Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28_09_20013_ELITOLOGIYa.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.22 Кб
Скачать

Пайдаланылатын әдебиеттер

Қазақстанның саяси элитасы өз дамуында шартты түрде бірнеше кезеңнен өтті: 1991-1994жж.

Кеңестік партиялы-шаруашылық номенклатура мен қысым топтарының басым болуы. Мемлекеттік мүлікті қайта бөлу барысы. Мемлекеттік биліктің барлық деңгейлеріндегі жемқорлықтың жоғарғы деңгейі. 1994-2001жж.

Билікке бизнес-элита өкілдерінің келуі. Ескі номенклатура мен жаңа саяси элита арасындағы тартыстар мен қарама-қайшылықтардың басталуы. Президент өз билігін параллельді күшейткен жағдайда қысым топтары арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың жаңа жүйесін құрады. 2001-2003жж.

Саяси элитаның бөлінуіне алып келген элиталы топтар арасындағы бірінші бұзушылық.

Себептері:

  1. Президент жанұясының кейбір мүшелерінің ықпалының шектен тыс өсіп, саяси және бизнес элитаның кейбір бөлігінің көңілі толмаушылығын тудыруы.

  2. Экономикалық дамудың жылдам екпіндері мен жабық саяси жүйе арасындағы диспропорциялар. Нәтижесі: бизнес-элитаның билік үшін заңды күреске қатысуының шектеулі мүмкіндіктері. 2003-2005жж.

Президенттік сайлау қарсаңында президенттің саяси элита ішіндегі күштер тепе теңдігін қалпына келтіруі. Оппозициялық Демократиялық «Әділ Қазақстан үшін» коалициясы аясында контр-элита әрекетінің белсенділенуі. 2006ж.

Президенттік сайлаудан кейін елдің әрі қарайғы саяси дамуының перспективаларын анықтау көзқарасынан алғандағы маңызды кезең. Биліктің бастамасымен Қазақстандағы саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасының жасап шығарылуы елдің саяси жүйесіндегі оның әрі қарайғы либералдануы жағынан мүмкін өзгерістердің шекараларын көрсетуі тиіс.

Қазақстанның қазіргі заманғы саяси элитасының жалпы сипаттамасы:

  • жабықтық және халықтан өте алыста (экономикалық, саяси, ақпараттық және менталды) болуы;

  • элита қатаң иерархия аясында қызмет атқарады, мұнда кәсібилік ұғымы жеке басқа берілушілік пен қандық туысқандық ұғымдарымен ығыстырылады және орын ауыстырылады. Бұл қасиет бизнес-элитаға аздау мөлшерде тән;

  • Билеуші элита біртұтас емес, керісінше, ол тұрақты қарама қайшылықтар жағдайында өмір сүруде, оның нәтижесінде оның ішінде сәйкес келетін мүдделер мен ағымдағы конъюнктура негізінде алуан түрлі блоктар қалыптасады;

  • Элита ортасындағы негізгі күрес өз идеалдарының мемлекеттік және қоғамдық дәрежеде таратылуына емес, өз ықпалын мемлекет басшысы мен өзге элиталы топтарға таратуға және сол арқылы мемлекеттік және қоғамдық дамуға таратуға жүреді;

  • саяси элита ішіндегі тұрақтылық кепілі болып, тек ғана президент табылады.

2. Қазақстанның саяси элитасының ішіндегі конфликтогенді әлеуеттің деңгейі

Қазіргі сәтте Қазақстанның саяси элитасында конфликтогенді әлеует сақталып отыр, ол түрлі элиталы топтар арасында жаңа қақтығыстарды тудыруға қабілетті, ал бұл Қазақстандағы саяси тәуекелдің деңгейін арттырады. Жаңа шиеленістердің ықтимал есбептеріне мыналарды жатқызуға болады:

Объективті себептер:

  • элиталы топтар арасындағы мықты тепе теңдіктің болмауы;

  • өз экономикалық амбицияларын жүзеге асыру мүмкіндіктерінің қысқаруы;

  • үйлестірілмеген кадрлар саясаты;

  • өз әрекеттері үшін көбірек еркіндікті талап ететін элитаның есеюінің объективті барысы.

Субъективті себептер:

  1. президенттік биліктің мерзімінен бұрын берілетіндігі туралы қауесеттердің тарауы, мүмкін мұрагерлер тізімін талқылау;

  2. шектен тыс жиі кадрлық алмасуға орай саяси элита ішіндегі тұрақты психологиялық ауыртпалық жағдайы;

  3. билікте тек бір ғана топтың шектен тыс ұзақ болуынан шаршағандық.

Элиталардың ауысуы барысына қатысты қазіргі сәтте посткеңестік кеңістікте үш үлгінің бар екендігі жайлы айтуға болады:

  • Ресейлік (мұрагерлік)

  • Әзірбайжандық (билікті берудің династиялық түрі)

  • Украиндық (контр-элита жеңісі)

  • Грузиндік (контр-элита жеңісі)

  • Қырғыздық (контр-элита жеңісі)

Қазақстан үшін билікті берудің ресейлік үлгісі бәрінен де қолайлы болады, себебі дәл сол елдегі саяси тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Осыған орай аталмыш тақырыпқа стратегиялық және халықаралық зерттеулер жөнінен грузиндік қордың сарапшысы Арчил Гегешидземен болған бір қызық әңгіме ойға оралады. Саакашвилидің ықтимал мұрагері туралы сауалға, ол грузин революциясынан кейін көптеген нәрседен көңіл қалған да шығар, бірақ оның ең басты жетістіктерінің бірі мұрагер туралы мәселенің биліктің ауысуымен бірге жойылғандығында деп мәлімдеді. Шеварднадзе кезінде бұл мәселе маңызды еді, енді олай емес. Сондықтан Саакашвилиден кейінгі президент билікке тек демократиялық процедуралар, сайлаулар арқылы келетін болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]