Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туристік формалдылытар лек.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385.02 Кб
Скачать

Туризм бойынша Кадистік халықаралық-парламенттік форум

1995 ж. Наурызда Кадисте (Испания) ДТҰ-ның эгидасы бойынша халықаралық форум өтті. Бұл форумде 52 мелекеттен 300 парламентарий қатысты. Форумды өткізу мақсаты – туризмнің негізгі проблемаларына парламенттің, үкіметтің және жергілікті органдардың назарын аударды.

Форумда шешім қабылдауда және жеке турфирмаларға жақсы жағдай жасауда, оның дамуында мемлекеттік құрылымның рөлі зор екендігі аталып өтті. Сонымен қатар мемлекеттік құрылым туристік сапар шегуде қауіпсіздікті және бостандықты қамтамасыз етуге шақырылған. Шекаралық, кедендік, медициналық, полицейлік және басқа да регламенттік формалдылықтар халықаралық туризмнің дамуына кедергі жасамайды деген үкім шығарылды.

Мемлекет туризм сферасында, туристік формалдықтарға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге келесідей жағдайлар жасауы қажет:

  • Туристік инфрқұрылымның дамуы, әсіресе көлік және коммуникация.

  • Басқарушы кадрларды және туристік мекемелердің қызметкерлерін оқыту үшін жағдай жасау.

  • Туристік оюъектілерде экологиялық нормаларды сақтауды қамтамасыз ету.

  • Жергілікті және шетел туристерінің құқықтарын қорғау.

  • Туристік фирмалар үшін салықтық және әкімшіліктік жеңілдікті қамтамасыз ету.

  • Туризм сферасына экономикалық-статистикалық механизмді енгізу.

  • Халықаралық нарықта туризмді жылжыту жарнамалық-ақпарттық жұмыстарға бюджеттен ақша бөлу.

Бұл міндеттердің көбі туристік заңнаманы қабылдаған көптеген мемлекеттердің ұлттық туристік әкімшіліктерімен жүзеге асырылады. Бірақ мемлекетке, үкіметке жүктелетін рөл мен ресурстар жеткіліксіз. Сонымен, Кадистік форум парламентті және мемлекеттік өкіметті ұлттық туристік әкімшілікке құқық беруге шақырды.

Форум жеке факт ретінде өкіметте, басқа ұлттық парламенттер де туризмнің дамуына назар аудару керектігін айтты. Соңында парламенттер, аймақтық және жергілікті органдар туризмді дамыту стратегиясын өз мойнына алу туралы сөз қозғалды.

Туризм сферасы үшін мамандарды дайындау мәселелері бойынша ДТҰ-ның Мадридтік семинары

2000 ж. қаңтарда Мадридте халықаралық туристік жәрмеңке кезінде ДТҰ туризм аясындағы кадрларды дайындаудың проблемасы бойынша семинар өткізді. ДТҰ-ның басты хатшысы семинарды ашу барысында ХХІ ғасырда туризм көптеген жұмыстың эффектілігін және профессионалдықты талап ететіндігін атап өтті. Ал бұған тек қана туризмдегі білімнің сапасы арқылы жетуге болады. Міндетті түрде сапалы дайындықты дайындықты және әрбір туристік қызметкердің білімін жақсарту қажет.

Семинарда 1996 ж. Мадридте өткізілген ДТҰ-ның «ХХІ ғасырдың туриз индустриясындағы кадрлық капитал» атты тақырыбына халықаралық конференциясының қорытындылары аталып өтті және осыған байланысты келесідей рекомендацияларды бекітті.

  • барлық жауапты ұйымдар кадрлық ресурстардың дамуына назар аударулары қажет

  • кадрларды дайындау және білім беру туризм мамандығының фундаменті екендігін растау керек.

  • Біріккен станадрттарын, сертификация ережелерін және аккредитацияны құрастыру керек.

  • Білім беру сферасына және туристік кадрларды дайындауға жаңа технологиялар мен ақпарттық жүйелерді енгізу қажет.

  • Сапалы дайындықтың және білімнің мәні зор екендігін мойындау қажет.

Әлемнің әр аймақтарында ДТҰ анализ және зерттеу жұмыстарын өткізді. Осыған орай ол мынадай қорытындыларға келді: туризм индустриясында көптеген жетіспеушіліктер бар. Экономикасы дамыған мемлекеттердің өзінде де қазіргі кезде қиындықтар бар. Сонымен бірге ЖОО сапалы білім беруге тырысып жатса да, әлі де туризм сферасында көп қателіктер бар деген ой айтылды.