Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТП для экзаменов.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
288.26 Кб
Скачать

19.Тұтынушы функциясын пайдалану

Си тілінде стандартты функциялармен қатар тұтынушы өзі құрас­тырған функцияларымен де жұмыс істеу мүмкіндігі жасалған. Ол фун­к­цияны алдын ала main функция­сына дейін толық анықтау керек немесе оны алдын ала қысқаша сипаттап алып, main функциясынан кейін толық анықтауға болады. Сондықтан, тұтынушы функциялары декларациясы екі түрде: қысқаша сипаттау түрінде (main функция­сына дейін) және анықтау түрінде (main функциясынан кейін немесе дейін) толық берілуі мүмкін.

Функцияны алдын ала сипаттау барысында программалық файл­дың басын­да оның прототипі көрсетіледі, өйткені main функция­сында оның айнымалылары типтері белгілі болуы тиіс. Ол келесі түрі жазылады:

<нәтиже_типі> <функция _ аты>(<тип> <айнымалы1>, <тип> <айнымалы2>, …<тип> <айнымалыN>);

Прототиптегі жай жақшаларға алынған айнымалылар идентифика­тор­ларын көрсетпесе де болады, өйткені тілдің компиляторы оларды өңдемейді.

Параметрлер тізімімен берілген fun функциясын сипаттаудың мысалы:

Функция прототипі компиляторға программа мәтінінде негізгі программадан (main()) кейін оның толық анықтамасы келтірілетінін білдіреді.

Функцияның толық анықталуының жазылу түрі төменде­гідей:

<нәтиже_типі> < функция _ аты >(параметрлер

тізімі)

{

}

Нәтиже_типі return операторының көмегімен функцияның ша­қы­рылу нүктесіне қайтарылатын мәннің типін көрсетеді. Егер функция типі көрсетілмесе, қайтарылатын мән int типті деп сана­лады. Параметрлер тізімі үтірмен ажыратылған типтер мен параметр­лер ат­та­­ры­ның тізбегінен тұрады. Егер функцияның параметрлері болмаса да, жай жақшалар бәрі бір міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Return операторы берілген функциядан бірден шығып, нәтиже­нің оны шақырушы функцияға қайтарылуын қамтамасыз етеді, яғни бұл оператор функция жұмысы нәтижесін қайтару қызметін атқа­рады. Функция тұлғасында бірнеше returnоператоры болуы немесе бірде бір рет кездеспеуі де мүмкін екендігін айта кеткен жөн. Мұндай жағдайда шақырушы функцияға қайту оның тұлғасындағы соңғы оператор орындалғаннан кейін барып жүзеге асырылады.

20. Блок-схема және оның қызметі

Программаның блок-схемасы (Блок-схема программы; flowchart) — енгізу-шығару жөне шешім қабылдау операциялары үшін стандартты графикалық кескіндер жинағын пайдаланатын программаны әзірлеу тәсілі. Блок-схемасы әрекеттердің жүзеге асырылу тізбегін көрсетеді. Блок-схемасы көбінесе басқа әдістер (мысалы, шешімдер бұтағы немесе шешімдер кестелері) арқылы дайындалады. Жүйелі талдауда қандай да бір үлкен жобаны әзірлеудің алғашқы сатысында блок-схема пайдаланылады. Мысалы, үлкен электрондық машинаны әзірлеу кезінде. Мұндай блок-схемада машинамен де, оператормен де жүзеге асырылуға тиісті әрекеттердің тізбегі көрсетіледі. Блок-схемасы программа жүзеге асыруға тиісті қадамдарды анықтау үшін қызмет етеді. Әдетте, блок-схема кіріс-шығыс сигналдарын, іске асыратын әрбір алуан түрлі кіріс мәліметтерінің әрекеттерін, программаны секцияға бөлуді және пернетақтадан берілетін команда бойынша программа үзілетін нүктелерді белгілеуден басталады.[1]