Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28_09_20013_ELITOLOGIYa.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.22 Кб
Скачать

Пайдаланылатын әдебиеттер

1. Бәрінен бұрын элиталарды қызметтік (функционалдық) белгісі жағынан бөлуге болады. Оған сәйкес: саяси, экономикалық және мәдени-ақпараттық элиталар бөлінеді. Саяси элитаны билік шешімдерін жүзеге асыратын топтар мен саяси жетекшілер құрайды. Билік құзыретінің көлемі негізінде саяси элитаның келесі түрлері атап көрсетіледі: жоғарғы, орташа және әкімшілік.

Жоғарғы саяси элита маңызды шешімдер қабылдау жүйесінде стратегиялық орындарда отырған жетекшілерден тұрады. Элитаның бұл түріне президент пен оның айналасы, үкімет басшылары, биліктің жоғарғы сот оргындарының мүшелері, неғұрлым ықпалды партиялардың жетекшілері, парламент спикері мен ірі парламенттік фракциялар басшылары жатады.

Орташа элитаға биліктің сайланбалы органдарында отырғандар жатады: депутаттар, аймақтық элиталар өкілдері, саяси партиялар мен қозғалыстардың жетекшілері.

Әкімшілік элитаның құрамына үкімет мүшелері кіреді; сонымен бірге жоғарғы мемлекеттік қызметкерлер. Бірқатар жағдайларда маргиналды элитаны да атап көрсетеді және оған өз саяси белсенділігімен белгілі, бірақ шешімдер қабылдау орталығынан едәуір алыс тұлғаларды жатқызады. Қандай да болсын бір әкімшілік - аумақтық құрылымның аясында қызмет атқаратын аймақтық элиталар болады.

Жоғарғы элита бүкіл мемлекет үшін маңызды шешімдердің қабылдануына тікелей әсер етеді. Оған бедел арқылы немесе билік құрылымындағы жағдай арқылы кіруге болады, мысалы, президентьің бейресми кеңесшілері. Батыс демократиясында әбір миллион тұрғанға шаққанда шамамен бүкіл элитаның 50 өкіліне дейін келеді. Жоғарғы элита арасынан коммуникацияларының, өзара әректінің екпінділігімен сипаталатын және әдетте шамамен 200-400ды құрайтын ядроны атап көрсетеді.

Орташа элитаға үш белгі – табысы, кәсіби мәртебесі мен білімі бойынша бір уақытта ерекшеленетін халықтың шамамен 5 пайызы жатқызылады. Осы критерийлердің біреуі немесе екеуі бойынша ғана жоғарғы көрсеткіштерге ие тұлғалар маргиналды элитаға жатады. Карл Дойч атап көрсетпекші, «жалпы, білім деңгейлері табыстарына қарағанда едәуір жоғары адамдар қалыптасқан қатынастарды көбірек сынайды, өз саяси көзқарастары жағынан центризмге немесе сол радикализмге әуес болады. Табыстары білім деңгейінен жоғары тұлғалар да өз жағдайына, абырой-беделіне көңілі толмайды және әдетте оң саяси көзқарастарды ұстанады. Сөйтіп, табыстар мен кәсіби мәртебенің және білім деңгейінің арақатынасымен анықталатын елдің ересек халқыны 5 пайызы ел үшін не ненің саяси жағынан тиімді, ал не нәрсенің тиімсіз екендігі туралы көптеген нәрсені айтуы мүмкін»

Көптеген саясатшылар орташа элитаның, әсіресе оның «субэлита» деп аталатын жаңа қабаттарының саяси шешімдерді дайындау, қабылдау мен жүзеге асырудағы ролінің артуын атап көрсетуде — жоғарғы қызметкерлер, менеджерлер, ғалымдар, инженерлер мен интеллектуалдар. Бұл қабат әдетте жоғарғы элитадан ақпарттылығы, ұйымдасқандығы мен бірегей әрекеттерге қабілетімен асып түседі.

Саяси шешімдердің қабылдану барысына тікелей қатысатын саяси элитаға әкімшілік элита келіп тоғысады, ол атқарушы қызметке арналғанымен де ісжүзінде саясатқа үлкен ықпалын тигізеді.

2. Экономикалық элитаны қоғамның әлдеқайда бай мүшелері – ірі мүлік иелері, банкирлер, қаржылық-өнеркәсіптік топтар жетекшілері, жетекші корпорациялар басшылары, ірі капиталдардың иегерлері құрайды. Экономикалық элитаның мүдделері саяси элитаның қабылдайтын шешімдерінің сипатына ықпалын тигізеді.

Саяси және экономикалық элита арасындағы арақатынастарды талдаған кезде саясаттанушылар екі топқа бөлінеді. Бір ғалымдар егер саяси элита шешімдер қабылдау кезінде қатысты түрде автономды және тәуелсіз, ал егер экономикалық элита оған ықпал ететін болса тек жанама түрде ғана деп санайды. Өзге қөзқарастың жақтастары қоғамдағы шешуші мағынаға экономикалық элита ие деп тұжырымдайды, себебі ол өз қолына неғұрлым маңызды және зәру ресурстарды шоғырландырады.

