Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туристік формалдылытар лек.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385.02 Кб
Скачать

Туристік формалдылықтар

Түсінігі мен мазмұны

«Форма» латынша бекітілген тәртіп деген мағынаны білдіреді. «Фамалды» бекітілген үлгі бойынша жасалған деген мағынаны білдіреді. Формалдылық қандайда бір маңызды және жауыпты істі орындаған кезде қажетті заңмен бекітілген шарт немесе әрекет. Шетелдік елге алғаш рет сапар шегуге ниетті тұлғалар әдетте тек кедендік және шекаралық формалдылықтар ғана бар деп ойлайды. Алайда көптеген қауіпті аурулары бар тропикалық елге кіру тәртібін реттейтін санитарлық- эпидемиологиялық ережелердің маңыздылығына ешкім күмән келтірмейтін шығар. Көптеген медициналық- санитарлық нормаларды білу және сапардағы көптеген жағымсыз жағдайлардың туындамауына көмек береді. Турист үшін көптеген флора мен фауна үлгілерін шекарадан өткізудің қатаң ережелері; шекарадан валюта мен бағалы заттарды өткізу тәртібі; шетелдік сапар кезінде сақтандыру мәселелері өте маңызды.

Бұдан да басқа халықаралық туризмның қоғамдық қауіпсіздікті және сапар шегушілерді, қоршаған ортаны қорғаудың заңымен белгіленген көптеген көпшілікке белгісіз заңдары бар. Сонымен бірге халықаралық туризмның әлемдік практикалық байланысын сәйкестендірулерін де ұмытуға болмайды. Мысалы, оған жататындар халықаралық туризмның лицензиясы, турөнімнің қауіпсіздігін сертификаттау, қорғалмаған экологиялық жерлерге кірудің квотасы, шетелдік азаматтардың елге кіруі мен жүруінің тәртібі. Сонымен туристік формлдылықтар- заңмен белгіленген мемлекеттің немесе мемлекеттік топтың қатаң түрде белгіленген нормасы. Оны туристік сапарға қатысты ұйымдар мен туристік фирмалар және туристер қатаң түрде орындауға міндетті, әсіресе, егер ол басқа мемлекетке бару керек болса. Бұл жағдайда туристік формалды сақтау керек емес нәрсе, оның ешқандай мағынасы жоқ немесе артық деп айтуға болмайды. Сонымен бірге «формалды» деген сөз қатаң тәртіпті сақтау деп ойламау керек. Оны істің тек ішкі және сыртқы жағдайына байланысты шешу керек. Кейбір туристік формалдыдықтар туристің өзіне тікелей байланысты. Мысалы, шетелдік паспортты алу, шекаралық және кедендік тексеруден өту тәртіьін сақтау, тропикалық елгу бару кезінде қауіпті ауруларға қарсы егу жасау және т.б.

Басқа да формалдылықтар қойылған тәртіпті сақтауды қажет ететін халықаралық туризм бизнесімен айналысатын турфирмаларға қатысты. Мысалы, туристік іске лицензия алу және тур өнімнің сәйкестігіне сертификат алу. Турфирма мен турист арасындағы келісім шарттың орындалуын сақтау.

«тур-1» туристік жолдаманың дұрыс жасалуы маршруттың дұрыс қызмет көрсетудің тәртібі, қызмет көрсету ваучері, сапар кезіндегі қауіп қатер және мінез құлық ережесі. Сонымен, туристік формалдылықтар дегеніміз- туристік спар кезіндегі міндетті түрде сақталынатын заңмен бекітілген шарт және әрекет ережесі. Туристік формалдылықтар тек қана заң жүзінде мемлекеттің конституциясымен қабылданады. Нармативті актіге кіргізу кезінде міндетті түрде: конституциялық бекітілімге байланысты..., заңға байланысты..., кодекс баптарына байланысты..., мемлекет қаулысын басшылықа ала отырып... деген сөздер мындетті түрде болуы керек. Туристік формалдылықтар маңыздылығын дәлелдеу және тәртіпке салуын жеңілдету үшін кейбір халықаралық құжаттардан үзінді келтіреміз.

