
- •«Саясаттану» мамандығына арналған «элита теориялары» пәнінен силлабус
- •5. Пәннің сипаттамасы
- •5.3. Оқу пәнінің міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер :
- •7. Білімді бақылау
- •8. Оқу пәнінің саясаты
- •Сөздік (глоссарий)
- •Глоссариймен жұмыс істеудің әдістемелік ұсыныстары
- •Дәріс конспектілері
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •2. Саяси элитаның басты қызметтері
- •3. Саяси элитаның құрылымы
- •4. Саяси элитаның құрамдас бөлігі ретіндегі саяси бюрократия
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •3. Элитаның әлеуметтік өкілділігі.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •1. Саяси режим ұғымы және элитаның қалыптасуына оның ықпалы
- •2. Диктатуралар және демократиялар
- •4. Тарихи және саяси феномен ретіндегі тоталитаризм.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •2. Қазақстанның саяси элитасының ішіндегі конфликтогенді әлеуеттің деңгейі
- •2.Оқу дәрістерімен жұмыс істеуге әдістемелік кеңес
- •Өзіндік оқуға белсенді түрде дайындалуға арналған тапсырмалар мен сұрақтар
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған (сөж) тапсырмаларды орындауға әдістемелік ұсыныстар.
- •Өзіндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
- •Реферат дайындау жұмысына әдістемелік кеңес
- •Практикалық және семинар сабақтары, олардың мазмұны мен сағат бойынша көлемі.
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға дайындалуға әдістемелік ұсыныстар
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
Пайдаланылатын әдебиеттер
1. Бұрынғы саяси және экономикалық жүйенің құлдырауы билеуші элитаның да ауысатындығын білдірді. Элиталардың ауысу сипатын сипаттай отырып, бүкіл кеңестік республикаларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Бір топ – партиялы-мемлекеттік элита тек атауларын ғана өзгертіп, өз көзқарастарын сақтаған ортаазиялық республикалар (мысалы, в Түркменияда коммунистік партия «демократиялық» деп, ал Өзбекстанда - «халықтық-демократиялық» деп атала бастады). Келесі топ – бұрынғы партиялық номенклатура елеулі түрде атқарушы билік құрылымдарынан ығыстырылып тасталған республикалар (мысалы, Армения, Латвия, Эстония). Үшінші, постсоветтік мемлекеттердің ең үлкен тобы, онда Ресей де кіреді билеуші элитаның жартылай ауысуымен ерекшеленеді. Әлеуметтану Институттарының мәліметі бойынша, кеңестік номенклатура өкілдері 1994 жылы жоғарғы ресейлік басшылықтың шамамен 75% (үкіметті қосқанда), партиялық элитаның 50 % дан және парламенттік элитаның 60 %, бизнес-элитаның шамамен 40 %, аймақтық элиталардың 80 % құрады. Ескі номенклатураның қазіргі заманғы ресейлік номенклатураның құрамындағы көп түрде болуын «номенклатуралық қарымтаны» көрсететін трагедия ретінде қабылдаудың қажеті жоқ. Номенклатура жаңа жағдайда да пайдаланылған басқарушы тәжірибенің ұстанушысы болды. Қазіргі күні Ресейдегі билеуші элита құрамы едәуір түрде тұрақталды. Ол ескі номенклатурадан шығушылармен бірге 80-90-жылдардың шегінде жылжып шаққан жаңа көшбасшылардан да тұрады. Бүгіндері жоғарыға деген жол қайтадан неғұрлым күрделі және барынша тура емес болып келеді.
