
- •Дүниежүзілік туристік ұйым (дтұ)
- •Туризм туралы Гааг декларациясы
- •Саяхаттар кезінде тәуекелдерді азайту мен туризмдегі қауіпсіздік туралы Эстерундық конференция
- •Туризм бойынша Кадистік халықаралық-парламенттік форум
- •Төлқұжаттық жұйенің пайда болу тарихы.
- •Визалық формалдылықтар
- •18 Жасқа дейінгі балаға виза алу үшін келесі ақпаратты қамтитын құжаттар керек:
Төлқұжаттық жұйенің пайда болу тарихы.
Төлқұжаттық жүйе сонау XV ғасырда пайда болды. Ең алғаш төлқұжатты жасап шығарған Германия мемлекеті. Сол кезде адал саяхатшыларды, саудагерлерді, қолөнершілерді көптеген қарақшылардан, кедейлер мен ұрлықшылардан қалай болса да ажырату қажет болды. Осы мақсатта жеке басты куәландыратын ерекше құжаттар енгізілген болатын. Кейінрек бұл құжаттар төлқұжат (паспорт) деп аталды.жылдан жылға төлқұжаттың маңыздылығы арта түсті.
XIX ғасырдың аяғына қарай Еуропа елдерінде төлқұжаттық жүйенің орнын легитимациялық тәртіп басты. Легитимациялық тәртіпке байланысты азамат төлқұжат алуға міндетті емес еді, ал қажет болған жағдайда оның жеке басын басқа құжат куәландыратын болған. Төлқұжат тек азамат шетелге шыққан кезде ғана міндетті болды.
Қазіргі кездегі әлемдік төлқұжат жүйесінің интеграциялық проблемаларының бірі бұл көптеген дамыған елдердің төлқұжат жүйесі өзінің тарихи, дәстүрлі түсінігінде тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтарына қайшы келетінін түсінуі болып отыр. Осыған орай қазіргі кезде төлқұжаттық жүйенің қажеттілігі жайында мәселе туындап отыр. Төлқұжаттық жүйенің теріс жақтары: ол адамның құқықтары жайлы түсінікке қайшы келіп тұрғандығында. Оның теріс жақтары мемлекеттік либерализмнің жетілуіне ғана емес, мемлекеттің өзіне де кері әсер етуі мүмкін. Себебі, адамның жүріп-тұру бостандығын шектеу экономикалық прогресті тежейтін факторлардың бірі.
Қазіргі кезде адамның жеке басын куәландыратын, халықаралық тәжірибеде ресми құжаттар ретінде мойындалған төлқұжаттың бірнеше түрі бар.
Құрметті кон төлқұжаты бірқатар елдермен, «өз елінің достарына», саясат және қоғам қайраткерлеріне, бизнесмендерге, яғни сол елдің дамуына үлес қосқан, ірі спорттық және т.б. шараларға демеушілік көрсететін тұлғаларға беріледі (Мысалы: Монако, Исландия, Сан-Марина, Түркия, Австрия, Мальта).
Ватикан төлқұжаты барлық елдерде ресми түрде дипломатиялық төлқұжат ретінде мойындалып, кардиналдан төмен емес шендегі ресми католиктік тұлғаларға беріледі.
Мальта рыцарьларының римдік католиктік Орденінің төлқұжаты қайырымдылық шараларды атқару немесе көмек көрсету орындарына жөнелтіліп жатқан миссионерлер мен дәрігерлерге беріледі.
Комуфляжды төлқұжат (былай айтқанда «жоғалып кеткен елдің төлқұжаты») өз атын өзгерткен елмен берілген төлқұжат (Британдық Гайана, Бирма, Жаңа Калидония, Цейлон т.б.). Мұндай төлқұжаттың жарамдылық мерзімі 10 жыл.
Визалық формалдылықтар
Виза – латын тілінен тікелей аударғанда «рұқсат» дегенді білдіреді, яғни аталған елге кіру туралы немесе сол арқылы өту туралы рұқсаттар.
Рұқсат туралы белгі – штамп, клей, маркамен рәсімделуі мүмкін.
Виза сөзін заңдық энциклопедияда – келісілген территорияға шығуға мүмкіндік беретін құжат ретінде қарастырады. Сонымен қатар виза басқа елге шығатын негізгі құжат болып табылғанымен, шет елге шығу міндетті түрде емес. Виза тек қана турист құжатының мемлекеттік консульдық мекемеде тіркелетіндігін білдіреді.
Визаның түрлері.
Виза төлқұжаттағы арнайы құжат, ол шет елге шығуға немесе сол елдің территориясы арқылы өтуге мүмкіндік бере отырып, 3 түрге бөлінеді:
Елге кіру визасы
Елден шығу визасы
Транзиттік виз
Тағайындалуына байланысты визаның түрі:
туристік виза
қонақтық виза (туған-туысқанының жіберген шақыруы)
қызметтік виза (іскерлік)
Саяхаттың санына байланысты:
бір мәртелік
көпмәртелік
Қол жеткізу мүмкіншілігіне байланысты:
рұқсат берілетін виза
сатып алынатын виза
Виза рәсімделінетін тұлғалар санына байланысты:
жеке тұлға
топтық виза
Студенттік виза – шет елге оқуға баратын студенттерге, балалрға берілетін виза.
Полициялық виза – интерпол, КНБ белгілі бір форс-мажорлық жағдайларға байлансты берілетін виза.
Қысқа мерзімді виза – бұл мақсаты алдын-ала белгілі, шақырылуда көрсетілген, мүлдем өзгертілмейтін жолға шығуға қажетті барлық визалар, тәртіпке байланысты бұл визалар басқа мемлекетке шығуға бір-ақ рет мүмкіндік береді. Еуропа елдерінде бұл сияқты визалар «С» белгісін білдіреді.
Визалық және визасыз кірудегі туризмінің ерекшеліктері
Жоғарыда айтылғандай шет ел азаматының қолындағы визасы оның басқа ел территориясына міндетті түрде жіберілуіне кепілдік бермейді. Көптеген мемлекеттер өздеріне келген туристерден мынаны талап етеді: өзімен бірге дұрыс жол жүруге, өз еліне қайту үшін қаржылық жағдайының жеткілікті болуын қаматамасыз етеді. Турист басқа мемлекеттің талабын орындау керек, яғни қанша күн ол дем алады, сонымен қатар сол күндерге жететіндей ақшасын көрсету керек. Крелиттік карточка, турист баратын елдің туристік ваучері, туристік толық пансионға кепілдік беретін немесе басқа да жол жүру чектері турист қаржысының бар екендігін растайды.
