Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28_09_20013_ELITOLOGIYa.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.22 Кб
Скачать

Пайдаланылатын әдебиеттер

Француздың elite сөзі ең жақсы, іріктелген дегенді білдіреді. Элиталы білім оқушылар үшін ең жақсы материалды-техникалық және психологтық-педагогикалық жағдайлардың жасалуы дегенді білдіреді.

Элиталы білім беру жүйесінің ұйымдастырылуы білім беру концепцияларының, бағдарламаларының, педагогикалық әдістемелердің, оқу құралдарының және т.б., сонымен бірге педагогикалық кадрлардың мұқият іріктелген түрде таңдалуын қарастырады.

«Элиталы» сөзі сонымен бірге «элитаны өндіруші» деген мағынаны да білдіреді. Элиталы білім келешекте қоғамның қандай болсын бір бөлігін – қоғамдық элтаны: кәсіби, шығармашылық, саяси және т.б. неғұрлым көрнекті өкілдері болуға қабілетті ең жақсы түрде дайындалған (білімді) түлектерді қамтамасыз етеді.

«Элиталы білім» ұғымын «элитарлы білім» ұғымынан ажырата білу керек, ол қоғамның өктемдік етуші таптарының балаларына арналған арнайы («жабық») білім дегенді білдіреді. Бұл жағдайда, бәрінен бұрын, оқушыларды іріктеу (олардың ата-аналарының қоғамның сәйкес таптарына жатуы жағынан) орын алады.

Түпнұсқалы білім

Мектепте түпнұсқалы білім жүйесін ұйымдастыру – бұл әр оқушының жеке бас өмірлік бой көрсетулеріне ұқсас, пайда болатын жеке бас қажеттіліктеріне сезімтал түрде жауап қайтаратын, жастық, жыныстық және жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес келетін білім ортасы мен білім барысын қамтамасыз ету.

Білім беру барысының түпнұсқалылығы (оның мазмұны, формалары, әдістері) әрбір оқушының өзіне неғұрлым қолайлы ырғақта әрекет ету мүмкіндігін тудырады: білімнің жеке мазмұны, сонымен бірге оқушының жеке басы мен күйіне дәл сәйкес келетін оның игерілу көлемі мен екпіні қамтамасыз етіледі.

Түпнұсқалы білім ортасының қамтамасыз етілуі (әр оқушының кеңістіктік-пәндік және әлеуметтік ортасы) – бұл әрбір оқушы үшін формализм мен мектеп өмірінің өзге да қолайсыз жақтарынсыз (өкінішке орай, біз үшін тым таныс) қарапайым өмірлік ортаның жасалуы ). А. Маслоу айтпақшы, түпнұсқалылық – бұл жасандылықты нөлдік деңгейге жеткізу.

Қазіргі заманғы гуманистік психология мен педагогиканың ең маңызды ережесі ретінде өмірде нені қалайтындықтарын, ал не нәрсенің мүлде қажет еместігін білетін рухани жағынан сау, мықты және өзіне сенімді адамдардың тәрбиеленуін қамтамасыз етеді.

Түпнұсқалы білім түпнұсқалы тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мұндай тұлға өз өмірінің әрбір сәтін толығымен түсінуге қабілетті және соның негізінде өз таңдауы үшін толық жауап бере отырып, өмірдің берілген сәтін сүру әдісін таңдауға қабілетті. Түпнұсқалы тұлға өзінің мүмкіндіктерімен қатар, шектеулерін түсініп, қабылдай отырып, «өзінің өмірін жасайды».

Білім беру жүйесі

Жүйе деген кезде тұтаспен қатар, бір біріне қатысты заңды түрде орналасқан, нақты бөлшектенген бөліктердің әлдебір бастапқы түрліліктен біртұтасқа айналуы айтылады.

Білім беру жүйелері басты және негізді қалаушы білімдердің әлдебір үйлесімді тұтастыққа бірігуі болып табылады, неғұрлым жалпы айтқанда – білімнің доктринасын құрайды.

Білім беру жүйелері жобалануы кезінде түсінуді және ескеруді қажет ететін бірқатар қасиеттерге ие. Атап айтсақ, білім беру жүйелері үшін түрлі тегіссіздік және бір бағытсыздық деңгейімен өтетін, циклдік және циклдік емес сипатқа ие, елеулі және қысқа аралықтағы үдерістердің болуы тән. Сәйкесінше, дамудың белгілі бір кезеңдерінде түрлі құбылыстар орын алады, оларға: күрделену, интеграция және ажырату (дифференциация), трансформация, иерархия мен оның түрлі бөлшектерінің қайта құрылуы мен ауысуы.

Бір элементтер екіншілеріне түзетуші әсер етуі мүмкін және т.б.

Алдын ала айтатын жәйт, авторлар «жүйені жасаушы ойлаудың» қауіптілігі туралы біледі және оны есте сақтайды (Э.Гуссерль), ол кезде әуелі жүйені құруға тырысып, сосын соның негізінде танымды шындықтың имитациясымен ауыстырады.