Маңызды өзгерістер саяси элита құрамында емес, оның құрылымында маңызды болып отыр. Бүгінгі ресейлік реалийлерді талдау үшін плюрализм концепциясы неғұрлым дұрыс сай келеді, себебі бүгінгі ресейлік тап, кеңестік носенклатурадан айырмашылығы мұнан әрі негіздік жағынан біртұтас емес. Ол идеялы-саяси жағынан ғана емес, қызметтік белгілері жағынан да көптеген топтарға ыдырайды. Осыған орай аймақтық элиталар да неғұрлым маңызды мағынаға ие және әрі қарай да солай бола береді. Кеңестік уақытта номенклатураның жергілікті деңгейде интеграциялану деңгейі үлкен болған жоқ, себебі кадрлардың тек тікелей емес, сонымен бірге көлденең жылу тәжірибесі де болды. Ал көптеген қызметкерлер мақсаты орталықтағы жауапты жұмысқа ауысу болды. 90-жылдар басында жағдай өзгерді. Аймақтық элиталар алдында үлкен мүмкіндіктер ашылып, бұл олардың ортақ корпоративтік мүдделер негізінде жұмылуына себін тигізді. Аймақтық элиталардың бөлектенуі, олардың қызметінің бақылаусыз болуының күшеюі ресейлік мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіріп, оның басқарылу деңгейін төмендетті. Соңғы кезде федералды орталық билік вертикалінің және бірегей құқықтық кеңістіктің нығайтлуына бағытталған бірқатар қадамдарды жасады, бұл аймақтық элиталардың қызмет атқаурымен байланысты алдыңғы кезеңдегі теріс тенденцияларды жартылай бейтараптандырды.
2. Постсоветтік элитаның қалыптасуындағы латентті кезеңге қайта құру жылдары жатты. Қоғамдық өмірдің демократиялануы номенклатуралық мәртебені экономикалық және саяси қорға айналдыруға мүмкіндік берген кеңестік элитаны ол үшін жаңа қызмет түрлеріне қосуға мүмкнідік берген жағдайлар туғызды.Тоқсаныншы жылдардың басынан бастап, билеуші тапта келесі өзгерістер орын алды: жасару, ауылдан шығушылардың үлесінің төмендеуі, интеллектуалдар мен кәсіпқойларды кеңінен тарту. Нәтижесінде оның бойында нарыққа бейімделген шаруалар мен прагматиктердің қомақты үлесі өсті.
Бұл үдерсітер саяси элитаның идеялы-саяси бірлігінің әлсіреуімен қатар жүрді. Алғашқы посткеңестік жылдарда ол модернизаторлық, либерал-реформаторлық, консервативтік, ұлтшыл-коммунистік элиталардың қарсы тұруына негізделді. Нәтижесінде алғашқы толқынның демократ-либералдары саяси өмірдің перифериясына жартылай ығыстырылып, негізі кеңестік номенклатурадан қалыптасқан бюрократиялы-басқарушылық тапқа жартылай сіңіп кетті. Коммунистік элитаның елеулі бөлігі, әсіресе аймақтығы конфронтациялық фразеологияның пайдаланылуына қарамастан бюрократиялық құрылымдарға еніп, жүйеге қарсы күш болуын қойды. Жалпы алғанда, орын алған өзгерстірге қарамастан қазіргі элитаның іскер және адамгершілік қасиеттерінің деңгейі жеткіліксіз түрде жоғары болып қала беруде. Билікті толығымен дерлік бақылау жоқ болғанда бұл жағдай қоғам дағдарысының негізгі себептерінің біріне айналды.
Қазіргі элитаны құрайтын топтардың іргесі сөгілген және аморфты, оларды өткір келіспеушіліктер қақ айыруда. Топтардың өздерінің арасында кескілескен бәсеке де орын алып отыр. Элита ішінде қалыптасқан күштер бөлінісі олардың бір де біріне өктемдік жағдайға ие болуға мүмкіндік бермейді.
Түрлі кландар мен топтардың бәсекесімен қатар элита ішінде өзге бір тенденция да пайда болды – билікті сақтау үшін бірігу. Мысалы, Ресейде бұл туралы 1996 жылы Б.Н. Ельцинді президент етіп, қайта сайлау мақсатында «семибанкирщинаның» пайда болуы куәлік етеді.
Постсоветтік кеңістік елдеріндегі көптеген элиталар өздерінің саяси және идеологиялық ұқсастықтарын іздеп жүр. Бұл тосын альянстардан, «өзгерістерден», бөлінулерден, ажырасулардан, либералдардың мемлекеттікке және ұлтшыл-патриоттарға айналуынан көрінеді.
Қазіргі элитаның әлсіздігі онда реформалардың ұзақ уақытты бағдарламаларының болмауынан да көрінеді, либерализмнің негізгі құндылықтарын отандық жағдайда сынап көру талпыныстары сол құндылықтардың танымастай етіліп бұрмалануына дейін әкеліп соқтырады: индивидуализм шексіз менменшілдікке, ал еркіндік – жауапкерліксіз бен озбырлыққа, бәсеке-күштінің бәсекелесәне қатысты диктатына айналады және т.б.
