Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

3. Несиелеу (ссуда) шартының түсінігі мен мазмұны

Банк заем шарты бұрын банкілік ссуда (несиелік шарт) шарты деп аталатын. ҚР АК-сі бұл шартты дербес шарт түрі ретінде топтастыру талпынысынан бас тартты. Банкілік заемға жалпы заем шартына қатысты ережелерде, бірақ ҚР АК-ң 228-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып қолданылады. Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңы «ссудалық операция» тұжырымын сақтап қалған «ссудалық операция болып банктің басқа тұлғаларға мерзімділік, қайтарымдылық және ақылық шарттарымен ақша беруі табылады» («Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 34-бабының 1-т.). Ссудалық операциялар банктің директорлар кеңесімен немесе акционерлердің жалпы жиналысымен бекітілетін, оның ішкі несие саясаты туралы Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Мұндай құжат ішкі маңызға ие болатынына қарамастан, ол тиісті сол немесе өзге банкпен бекітілетін заем шартының мазмұнына да ықпал етеді және бұл жерде теңестіруші фактор болып бірінші кезекте неселеудің белгіленген орта нарықтық нормалары табылады.

Банк заемы шарты бойынша заем беруші заемшыға қарызға ақша беруге міндеттенеді. Осылайша, кәдімгі заем шартына қарағанда, банк заем шарты консенсуалды болып табылады.

Банк заемы шарты бойынша заем беруші ретінде заем беруге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға бола алады. Басқа заңды және жеке тұлғалар тек кәдімгі заем шарттарын ғана жасай алады.

1. Қр Қылмыстық құқығы бойынша қылмыстық жауаптылықтың теориялық мәселелері

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық жауаптылық екi жолмен: жаза тағайындаумен байланысты жəне жаза тағайындау мен байланысты емес жүзеге асырылады. Бiрiншi жағдайда қылмыстық жауаптылықтың мазмұны болып жаза табылады, ал екiншi жағдайда қылмыстық жауаптылық адамға жаза тағайындамай тоқтатылады.

Гуманизм жəне əдiлеттiлiк принциптерiне сүйенiп ҚР Қылмыстық заңы кiнəлi адамдарды жазадан ғана емес қылмыстық жауаптылықтан толық босатуды реттейтiн нормаларды да бекiткен. Алайда, қылмыстық жауаптылықтан босату белгiлi бiр шамада қылмыстық құқықтың арнайы прициптерiнiң бiрi –жауаптылықтан құтылмайтындық принципiне қайшы.

Қылмыстық жауаптылықтан босату институтының қылмыстық құқықтық маңызына келсек, ең бастысы ол қылмыстылықтың алдын алу қызметiн атқарады.

2. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мынадай екi жағдай да мүмкiн болады:

а). қылмыс белгiлерi бар əрекеттi жасаған адам, егер iстi сот қараған кезде жағдайдың өзгеруiсалдарынан ол жасаған əрекет қоғамға қауiптi емес деп танылса;

б). ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты бiрiншi рет жасаған адам, егер ол адамның содан кейiнгi мүлтiксiз мiнез-құлқына байланысты iс сотта қаралған уақытта ол адам қоғамға қауiптi деп есептелмесе.

Жағдайдың өзгеруi қылмыстық жауаптылықтан босатуға негiз болу үшiн мемлекет көлемiнде, жеке

аймақ немесе нақты мекемедегi əлеуметтiк-экономикалық немесе ұйымдастырушы лық- шаруашылық өзгерiстер түрiнде көрiнiс табады. Мысалы, əлеуметтiк-экономикалық саясаттағы өзгерiстерге байланысты Қазақстанда 1959 жылғы ҚазССР Кодексiндегi бiрқатар қылмыстар 168 бап алыпсатарлық, сауда ережелерiн бұзу, паспорт ережелерiн бұзу, азаматтық хал-актiсiн тiркеу жөнiндегi заңдарды бұзу, спирт өнiмдерiн саудалаудың ережесiн бұзу сияқты баптар қылмыс қатарынан алынып тасталды.

ҚК-тiң 68-бабының 2-бөлiгi бойынша кiнəлi қылмыс жасағаннан кейiн iстi сотта қарағанға дейiн өзiн мүлтiксiз ұстаса ғана қолданылады. Кiнəлi адамның мүлтiксiз мiнезделуiне ешқандай құқық бұзушылық, тəртiптiк, əкiмшiлiк жағынан жұмысы, оқуы, тұрғылықты жерi бойынша оң мiнезделуiн түсiну қажет. Яғни, 68-баптың 2-бөлiгiн қолдану үшiн мына жағдайлардың жиынтығы болуы қажет:

а). егер адам қылмысты бiрiншi рет жасаса;

б). жасалған қылмыс ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс болса;

в). егер адам iстi сотта қарағанға дейiн өзiнiң мүлтiксiз мiнез-құлқымен қоғамға қауiптi емес деп саналса.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]