
- •1.Си программалау тілі туралы түсінік
- •2.Сызықтық құрылымды алгоритм. Мысал.
- •3.Си тілінде жазылған программаның құрылымы
- •4.Файлдармен жұмыс
- •5.Си тілінің қарапайым элементтері
- •6.Берілгендерді енгізу операторлары. Мысал
- •7.Float және double жылжымалы нүктелі нақты сандар типтері
- •8.Файлға мәлімет жазу және оқу
- •10. Графикалық режим орнату, одан шығу, мәтін жазу, сызық салу функциялары
- •11.Си тілндегі негізгі операторлар
- •12.Си программасын орындау ортасы
- •13.Программа жұмысын басқару операторлары
- •14.While операторы. Қолдану мысалдары
- •15.Шартты операторлар
- •16.Бүтін сан түріндегі мәліметтерді сипаттау
- •18. Екі өлшемді массивтер.Мысалдары.
- •19.Тұтынушы функциясын пайдалану
- •20. Блок-схема және оның қызметі
- •21. Алгоритмнің циклдік құрылымы
- •22.Айнымалылардың әрекет ету аймағы
- •23.Do... While цикл операторы
- •24.Массив дегенымыз- реттелген бір текті элементтердің жиыны
- •25.Таңдау операторлары - бұлар шартты оператор және ауыстырғыш.
- •26.Құрылымдарды пайдалану
- •27.Си тілінде кездейсоқ сандарды пайдалану
- •28.Қарапайым программа.Препроцессор.
- •29.1.Массивтерді өңдеу есептерінің түрлері (кластары)
- •30.Символдық тіркестер (жолдар, қатарлар)
- •32.Блок-схемада қолданылатын геометриялық фигуралардың атқаратын қызметі
- •33.Массивті сұрыптау (іріктеу, реттеу).
- •34. Си тілінің графиктік операторлары.
- •35. Жай алмастыру арқылы сұрыптау.
- •36. Бір өлшемді массивтер және оларды енгізу, шығару
- •37. Адрестік операциялар
- •38. Printf () функциясы
- •39. Массивтер және массивтерге қолданылатын нұсқауыштар
- •40. Бір өлшемді массивтер және оларды енгізу, шығару
- •41.Нұсқауыштарға қолданылатын операциялар
- •42.Return () функциясы
- •43.Көрсеткіштерді пайдаланып жиымдармен жұмыс істеу
- •44.Тақырыпта қолданылатын стандартты файлдар
- •45.Символдық тіркестер
- •46.Getch() функциясы
- •47. Матрицаның барлық элементтерін өңдейтін алгоритмдер
- •48. Басқарушы символдар
- •49. Символдық таңбаларды енгізу/шығару
- •50. Формат символдары
- •51. Сөз тіркестерін енгізу және шығару функциялары
- •52. Препроцессордың қызметі
12.Си программасын орындау ортасы
Turbo Си программалау жүйесі Си тілінде программа құрастырып, оны орындауға мүмкіндіктер береді. Жалпы тұтынушы мынадай әрекеттерді
орындай білуі керек:
программаның мәтінін жазып, дискіде программа файлы ретінде сақтау;
программаны компиляциядан өткізіп, егер синтаксистік қателері бар болса, оларды түзету;
- программаны орындап, нәтижесін алу.
Сонымен, кез келген программа оны теру, компиляциялау, құрастыру,
атқарылушы модульді жасау және орындап нәтиже алу сатыларынан
өтуі тиіс.
Си тілінің біріктірілген (интегралданған) ортасында программа орындау төмендегідей қадамдардан тұрады:
1) компилятор қажет файлдарды іздеп тауып алуы үшін ортаның
параметрлерін тағайындау;
программалық файлды редактор орасына жүктеу немесе теру;
атқарылатын модульді (орындалатын файлды) жасау;
программаны іске қосу және орындау;
программада қате болса, оны жөндеп түзету.
Программа құру үшін, ең алдымен Турбо Си біріктірілген ортасымен
жұмыс істей білу керек.