Визасыз кіру туризміне – дипломатиялық немесе қызметтік паспорты бар туристер ие боола алады.. Визасыз кіру, шығу немес транзит мемлекеттер арасында арнайы келісім арқылы жүзеге асырылады.
Паспорт – фран. Тілінен аударғанда шекарадан өту. Жеке басты куәландыратын ресми құжат. Бұл құжатпен қатар халықаралық саяхаттар, студенттік каталар пайдаланылады.
Паспорт түрлері – дипломатиялық, консулдық, қызметтік паспорт.
Отбасылық паспорт – бұл күйеуіне немесе әйеліне беріледі. Мұнда баласының да суреті болады.
Теңізші паспорты
Комуфляждық паспорт
Ватикан паспорты
Визаның рәсімделу классификациясы
B – 2 қонаққа бару визасы
C – 1 транзиттік виза
D – 1 топтық виза
F – 1 студенттік виза
Y – 1 студенттермен алмасу визасы
K – 1 жас жұбайлар визасы
R – 1 қажылық виза
Қазақстандағы визалардың категориялары
Қазақстандағы шет ел азаматтарына берілетін визалар Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №08-1/77 бұйрығымен виза беру тәртібіне сәйкес дипломатиялық визалар төмендегі тұлғаларға беріледі:
дипломатиялық паспорттары бар шет ел азаматтарына
халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен және оның жанұя мүшелеріне
Қазақстан Республикасындағы консулдық мекемелер қызметкерлері мен олардың жанұяларына
Құрметті консулдар мен жанұя мүшереліне
Қызмет визасы беріледі:
дипломатиялық өкілеттілік, консулдық мекеменіғң техникалық қызмет көрсетуші персоналына және оның жанұя мүшелеріне
Қазақстан Республикасы аккредитацияланған халықаралық ұйымдар мен мекемелердің қызмет бабымен келген тұлғаларға
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қызмет бабымен жүрген шет ел азаматтарына беріледі.
Инвесторлық виза – Қазақстандағы шет елдік компанияның жетекшілеріне және олардың жанұя мүшелеріне беріледі.
Іскерлік виза – Қазақстанға іс-сапарлармен келіссөздерге қатысуға, яғни тек қана коммерциялық сипаттағы мақсатпен келген, конференцияларға, симпозиумдарға, тендерлерге қатысуға келген шет ел азаматтарына беріледі.
Жеке виза - Қазақстан Республикасына жеке сипаттағы мақсатпен қонаққа, туысқандарына, таныстарына келген шет ел азаматтарына беріледі.
Туристік виза - Қазақстан Республикасындағы туристік ұйымдардың қабылдауды растайтын құжат болған кезде.
Оқуға берілетін виза - Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлінігің визалық қолдауы бар болған жағдайда оқу орнының ұсынысың негізінде рәсімделетін шет ел азаатына осы елде білім алу үшін берілетін виза.
Бұл арызда толық кіріс немесе басқа қаржылық ресурстар көрсетілуі тиіс. Банктік есептің немесе басқа қаржылық құжаттың көшірмесі шығыстарды нақтылаушы қағаз ретінде ұсынылуы керек.
2). Дәрігердің немесе емхана атынан шығыстар туралы берілетін хат. Жоғарыда ұсынылған іс-қағаздарсыз басқа мемлекетте емдеуге виза берілмейді. Шетелдік кіру/шығу визалары тек қана ұйымдастырылған турдың белгіленген күнімен беріледі. Сондықтан төлқұжатты алу кезінде турагент немесе турист виза берілген уақытты тексеруі тиіс. Егер турист белгілі бір жағдайларға байланысты мемлекетте кешігетін болса, ол алдын ала визасының уақытын ұзартуы керек. Егерде турист болу кезінде мемлекетте қалғысы келсе, онда ол алдын ала арнайы органдарға жолығуы қажет. Бірақ туристік жолдаманың қысқа мерзімді болуына байланысты мұндай визаны ұзарту кейбір мемлекеттерде қиынға түседі.
Егерде виза төлқұжатта белгіленген және берілген болса, бірақ та турист белгілі бір жағдайларға байланысты кешігетін болса, визаны елшілікте жойып, жаңасына тапсырыс беруі тиіс.
Шетелдік мемлекеттің визасын алу кезінде: төлқұжат нөмірін, аты-жөнін, туған күнін, визаның деңгейін, шетелдік мемлекетте болу статусын, визаның жарамдылық мерзімін, мемлекетте болу уақытын міндетті түрде тексеру керек. Визада болатын қателіктер мемлекетке шығу немесе келу кезінде жаман әсерлер алып келуі мүмкін.
Туристік визаның берілуі туристік фирманың келісімімен беріледі. Турфирма визаны 2 түрге бөледі: сатып алынатын және рұқсат етілген. Сатып алынатын визаны жасау үшін белгілі бір керекті іс-қағаздарды жинап, ақшасын төлеу жеткілікті. Мұндай виза автоматты түрде жасалады. Мндай визаны қабылдайтын мемлекеттерге: Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері кіреді.
Рұқсат етілген визалар көптеген Шенген қоғамының мемлекеттерімен жасалады. Мысалы: Ұлыбритания, АҚШ және т.б. Турагент өзі іскерлік қарым-қатынас орната алады және ортақ қоғамдардың көмегін қолданады. Бірақ екінші түрі турдың қымбаттауына алып келеді. Мәскеуде жұмыс істейтін әрбір елшілікте аккредитті турфирмалар бар. 1988ж. қыркүйекте турфирманы аккредитациялау институты белгіленді.
Туристік компанияларды аккредитациялау үшін керек іс-қағаздар:
Шетел серіктесімен жасалған шарт;
Фирма лицензиясы;
Фирманың тіркелуі туралы куәлігінің көшірмесі;
Фирмадан хат;
Елшілікпен жұмыс істейтін адамдардың куәлігі.
Кейбір елшілікте аккредитация жасау өте күрделі. Мысалы: Финляндияда аккредитация жасау үшін келесілерді орындау қажет:
Финляндияға жыл сайын 400 турист жіберу;
Егерде аккредитациялаушы фирма басқа туроператордың визаларын жасаса, онда олар елшілікке арнаулы жазылған хат жіберуі тиіс немесе келесі қағаздарды ұсынуы керек: аккредитациялау туралы арыз, 2 курерьдің жеке мәліметтері, олардың төлқұжаттарының және фотоларының көшірмесі, туроператор және курерьлердің мекен-жайы және телефон нөмірлері.