Элитаның қазіргі күйі оның қалыптасу барысының бітпегені туралы айтуға мүмкіндік береді. Оның бойында билеуші элитаға тән жұмылушылық, тұтастық, бірлік сияқты қасиеттер жоқ. Оны құраушы топтардың көбінде кең әлеуметтік база жоқ, жабық болуға бейімділік басым, элитаны қуыршықтандырғысы келеді.
Қазіргі элита өзінің өктемдік жағдайын түрлі бағыттағы және негізінен теріске бағытталған факторлардың арқасында – билікке халықтың құлақ асу инерциясы, халықтың әлеуметтік енжарлығы, оның жағдайдың нашарлап кетуінен қорқуына орай сақтайды.
Нарықтық экономика мен құқықты мемлекеттің қалыптасуы элитаны рекрутингтеудің жаңа жүйесін құрған жағдайда ғана мүмкін. Бұл жүйе бәсеке бастаулар мен жетекшілердің іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне негізделуі тиіс.
«Жаңа саяси элитаның» кімнен тұратынын түсіну үшін соңғы жылдар бойына кеңестік (коммунистік) режиммен күрескен қоғамдық қозғалыс құрамын талдып шығу керек. Бұл демократиялық «ағымда» келесі әлеуметтік-саяси топтардың өкілдері басымдық танытты:
Өз кәсіби қызметінің арқасында ескі режимнің репрессиялық сипатын ерекше өтікр сезініп, оның келешегінің жоқтығын түсінген интеллигенттер.
Қоғамның бүкіл қалған қабаттарында болған демократиялық құндылықтар мен ұлттық жанданудың жақтаушылары, яғни коммунизмнің идеялық қарсыластары.
Бұрынғы режимнен қандйа да болсын бір түрде зардап шеккен адамдар, оның ішінде тек репрессияланғандар емес, диссиденттер мен саяси тұтқындар, өздерінің ойларынша өмірлерін тоталитаризм ойрандаған бүкіл азаматтар.
Партиялық элитаның кейбір интеллектуалдары. Дәл солар, бұқаралық ақпарат құралдарына қолдары жете отырып, «революцияны санада» бастау атты ресми аңызнамаға алғаш елеулі соққылар жасай алды.
Шаруашылық элитаның демократиялық, реформистік, нарықтық түрде бейімделген өкілдері.
Билік және басқарушы құрылымдардың бүкіл звеноларындағы прагматиктер, оларға қай Құдайға сенсе де бәрібір, тек қызмет етсе, яғни билесе болғаны, яғни бұл «себептерге байланысты демократтар».
Аутсайдерлер – демократиялық қозғалыстарды «лифт» ретінде пайдалануға талпынған әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан мансапқорлар.
Бірақ аталған категориялардың барлық өкілдері жаңа элитаға кіре алды. Алғашқы үш топтан щығушылар басқару үшін қолайлы болмай шықты. Қалғандары болса бүгінгі биліктің негізін құрады. Және де бұл жерде жаңа саясатшылардың тікелей немесе жанама түрде, әлеуметтік немесе кәсіби түрде ескі жоғарғы жақпен байланысты болып, оның ықпал көкжиегіне тартылғандығы көзг көрініп тұр. Және мұнан өзге, «реформаторлар» мен «прагматиктердің» жаңа элитасындағы жоғарғы үлестік салмақ (5-6-топтар) ескінің бойынан жаңа элитаның туғаны жайлы және біріншісінің екіншісіне тәуелді екендігі туралы айтуға мүмкіндік береді".
Егер бүгінгі элитаның талдауын жүргізсек, онда биліктің жоғарғы эшелондарының ыдыраушылықпен сипатталатындығы туралы айтуға болады. Элиталардың түрлі топтарын байланыстыратын ортақ негіз өте әлсіз және одан өзге олардың арасында биліктің жоғарғы эшелонындағы біртұтас өктемдік үшін күрес жүруде.