Турбо Си ортасы - арнайы көп терезелі мәтіндік редактор. Ол көбінесе C:\TC\BIN\tc.exe файлын іске қосу арқылы немесе соның жарлықтарының бірін іске қосу жолымен жүктеледі: jgj| йTC.EXE
TC.EXE файлының жұмыс істеу барысында экранда Турбо Си ортасының негізгі терезесі ашылады (1 -сурет).
Турбо Си ортасын автоматты түрде жүктеп, орыс (қазақ) әріптерін теру мүмкіндігін беретін C.bat пакеттік файлының мәтінін мынадай түрде құрастыруға болады:
C:
cd TC\BIN rk.com tc.exe
C.bat файлын немесе оның жарлығын шерту арқылы да Турбо Си ортасы ашылады. Ол іске қосылған соң, орыс әріптеріне және ағылшын әріптеріне ауысу кос Shift пернелерін (ол басқаша да болуы мүмкін) қатар басу арқылы орындалады. Турбо Си редакторы DOS ортасында жұмыс істейтін көкшіл экранға шығады. Ол экран төрт бөліктен тұрады:
меню жолы,
түзету/теру терезесі,
мәлімедеме хабарлар терезесі,
қалып қатары.
Си тілі өткен ғасырдың 70-жылдары басында АҚШ-та Bell Telephon Laboratories компаниясының қызметкері Дэннис Ритчидің бастауымен дүниеге келді. Бұл тілдің негізі Алголдан басталып, Паскаль және ПЛ/1 тілдерімен қатар пайда болды.
Си тілінде жазылған программаның құрылымы
Кез келген программа бір немесе бірнеше функциялардан тұрады. Олар программа құруға керекті негізгі модульдер болып табылады. Кез келген программаның жазылған алғашқы мәтіні бастапқы код деп аталады. Оны біріктірілген программалау ортасында теріп, сонан соң компилятор арқылы машиналық кодқа түрлендіріп орындаймыз.
Келесі суретте Си программасының жалпы кұрылымы көрсетілген.
2.1-сурет. Си программасының құрылымы
Сонымен, Си программасы бірнеше функциялардан (main, f1, f2...) құралады және олардың біреуі міндетті түрде main() болуы қажет.
Қарапайым программаның мысалын қарастырайық. Жалпы кез келген функция оның тақырыбы мен тұлғасынан (денесінен) тұрады.
Алдымен программа препроцессор арқылы өңделіп, оның директиваларын (командаларын) орындайды. Мұнда программаға тақырыптық файлдар - программаға қосымша элементтер енгізетін мәтіндік файлдар жазылады. Олар мәліметтерді енгізу/шығару операцияларын немесе экран сипаттамаларын өзгерту үшін қажет.
Программадағы кез келген функция тақырыбы препроцессордың директивасынан және функция атынан тұрады. Функция атына жалғасып, жақша ішіне параметрлер жазылуы мүмкін, кейде параметрлер болмайды, ондайда жақша ішіне ешнәрсе жазылмайды.
Функция тұлғасы операторлардан тұрады, олар жүйелі жақшалармен шектеледі. Әрбір оператордан кейін ; таңбасы қойылады.
Енді бір программа мысалын келтірейік:
/* Герон формуласы арқылы үшбұрыш ауданын табу */ #include <stdio.h> /*енгізу/шығару директивасы*/ #include <math.h> /* математикалық функциялар директивасы*/
main () /* басты функцияны колдану */
{
int a, b, c; /* бүтін айнымалыларды сипаттау */
float p, s; /* нақты айнымалыларды сипаттау */
printf("\n, үшбұрыш қабырғаларын енгіз : \n"); scanf("%f%f%f",&a,&b,&c); p=(a+b+c)/2;
s=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c)); printf("s=%f",s);
}
Программада түсініктемелер беру үшін /* және */ таңбалары колданылады, олардың ішіне қазақша, орысша, ағылшынша сөз тіркестерін жазуга болады.