Туроператордың бизнес-жоспары;
Туроператордың жарғысы;
Қызмет көрсететін банктен жасалған келісім-шарттың көшірмесі,
Финляндия турагенттерімен және туроператорларымен жасалған келісім-шарт;
Авиакомпаниялармен жасалған келісім-шарт (көшірмесі);
Теміржол компанияларымен жасалған келісім-шарт (көшірмесі);
Сақтандыру компанияларымен жасалған келісім-шарт (көшірмесі).
Швеция елшігінде негізгі іс-қағаздардан басқа шведтік серіктестік туралыы ақпарат, жұмысшылардың тізімі,фотолары бар өткізу қағаздары болуы керек.
Шенген келісімі – адамдардың мемлекеттік шекарадан еркін өту ережелерімен байланысты. Бұл проблема Еуропа бойынша көп уақыт бойы жалпы бір келісімгекелмеді.
1970 жылдарға қарай Еуропалық мемлекеттер арасында тауар және қызмет көрсетулер бойынша айырбас жасала бастады.
1980 жылдардың ортасына қарай бұл сұрақ бойынша мемлекеттер арасында келісімдер жасалды.
Көп жылдар бойғы саяси дискуссиялар 1984 жылдың 13 маусымында адамдардың капитал, тауар және қызмет көрсетулердің еркін жүруі туралы шешім қабылданды. Алғашқы қадам болып Каель және Франция президенті Ф. Миттердің екі елдің арасында жасалған келісімі болып табылады.
Бір жылдан соң Люксембургтың шетінде орналасқан Шенген сарайында, яғни 1985 ж. 14 маусымда Германия, Франция, Бельгия, Нидерланды мемлекеттері Саарбюк конвенциясының негізінде Шенген келісіміне қол қойды. Бұл келісімнің негізгі мақсаты – төлқұжаттық және кедендік бақылаудың жеңілдеуі болып табылады. Жаңа тәртіптерді қылмыс әлемінің адамдары қолдана алмауы үшін арнайы қауіпсіз шаралар қолданды.
Бірінші Шенген келісімі қойылған күні белгіленген жоқ. Сондықтан 5 жылдан соң, яғни 1990ж. 12 маусымда жаңа Шенген келісіміне қол қойылды.
Шенген келісімінде мыналарға аса назар аударылады:
екі жақтада берілетін визаны мойындау;
территорияда жүретін бір визаны енгізу;
полициялық серіктестік;
иммигранттық саясат;
кедендік серіктестік;
бірыңғай тізім(110 мемлекеттен басқа мемлекеттерге виза алу керектігі туралы);
Еуропалық қоғамның мемлекеттеріне кіруге болмайтын адамдардың тізімі.
Шенген келісіміне қатысушылар саны көбеюде. Оның құрамына кірген елдер: Италия (1990ж.), Испания және Германия (1991ж.), Грекия (1992ж.), Австрия (1995ж.).
2001 жылы Шенген келісіміне: Дания, Финляндия, Швеция, Норвегия және Исландия қосылды.
Қазіргі уақытта Шенген құрамына мына елдер кіреді: Австрия, Бельгия, Грекия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Германия, Франция, Финляндия, Швеция, Норвегия, Дания, Исландия, Португалия және т.б. Бұл мемлекеттерге адамдар визасыз, бірақ өздерінің төлқұжаттарымен кіре алады.
Адамдардың тауарларды Шенген келісімі арқылы еркін алып жүруіне байланысты шекаралық күзетті күшейтуге, ақпараттық айырбас және құқық қорғау органдарымен серіктестікті қалыпта ұстау, есірткі мен қару-жарақты кіргізу немесе шығаруға қарсы күрес жүргізу күшейтілді. Әр жыл сайын шенген келісіміне өзгертулер енгізіліп отырды.
Қазіргі уақытта бірыңғай Еуропалық визаны енгізу қарастырылуда. Шенген ақпараттық жүйесі автоматтандырылған полициялық органның ақпараттық банкімен құрылған. Ол Страсбург қаласында орналасқан. Бұл жүйе Шенген келісіміне кірген барлық мемлекеттердің полициялық органдарын өзіне кіргізген. Бұл жүйенің бір ерекшелігі: басқа мемлекетте жүрген қылмыскерлерді іздеу болып табылады. Егерде Шенген келісіміндегі ережелер бұзылса, онда сол туристке барлық Еуропалық қоғамның елдеріне кіруге болмайды.
Болашақта Шенген келісіміне кіруші елдер санын көбейту басты мақсат болып отыр. Келесі кіруші ел – Кипр, содан кейін Польша, Латвия және Хорватия.
Шенген визасы оның ұстаушысына барлық мемлекеттерге баруға мүмкіндік береді.
Қазіргі күндері Шенген визасының бірнеше типтері бар: қонақтаушы, туристік және іскерлік. Визаның жұмыс істеу уақыты – 90 күн. Шенген келісімі бойынша визаны алушы азамат елшілікке немесе сол мемлекеттің консулдығына баруы тиіс. Шенген келісімінің 121 бабында «виза келісілген жақтан беріледі»-деп жазылған.
Егер де сіз мемлекетке басқа мемлекет арқылы баратын болсаңыз, онда сіз негізгі мемлекетке баратын куәлікті сақтауыңыз қажет. Мысалы: сіз визаны француз елшілігінде алып, бірақ францияға Германия арқылы поездбен баратын болсаңыз, онда сіздің төлқұжатыңызда Германия кедендік қызметінің белгісі болады.
Шенген визасының екі түрі бар: бір реттік және көп реттік.
Бір реттік Шенген визасы – Шенген аумағындағы мемлекеттке бір рет баруға беріледі.
Көп реттік Шенген визасы – 1 айдан-1 жылға дейін беріледі.
Осы виза түрі бойынша мемлекетте 90 күннен артық болуға болмайды.
Транзитті Шенген визасы – бір ретті, екі ретті және көп ретті болуы мүмкін. Сондықтан Шенген келісімінің аумағына кіретін мемлекеттерге бір, екі және көп рет кіруге болады. Мемлекетке бір кірген кезде кіру уақыты 5 күннен аспауы тиіс.
2003 жылдың қаңтар айынан бастап Германдық визасына жаңа формалдылықтар енгізілді.
Уақытша кіруге арналған шенген визасында бірыңғай критерийлер мен талаптар енгізілген: жарамды шетелге шығу төлқұжаты болуы керек.
Жолдың мақсатын бекітетін қағаздар: іскерлік келісім, жеке адамдардың шақыруы, туристік ваучер.
Халықаралық медициналық сақтандыруы бар куәлік, сақтандыру полисі шенген келісімі аумағына кіретін мемлекеттердің барлығына жарамды болуы тиіс. Сақтандыру полисінің ең аз бағасы – 30000$.
