- •1.Си программалау тілі туралы түсінік
- •2.Сызықтық құрылымды алгоритм. Мысал.
- •3.Си тілінде жазылған программаның құрылымы
- •4.Файлдармен жұмыс
- •5.Си тілінің қарапайым элементтері
- •6.Берілгендерді енгізу операторлары. Мысал
- •7.Float және double жылжымалы нүктелі нақты сандар типтері
- •8.Файлға мәлімет жазу және оқу
- •10. Графикалық режим орнату, одан шығу, мәтін жазу, сызық салу функциялары
- •11.Си тілндегі негізгі операторлар
- •12.Си программасын орындау ортасы
- •13.Программа жұмысын басқару операторлары
- •14.While операторы. Қолдану мысалдары
- •15.Шартты операторлар
- •16.Бүтін сан түріндегі мәліметтерді сипаттау
- •18. Екі өлшемді массивтер.Мысалдары.
- •19.Тұтынушы функциясын пайдалану
- •20. Блок-схема және оның қызметі
- •21. Алгоритмнің циклдік құрылымы
- •22.Айнымалылардың әрекет ету аймағы
- •23.Do... While цикл операторы
- •24.Массив дегенымыз- реттелген бір текті элементтердің жиыны
- •25.Таңдау операторлары - бұлар шартты оператор және ауыстырғыш.
- •26.Құрылымдарды пайдалану
- •27.Си тілінде кездейсоқ сандарды пайдалану
- •28.Қарапайым программа.Препроцессор.
- •29.1.Массивтерді өңдеу есептерінің түрлері (кластары)
- •30.Символдық тіркестер (жолдар, қатарлар)
- •32.Блок-схемада қолданылатын геометриялық фигуралардың атқаратын қызметі
- •33.Массивті сұрыптау (іріктеу, реттеу).
- •34. Си тілінің графиктік операторлары.
- •35. Жай алмастыру арқылы сұрыптау.
- •36. Бір өлшемді массивтер және оларды енгізу, шығару
- •37. Адрестік операциялар
- •38. Printf () функциясы
- •39. Массивтер және массивтерге қолданылатын нұсқауыштар
- •40. Бір өлшемді массивтер және оларды енгізу, шығару
- •41.Нұсқауыштарға қолданылатын операциялар
- •42.Return () функциясы
- •43.Көрсеткіштерді пайдаланып жиымдармен жұмыс істеу
- •44.Тақырыпта қолданылатын стандартты файлдар
- •45.Символдық тіркестер
- •46.Getch() функциясы
- •47. Матрицаның барлық элементтерін өңдейтін алгоритмдер
- •48. Басқарушы символдар
- •49. Символдық таңбаларды енгізу/шығару
- •50. Формат символдары
- •51. Сөз тіркестерін енгізу және шығару функциялары
- •52. Препроцессордың қызметі
48. Басқарушы символдар
Барлық басқарушы символдар, (‘’) тырнақша, (\) кері бөлшек сызық және жолдық литералдағы және символдық тұрақты шамадағы жаңа жол символы сәйкес басқарушы тізбектермен көрсетіледі. Әрбір басқарушы тізбек бір символ ретінде көрсетіледі. Мысалға, “№35\n мектеп” деген литералды баспаға шығару кезінде оның “№35” деген бөлігі бір жолға, ал екінші бөлігі “ мектеп ” келесі жолға шығады.
49. Символдық таңбаларды енгізу/шығару
Символдарды біртіндеп енгізу/шығару үшін printf() және scanf() функцияларының %c форматы қолданылады.
getch() – параметрсіз функция, басылған перненің кодын (int) береді, экранға ешқандай символ шығармайды.
getchar() – параметрсіз функция. Пернеден символдарды бір-бірлеп енгізеді. Сөз тіркесі <Enter>пернесі басылғанша енгізіле береді, оған дейін оны өзгертуге де болады.
putch(c) – бір символды (c – cимволдық айнымалы немесе константа), яғни бір таңбаны ғана экранға шығарады.
putchar(c) – бұл да тек бір таңбаны экранға шығарады.
50. Формат символдары
Әрбір аргументке өз спецификациясы сәйкес келуі тиіс, олар:
%d – бүтін ондық сан шығарылуы тиіс,
%i – бүтін ондық сан шығарылуы тиіс,
%f – жылжымалы нүктелі нақты ондық сан ([-]dddd.dddd ) жазылып шығады,
%e – жылжымалы нүктелі экспоненциалды сан ([-]d.dddde±dd) шығарылады,
%E – жоғарыдағы сияқты, тек е орнына Е ([-]d.ddddE±dd) шығарылады,
%c – бір символ шығарылуы тиіс,
%s – символдар тіркесі (қатары) шығарылуы тиіс,
%g – нақты сан, сан ұзындығына қарай %e немесе %f қолданыла алады,
%u – таңбасыз ондық бүтін сан жазылып шығады,
%o – таңбасыз бүтін сегіздік сан шығады,
%x – таңбасыз бүтін он алтылық сан шығады.
\n – келесі жаңа жолға көшуді атқаратын басқару символы.
Мысалы:
%9i – бүтін сан ені 9 цифрдан тұрады, сан ені аз болса, оның сол жағында бос орындарорналасады.
%9.3f – нақты сан ені 9 цифрдан тұрады, оның 3 таңбасы бөлшекке беріледі, сан ені аз болса, оның сол жағында бос орындар орналасады.
Әрбір спецификация % символынан басталып, түрлендіру символымен аяқталады. Ол екеуінің ортасында мыналар тұруы мүмкін:- минус таңбасы, аргумент мәні сол жақ шетке ығыстырылып жазылады.- цифрлар, бүтін санның жалпы орналасу енін анықтайды. Сан осы енге немесе одан артық болып шығарылады. Егер аргумент ені көрсетілген еннен аз болса, онда ол бос орындармен толтырылып жазылады. - нүктеге дейін санның жалпы ені, нүктеден соң бөлшек сандар ені көрсетіледі. - L модификаторы, сәйкес аргумент мәні INT емес LONG екенін білдіреді.
51. Сөз тіркестерін енгізу және шығару функциялары
Сөз тіркестерін енгізу функцияларыscanf(), gets(str).
Scanf() функциясы тіркестік айнымалылар мәнін %s форматымен енгізеді, бірақ ол тіркесті тек бірінші босорын таңбасына дейін ғана енгізе алады.
Ал gets(str) функциясы арасында босорыны бар тіркестерді енгізеді, енгізу ENTER пернесімен аяқталады.
Сөз тіркестерін шығару функциялары сprintf(),puts(),cputs()
printf() – экранға формат арқылы сөз тіркесін шығарады;
сprintf() – экранға printf() сияқты формат арқылы сөз тіркесін шығарады, тек олардың түстерінtextcolor() және textbackground() функциялары арқылы өзгертуге мүмкіндік береді;
puts(str) – экранға сөз тіркесін шығарып, курсорды бірден келесі жолдың басына алып барады, мұндағы str – тіркестік константа немесе тіркестік айнымалы. Бұлар stdio.h тақырып файлы бойынша жұмыс істейді.
