
- •1.Си программалау тілі туралы түсінік
- •2.Сызықтық құрылымды алгоритм. Мысал.
- •3.Си тілінде жазылған программаның құрылымы
- •4.Файлдармен жұмыс
- •5.Си тілінің қарапайым элементтері
- •6.Берілгендерді енгізу операторлары. Мысал
- •7.Float және double жылжымалы нүктелі нақты сандар типтері
- •8.Файлға мәлімет жазу және оқу
- •10. Графикалық режим орнату, одан шығу, мәтін жазу, сызық салу функциялары
- •11.Си тілндегі негізгі операторлар
- •12.Си программасын орындау ортасы
- •13.Программа жұмысын басқару операторлары
- •14.While операторы. Қолдану мысалдары
- •15.Шартты операторлар
- •16.Бүтін сан түріндегі мәліметтерді сипаттау
- •18. Екі өлшемді массивтер.Мысалдары.
- •19.Тұтынушы функциясын пайдалану
- •20. Блок-схема және оның қызметі
- •21. Алгоритмнің циклдік құрылымы
- •22.Айнымалылардың әрекет ету аймағы
- •23.Do... While цикл операторы
- •24.Массив дегенымыз- реттелген бір текті элементтердің жиыны
- •25.Таңдау операторлары - бұлар шартты оператор және ауыстырғыш.
- •26.Құрылымдарды пайдалану
- •27.Си тілінде кездейсоқ сандарды пайдалану
- •28.Қарапайым программа.Препроцессор.
- •29.1.Массивтерді өңдеу есептерінің түрлері (кластары)
- •30.Символдық тіркестер (жолдар, қатарлар)
- •32.Блок-схемада қолданылатын геометриялық фигуралардың атқаратын қызметі
- •33.Массивті сұрыптау (іріктеу, реттеу).
- •34. Си тілінің графиктік операторлары.
- •35. Жай алмастыру арқылы сұрыптау.
- •36. Бір өлшемді массивтер және оларды енгізу, шығару
- •37. Адрестік операциялар
- •38. Printf () функциясы
- •39. Массивтер және массивтерге қолданылатын нұсқауыштар
- •40. Бір өлшемді массивтер және оларды енгізу, шығару
- •41.Нұсқауыштарға қолданылатын операциялар
- •42.Return () функциясы
- •43.Көрсеткіштерді пайдаланып жиымдармен жұмыс істеу
- •44.Тақырыпта қолданылатын стандартты файлдар
- •45.Символдық тіркестер
- •46.Getch() функциясы
- •47. Матрицаның барлық элементтерін өңдейтін алгоритмдер
- •48. Басқарушы символдар
- •49. Символдық таңбаларды енгізу/шығару
- •50. Формат символдары
- •51. Сөз тіркестерін енгізу және шығару функциялары
- •52. Препроцессордың қызметі
41.Нұсқауыштарға қолданылатын операциялар
Нұсқауыштарға қолданылатын операциялар
Си тілінде нұсқауыш типті айнымалыларға бес негізгі оператор қолдануға болады:
меншіктеу операциясы. Нұсқауышқа адресті меншіктеуге болады. Жиымның атын қолданып немесе адресті анықтайтын & операторын пайдаланып, әдетте адресті меншіктеуге болады;
мәнді анықтау. Берілген адрес бойынша кейбір ұяшықта сақталатын мәнді анықтау үшін * операциясы қоланылады;
нұсқауыштың адресін анықтау. Кез келген айнымалылар сияқты нұсқауыш типті айнымалылар мәні немесе адресі болуы мүмкін. & операциясы арқылы нұсқауыштың адресін анықтауға болады;
нұсқауыштарды арттыру. Бұл амал әдеттегі + операциясы көмегімен немесе арттыру операциясы арқылы орындалуы мүмкін. Нұсқауышты арттырып, жиымның келесі элементіне өтуге болады (қажет болса, нұсқауыш мәнін кемітуге де болады);
нұсқауыштардың айырмасы. Бір жиымның элементіне сілтейтін нұсқауыштың айырмасын табуға болады. Жиым элементінің арасындағы ара қашықтығын анықтау үшін нұсқауыштың айырмасын есептеуге болады.
Программалық тілді таңдау. Программалау тәсілі. Программалаудың сапалық көрсеткіші.
42.Return () функциясы
Return операторы берілген функциядан бірден шығып, нәтиженің оны шақырушы функцияға қайтарылуын қамтамасыз етеді, яғни бұл оператор функция жұмысы нәтижесін қайтару қызметін атқарады. Функция тұлғасында бірнеше return операторы болуы немесе бірде бір рет кездеспеуі де мүмкін екендігін айта кеткен жөн. Мұндай жағдайда шақырушы функцияға қайту оның тұлғасындағы соңғы оператор орындалғаннан кейін барып жүзеге асырылады.
43.Көрсеткіштерді пайдаланып жиымдармен жұмыс істеу
Екі өлшемді жиымды – матрицаны пайдалану үшін тік жақшалар ішінде олардың екі өлшемінің де енін көрсету керек. Мысалы:
int a[4][3];
алғашқы сан жолдар санын, ал екінші сан бағаналар санын көрсетеді, а жиымы 12 элементтен тұрады. Оларға бастапқы мәнді былай береміз:
int a[4][3]={ {0,1,2},
{3,4,5},
{6,7,8},
{9,10,11} };
ішкі жүйелі жақшаларды қоймаса да болады:
int a[4][3]={0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11};
Келесі түрде сипаттау жолдардың тек бірінші элементтерін ғана анықтайды, қалған элементтер 0-ге тең болып саналады:
int a[4][3]={ {0},{3},{6},{9} };
Егер ішкі жүйелі жақшалар алынып тасталса, онда мағынасы өзгереді.
int a[4][3]={ 0,3,6,9 };
мұнда бірінші жолдың 3 элементі мен екінші жолдың бірінші элементі анықталады да, қалғандары 0 болып саналады.
44.Тақырыпта қолданылатын стандартты файлдар
#include "жол атауы"
#include <жол атауы>
#include директивасы компиляцияланған ағымды файлға жасалған <жол атауы> файлды осы файлдың құрамына қосады. Препроцессор #include директивасы жазалған орында қосылған файлды өңделеді.
#include <stdio.h> - Препроцессор файлды ортада берілген директорияларда содан кейін стандартты директорияларда іздейді.
#include "defs.h" – Препроцессор файлды ағымды директориясында іздейді
Функция тұлғасы операторлардан тұрады, олар жүйелі жақшалармен шектеледі. Әрбір оператордан кейін ; таңбасы қойылады.