ІІ БӨЛІМ
Әлемнің жекеленген мемлекеттеріндегі туристік формалдылықтар
АВСТРАЛИЯ
Визалық формалдылықтар
Қонақ, іскерлік, туристік және транзиттік визаларды алу үшін Австралияның елшілігіне шетел төлқұжатын, бір дана толтырылған анкетаны (сапардың түрлілігіне байланысты анкета да әр түрлі болады), визаға құжаттарды өткізу кезінде жасалған фото суретті, және қосымша құжаттарды өткізу керек. Елшілік арнайы шақыруды ұсынуды талап етпейді, алайда оның болғаны лазым, себебі ол құжатсыз елшілік қызметкерлерін сіздің сапарыңыздың қажеттілігіне және өз қаражатыңыздың жеткілікті екеніне иландыру қиынға соғады.
КАРТА
Консулдық жиын құжаттарды өткізу кезінде төленеді және бас тарту кезінде қайтарылмайды.
Құжаттарды жекелей немесе уәкікл арқылы өткізуге болады. Көп жағдайда елшілік жеке әңгімелесу жүргізеді, бірақ әдетте тек телефон арқылы әңгімемен ғана шектеледі.
Қонақ визасын алу үшін керек құжаттар:
шетел төлқұжаты;
толтырылған 48К нысаны және фотосурет;
жұмыс (оқу) орнынан қызметі, жалақысы, демалыс ұсыну кезеңі көрсетілген анықтама;
жеке төлемқабілеттілігін растайтын кез-келген құжат (банк шотынан көшірме, жол чектері және т.б.);
Австралиядан жіберілген, шақырушы адам өз мойнына алатын, мүмкін болатын шығын сомасы көрсетілген және ол адамның төлем қабілеттілігін дәлелдейтін шақырудың болуы лазым;
70 жастан асқан тұлғаларға – сапарды іске асыруға мүмкіншілігі бар екенін растайтын дәрігердің анықтамасы;
Әдетте визаны беру туралы шешім өткізу кезінде жария етіледі (жеке өзі ұсынған сәтте). Қиын жағдайларда процесс 4 аптаға дейін созылады.
Іскерлік визаны алу үшін керек құжаттар:
шетел төлқұжаты;
толтырылған 456 нысаны және фотосурет;
іс-шаралар мен байланысатын тұлғалардың тізімі көрсетілген маршруттың сипаттамасы;
жұмыс орнынан анықтама және компанияның қызметін растайтын құжаттар (келісім-шарттар, жарнамалық материалдар және т.б.);
өз төлемқабілетін растайтын кез-келген құжаттар (банк шотынан көшірме, жол чектері және т.б.);
сапардың мақсаты, маршрут пен байланысатын адамдардың тізімі анық көрсетілген австралиялық компаниядан жіберілген шақыру;
ғылыми симпозиумдарға, конференцияларға және т.б. қатысу кезінде конференцияны ұйымдастырушылардан байланысатын тұлға көрсетілген тіркеу туралы растама керек.
Визаны беру туралы шешім 10 жұмыс күні ағымында қабылданады.
Демалыс және туризмге арналған визаны алу үшін керек құжаттар: Мұндай мақсаттарға 90 күн ішінде саяхаттауға болатын қысқа мерзімді виза да жетіп жатыр. Сізде мына құжаттар болу қажет:
2 төлқұжат (ресей және шетел);
Фотосурет (4х6 см);
Құралдар бар екенін растайтын куәлік (банк шотынан көшірме, жұмыс орнынан хат);
Австралия Елшілігінен алуға болатын толтырылған анықтама.
Құжаттарды жоспарланған ұшуға дейін кемі 1 ай қалғанда өткізу керек.
Транзиттік визаны алу үшін керек құжаттар (72 сағатқа дейін):
шетел төлқұжаты;
толтырылған 876 нысаны және фотосурет;
транзит қажеттілігінің дәлелдемелері (белгіленген елдің визасы, билеттер және т.б.).
Жасы кәмелетке толмаған азаматтарға (18 жасқа дейін), егер сапар кезінде ата-ананың екеуі де болмаса, елде қалған ата-ананың нотариалды түрде бекітілген рұқсаттамасы керек.
Консулдық жиынның құрамасы:
жеке немесе іскерлік виза – 33 $ АҚШ (төлем АҚШ долларында);
туристік – 60 $ АҚШ;
транзиттік виза тегін беріледі (визасыз транзит рұқсат етілмейді).
16 жасқа дейінгі балалар ата-анасының (анасының) визасына жазылады.
Орналасқан жерде визаны создыру қиындатылған: иммиграция қызметінің арнайы қағазын толтыру қажет, 200 А $ төлеу керек, 2 аптаға 800 А$ -дан кем емес қаражатыңыздың барын растайтын мәліметтерді Австралиялық банкке ұсыну қажет.
Кедендік формалдылықтар
Сиднейге кірер алдында келуші жолаушыларға арналған карточканы толтыру қажет, ал шығу кезінде елден шығушыларға арналған карточканы толтыру міндетті.
Австралияның кедендік заңдары азық-түліктің кез-келген түрін кіргізуге тиым салады. Өткізілген жүкте азық-түлік мүлдем болмауы керек (арнайы үйретілген иттермен тіміскілеу жүргізіледі). Қолда қалған азық-түлікті кедендік бақылау аймағына жетер сәтте лақтыру қажет. Сақтау мерзіміне сәйкес келетін фабрикалық орамадағы жекеленген азық-түліктер кіргізілуі мүмкін, бірақ ол декларацияда міндетті түрде жазылу керек.
Кіргізуге тиым салынады: қару-жарақ, есіртке, ет және ет консервілері, шұжық, жұмыртқа, сүт өнімдері, ірімшікті қоса есептегенде. Көкөніс пен жеміс-жидектің көптеген түрлеріне, жаңғақтарға, гүл тұқымдарына, ағаштан, бамбуктен және теріден жасалған бұйымдарға алдын- ала Австралияның карантиндік қызметінен рұқсаттама алу қажет.
Баж салығысыз кіргізузе рұқсат етілген: құны 400 А $ - ға дейнгі тауарлар (200 А $ - 18 жасқа дейінгі жолаушылар үшін), 1125 мл алкагольді сусындар (18 жасқа дейінгі тұлғаларға), темекі – 250 дана, немесе 250 г. темекі өнімі, жеке заттар, сонымен қатар келгенге дейінгі 12 ай ішінде сатып алынған тауарлар. Пошта арқылы жіберілетін тауарларға баж және салық салынуы мүмкін.