Саяси элитаның әлсіздігінің ең маңызды себептерінің бірі – бұл оны құраушы топтардың көбінде кең әлеуметтік-саяси сүйеніштің болмауы. Сондықтан олар мен элитаның жалпы алғанда қоғамдық бұқараның кең де ұйымдасқан қолдауын пайдалану мүмкіндігі жоқ.
Сонымен бірге саяси элитаның әлсіздігі рухани салада әсіресе байқалады.
"Батысеуропалық идеологияның отандық жеріне – либерализмді, социалреформизмді және т.б. механикалық түрде көшіру әрекеттері сәтсіздікпен аяқталады. Олардың бұл негіздегі құндылықтары өзінше бір прагматикалық түрде қайта түсіндіріледі: индивидуализм шексіз менменшілдікке, еркіндік – жөнсіздік пен жауапкерліксіздікке, бәсекелестік – күштінің абсолютті құқығына және т.б. айналады. Уақыт ерекшелігіне жауап беретін идеологиялық платформалар құру әрекеттері «қазіргі жетекшілер кезінде коммунистік қатпарларды шабуылдаған идеологиясыздандыру» ұранына келіп тіреледі. Сөйтіп, қазіргі саяси элита қоғамды біріктіруге және шабыттандыруға қабілетті жаңа идеялардың тұтас жүйесін құруға қабілетсіздігін көрсетеді".
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік қозғалыстар мен саяси ұйымдар жаңа әлеуметтік-экнонмикалық және саяси жағдайда орын алуда: экономиканың мемлекеттік-монополистіктен араласқа өтуі, шаруашылық байланыстардың бұзылуы, қоғамның әлеуметтік полярлануы, халықтың едәуір бөлігінің кедейленуі. Осының кесірінен қоғамдық қайшылықтар ушығып, экологиялық ахуал шиеленісе түсуде. Мемлекеттік билік пайда болып отырған проблмаларды уақытылы шешуге қабілетсіздігін көрсетуді. Мұның бәрі бұқаралық ақпарат құралдарының жариялылығы, белсенділігі жағдайында жұмысшы, экологиялық, ұлттық және т.б. сияқты жаңа әлеуметтік қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы мен белсенді дамуын ынталандырады.
Саяси партиялар өзара әлсіз байланысқан, тіпті бірдей идеологиялық бейім аясында да біріккілері келмейді. Бұл партиялық жүйе емес, қалыптасқан атомдалған плюрализм жүйесі туралы айтады. Бұл қазіргі заманғы саяси партиялардың идеологиялық және тактикалық ережелерінен көрініс табады. Мысалы, саяси партиялар құндылықты-идеологиялық бейімнің негізгі үш жүйесінің айналасында топтасады - коммунистік (социалистік), либералды-демократиялық (батыстық) және ұлттық-патриоттық.
Мұндай жағдай себептері объективті және субъективті сипатқа ие.
Басқарушы элита көппартиялы жүйеге қызығушылық танытпайды. Ол партияларға халықтың саяси еркін қалыптастыру үшін емес, тек сайлауға сайлаушыларды ұйымдастыру үшін жүгінеді. Дәл осыған байланысты қоғамда осы күнге дейін саяси партиялар қызметіне арналған заң шығару базасы, оппозиция туралы заң жоқ.
Халықтың өзін өзі ұйымдастыру, бірлесу байланыстарын орнату, саяси партиялармен өзара тығыз әрекеттесуді орнатуының саналы қажеттілігі жоқ.
Нәтижесінде саяси партиялар емес, мүдделі топтар мемлекет пен қоғам арасындағы делдал рольді атқаруда. Мұндай топтар сайлау жүйелерін бұзуы, бұқара санасын өз пайдасына өңдеуі және осының өзінде сайлаушылар алдындағы өз уәделері үшін ешбір жауап бермеулері мүмкін
15 - дәріс. Қазақстанның саяси элитасы
Дәрістің мақсаты: Қазақстанның саяси элитасының даму кезеңдерімен танысу
Дәрістің жоспары:
Қазақстанның саяси элитасының даму кезеңдері
Қазақстанның саяси элитасының ішіндегі конфликтогенді әлеуеттің деңгейі
Негізгі түсініктер: бизнес-элита өкілдері, контр-элита, иерархия, мұрагерлік, династиялық.