Европада кауіпсіздік және қарым қатынас жөніндегі жиналыстың қорытынды актісі (Хелсинки, 1975 жыл).. «мемлекеттер- келісімнің қатысушылары шетелге шығуға қажетті формалдылықтар мен байланысты мәселерді оң ынтамен қарастыру арқылы туризм дамуын қаолдауға және ынталандыруға ниет білідіреді».

Дүниежүзілік туризм бойынша Манила дикларациясы (Манила, 1980 жыл).. «Дүниежүзілік туристік ұйым өзінің даму бағдарламасына әлемдегі туристік формалдылықтар жағдайын аталған саладағы ағымды тәжірибе мен нормаларды, сонымен қатар оларды реттеу және туристік сапарларды жеңілдету үшін жалпы кеңестерді жасау.

Туризм жөніндегу Гаага дикларациясы ( Нидерланды, 1989): «Туристік сапарлар көлемінің қарқынды дамуымен бір мезгілде туристік фармалдылықтар түсінігі нақтыланып кеңейтілегі олардың біреуі туристердің өздеріне қатысты болса, басқалары туристік бизнеске қатысты. Туристік фармалдықтарды жеңілдету өзігің бастапқы кеденді формалдылықтар мен шекаралық формалдылықтар шегінен едәуір өсті. Қазіргі кезде мәселе туризмді оң жағынан ынталандыру мен насихаттауға бағытталуы тиіс, атап айтқанда туризмнің жастар, егде және мүгедек адамдардың арасында дамуына ерекше көңіл бөле отырып, әрбір адамға ішкі және халықаралық туризмде қатысуға мүмкіндік беретін шараларды қолдау».

Туризм жөнінде министрлердің Дүниежүзілік конференциясының дикларациясы ( Осака, Жапония, 1994 жылы): «Барлық елдердін өкіметтері- туризмның қарқынды дамуына, сапарлардың қауіпсіздігін күшейтуге, туристерді қорғауға, туристік формалдылықтар мен процедуралалын жеңілдетуге, туризмді «қонақжайлық индустриясына» айналдыруқа, туристік ресурстармен қоршаған ортаны қорғауға жауапты».

Туризмнің қауіпсіздігі мен саяхат кезінде тәуекелділіктерді азайту жөніндегі халықаралық конференция (Эстерсунд, Швеция, 1995 жыл): «Туристік формалдылықтарды жеңілдету жөніндегі мәселелер туризмде қауіпсіздікті қамтамасыз етумен және аталған саладағы проблемаларды шешудің келісімін және оңтайлы вариванттарын жасақтаумен тығыз байланысты болуы қажет».

Қарқынды даму жөніндегі БҰҰ комиссиясы өзінің 1999 ж сәуірден Нью Йоркте өткен сессиясында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) қолдауымен туризмның глобальді этикалық кодексі концепциясын қолдап ДТҰ- ға оны жеке саланың үкіметтік емес және еңбек ұйымдарының ұсыныстарымен толықтыруға кеңес берді. Кодекске жазба комментариялар ДТҰ-ң мүше- 70 мемлекеттерден артық және түрлі ұйымдардан келіп түсті. 10- шы пунктен тұратын және ұзақ кеңесу процесінің нәтижесінде құрастырылған Қорытынды Гдобальбі этикалық кодекс Сантьмода (Чили) 1999 жыл қазан айында өткен ДТҰ-ң Бас Ассамблеясының сессиясында бір ауыздан бекітілді.

«Туристік формалдылықтар»- бұл әр түрлі елдердің (немесе елдер топтарының) заңнамаларымен бекітілген, туристік фирмалар да, туристік ұйымдар-контрагентер де, сондай-ақ туристердің өздері де орындауға тиісті нормалар мен ережелер.

Туристік формалдылықтарды сақтау және орындау туристік фирмалардың қызметкерлерінің толық кедендік реттеу, санитарлық-эпидемиологиялық, мемлекеттік шекарадан мәдени құндылықтарды өткізу ережелерін, флора мен фаунаны өткізу ережелерін және т.б. талаптар мен ережелерді білуін талап етуді.