Кедендік тексеру процедурасының елден шығар сәтте бір ерекшелігі бар – сізге сол жерде сатып алынған тауарлардың барлығына чегіңізді көрсетуіңізді сұрайды.
Валюталық формалдылықтар
Егер өзіңізде 10 000 А $-дан аса қаражат болса, онда сізге декларация толтырып, кеденнен өткен кезде көрсету керек.
Қайтар жолда елден шығу үшін 20 А $ - үкіметтік салықты қалдыруды ұмытып кетпеңіз.
Халықаралық рейспен ұшып бара жатқан жолаушылардан 27 АҚШ $ шамасында әуежай жиыны алынады. Үкімет қонақтарынан, дипломатиялық немесе қызметтік визасы бар тұлғалардан, әуежайда 24 сағаттан кем жүрген өткінші жолаушылардан, экипаж мүшелерінен және 12 жасқа дейінгі балалардан жиын алынбайды.
Флора және фауна үлгілерін өткізу тәртібі
Австралия – аралдық ел, сондықтан жергілікті флора мен фаунаны сақтап қалу мақсатында мұнда өсімдіктерді, ағаш бұйымдарын (соның ішінде кәдесыйлар) және геологиялық тұқымдарды арнайы тексеру мен карантинсіз кіргізуге тиым салынады. Австралияға кіргізілетін гулдер декларацияланады.
Австралияға жануарларды әкелуге болады, бірақ келген сәтте 9 ай ағымында карантинде болуы қажет. Австралиялық карантин инспекциысының рұқсатынсыз үй жануарларын шеттен әкелуге тиым салынады.
Сәйкес рұқсаттамасыз австралиялық жануарлар мен өсімдіктерді, жабайы табиғат заттарын (коралдар, бақалшақтар, рептилиялар), тарихи құндылығы бар дүниелерді алып кетуге тиым салынады.
Медициналық – санитарлық формалдылықтар
Вакцинация міндетті түрде емес. Бұл континент , басқалардан бөлектенген, түрлі эпидемииялардан алшақ болды. Профилактика бойынша Австралия әлемдегі бірінші орындардың бірін алады.
Шекарадан кіретін барлық ұшақтардың салоны дезинфекцияланады. Бұл іс-әрекет Австралияға енетін түрлі тропикалық аурулардың себебі әбден мүмкін болатын шыбын-шіркейді құрту үшін жасалынады.
Австралияға шығуға дейін 6 күн ішінде Африка немесе Оңтүстік Америкада болған кезде сары безгекке қарсы егу туралы сертификатты көрсету керек.
АВСТРИЯ
Визалық формалдылықтар
Визаны әзірлеу үшін қажет құжаттарды тікелей елшіліктің консулдық бөліміне өткізу керек. Өтініш сонымен қатар уәкіл тұлғалармен де өткізілуі мүмкін (мысалы фирманың қызметкерлері).
Визаны алу үшін қажетті құжаттар:
сапардың нақты мақсаты мен Австрияға келген кезіндегі нақты орналасу орны көрсетілген шақыру (түпнұсқа немесе факс). Жұбайларына және балаларына арналған шақыру балалар демалысы немесе мейрам кездеріндегі қысқа сапарларға арналған іскерлік шақыру ретінде болуы мүмкін, ал қалған жағдайлардың барлығында ол жеке шақыру ретінде жасалынуы керек (міндеттемені өз мойнына алу туралы арыз сотпен немесе нотариуспен куәландырылған және шақырушы адамнық қолымен, сонымен қатар шақырушы тұлғаның төлқұжатының көшірмесі және ағымдағы жылдың соңғы айларының біріндегі жалақысы туралы анықтама);
шетел төлқұжаты, оның жарамдылық мерзімі сұралынып отырған визаның аяқталу күнінен бастап 3 айға жарамды болуы керек;
2 фото сурет, 3х4 см тиімдірек болады;
2 анкета, онда келесідей мәліметтер болады: Аты-жөні (әйелдерге – қыз кезіндегі фамилиясы); мекен-жайы; ұйымның мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілген жұмыс орны; қызметі; жұбайының аты-жөні, оның туған күні мен туылған жері көрсетілген отбасы жағдайы; ата-анасының аты-жөні; визаға өтініш берушінің индекспен көрсетілген үй мекен-жайы және байланыс телефоны; Шенген келісіміндегі елдерде соңғы рет болған күні, соңғы Шенген визасы берілген күні мен қаласы. Анкеталарды неміс немесе ағылшын тілінде толтыру керек (бланктерді елшіліктен алуға болады). Фамилиясы төлқұжатта жазылғандай болуы керек. Анкетаның әрбір пунктісін толтыру қажет. Әр арызданушы анкетаға өзі қолын қою керек;
Кәсіпорын бланкісінде жазылған ағылшын немесе неміс тілінде лауазымы және жалақысы (айына 350 АҚШ $-нан жоғары) көрсетілген жұмыс орнынан анықтама;
Төлқұжаттың барлық беттерінің көшірмесі;
Құжаттарды өткізуге дейін кемі 3 ай қалғанда алынған валютаны айырбастау туралы анықтама, ол күндігіне 100 АҚШ $ есебінде болу керек;
Шот туралы банк көшірмесі, қалдық сомасын да көрсету абзал, несиелік карьаның немес басқа да төлемқабілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
Кәмелетке толмағандарға – туу туралы куәлігінің ксерокөшірмесі; егер кәмелетке толмаған ата-анасының біреуімен немесе ілесушімен болса, онда сапардың мақсаты (Шенгендік келісімнің елдері) мен мерзімі көрсетілген, нотариалды түрде бекітілген ата-анасының екіншісінің (екеуінен де) арызы (сенімхаты) болуы керек. Мұндай өтініш (сенімхат) ағылшын немесе неміс тілінде жазылады, ол болмаса ноариалды түрде бекітілген аударма;
30 000 АҚШ $-нан жоғары сақтандырулық жабуы бар медициналық сақтандыру;
Жабық күндерімен билеттерді брондаудың рұқсаттамасы.
Консулдық жиын сұраныс кезінде берілген квитанция бойынша уәкілдік банкте төленеді.
Визалардың кейбір түрлеріне қосымша құжаттар ұсыну қажет.
Бизнес визаны алу үшін мыналар талап етіледі:
Австрияда орналасатын орны мен мерзімі, сапардың нақты мақсаты көрсетілген (түпнұсқа немесе факс), Австриялық фирма өкілінің қолы мен мөрі бар шақыру;
6 айдан кем емес жасалған сауда тіркеуінің көшірмесі
Қонақ визасын алу үшін мыналар талап етіледі:
жеке шақыру (түпнұсқа) – сот немесе нотариуспен бекітілген, шақырушы тұлғаның қолымен, Австрияда орналасатын орны мен мерзімі көрсетілген, міндеттемені өз мойнына алатыны жайлы арыз;
шақырушы тұлғаның төлқұжатының көшірмесі және ағымдағы жылдың соңғы айларының бірінің жалақысы туралы анықтама.
