Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28_09_20013_ELITOLOGIYa.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.22 Кб
Скачать

4. Тарихи және саяси феномен ретіндегі тоталитаризм.

Тоталитаризм – мемлекет жалпы алғандағы бүкіл қоғам мен жекеше алғанда әрбір тұлғаның өмірін тұтасымен, жан-жақты қамтылған бақылауға алуға талпынатын саяси режим.

«Тоталитаризм» терминін 1925 ж. итальян фашистерінің жетекшісі Б. Муссолини өзі құрған саяси режимді сипаттау үшін енгізген. 1929 ж. «Тайме» газеті бұл терминді Кеңестер Одағында қалыптасқан режимге қатысты қолданды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыстың саяси ғылымында Германияда, Кеңестер Одағында, «жеңген социализм» елдеріндегі режимдерді «тоталитаризм» ұғымымен белгілеу жалпыға ортақ нәрсе болып кетті.

1956 ж. екі американ саясаттанушысы — К. Фридрих пен 3. Бжезинский тоталитарлы режимнің негізгі белгілерін қалыптастырды.

1 .Алдыңғы тәртіпті толығымен жоққа шығаруға және жаңа қоғамды құру үшін азаматтарды жұмылдыруға арналған ресми идеология. Бұл идеологияны қоғамның барлық мүшелері міндетті түрде танулары және бөлісулері тиіс. Ол қоғамды әбден жетілген жағдайға айналуы тиіс тарихтың аяқтаушы кезеңіне бейімдейді. Сөйтіп, өктемдік етуші идеология хилиастикалық сипатқа ие. Барлық тоталитарлық режимдерде қоғам өмірінің бүкіл жағы — мораль, экономикалық тиімділік, әлеуметтік қатынастар, саяси нормалар және т.б. — идеологияға бағындырылған.

2.Олигархиялық белгі бойынша құрылатын және харизматикалық жетекші басқаратын бірегей бұқаралық партия билігіне монополия. Партия мемлекеттің қызметтерін атқара отырып, іс жүзінде мемлекетті «жұтып қояды».

3.Тек «халық жаулары» ғана емес, бүкіл қоғам бақыланатын террористік полицейлік бақылау жүйесі. Жеке тұлғалар, тұтас таптар, этникалық топтар бақыланады.

4.Бұқаралық ақпарат құралдарын партиялық бақылау. Кез келген ақпаратты қатаң цензуралау, барлық бұқаралық ақпарат құралдарын – баспасөзді, радионы, кино, әдебиет және т.б. бақылау.

5.Қарулы күштерді жан жақты бақылау.

б.Экономиканы орталықтандырылған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі.

Атап өтілген белгілердің ішінде алғашқы екеуі неғұрлым үлкен мағынаға ие — ресми идеология және билікке деген бірегей бұқаралық партия монополиясы. Шынымен де, тоталитарлықтан өзге бір ді бір диктаторлық режим қоғамда бірегей ресми идеологияны құрып, бекіткен, қоғамның бүкіл рухани әрекетін өз бақылауына алуға ұмтылған жоқ. Дәл тоталитаризм кезінде бүкіл толық билікке ие болған партия режимді қолдау мен саяси мақсаттарға қол жеткізуге бұқараның жұмылуын қамтамасыз етті. Тоталитаризмде мемлекет пен қоғам арасындағы шекара өшіріледі, себебі қоғамдық өмірдің билікке бағынбайтын автономды салалары жойылады. Мемлекеттің бақылауы мен реттеуіне қызметтің экономикалық, әлеуметтік, рухани түрлері, сонымен бірге азаматтардың жеке өмірі ұшырайды. Сөйтіп, тоталитаризм өзге диктатуралардан реттеу мен бақылаудың ең жоғарғы деңгейде болуымен ерекшеленеді.

12 - дәріс. АҚШ-тағы саяси билік пен элита

Дәрістің мақсаты: АҚШ-таың саяси билігі мен элитасын қарастыру

Дәрістің жоспары:

  1. Саяси плюрализм теориялары

  2. Плюралистік демократия мәселелері бойынша классикалық еңбектер (Д. Трумен, Д. Рисмен, Р. Даль және т.б.).

  3. Неоэлитизм (Т. Дай, X. Цайглер, У. Домхофф және т.б.).

  4. АҚШ-тың саяси құрылымы. Р. Миллстың үлгісі, биліктің үш деңгейі.

  5. Д. Рисмен үлгісіндегі билік пирамидасы.

Негізгі түсініктер: саяси плюрализм, неоэлитизм, билік пирамидасы, гипердемократия, қаржылық олигархия, саясат, генералитет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]