Мәдени-ақпараттық элиитаны қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал ететін ғылымның, мәдениеттің қайраткерлері, қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал ететін көрнекті тілшілер, шіркеудің жоғарғы иерархтары құрайды. Бұл элиталы топтың басты қызметіне элитаға қолайлы қоғамдық пікірді қалыптастыру, аталмыш элитаның билеуінің, сонымен бірге оның қабылдайтын шешімдерінің идеологиялық негіздеу жатады.

2. Саяси жүйедегі орнына қарай элита басқарушы және оппозициялық (контрэлита) болып бөлінеді. Басқарушы элитаның құрамына шынымен маңызды шешімдерді қабылдайтын немесе оның қабылдануына ықпал ететін топтар мен индивидтер кіреді. Контрэлитаның құрамына басқарушы элитаның орындарын алуға ұмтылатындар кіреді. Әлеуетті элита популистік ұрандарды алға тартып, бұқараға жүгініп, көпшілік элиталы емес топтардың көмегімен биліктегі басқарушы элитаны ауыстыруға талпынады. 3. Айналым екпінділігі мен рекрутингтеу әдістері бойынша ашық және жабық элиталар болып бөлінеді.

Ашық элита жеткілікті түрдегі екпінді айналымымыен сипатталады, оған элиталы емес топтар мүшелерінің қағаз жүзіндегі бірдей қол жетімділік мүмкіндіктерінен көрінетін ашықтық тән. Элитаға кірудің қағаз жүзіндегі шағын шектеулері бар. Элитаға іріктеу өткір бәсекелі күрестің негізінде жүзеге асырылады, ол жерде жеке бас қасиеттері зор маңызға ие: қуаттылық, өзіне қолдау тауып, ұйымдастыра алу, қолда бар ресурстарды ұтқырлай білу қабілеті. Ашық элита жаңа идеялар мен құндылықтардың ұстанушылары болып табылатын жаңа көшбасшылармен толығады. Сондықтан ол әлеуметтік инновациялар мен реформаларға қабілеттерін көрсетеді. Оның жақсы қырларына әлеуметтік көңіл-күй мен қажеттіліктерге сезімталдық, жұмсақтық пен қоғамдық өзгерістерге жауап қайтарушылығы мен құбылмалы әлеуметтік жағдайларға тез үйренуінің кең мүмкіндіктері жатады. Алайда оның кемшіліктері бар: популистік және ойсыз шешімдерге бейімділігі, саясатты жасап шығарудағы бірізділіктің орташа немесе төменгі деңгейі.

Ашық элитаға қарағанда жабық элитаға оған деген элиталы емес топ өкілдерінің қол жеткізуінің теңсіз мүмкіндіктерінен көрінетін баяу айналым тән. Бірінші кезекте, элитаға іріктеуге қағаз жүзіндегі көрсеткіштер ықпал етеді: жасы, жұмыс өтілі, партия қатарында болуы, басшылыққа жеке сенімділігі мен сөзсіз мойынсұнуға әзірлігі. Ықпал ету көздеріне қарай элиталар мұрагерлікке, мысалы аристократия, құндылықтыға — жоғары абыройлы және ықпалды қоғамдық және мемлекеттік лауазымдардағы тұлғалар, биліктік — биліктің тіке иеленушілері мен функционалдық – лауазымға ие болу үшін тиісті біліктілігі бар кәсіпқой басшылар жатады.

элитаішілік қарым-қатынастардың құрылымы мен сипатына қарай жоғары деңгейлі интеграциялы – біріккен және интеграция деңгейі төмен ыдыраған болып бөлінеді

6. өкілділік деңгейінен – жоғары және төмен өкілділікті болады.

7. Демократиялық қоғамдағы барынша мазмұнды жіктемеге элитаның негізгі төрт түрінің тіке (әлеуметтік өкілділік) және көлденең (топішілік өкілділік) байланыстардың дамығандығы мен арақатынасына қарай бөлу жатады: тұрақты демократиялық (этабельденген) элита — жоғары өкілділік пен жоғарғы топтық интеграция; плюралистік — жоғарғы өкілділік пен төменгі топтық интеграция; биліктік — төменгі өкілділік және жоғарғы топтық интеграция және интеграциясызданған — екеуі де төменгі көрсеткіш. Саяси элитаның өзі бір тексіз, іштей ажыртаылған және түрлі тарихи кезеңдерде және түрлі елдерде ерекшеленеді. Бұл және сонымен бірге зерттеушілік көзқарастар ерекшелігі оның жіктелуін қиындатады.

9 - дәріс. Саяси элиталарды рекуртингтеу жүйесі

Дәрістің мақсаты: Саяси элиталарды рекуртингтеу жүйесімен танысу

Дәрістің жоспары:

  1. Саяси элитаны іріктеу тәртібі, критериийлері, селекторат ауқымы және туындау мотивтері

2. Элиталарды рекрутингтеу: гильдиялар жүйесі және басқарушы элитаға антрепренерлі іріктеудің жүйесі

Негізгі түсініктер: селекторат ауқымы, туындау мотивтері, рекрутингтеу, антрепренерлі іріктеу жүйесі, гильдиялар жүйесі, маргиналды таптар, репрезентативсіз,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]