Туристік визаны алу үшін мыналар талап етіледі:
Брондаудың және қонақүйдің толық төлемі бланкте фамилиясы, төлқұжаттық мәліметтері және сапардың дәл күні көрсетілген растама (түпнұсқа немесе факс)
Елшілік қосымша құжаттарды, растамаларды ұсынуды талап етуге құқылы. Әр арызданушы әңгімелесуге шақырылуы мүмкін.
Барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде визалық анкеталарды қарау мерзімі 2-3 күнді құрайды. Құжаттар жоспарланып отырған сапарға кемі 8 күндей қалғанда қабылданады. Визада қатысу күндері нақты күндерімен бекітіледі, сондықтан шақыруда және анкетада оларды дәл белгілеу керек. Құжаттарды тексеру қажеттілігі туындаса мерзім 2 айға дейін созылуы мүмкін. (Бұл мерзімнің қысқартылуына елшілік әсер ете алмайды, себебі барлық мемлекеттердің Шенгендік келісімінің қатысушыларынан рұқсаттама ұсынылуы керек). Жалған құжаттарды ұсыну – Австрияға кіруіне тиым салынады, ол бір жылға дейін созылуы мүмкін.
Кедендік формалдылықтар
Еуропалық елдерден келетін, 17-жасқа толған саяхаттаушылар Австрияға баж салығысыз мыналарды кіргізе алады: 200 темекі немесе 50 сигара, немесе 250 гр. шылым; 1 л-ге дейін алкогольді сусындар және 2 л вино; иіссу (300 мл шамасында) және 50 мл әтір.
Басқа елдерден, сонымен қатар Ресейден келушілер 2 есеге көп алып келуі мүмкін. Барлық келген адамдар өзімен бірге сыйлық немесе 235 АҚШ $-на дейінгі сатып алулар болуы мүмкін.
Валюталық формалдылықтар
Валютаны кіргізу мен шығару Евроодақ елдеріне арналған тәртіппен тураланады.
Флора мен фауна үлгілерін өткізу тәртібі
Флора мен фауна үлгілерін өткізу мен шығару тәртібі Евроодақ елдерімен стандартты түрде.
Медициналық – санитарлық формалдылықтар
Австрияға медициналық егу міндетті емес.
Аргентина
Визалық формалдықтар
Көшіп-қону заңнамасында шетелдіктер үшін визаның негізгі үш категориясы бөліп көрсетілген:
Тұрақты виза (резиденция) – бұл Аргентинаға тұрақты тұруына шетел азаматтарына беріледі;
Уақытша виза (резиденция) – бұл мемелекетке уақытша ғана тұруға келетін шетел азаматтарына беріледі;
Транзиттік виза – бұл мемелекетке уақытша шектеулі уақытқа ғана болуына немесе саяхаттауға беріледі.
Тұрақты виза |
Уақытша виза |
Транзиттік виза |
Аргентиналықтың туысқанына немесе тұрақты резидентке. |
Уақытша резиденттің туысқанына. |
Транзит үшін. |
Капиталды инвестициялайтын иммигрантқа (I түсініктеме). |
Техникалық жұмысты істеуіне. |
Туризм үшін. |
|
Студенттерге. |
Елдік үшін. |
|
Діни қызметкерлерге. |
(Ұшақ және т.б.) экипаждарға. |
|
Келісіммен жұмыс істеушілерге (II түсініктеме). |
Бизнес инвестициясы мен нарықты зерттеу. |
|
Маусымдық жұмыскерлерге. |
Төленетін күндерді 15 күнге дейін (III түсініктеме). |
|
Зейнетақы алушыларға немесе рента арқылы өмір сүретіндер үшін. |
|
I түсініктеме. Тұрақты резидент мына жағдайда, егер үміткер салған инвестициясын дәлелдеген кезде беріледі. Ондай болғанда, ол депозит көлемі 100000 АҚШ доллары болатын депозитпен инвестиция жобасы мен негіздемесін дәлелдейтін құжат көрсету керек. Оған уақытша 1 жылға виза беріледі. Жоба жүзеге асқанға дейін (нақты жоба).
II түсініктеме. Бұл виза өзіне келесі іс-әрекет түрлерін қосады: техникалық, мамандандырылған, коммерциялық, бизнестік, ғылыми, білімдік, әртістік, мәдени, спорттық.
III түсініктеме. Төленетін және төленбейтін жұмыс уақытын орындау, көшу-қон регламентімен бекітіледі (15 күн, оны 1 рет ғана ұзартуға болады). Егер мына қызмет түрлері болған жағдайларда: әртістік, діни, мәдени және ерекше жағдайлар (кәсіби және техникалық). Жалға алушы Аргентинада тұрақты тұратын физикалық немесе заң қызметкерлері болуы керек.
Әлемдегі көптеген мемелекеттірдің азаматтарына шығу визасы қажет емес, мемелекетке келген кезде оларға ел ішінде 90 күн болуға рұқсат беретін туристік карта беріледі. Визасыз транзит рұқсат етілмейді. Ресей азаматтары үшін құжат рәсімдеу мерзімі елшілікке 3 күн құрайды. 16 жасқа дейінгі балалар ата-аналарыңыз визасына жазылады. Туристік және коммерциялық сапарларға қарағанда балалар мен баратын қызметтік іс-сапарлар өте қиынға түседі. Консулдық жинақ 31 АҚШ долларын құрайды. Мемелекетте Ресей азаматтардың еркін жүруіне рұқсат етілген.
Виза алуға қажетті құжаттар:
шетел төлқұжаты;
суретімен 2 анкета;
шақыру (туристік, жеке және қызметтік);
авиабилет.
Кедендік формалдықтар
Азық-түлікті кеденнен өткізуге тыым салынады. Кіргізуге болатын баж салығы: темекі – 200 дана немесе шылым – 25 дана, спирттік ішімдіктер – 2л., консервіленген азық-түлік – 5кг. дейін, сувенирлер және сыйлықтар – 300АҚШ долларынан аспайтын және де тұтынушылардың жеке заттары. Белгіленген мөлшерден артық заттардың саны асса, олардың құнын 50% көлемінде баж салығы алынады.
