Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28_09_20013_ELITOLOGIYa.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.22 Кб
Скачать

Пайдаланылатын әдебиеттер

«Номенклатура» термині арқылы Кеңестік Одақтың және өзге коммунистік мемлекеттердің билеуші элитасын атау қабылданған еді. Әлеуметтік теңдіктің маркстік идеалына қарамастан, марксизм жақтастары саяси билікті тартып алғаннан кейін жаңа формаларға ие болғанымен теңсіздік сақталып қалды. Мемлекеттік басқарудың басында бекіген номенклатура партиялық бюрократияның жоғарғы қабатынан тұрды. Ол бірқатар елдердің, әсіресе КСРО ның саяси тарихына үлкен әсерін тигізген іштей интеграцияланған және артықшылығы бар топ болды.

Кеңестік партиялы-мемлекеттік номенклатураның төрт ұрпағын атап көрсетуге болады. Бұл ұрпақтардың елеулі ерекшеліктері болды және де онысы Кеңес Одағының дамуында өз ролін атқарды.

Шартты түрде «лениндік гвардия» деп аталған бірінші ұрпақ большевистік партияға революцияға дейін кірген кәсіби революционерлерден тұрды. Бұл ұрпақ өкілдерінің арасында жұмысшы орта мен шаруалардан шығушылар өте аз болды. Олардың көбі орташа таптардан шығушылар болды. Большевистік қызметшілердің бәрі де әртүрлі кезде бір жерлерде оқып, өздерін өздері ағартқанымен де олардың аз ғана бөлігінің жоғарғы білімі болды. Жаңа кеңестік элитаның бірінші ұрпағының елеулі бөлігі революцияға дейінгі саяси эмиграция ортасынан шықты. Бұл адамдар батыс еуропалық елдердің өмірін, шетелдік әлеуметтік қозғалысты жақсы біліп, шет тілдернде сөйледі. Бірақ олар ресейлік реалияларды нашар біліп, мемлекетті басқаруға қажетті нақты оңтайлы білімсіз болып, мемлекеттік басқару тәжірибесінсіз де болды. Большевиктер қызметінің бірінші жылдарының қанағаттанарлықсыз нәтижелері де басқасынан өзге басқарушы элитаның төменгі қызметтік сапасымен де түсіндірілді. Бірақ жағдай біртіндеп өзгеріп, жаңа қожайындар өз лауазымдарын тез игере бастады.

Бірақ жалпы алғанда «лениншіл гвардия» социал-демократиялық қозғалыстың революцияға дейінгі дәстүрлерінің ұстанушысы бола отырып, Кеңестер Одағында қалыптасып келе жатқан басты белгісі ішкі біртұтастық, көсемге берілгендік болып табылатын тоталитарлық жүйенің аясына сіңісе алмады.

Номенклатураның жаңа ұрпағы И.Сталиннің жеңісінен кейін «лениншіл гвардияны» ығыстырды. Азамат соғысынан кейін өсіп кеткен партиялық аппаратқа жұмысшы-шаруа тегінен шыққан қызметшілердің үлкен тобы келіп құйылды. Олардың білімдік және мәдени деңгейі әлдеқайда төмен болып, ешқашан шетелді көрмеген, маркстік теория туралы ең ескі көзқарасты ұстанушы болды. И.Сталиннің жеңісі, әлемдік революция идеясынан бас тарту, радикалды интернационализмнен ұлттық дәстүрлерді жаңғырту жағына қарай біртіндеп бас тарту номенклатураның екінші ұрпағының айқан түрде сандық жағынан басым болуының нәтижесінде мүмкін болды. «Лениншіл гвардия» билік құрылымдарында елеулі түрде ығыстырылып, толығымен шеттетілді.

«Үлкен террор» жылдары (1937 - 1939) репрессияға бірінші кезекте «лениншіл гвардияның» қалдықтары ұшырады, бірақ репрессия құрбандарының арасында номенклатураның екінші ұрпағының өкілдері де болды. Мұндай «тазалау» нәтижесінде әртүрлі деңгейдегі партиялы-мемлекеттік аппаратта мыңдаған орындар босап қалды. Бұл орындарға елдің билік құрылымдарында ұзақ уақыт бойына негізгі орынды иеленген жаңа ұрпақ отырды. Билеуші элитаға кеңестік кезеңде білім алған жастар келді. Бұл үдеріс бұқаралық сипатқа ие болды.

Номенклатуралы элита өкілдеріне қарсы репрессиялардың тоталитарлық жүйеде бірқатар қызметті атқарғанын атап өткен жөн. Өз міндеттерін адал орындау үшін шынайы экономикалық ынталандыру жоқ болған кезде оның орнын өз тағдыры үшін қорқу ауыстырды. Мұнан өзге, мемлекеттік және партиялық аппараттың номенклатуралық жүйесі жемқорлыққа қолайлы мүмкіндіктер туғызды. Төменгі жақтан шынайы бақылау немесе қандай болсын бір жариялылықтың болмауынан партмемаппараттың жемқорлық мүмкіндктері күрт артып отырды. Әрине, көптеген элита өкілдері өз өмірі мен тағдыры үшін үнемі үрейленіп жүрді. И.Сталиннің өлімінен кейін репрессияларды тоқтату мен режимді либералдандыру идеясы бірден неғұрлым атақты болып шыға келді. Номенклатура жалпы алғанда сталинсіздендіру барысын қолдады. Келген өзгерсітердегі шешуші роль 50-жылдардың ортасында партиялы-мемлекеттік аппараттың барлық сатыларында толығымен бекіген номенклатураның үшінші ұрпағына тиесілі болды.

Номенклатура үшін соңында «тұрып қалу-застой» деп аталған «алтын ғасыр» келіп жетті. Партиялы-мемлекеттік қызметшілер үшін тыныштық орнап, олардың өмірі мен мансабы тұрақты және айқын болды. Бірақ қоғамда шиеленісті құбылыстар артып, қарама қайшылықтар пісіп жетілді. Басшылық оларды елемеуді қалады. Кеңестік номенклатураның үшінші ұрпағы билік құрылымына жас кезінде келіп, онда ондаған жылдар бойы отырып, режимге геронтократиялық сипат берді.

Билік басындағыны ауыстыруға келетін жаңа ұрпақтың бейнесі біртіндеп пайда бола бастады. Өз қызметінде алдыңғы ұрпақтар басшылыққа алған идеялық себептер көлеңкеге кетіп, бірінші орынға прагматизм және кейде ашық мансапқорлық шығып отырды. Кеңестік элитаның төртінші ұрпағы ашық түрдегі технократиялық сипатқа ие болды.

14 - дәріс. Постсоветтік кеңістік елдеріндегі саяси элитаның қалыптасу ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты: Постсоветтік кеңістік елдеріндегі саяси элитаның қалыптасу ерекшеліктеріен танысу

Дәрістің жоспары:

  1. Посткеңестік кеңістікте элитаның қалыптасуының жалпы тенденциялары

  2. Посткеңестік элитаның даму перспективалары

Негізгі түсініктер: посткеңестік кеңістік, тенденция, перспектива, партиялы-мемлекеттік элита, кеңестік номенклатура, плюрализм концепциясы, коммунистік (социалистік), либералды-демократиялық (батыстық) және ұлттық-патриоттық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]