Туристік қызметті жүргізу ережелерін орнатуда, оңтайландыруда және жүзеге асыруда түрлі ресейлік және халықаралық ұйымдардың маңызы зор.

Барлық туристік формалдылықтар туристік қызметтің қатысушыларын бір ортақ жүйеге келтіреді, бірақ оларды орындамаған жағдайда түрлі жауапкершіліктің деңгейлерін орнатады.

Туристік формалдылықтардың бірқатары туристердің өздерімен орындалады ; олар: шетелдік төлқұжат алу,қажет болса ауруға қарсы егу (прививка), кедендік және шекаралық бақылаулардан өту.Осыған байланысты туристік фирма менеджерінің қызметінің маңызды элементі болып туристі осы және басқа формалды процедуралардан өтуге дайындау болып табылады. Мұндай туристік формалдылықтарды орындаудың ерекшеліктері жайында дұрыс ақпараттандырмау туристік фирманың қызметкерлеріне кінә ретінде тағылады.

Туристік формалдылықтар заңнаманың түрлі бағыттарының қарым-қатынасының нәтижесі ретінде түрлі елдерде өзіндік спецификаға ие. Осыған байланысты, туристік саладағы мамандарды даярлау барысында әлемнің басқа елдерінің территориясында жүру мен кіру ерекшеліктерін үйрету маңызды роль атқарады.

Дүниежүзілік туристік ұйым (дтұ)

Халықаралық нарықта әлемдік туризм мәселелерімен айналысатын бірлестік құрудың ең алғашқы қадамдары, бұл 1925 жылы құрылған Туризмді дамытудың ресми ассоциацияларының халықралық конгресі болып табылады.1927 жылы Ресми туристік ұйымдардың халықаралық конгресі құрылды, ал 1930 жылы Ұйымдар мен туризмді дамытудың халықаралық кеңесі (МСОПТ) құрылды.

Үнемі дамып, жетіліп отырған халықаралық туризм әлемдік туризмді басқаратын анағұрлым жетілген ұйымдық құрылымды талап етті,сондықтан 1947 жылы аталған үш ұйым реформаға ұшырап,олардың түп негізінде Париж қаласында ресми туристік ұйымдардың халықаралық кеңесі (МСОТО) құрылды. Бұл халықаралық мамандандырылған арнайы ұйым болып табылады.Оның мүшелері болып 116 елдің үкіметтік ұйымдар да,үкіметтік емес ұйымдары да табылады.

1969 жылы БҰҰ ның Бас асамблеясының резолюциясы бойынша МСОТО үкіметтік емес ұйымы Үкіметаралық Дүниежүзілік туристік ұйым болып қайта құрылды. Бұл жағдай қоғамның халықаралық туризмнің тек экономикалық қана емес, саяси маңызын да мойындағанының белгісі болды.

ДТҰ-ның заңдық құрылуы 28 қыркүйек 1970 жылы. РТҰХК-ның Бас Ассамблеясының Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жарғысы жобасын қолдау туралы шұғыл сессиясында резолюция қабылдау жолымен рәсімделді. Ол 1975 жылдың 2 қаңтарына 51 елмен ратификацияланғаннан соң күшіне енді.

ДТҰ-арнайы құзіретті халықаралық ұйым,ол өзінің жарғысының 1-бабына байланысты үкіметаралық сипаттағы ұйым категориясына жатады.

ДТҰ-ға 100-ден аса ел мүше.Шын мәнісінде, ДТҰ-туризм саласындағы жалғыз арнайы халықаралық үкіметтік ұйым болып табылады.

ДТҰ-ның басты мақсаты-экономикалық дамуға, халықаралық бірлестікке, бейбітшілікке, прогресске, жалпыұлттық сыйластыққа және ұлтына,нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне қарамастан адамдардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына үлес қосу үшін жалпы туризм дамуын қолдау.