Жеке тұтынушыларға шығаруға рұқсат етілген жүн және тері бұйымдарына, алқа бұйымдарына, сувенирлер және т.б. Бірақ осы сатып алған заттарға магазиннен алған квитанцияларын көрсету керек. Ал былғары мен тері өнімдерін шығарудан экспорттық марка квитанциясы болу керек.
Валюталық формалдықтар
Ұлттық және шетелдік валюталарды кіргізуге және шығаруға шектелмеген. Банктер және ақша айырбастау бөлімдерінде көбінесе билеттер жүзінде болады: нөмірі бар билетті аласыз және біраз күтесіз, содан кейін сізді шақырады. Осы процедура көп уақытты алады.
Флора және фауна үлгілерін өткізу тәртібі
Аргентинаға флораны және фаунаны өткізуге шектеу жоқ. Үй жануарларына кіргізу-шығару ережелері бар, олар:
жолаушылар өз жануарларвын шетелге шығара алады, егерде халықаралық төлқұжаты, мемелекетаралық ветеринарлар рәсімдеген үй жануарларын өткізу сертификаты, онда үй жануарларының клиникалық дені сау және құтыруға қарсы вакционация жасалынған болуы қажет. Вакционация саяхаттан 30 күн бұрын және шығу мерзіміне 12 айға дейін болу қажет. Халықаралық құжаттар Аргентинаның ветеринарлық анықтамасына ауыстырылады;
мемелекеттік шекарадан өту кезінде жануардың денсаулығы туралы ветеринарлық куәлік болуы керек, мемелекеттік ветеринарлық клиникада ұшуға 3 күн қалғанда рәсімделіп, оған міндетті құтыруға қарсы егу жүргізіледі және халықаралық сертификатқа айналады.
Аргентина территориясында үй жануарлары қабылданған ветеринарлық куәлік бойынша аэропорттың ветеринарлық қызметінің белгілеуімен өтеді. Тасымалдау шарттарын билетті сатып алғанда білуге болады.
Емдік-санитарлық формалдықтар
Аргентинада келесідей аурулардың қауіптілігі бар: сальмонеллез, ішек гельминтозалары, қарын тифі, вирустық гепотит, малярия, лейшманиоз, сібір язвасы. Сонымен қатар, келесі аурулардың қауіпі бар полиомислитом, диортерия олардан балаларға вакцинация салынуы керек.
Бельгия
Визалық формалдықтар
ЕО-қа енетін мемелекеттер тұрғындары Бельгияға жеке басын куәландыратын құжат бойынша кіре алады. Ал Австралиядан, Канададан, Жаңа Зеландиядан, Жапониядан, АҚШ пен басқа мемлекеттерден келетіндерге шетелдік төлқұжат болу қажет (визасыз). Дамушы елдердің тұрғындары мемлекетте 3 айға дейін болуға рұқсат ала алады. Ресей азаматтары саяхаттау мерзімі 30 күннен кем болса, Шенген келісімі бойынша бірегей визамен, ал саяхаттау мерзімі 30 күннен артық болса, Бельгиялық визамен кіре алады.
Виза алау үшін шетелдік төлқұжаттың жарадылық мерзімі виза уақыты аяқталған соң 3 айға жарау қажет.
Құжаттарды елшілікке өзіңіз жеке немесе өкіл арқылы беруіңізге болады. Виза 3 күннен 10 күнге дейін рәсімделеді.
Туристік визаны ал үшін қажет құжаттар:
Шетелдік төлқұжат;
Таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз, голланд тілдерінде толтырылатын 3 анкета;
3 фотография;
Отельдің броны;
Әуе билеттерінің көшірмесі (екі жаққа);
Жұмыс орнынан анықтама және демалыс туралы анықтама;
Кредитті төлей алу мүмкіндігін дәлелдейтін құжаттар (банктік шот, валютаны сатып алу туралы анықтама, кредиттік карта);
Сақтандыру құжаттары (елшіліктің талабына байланысты).
Іскерлік визаны алу үшін қажетті құжаттар (С-типі):
Бельгиядан келген шақырудың оригиналы. Шақыруда тұру және сақтандыру бойынша барлық шығындарды өз мойнына алатын адам туралы мағлұмат болу керек;
Таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз, голланд тілдерінде толтырылатын 3 анкета;
3 фотография;
Шетелдік төлқұжат;
Әуе билеттерінің көшірмесі (екі жаққа);
Кредитті төлей алу мүмкіндігін дәлелдейтін құжаттар (банктік шот, валютаны сатып алу туралы анықтама, кредиттік карта);
Сақтандыру қағазы мен әуе билеттері (елшіліктің талабына сай).
Елшілік сонымен қатар қосымша іс-сапарды дәлелдейтін шақырушы жақтан хатты немесе жұмыс орнынан анықтаманы талап етуі мүмкін.
Жеке саяхаттау кезінде визаны алуға қажетті құжаттар:
Шетелдік төлқұжат;
Таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз, голланд тілдерінде толтырылатын 3 анкета;
3 фотография;
Бельгиядан келген шақырудың оригиналы;
Жұмыс орнынан анықтама;
Кредитті төлей алу мүмкіндігін дәлелдейтін құжаттар (банктік шот, валютаны сатып алу туралы анықтама, кредиттік карта);
Әуе билеттерінің броны.
Қосымша елшілік шақырушыдан кредиттік төлем мүмкіндігін дәлеледейтін құжаттарды, жұмыс орнынан демалыс туралы анықтаманы, туысқандықты дәлелдейтін құжаттарды талап етуі мүмкін.
Транзиттік визаны алу үшін құжаттар (В-типі):
Шетелдік төлқұжат (белгіленген мемлекеттің визасымен);
2 анкета;
2 фотография;
Әуе билеттері;
Транзиттік уақытында Бельгиядағы қонақүйдегі бронь;
Кредитті төлей алу мүмкіндігін дәлелдейтін құжаттар (банктік шот, валютаны сатып алу туралы анықтама, кредиттік карта);
Визаның типіне байланысты консулдық жинақ келесідей болады:
бірреттік виза (30 күнге дейін) – 27 АҚШ доллары;
бірреттік виза (90 күнге дейін) – 30 АҚШ доллары;
көпреттік виза (1 жылға дейін) – 35 АҚШ доллары;
көпреттік виза (1 жылға) – 50 АҚШ доллары;
уақытша болу үшін берілетін рұқсат қағазы – 50 АҚШ доллары;
транзиттік виза – 10 АҚШ доллары;
1 айға берілетін визаның құны – 250 евро, 1 жылға – 50 евро.