Мектептің білім беру жүйесі білім беру ортасы, білімнің мазмұны, білім беру барысы, білім беру барысының субъектілері ияқты негізгі элементтерден тұрады.

Білімге қатысты жүйені қалыптастырушы факторларға бүкіл түрдегі социумды, екінші жағынан – білім беру барысының әрбір субъектісінің тұлғасы (оқушының, педагогтың, ата-ананың, әкімгердің, мектептің техникалық жұмысшысының), ол түрлі құрылымдық элементтердің пайда болу және өзара әрекеттесу механизмдеріне белсенді әсер етеді. Бұл әсердің сипаты әлемнің жеке бейнесімен қатар, білім беру барысының әрбір субъектісінің қызметтік құзыреттілігіне де байланысты болады.

Білім беру жүйесін дамытуды басқару

Мектептің білім беру жүйесін дамытуды басқару білім беру барысының әрбір қатысушысының жан-жақты дамуы және жеке басының жетілуі үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жоспарлы алдын ала дайындық пен педагогикалық шаралар кешенін жүзеге асыруды білдіреді.

Білім беру жүйесін дамытуды басқару келесі негізгі ұйымдастыру үдерістерінен тұрады:

-кәсіби мақсатты болжамдау;

-шамаланып отырған кәсіби қызметтің гипотезасы мен теориялық құрылымын жасап шығару;

-басымдықтар мен стратегиялық бағытарды анықтау;

-білім беру жүйесінің ағымдағы күйінің тексерілуін жүргізу;

-педагогикалық жобалау;

-жасалған педагогикалық жобаларды жүзеге асыру;

-жобаланған білім беру жүйесінің күйін мониторинглеу; -білім беру жүйесі дамуының келешектегі дамуымен бірге мониторниг мәліметтері негізінде ағымдағы қызмтке де түзетулер енгізу.

Білім беру жүйесінің тексерілуі

Экспертиза – мектептің білім беру жүйесін педагогикалық ұйымдастырудың маңызды құрамдас бөлігі. Экспертиза – бұл мектептің білім беру жүйесін құзыретті мамандардың жан жақты зерттеп, әрі қарай міндетті түрде қорытынды жасап, мектеп әкімшілігі мен педагогтарына кеңестер беруі.

Тексеріс (экспертиза) әдісі алуан түрлі көздерден алынған түрлі мәліметтердің бүкіл жиынтығын түсінуді қарастырады. Егер диагностика әдісі зерттеушінің жеке тұлғасын әдістемелік тегістеу арқылы нәтижелердің барынша шынайы болуына талпынуды қарастыратын болса, тексеріс (экспертиза) әдісі сарапшының кәсіби түйсігімен байланысты субъективті пікірінен үйлесімді түрде тұрады.

Білім беру барысы қатысушыларының өздері жүргізетін мектепішілік тексеріс, қатысты түрде «тәуелсіз» қатысушылармен жасалас да (мектептің ғылыми жетекшісі, психологиялық қызмет) қосылған сарапшылар әдісін пайдалануға негізделеді және мектептің өзін өзі аудиттеу технологияларының бірі ретінде қарастырыла алады.

Білім беру жүйесін жобалау

Жобалауға тән ерекшелікке әлдеқашан бар нәрсені зерттеу емес, жаңа өнімдерді жасау мен сонымен бірге енді ғана пайда болуы мүмкін нәрсені тану жатады.

Біз шамалап отырған педагогикалық жобалау технологиясының негізінде – білім беру ортасының бүкіл мүмкіндіктерін пайдалану жөнінен білім беру барысының әрбір субъектісінің белсенділігін өзектендіру. Атап айтсақ, әрбір бала үшін қолда бар тәрбие құндылықтарына сәйкес жеке қажеттіліктермен үйлесетін түрлі дамытушы мүмкіндіктерді пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар кешені жобаланады.

Дәл балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мүмкіндіктерді ұймыдастыруға бағытталған педагогтардың кәсіби ережесі мектеп оқушыларына өз дамуының қарқынды екпіндеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді: Нәтижесінде әрбір бала шынайы жағдайда болып, оның тәртібі өз мотивациясының негізінде құрылады. Оның әрекеттері өз (бірақ тәрбиелі) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Мотивация мен оны қанағаттандыруға бағытталған әрекет қосындысы тиімді білім берудің қажетті шарты болып табылады.

11 - дәріс. Түрлі саяси жүйелердегі элитаның қалыптасуы мен дамуы

Дәрістің мақсаты: Түрлі саяси жүйелердегі элитаның қалыптасуы мен дамуын қарастыру

Дәрістің жоспары:

1.Cаяси режим ұғымы және элитаның қалыптасуына оның ықпалы

2.Диктатуралар және демократиялар

З.Р. Даль және Ж. Блондельдің саяси режимдерінің типологиялары

4.Тарихи және саяси феномен ретіндегі тоталитаризм

Негізгі түсініктер: саяси режим, диктатура, демократия, типология, саяси феномен, тоталитаризм, бәскелесуші олигархия, гегемония, полиархия, жүйе инклюзивті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]