ДТҰ-ның міндеттері:

-бұл ұйымның мүше-елдеріне көмек көрсету ;

-зерттеушілік қызмет, яғни: әлемдік туризмді, туристік нарықты, мекемелерді, туризмді дамыту мен жоспарлауды зерттеу;

-статистикалық мәліметтермен қамтамасыз ету;

-елдермен жүргізілетін саясаттыоңтайландыру;

-туризмнің экономикаға жақсы әсер етуін максималды жақсартуды мақсат ететін елдерге көмек көрсету;

-туризм саласындағы білім беруді қолдау және туризм қызметкерлерінің біліктілігін көтеру;

ДТҰ-ның жарғысы жаңа ұйымның мақсаттарын, міндеттерін сипатын, тапсырмаларын, ұйымдық құрылымын және функцияларын бекітті. Ол ашық жарғы болып табылады және қатысушылардың 3 категориясын көздейді: нақты мүшелер, ассоциацияланған мүшелер және бизнес-кеңес мүшелері.

Нақты мүшелер статусына барлық егеменді елдер қол жеткізе алады (Қазіргі кезде ДТҰ-да 130 аса нақты мүшелері бар). Ассоциацияланған мүше статусына өзінің сыртқы қатынастарын жүргізуге жауапты емес барлық территориялар қол жеткізе алады. (Қазіргі кезде олардың саны 7,мысалы Мадейра аралы, Пуэрто-Рико және т.б.). Бизнес-кеңес мүшесі статусына барлық халықаралық ұйымдар да, туризмде өз қызығушылықтары бар барлық үкіметтік емес ұйымдарда, сондай-ақ коммерциялық ұйымдар, ассоциациялар мүше бола алады.

ДТҰ-ның қызметіне үнемі бақылаушы-Ватикан.ДТҰ-ның жарғысы басқарушы органдарды анықтайды, олар: Бас Асамблея, Атқарушы кеңес және Секретариат.

Бас Асамблея-ДТҰ-ның ең жоғарғы органы, ол нақты мүше елдердің атынан өкілдік ететін делегаттардан тұрады. Бас Асамблея Европа, Африка, Америка, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Азия және Тынық мұхиты үшін 6 аймақтық комиссия құрды.

Бас Асамблеяның жұмысының сипаты сессиялық,

-кезекті сессия 2 жылда 1 рет өткізіледі;

-шұғыл сессиялар қажет болған жағдайда шақыртылады;

Асамблеяның мынандай құқықтары бар:

-ұйымға жаңа мүшелер қабылдау туралы сұрақтарды шешу;

-мүшелікке қабылдауды және мүшеліктен шығаруды тоқтату;

-регламент пен құжаттық ережелерді бекіту;

-өзінің қызметінің жалпы бағыттарын айқындау;

-ДТҰ-ның құзіретіне жататын кез-келген сұрақ бойынша халықаралық келісімдерін қорытындыларын дайындау.

Атқарушы кеңес Асамблеяда таңдалған, 20-30 елді,яғни кеңес мүшелерін біріктіреді. Олар жылына 2 рет жиналып Бас Асамблея қабылдаған резалюцияларды орындауға қажетті шараларды дайындайды, ұйымның бюджетін атқарады және бақылайды. Кеңес мүшелерінің өкілдік ету мерзімі – 4 жыл.

ДТҰ-ның қызметінде, Мадрид қаласында орналасқан ДТҰ-ның Секретариаты маңызды роль атқарады. Ол бас секретарь мен 85 халықаралық өкілдерден тұрады. Секретариат басшысы ұйымның қызметін басқарады, мүше-елдердің үкіметтерімен қарым-қатынас бағдарламасын көрсетеді, кеңестің шоттарын басқарады, жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымы мойындаған халықаралық туризмнің ресми статистикасын жариялайды.

Туризмді реттеу жөніндегі халықаралық конференциялар.

Туристік сапарларды ұйымдастыруды жеңілдету және туристік формалдылықтарды реттеумен екі жақтық негізде қатарлас және көршілес елдер айналысатыны тарихи тұрғыда қалыптасты. Халықаралық туристік алмасулар дамудың бастапқы деңгейінде болғанда, туристердің саны он мыңнан астам болатын. Содан кейін туристік ағымдар жылдан жылға қарай өсе бастады. 1838 ж. Нью-Йорк пен Лондон арасында алғашқы, тұрақты кемелік байланыс ашылды. 1878 ж. Парижде өткен халықаралық көрмеге Ұлыбританияның 75 мың азаматтары мен 10 мыңнан астам американдықтар қатысты. ХІХ ғасырдың аяғында туризм «жоғары таптың» привилегиясынан, мыңдаған мемлекеттер тұрғындары қатысатын жалпылық сипатқа ие құбылысқа айнала бастады.