Кедендік формалдықтар
ЕО-қа енетін мемелекеттер тұрғындарына Бельгияға кіруде келесі тауарларға баж салығы салынбайды: 800 темекі немесе 200 сигар, немесе 1кг шылым, 90л. шарап, 10л. спирт, 20л. күшті шарап, 110л.сыра, 250мл. әтір, 500г. кофе, 100г. шай, консерьленген азық-түліктер, тұрмыстық фото-радио және бейнетехника. Басқа мемелекеттерден келушілер үшін: 200 темекі немесе 50 сигар, немесе 250г шылым, 2л. шарап, 1л. спирт немесе 8л. люксембургтық шарап, 250мл. әтір, 250мл. иіс суы, құны 50 евро болатын басқа да тауарларды кіргізуге рұқсат берілген. Сонымен қатар 1 фотоапарат, 12 фотопленка, 1 бейнекамера, 6 кинотаспа, 1 радиоқабылдағыш, 1 портативті жазғыш машынаға рұқсат берілген.
Бельгияға консервленбеген етті кіргізуге тыйым салыған. Қалған консервленбеген өнімдер деклорациядан өтуі қажет. Бельгияның мәдени және тарихи құндылықтары болып табылатын заттарды кіргізу мен шығаруға тыйым салынады.
Валюттік формалдылықтар
175 евродан асатын сомаға зат сатып алынған жағдайда ҚҚС қайтарылу мүмкін. Кредиттік карта көиегімен зат сатып алынған кезде сатып алушы ҚҚС-сыз ақша төлейді және салық сомасына тең кепілдемеге қол қояды, оны кеденде міндетті түрде көрсету қажет.
Жергілікті және шетел валютасын экспортқа және импортқа шығаруға шек қойылмайды.
Флора мен фауна үлгілерін өткізу тәртібі
Бельгияға үй жануарларын кіргізу кезінде олардың денсаулығы мен егілгені туралы берілетін ветеринарлық анықтама мерзімі мемлектке кіру алдында 30 күннен аспауы қажет және жарамдылық мерзімі – 1 жыл болуы шарт.
Ит пен мысықтарды өткізуде қатаң талаптар қойылады. Келесідей құжаттар болу керек:
Ауылшарушылық бойынша Ұлттық басқармамен берілген кіру туралы рұқсат қағаз;
Құтыру туралы анықтама және 120 күнге арналған құтыру анализінің қорытындысы шығу алдында 30 күн бұрын алынуы қажет. Иттер мына ауруларға (момлодняк, лектоспироза) қарсы егулері болуы қажет.
Кіру кезінде үй жануарларының денсаулығы туралы анықтама және ветеринармен берілген иттер мен мысықтардағы құрттардың жоқтығы туралы анықтама болуы керек.
Медико-санитарлық формалдылықтар
Бельгияға саяхаттау үшін медициналық егулердің болуы міндетті емес.
Болгария
Визалық формалдықтар
Ресей, Украина, Белорусия, Молдова, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменістан және Тәжікістан азаматтарына Болгария мемлекетінің территориясына кіруге виза қажет емес. Мемлекетке кіру үшін натариуспен немесе өндірісітік сауда палатасымен куәләндырылған шақырудың түпнұсқасы керек. Сонымен қатар кіру үшін туристік ваучер де негіз бола алады.
Болгарияға сапар шегу ұшін Эстония, Латвия, Литва және Өзбекістан азаматтарына виза қажет. Кіру визасы – 50 АҚШ доллары, транзиттік – 40 АҚШ доллары (бірреттік) немесе 60 АҚШ доллары (екі реттік).
Статистикалық карта Болгарияға әрбір кіруші иммграциялық офицерлерге беріледі. Бұл карточка төл-құжатта болуы керек, ал қонақүй, жатақхана, кемпинг немесе туристік агенттіктердің қызметкерлері бұл карточкада сіздің Болгарияда болатын күндеріңізді белгілейді.
Мемелекеттен шығу кезінде шекарашылар статистикалық карточканы тексереді.
Егер сіз регистрациясыз 2 түн түнесеңіз, онда сіз айыппұл төлеуіңізге міндетті боласыз. Карточканың жоғалуы 20АҚШ доллармен айыппұл белгіленеді.
Кедендік формалдықтар
Антикварлы заттарды және өнер туындыларын мемлекеттен алып шығару үшін міндетті түрде рұқсат болу керек. Есірткі және қару-жарақ мүлдем кірізілмейді және шығарылмайды.
Мемлекеттен баж салығысыз 250 темекі немсе 50 сигар, немесе 250гр. шылым, сонымен қатар 2л. шарап пен 1л. спирттік сусындарды алып шығаруға рұқсат етілген.
Валюталық формалдықтан
Болгарияға шетел валютасын кіргізуге және шығаруға шектеу қойылмаған, ал ұлттық валютаны кіргізу және шығару тыйым салынған. Болгарияның ақша бірлігі – лев (1 лев – 100 стотинок). Валютаны айырбастау шектелмеген, міндетті түрде айырбастауға талап қойылмаған. Ресей рубльдері айырбасталмайды. Оның орнына Евро немесе АҚШ долларын алған жөн. Ақшаны ешқандай қиындықсыз көптеген айырбастау пунктерінде ауыстыруға болады. Жол чектері көптеген қиындықтар тудырады, өйткені банктерде оларды айырбастауға тыйым салынған. Қонқүйлердегі айырбастау пунктері айырбастың төменгі курсын ұсынады және 5% коммисиондық алады.
Лев ауыстырылмайтын валюта және болгарлық банктер Левті евроға және долларға ауыстырмйды. Қайта айырбастауды шекарада жүзеге асыруға болады, бірақ үлкен соманы ауыстыра алмайсыз. Болгар валютасын алып кіруге және алып шығуға тыйым салынған. Болгарияда румындық валютаны айырбастау мүмкін емес.
Медициналық-санитарлық формалдықтар
Болгарияға сапар шегу үшін медициналық егу міндетті емес.
Германия
Визалық формалдықтар
Ресейдегі Германия елшіліктері негізінен Москва, Новосибирск, Саратов, Санкт-Петербург қалаларында орналасқан. Визаға өтініш берушінің тұрғылықты жері нақты консулдықтардың жауапкершілік аймағына кіруі қажет.
Виза рәсімдеу тәртібі. Гкрмания елшілігі виза алғысы келетін Ресей азаматтарының виза күту мерзімін азайтуға ұмтылуда. Сол үшін елшілік жаңа тәртіп енгізеді, ол бойынша әрбір өтініш берушіге елшілікке келудің нақты уақыты бекітіледі. Виза алуға құжат тапсыру келесі түрде орындалады.
Құжат алуға алдын-ала өтініш. Өзіңде болуы қажет:
шетелдік төлқұжат;