурушы төбешік», «басқарушы тап», «басқарушы орталар».
3. Элиталарды зерттеу жалпы ғылыми және әлеуметтік әдістердің көп түрлерінен тұрады. Саяси шындықтың жөнді де ең жалғыз дұрыс суреттемесін өзінің қолданылуы барысында беруге қабілетті қандай да бір әдіс жоқ. Саясаттың зерттелуінде келесі әдістер қолданылады:
Диалектикалық әдіс, оның мәнісі саяси нысанның құрамдас бөліктері мен құрылымдарын бір сәтті түрде емес, дамуы кезінде бейнелеу мен анықтауда.
Бихевиористік әдіс- яғни саяси қылықтан біркелкілік элементтерін табуға ұмтылу, оларды жинақтау мен теориялар мен үлгілер түрінде бейнелеу;
Салыстырмалы (компаративті-) әдіс Аристотель мен Платон кезінен бері белгілі. Оны жақтаушылар мына қағидаға сүйенеді: оған сәйкес даму деңгейіне қарамастан барлық қоғамдарға кейбір ортақ элементтер мен параметрлер тән.
Жүйелік әдіс нысанды тұтастың бір бөлігі ретінде қарастырады, себебі жүйе көп бөліктен тұрады және олар бір бірімен әрекет етеді.
• Эмпирикалық таным әдістері: сипаттау, сауалнама толтыру, сауал қою. Әдіснама айғақтарды, зерттеу жоспарын, мәліметтерді жинау әдістерін түсіндіру ережелері мен критерийлері кешенінен тұрады. Әдіснама берілген сәтте билеп тұрған қоғамдық-саяси парадигманың бөлігі болып табылатын теориямен тығыз болуы мүмкін. Әдістердің негізгі түрлері саяси ойдың тарихи дамуы барысында біртіндеп қалыптасқан. Саяси ғылым мен элитаны зерттеу әдіснамасын дамытудың кезеңденуін келесі түрде ұсынуға болады:
классикалық кезең (XIX ғ. дейін) негізінен дедуктивті, логика-пәлсапалық, моральді-аксеологиялық тәсілдермен байланысты;
институционалды кезең (XIX - XX басы.), мұнда тарихи-салыстыру және нормативті институционалды әдістер жетекші орынға ие болады;
бихевиористік (ағылш. "behavior" – тәртіп, қылық) кезең (20-70 жж.) – сандық әдістерді белсенді енгізу уақыты;
постбихевиористік кезең (XX ғ. соңғы отыз жылы), «дәстүрлі» және «жаңа» әдістердің үйлесуімен сипатталады.
4. Батыс саясаттанушыларының «элита» ұғымын анықтауға деген көзқарастары сан алуан түрлі. Элита туралы жазатындардың барлығы да әңгіменің не туралы екенін түйсігімен түсінеді, бірақ оның анықтамасын жасап шығаруға талпыныс жасалған кезде келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктер пайда болады деп, жәйдан жәй айтылмаған. Бірақ егер бүкіл сол анықтамаларды топтастыратын болсақ, аталмыш мәселеге деген екі көзқарас анықталады: құндылықты (аксиологиялық) және құрылымдық-қызметтік. Алғашқысын жақтаушылар элитаның болуын бір адамдардың екінші бірлерінен қандай да бір «асып түсуінің» (интеллектуалды, моральді және т.б) болуымен, екіншісін жақтаушылар — басқару қызметтерінің ерекше маңыздылығымен және сол қызметтерді анықтайтын адамдар ролінің маңыздылығымен түсіндіреді.
Қазіргі элитологияда келесі әдістер кең қолданысқа ие болды
әлеуметтік – статистикалық әдістер, эмпирикалық әдістер
антропологиялық – адам табиғаты, адам түрі мен саясаттың байланысы
психологиялық – психоөмірбаяндық және психотарихи
4. герменевтика әдістері – тек ғана объективті жақ емес, сонымен бірге жасырын мағына: символикалық интеракционизм, феноменология- шындықтың қабылдану ягердретацияға байланысты болады
5. семиотикалық әдістер – белгілік жүйелерді, символиканы зерттеу
әлеуметтік шиеленіс теориясы- әлеуметтік теңсіздік пен құндылықтар мен мәртебелік артықшылықтар негізіндегі мүдделер шиеленісі
айырбас теориясы - ынталандыру, құндылық және т.б. негізіндегі әлеуметтік әрекет айырбас жемісі болып табылады.
жүйелік - мұнда сарапшылар бағасы, саяси және математикалық үлгілеу мен коммуникативті және т.б. әдістер пайдаланылады.
Сөйтіп, элита неғұрлым ықпалды орталар мен үлкен материалдық ресурстарды, техникалық-ұйымдастыру құралдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын өз қолында ұстайтын экономикалық және саяси билеуші таптардың топтарын қамтиды. Бұл кәсіби қызметкерлер, саясаттанушылар мен идеологтар және т. б. Алайда саяси элита — бұл тек билеушілер мен төстеушілердің ғана жиынтығы емес. Бұл неғұрлым күрделі құрылым. Мәселе тек оның мүшелерінің шешім қабылдау, мақсатты анықтау құқығын монополияландыру арқылы билікті өз қолында шоғырландыруында ғана емес, алайда бұл бәрінен бұрын оған кіретін саясатшылар, идеологтар мен т.б. терең ішкі байланыстарына негізделген ерекше әлеуметтік топ. Оларды шынайы билік рычагтарына ие болу, оларға деген өз монополиясын сақтау, өзге топтарды жолатпау, элитаның позицияларын тұрақтандырып, сәйкесінше оның әрбір мүшесінің позицияларын нығайтумен байланысты ортақ мүдделер біріктіреді. Саяси элита — бұл саяси ықпалдың белгілі бір деңгейі бар және қандай да болсын бі мемлекеттің немесе қауымдастықтың билік институттары үшін жетекші кадрлардың негізгі көзі болаып табылатын үлкен әлеуметтік топ.
2 - дәріс. Саяси элитизмнің қалыптасу кезеңдері.
Дәрістің мақсаты: Саяси элитизмнің қалыптасу кезеңдерімен танысу
Дәрістің жоспары:
Аристократтар туралы ең мықтылардың басқаруы жайында антикалық философтардың көзқарастары.
Орта ғасыр дәуіріндегі элитистік түсініктердің дамуы.
Н. Макиавелли, Ф. Ницшенің элитизмнің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі.
Ғылыми бағыт ретіндегі элитизмнің қалыптасуы
Негізгі түсініктер: аристократтар, үдеріс, мінсіз қоғам, тобыр түйсігі, иерархия.