Туризмнің өсуіне, географиясының кеңейуіне, көлік құралдарының дамуына байланысты туристік саяхаттарды жеңілдету ісіне халықаралық ұйымдар атсалысты. Туристер ағымының өсуіне байланысты бірнеше туризм бойынша халықаралық конференциялар мен жиналыстар өткізілді:

  • 1921 ж. Барселонада Нәсілдер лигасы теміржол жолдарындағы тәуелсіз транзит бойынша статусты және конвенцияны қабылдады.

  • 1925 ж. Гаагада туризмді насихаттау жөніндегі халықаралық одақтың ресми ұйымдарының І Конгресі өтті.

  • 1929 ж. Лондонда теңізде адам өмірін қорғау туралы халықаралық конвенция қабылданды. (Бұл конвенцияға қосымшалар мен өзгертулер көптеген жылдар бойы енгізілді).

  • 1929 ж. Варшавада халықаралық әуе тасымалдаулар жөніндегі ережелерді унификациялау туралы конвенция қабылданды.

  • 1934 ж. Гаагада туризмді саяхаттау жөніндегі халықаралық одақ ұйымдарын қайта жаңғырту туралы шешім қабылданып, жиналыс өткізілді.

  • 1944 ж. Халықаралық әуерейстерінің жолаушыларын тіркеу процедурасын жеңілдету үшін, шетелдік төлқұжаттың және түрін унификациялау туралы ұсыныстар қабылданған халықаралық Азаматтық Авиация ұйымының Чикагалық конференциясы өтті.

  • 1946 ж. Лондонда ІІ Дүниежүзілік Соғыстан кейінгі туризмді қайта жаңғырту жайлы сұрақтар қарастырылған ұлттық туристік ұйымның конференциясы өтті. Бір уақытта туризмді дамыту туралы сұрақтар БҰҰ жұмысының күн тәртібіне қосылды.

1946 жылдан бастап 1957 жылғы дейін ДТҰ құрылмаған кезде, БҰҰ-ның жүйесінде туризм дамуы бойынша барлық жұмыстарды БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі атқарған.

  • 1954 ж. Нью-Йоркте туристер үшін кедендік жеңілдіктер туралы конвенция қабылданған. БҰҰ-ның конференциясы өткізілді.

  • 1963 ж. «Халықаралық туризм бойынша үкімет орнатқан формалдылықтарды жеңілдету» бойынша проблемалар талқыланған, халықаралық туризм және саяхаттар туралы Римде БҰҰ-ның конференциясы ұйымдастырылды.

  • 1967 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1967 жылды Халықаралық туризмнің жылы деп атады.

  • 1967 ж. Брюссельде жолаушылар мен жүктерді теңіз бойынша тасымалдау ережелерінің унификациялануы туралы конвенция қабылданды.

  • 1968 ж. Бернде туризмді дамыту бойынша сұрақтарды құрастырған БҰҰ-ның халықаралық семинары өткізілді.

  • 1969 ж. Софияда туризм бойынша халықаралық ұйымның құрылуы туралы резолюция қабылдаған БҰҰ-ның халықаралық конференциясы өткізілді.

  • 1973 ж. Киотода кедендік процедураларды жеңілдету бойынша конференция өтті.

  • 1980 ж. 27 қыркүйегінде Манилада туризм бойынша Дүниежүзілік конференция ашылды (сол жылдан бастап ол күн – Дүниежүзілік туристік күн болып есептелінеді).

  • 1982 ж. Акапулькада туризм туралы Дүниежүзілік жиналыс өткізілді.

  • 1989 ж. Гаагада туризм жайлы парламентариялық конференция өтті.

  • 1999 ж. Туризмнің глобальді этикалық кодексі қабылданды.

Туристік формалдылықтарды жеңілдету бойынша сұрақтар қарастырылғын, соңғы жылдары өткен халықаралық конференцияларға тоқтап өтейік.